Момынова С.Н., Қарымсақова Ж.Ж., Жанболатова Г.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Қазақстан.

 

АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ КЕҢЕС БЕРУ

ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

          

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру.

Осы курста арт-терапияның шығу тарихы, дамуы, формалары, өткізілу жолдары және психодинамикалық, гуманистік бағыттардағы арт-терапия туралы теориялық ғана түсінік беріледі. Сонымен қатар, осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады. Жалпы келешекте осы топтық арт-терапияны қолданып, сол топқа қатысушылардың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттемек ойымыз бар.

Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевткеде оңайға соқпайды. Топтық мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қортынды шығаруда қиынға соғады. Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра. Түрлі түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда, маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи және басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.

Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болып қалуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды.  Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жайында педагогикалық практикада осы салада еңбек сіңірген М. Либманның классификациясы көпшілікке  танымал.

Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу керек.

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолдану аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен алыстауда.

Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу.

Сонымен қоса, психотерапевтің жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Әрине, бұл психотерапевтің міндеттерінің біріне жатады. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапалы қасиеттерге ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, ең біріншіден адамгершілік, басқаларға қай уақытта болсада көмек қолын созуға дайын болу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілдік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.

Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықтың орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды. Арт-терапияның дамуы қысқаша осындай. Енді осы арт-терапияның дамуына, оған бағыттардың әсері туралы қарастырайық.

Арт-терапиялық дамуының бастауына психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет, картинка болмаса мүсін, ол бейсаналы психикалық процесстердің көрінуі болып саналады. 20 жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қортындыға келді: өнер ауру адамдарының көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді. Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербальды емес түрде пайда болады, бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарлар талданады. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіне жоғарғы баға бергенді қалады.

Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар – сонымен бірге, түс көру – ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін”.

Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып сендіру, адамның ішкі “мен”-і көру бейнелерінде, әр кезде ол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З. Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер етті. Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы және тым қиын. Сонымен қатар, айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуына Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни, бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады.

Қазіргі кезде арт-терапия қолдану шеңбері. Арт-терапияны қандай аумақтарда қолдануға болады:

1.          «Мен-тұжырымдамасының» жағымсыздығы, дисгармония жағдайлары, өзін-өзі бағалаудың дұрыс еместігі, өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі.

2.          Эмоциялық дамудағы қиындықтар, импульсивтілік, шамадан тыс мазасыздық, үрей, агрессивтілік.

3.          Эмоциялық тұрғыда қабылданбау, жалғыздық, стресстік күйлер, депрессиялар.

4.          Адекватты емес мінез-құлық, жақын адамдармен қарым-қатынастың бұзылуы, тұлғааралық жанжалдар, отбасылық жағдайларға көңілдің толмауы, қызғаныш, айналасындағыларға жаугершілікпен қарау.

Арт-терапиялық жаттығулар бейімделушіліктің бұзылуында,оқу

процесіне үлгеруде қиындық туындайтын оқушыларға психологиялық тұрғыда көмектесуде таптырмайтын құрал. 

  Терапиялық сурет салуда диагностикалау жағдайы бірден көзге түспейді, осыған байланысты жаттығуға қатысушының жас ерекшелігіне қарамастан ешкімде қорғаныш сезімі пайда болмайды.

  Топтық арт-терапиялық жұмыстың негізгі міндеттері:

-  жағымды психологиялық ахуал орнату;

-  әр қатысушының өзін-өзі ашуына жағдай туғызу;

-  өзара әрекеттесудің топтық маңызды ережелерін қалыптастыру, әлеуметтену процесін дамыту,  тұлғааралық қатынастарды жақсарту.

Топ мүшелерінің саны үштен он бес адамға дейін болады. Арт

терапиялық кеңістік жұмыстың мазмұны мен мақсатына сәйкес ұйымдастырылады. Сабақтар құрылымдық және құрылымдық емес бола береді. Құрылымдық сабақтарда алдын ала тақырыптар, тақырып мазмұны дайындалса, кейінгісінде жұмысқа қатысушылар өзбетімен таңдайды.

Арт-терапияның формалары:

-  музыка,

-  ән айту,

-  қимыл-қозғалыс,

-  би,

-  драма,

-  поэзия,

-  оқиғалар құру және т.б.

