Маханова А.Н., Сағындық Т.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҮЛГЕРІМІ ӘР ТҮРЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ                  

        

  Психикалық  іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуіқажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға  келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға  қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз..

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі.Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады./5/

Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды.  Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейн бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақты, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіткен халде сақталады. Осыдан, зейін іс-әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады. [1].

Зейін, әдетте адамныың бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін  интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.

Ағылшынның эмпирикалық психологиясының өкілдері ассоцианистер зейінді психология жүйесіне қоспаған. ғасырдың аяғы мен ғасырдың басында зейін ұғымы жоғары рөл атқара бастады. Психологтардың бірқатары (Фуко, Делевр т.б.) бұл түсініктің заңдылығын жоққа шығарады.

Зейінді психология ғылымынан шығарып жіберуге негіз болған ерекше қадамдары қылық психологиясы мен гештальтпсихологиясының өкілдері жасады.

Зейін теориясы өзге психикалық түсініктер сияқты диалектикалық материализмнің негінде қалыптасады. Ол бойынша сананың шоғырлану актісінде сыртқы әлемді бейнелей орны бар. Ол психика деп аталады. Зейін – оның бір ғана көрінісі.

Кеңес психологтарының көзқарасы бойынша адам зейіні ерік күшін талап ететін саналы еңбек әрекеті процесінде дамыған. Көптеген кеңес психологтары зейін мәселесін зерттеумен айналысты, мәселен Л.Е.Выготский, онан соң А.Н.Леонтьев, И.Ф.Добрынин, Т.В.Страхов. [2].

И.Ф.Добрынин зейінге теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізді. Оның негізгі идеясы зейінді жеке бастың белсеңді құбылысы ретінде қарастыруына негізделеді. И.Ф.Добрынин өзінің жұмыстарында мәнділік принципін белсеңді психикалық әрекетті тудыратын негізгі фактор деп есептейді.

Жануарлар организімінде сырттан әсер ететін биологиялық мәнділік орын алады, ал адамда одан басқа қоғамдық және жеке бас мәнділігі ерекше рөл атқарады. Демек, адам зейіні алдымен жеке басының қызығушылығына тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады.

И.В.Страхов өзінің теориясында зейін ерекшеліктері еңбек пен оның түрлері негізінде қалыптасып, дамығандықтан олардың нанымынан зейіннің кәсіби – психологиялық ерекшеліктері қалыптасады деп көрсетеді.

Баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі зейінді зерттеумен Б.Г.Ананьев, М.Н.Шардакон айналысқан. Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғарғы деңгейі – 33 жаста, ал төмендігі 19-21 жаста, зейіннің таңдамалылығы – 33 жаста, ауысуы-24 жаста болатынын байқаған, тұрақтылығы – 34 жаста деп қорытындылайды./8/

Қазіргі заманғы теориялардың негізінде зейінді әр түрлі бағытта зерттелген тұжырымдармен толықтыруға болады.

Қоршаған ортадағы болмыс пен сананың байланысына сәйкес отырып шығыс ойшылы Абу-Насыр Әл-Фараби (870-950), философиялық трактаттарында психикалық әрекеттің қисынын «... сыртқы әсер етуші заттардың образы пайда болады» - деп, пайымдауында зейін қасиеттерін зерттеудің әдіснамалық бағытын көрсетеді. [3].

XX ғасырдың  екінші жартысынан бастап ғалымдар психикалық құбылыстарды эксперимент жүзінде әр түрлі құрал – жабдық, аспаптарының көмегімен     зерттеп,    солардың    ішінде        зейіннің    теорияларын        өңдей бастады.

В.Вундт зейін мәселесін талқылауда оны «жеке сана» психологиясын талдаумен байланыстырды. В.Вундт зейіннің негізгі қасиеті ретінде қабылдау кезіндегі анықтықты, сол кездегі эмоцияны ескермей көрсетеді. Ол зейіннің көрінуін активті (ырықты), пассивті (ырықсыз) деп бөледі. /14/

У.Джеймс зейіннің психологиялық өзгешелігін анықтай келе оны біздің «... саналы тәжірибемізде толықтырудағы фактор» - деп есептейді. /14/

Зейіннің физиологиялық механизмін У.Джеймс тұтас болған әрекет ретінде ұсынып, оны жинақылығын ерекше көрсетеді. Зейіннің жіктелуін алғаш болып зерттеген У.Джеймс келесі түрлерін атап өткен:


             а) сезімдік зейін

             б) интелектуалды зейін

             в)  тікелей зейін

             г) жанама

            д) ырықты және ырықсыз


Психология тарихында зейіннің моторлық теориясына үлкен орын беріп, оны құрастырған – Н.Ланге. Ол өзінің «Психологические исследование» атты еңбегінде зейін туралы жазады. Н.Ланге зейін мәселесін табиғи – ғылыми жоспармен талдауды дамыта отырып оны зерттеуде генетикалық тәсілді іске асырды.

Міне, бұлар – зейінді тәрбиелеу жолдары. Осы шарттар болмағанда және тағы мына себептер болмаса, адамның зейіні болмайды:

1.Дененің немесе жанның шаршауы.

2.Жанның толқындап тұруы.

3. Бейқамдық тума және жүре пайда болатын, осы тұста тума бейқамдық ұзақ тәрбие тілейтін болса, жүре пайда болатын бейқамдық данышпандарда көбірек кездесетін зиянсыз түрі.

Осындай ой қорытуларынан соңғы автордың ерікті зейінді адамға керекті екенін, бала тәрбиесін осы зейін түрін қалыптастыруға бағытталуы керектігін, оны өркендету қажеттігін баса айтуының біз үшін рөлі өте зор.

 

Әдебиет

 

1.        Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті мәселелері 1-том, А., Қазақ университеті 2000 ж

2.       Аймауытов Ж. Психология – Алматы, 1992 ж

3.       Алдамұратов Жалпы психология - Алматы, 1992 ж