Маханова А.Н.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҰЖЫМДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Адам белгілі
бір білім дәрежесіне жетік, өмірден алған тәжірибесі
мол болып, өз бетінше қоғам үшін, өзі үшін
жанұясы үшін күрделі жұмыстарды атқара алатын
даму деңгейіне жететін болса, онда жеке тұлғаның
әлеуметтік белсенділігі басым деуімізге болады.
Жеке
тұлғаның дамуы дегеніміз, алдымен оның қасиеттері
мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Ал оқушы
көптеген тұрмыстық-әлеуметтік және
моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие
болады . Әр адам өзінше жеке –дара тұлға. Жеке
тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни
олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап
бағалауға бейім тұрады. Сондықтан өмірді танып
білу дегеніміз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім,
түсінігінен тұрады. Сонымен бірге жеке тұлғаның
еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға
да негізделеді. Өзгелердің өмір жөніндегі түйсік,
сезімі, ой түсінігі әдеби шығармаларда, ғылыми
еңбектерде, мінез-құлық, салт-дәстүр
ережелерінде жинақталып қорытылған. Әр жеке
тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын,
естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу
арқылы да өзінің іс-әрекетін,
мінез-құлқын, сана сезімін байытады, толықтырады. Сондай-ақ
адам қоғамдық іс-әрекеттерге айналысып,
әлеуметтік белсенділік танытатын болса онда ол кісінің
әлеуметтік белсенділігі қалыптасқан деумізге болады. Біз
әлеуметтік белсенділікке тоқталмас бұрын белсенділік
ұғымының мәнін ашып алайық [1].
Белсенділік
– психологиялық, философиялық қағида. Белсенділік
қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты
білдіреді. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында
батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға
алады. Күнделікті іс-әрекетте шығармашылық ойындар
баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады [2].
Белсенділік
адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады.Психологияда
белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның
белсенділігі оның қажеттіліктерімен туады (материалдық
және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер).
Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби
жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен
реттелінеді. Адамның белсенділігі оның себептеріне, мақсат пен міндеттерін дұрыс
қоя алуына, олардың орындау тәсілдерін дұрыс
таңдай алуына байланысты. Белсенділіктің өзіне және
жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік әсерлерге
қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі
бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы
әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі
қалағаннан қайшы бағытта дамиды. Мысалы,
мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде
оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы
оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда
мұғалімнің үлгерімді жақсартуға
шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен
ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның
педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни
тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін
тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады [3].
Оқушылар
белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен
ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау
мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік пен
оқушының іс-әрекеті барысында адамның
қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Осы белсенділіктердің негізінде
оқушы бойында жан-жақтылық пайда болады.
Тәрбие
жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.
Осының негізінде оқушының ақыл-ойы, өмірге саналы
көзқарасы, мінез-құлқы, әрекеттері мен
қарым-қатынасы жүйелі түрде қалыптасады.
Жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің
көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және
әр түрлі ғылымдардың тоғысында
қарастырылады. Ал мектеп оқушысының жан-жақты жеке
тұлға болып қалыптасуына қарым-қатынас
белсенділіктің рөлі ерекше. Олай болса оқушыны жеке
тұлға қылып қалыптастыратын компоненттерге
түсініктер беріп кетейік. Бастауыш сынып оқушыларының
өмірінің жан-жақты
дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Танымдық
белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген
ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық
сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс
орындауда жүзеге асады.
Әрбір
оқушының танымдық іс-әрекетінің,
әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің,
жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән
сапалық ерекшеліктері болады. Әркім өзінің жеке даму
жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген
қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты
болады.
Таным белсенділігі арқылы оқушы бойында
қызығушылық қалыптасады. Жеке адам қызығу
арқылы шындықтағы
заттар мен
құбылыстарды
белсенділікпен танып біледі.
Жеке адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің
бәрі қызығудың объектісі болып табылады.
Қызығулар бастауыш мектеп шағында ерекше байқалады.
Кейбір оқушылардың қызығуы кең, жан-жақты
болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады.
Мәселен, таным қызығулары оқуға,
ғылымға қызығу, (математика, химия, биология,
философия); кәсіптік қызығулар сан саналы кәсіптің
түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино,
театр, музыка, бейнелеу өнері т.б. болып келеді. Осындай
психологиялық әрекеттер негізінде адам өз бойына жеке
құндылықтарды жинақтайды. Тәуелсіз
мемлекетіміздің ертеңгі ұрпақтарының рухани
байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті
мен біліміне, іскерлігіне байланысты [1]. Осы орайда егеменді еліміздің
білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз,
барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт
ұстанатын, сол тұрғыда өз болымысын таныта алатын жеке
тұлғаны тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек,
мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол
ашуы қажет.
Оқушының
өздігінен білім алуы танымдық белсенділігін қалыптастырады.
Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани
қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді.
Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат, міндеттерін,
мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері
анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес,
нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру –
мұғалімнің міндеті.
Ахмет
Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының
маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу
керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген
құштарлық – кез келген сыныптағы оқушыға
тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге
ұмтылу – оқушы үшін зор қуаныш, үлкен мерей [2].
Әдебиет
1. Шайхова М.
Жастардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу
мәселелері. Ұлағат. 2004 жыл, №1, 49, 50-беттер.
2. Тәрбие
жұмысы жинағы, 2-бет.
3. Иманғалиева
М. Әлеуметтік педагогтің тұлғалық және
кәсіби қасиеттері туралы. Қазақстан мектебі, 2005 жыл..
4. Алдамұратов Ә.
Қызықты
психология. 4 тақырып. Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Алматы,
ҚУ 1992 жыл.
.