Әр сабақ екі бөлімнен тұрады.

Біріншісі – вербальды емес, шығармашылық, құрылымдық емес болып

табылады. Негізгі құралы – сурет салу (живопись).

  Екіншісі – вербальды, апперцептивті және құрылымдық болып табылады. Салынған объектілірге түсіндірме беруден және туындаған ассоциацияларды талқылаудан тұрады.

  Сабақ құрылымдары:

1.      Дайындық кезеңі. Қимыл-қозғалыс, би элементтері арқылы қатысушыларды көркем-сурет әрекетіне дайындау.

2.      Визуалды, аудиалды, кинестетикалық сезімдерді ояту.

3.      Жеке сурет салу жұмысы (тақырып бойынша жұмыс).

4.      Вербальды және вербальды емес коммуникацияны белсендіру.

5.      Шағын топтардағы ұжымдық жұмыстар.

  Терапиялық мақсатына, жұмыс бағытына және қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай кездесу уақыты 30-дан  120 минутқа дейін созылады.  Жиілігі:  аптасына – 1-2 рет.

Арт-терапиялық жаттығу (Редестам, 2001; Лебедева, 2003)

Мақсаты: тұлғалық мәселелерді жою, соның ішінде: үрей, мазасыздық, агрессивтілік, ұялшақтық, қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтар, айналасындағы адамдармен өзара әрекеттестікте кездесетін түсініспеушіліктерді болдырмау.

№1 техника: «Көңіл-күйдің суретін саламыз»

1)                     «Менің көңіл-күйімнің түсі» (Люшердің 8 түсті аумағы бойынша).

2)                     «Көңіл-күйімнің образы мен икемділігі» (ермексазбен, түрлі-түсті қамырмен жұмыс).

3)                     «Сезімдерді бояймыз» (ашу, ыза, қорқыныш, реніш, қуаныш, сүйіспеншілік, мейірімділік...)

№2 техника: «Шеңберде сурет саламыз»

1)                     Топқа бөлу;

2)                     «Шеңберде сурет саламыз»;

3)                     Талқылау;

4)                     «Фантазия» (А4 форматына клякса тамызу, қағаз бетін жабыстыру, шыққан бояу формасында сурет салу);

5)                     Рефлексия.

Көптеген ғалымдардың арт-терапияны пайдалануға байланысты айтқан ой-пікірлерін саралай отырып, келесі ғылыми дәлелденген ерекшеліктерді атауға болады:

1.            Топта жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады;

2.            Қарым-қатынас процесін жеңілдетеді;

3.            Көп ұлтты ұжымдардағы балалардың мәдени біртұтастығын бекітеді;

4.            Сөзбен айтып жеткізуде қиындық тудыратын нақты мәселелер мен фантазияларға үңілуге мүмкіндік береді;

5.            Эмоциялық аумақты эксперименттік тұрғыда зерттеуге мүмкіндік береді;

6.            Өзін-өзі іштей бағалай алуға, кинестетикалық және көру сезімдеріне бақылау жүргізуге, сенсомоторикалық дағдыларының дамуына, бас миының оң жарты шарының қызметінің дамуына (себебі, вербальды емес коммуникацияның және интуицияға жауап береді) көмектеседі;

7.            Баланың шығармашылық тұрғыда өзін көрсете алуын, қиял, эстетикалық тәжірибенің, сурет әрекетінің практикалық дағдыларын, жалпы көркемдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды;

8.            Әлеуметтік ортаға бейімділуге, жағымсыз эмоциялық күйлердің төмендеуіне әсер етеді;

9.            Тұлғалық дамуда кездесетін түрлі бұзылулар мен арта қалушылықтарды түзетуге көмектеседі;

10.        Баланың референттік тобы арасында сүйіспеншілікке толы қатынастар орнатуға пайдасы мол блып табылады.

Арт-терапияда диагностикалық және терапиялық процестер бір мезгілде шығармашылық аурасында жүріп отырады. Соның нәтижесінде эмоциялық және сенімді коммуникативтік қатынастар орнатылады. Бұл әрине балалармен жұмыс жасауда өте маңызды болып табылады.