Экономические науки/13.Региональная экономика

 

Актлеуова Г. М. – магистрант

Каспийский Государственный Университет Технологии и Инжиниринга им.Ш.Есенова

Қазақстанның телекоммуникациялық жүйесін қайта жетілдіру жолдары

 

Қазақстанның телекоммуникациялық саласы нарықтық қатынастарға байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Соңғы жылдары жаңа телекоммуникациялық бірқатар компаниялар пайда болды, соның ішінде шетелдік әріптестермен бірге одақтар түрінде құрылған компаниялар да бар. Халықаралық ынтымақтастық осы жылдары республикадағы технологиялық даму мен телекоммуникациялық саланы жетілдіруге жағдай жасаған негізгі жайттардың бірі болды.  Ол қазақстандық компанияларды тікелей қосымша инвестицияларды және қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды сатып алуға деген тауарлық несиелерді қамтамасыз етті.  Қазақстан экономикасының ашықтығы шетелдік компаниялармен ынтымақтасуға түрткі болды. Оған үлкен жағдай жасаған және  әлі де қанықпаған нарықтың болуы. Себебі телекоммуникация жабдықтарына деген сұраныстар оны қамтамасыз ету үшін  қазақстанды басқа шетелдік компаниялармен ынтымақтасуға алып келді.

Мұндай тәсіл қазақстандық телекоммуникация нарығында халықаралық ынтымақтасудың ұйымдық нақты пішіндерінің кең ауқымды енгізуге мүмкіндік берді. Олардың арасында біріккен стратегиялық компания одақтарын құру, шетелдік әріптестердің қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуы, құрал-жабдықтар сатып алуға несиелер ұсыну, біріккен жұмыстар атқару, соның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибе–құрастыру жұмыстарын жүргізу де бар. Қарастырылып отырған әрбір бағытқа халықаралық ынтымақтастықтың ұйымдық пішіндерінің өзіндік жинағы тән болып келеді. Оларды таңдаудың ең бастысы қажетті инвестициялардың ауқымымен, қаржылық тәуекелдермен, оның мемлекеттік реттеу ерекшеліктерімен айқындалады және т.б.

Сонымен қатар ұялы байланыс нарығында жұмыс істейтін компаниялар арасында өте қатты бәскелестік дамуда. Бұл үшін икемді баға саясаты мен кең ауқымды жарнамалық жұмыстар белсенді түрде пайдаланыла бастады. Мұндай стратегия айтарлықтай қаржы қорларын қажет етті және оның өзі компанияны қор биржаларында ірі акция пакеттерін сатуға итермеледі.

Телекоммуникация саласының нарықтық әлеуетін іске асыру  көбінесе мемлекеттік органдар мен нарықтық өзін-өзі реттеушілердің оңтайлы үйлесімен қызығушылық танытатын шаруашылық субъектілердің өндірістік экономикалық қызметін басқару және реттеудегі қолданылатын әдістерге тәуелді. Осыған байланысты ішкі және сыртқы нарықтарда маркетингтік бағытталған, инновациялық, ұйымдық және экономикалық жағынан тиімді, бәсекелестікке төзімді телекоммуникация құру қажет.

Қазақстанның әлемдік экономикаға шоғырлануы, сыртқы нарыққа шығуы Ресейдің, Орталық Азия мен Қытайдың телекоммуникациялық нарықтарында операторлардың ұстанған орнын дамытуға және нығайтуға жағдай жасауға болатындығын айта кеткен жөн.

Бұдан басқа нарықтың табыстылығы жоғары сегменттерінде бизнесті жандандыру қазақстандық операторларға тиімділігі жоғары ұжымдық

клиенттердің   үлесін   арттыруға   және   қызмет түрлерін кеңейтуге, сонымен

қатар маркетингті түрлендіру, оларға кең ауқымды қызмет түрлерін және жоғары сапалы қызметтер ұсыну есебінен республикадағы абоненттердің санын ұстап тұруға және өсімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты мүмкіндіктің дәстүрлі (телефон, факс, жылжымалы аппараттар және т.б.),  жолдарымен телекоммуникация қызметтеріне мүмкіндікті ұлғайтуға, сондай-ақ абоненттермен өзара әрекеттесудің интерактивті түрлерін енгізу түрінде интеллектуалды желі (Интернет арқылы клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету, соның ішінде ұжымдық мүмкін орындары, интернет-кафе, қолма-қолсыз төлем ақылары арқылы және т.б.) негізінде  қызығушылық танытылуда.

Қазіргі кезде республикада интеллектуалды желі қызметтерін дамытуды, оператор мен пайдаланушының  басқару қызметтірін мүмкіндігінше қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұдан басқа Интернет желісіне мүмкіндік алуда өзіндік құнды төмендету және республикадағы ақпараттық теңсіздікпен күресу құралы ретінде қазақстандық құрамның дамуын қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі заманға сәйкес республика және облыстық деңгейде қызметтер

көрсетуді анағұрлым алға жылжытуға және жоғары технологиялық қызметтерге бағытталған шаралардың ауқымын ұлғайту қажет.

Жалпы алғанда мұндай әрекеттің қарқыны жаңа бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған еншілес компаниялардың қызметіне араласу арқылы бизнестің дамуын қамтамасыз етеді. 

Біздің пікірімізше, негізгі себептердің қатарына дәстүрлі технологиялық  дамудан жаңа технологиялық буын негізінде дамуға өту жатады:

- таратудың пакеттік ортасымен телекоммуникация желісін ауыстыру, мәліметтерді таратудың пакеттік графигі бойынша қалааралық және халықаралық телефон желісіне өту және бағыттар орнату;

- түрлі топологиядағы тұрақты әрі байланысқа ауыстырылатын арналарды, сондай-ақ VPN корпорациялық желілерін құру;

- қызмет көрсету сапасының түрлі деңгейлерін, сондай-ақ желінің сенімділігін белгілеу.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде телекоммуникацияның жұмысына жүргізілген зерттеулер практикада әкімшілік және экономикалық реттеу әдістерін пайдалана отырып, нарықтық қатынастар субъектілерінің қызметіне мемлекеттің әсер етуі сақталып қалуда. Үкіметтік органдар даму саясатын айқындайды нормативті-құқықтық базасын қалыптастырады және  басқа елдердегі телекоммуникация салалар қызметінің өзара  байланысын арттырады. Сондай-ақ, операторлық қызметтерді лицензиялау, құрал-жабдықтар мен қызметтер көрсетуді сертификациялау, жиіліктерді тарату және пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызмет көрсететін салалардың бағаны қалыптастыру механизміне орталықтан ықпал етеді. Бұдан басқа мемлекеттік реттеуші органдар жан-жақты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды, олардың тізімі телекоммуникацияның даму деңгейіне және аймақтық саралауға, тұтынушылардың төлем қабілетіне, мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайына және ақпараттандыру саласының саясатына қарай реттеледі.

Қазіргі кезеңде қазақстандық телекоммуникация саласы нарықтық өзін-өзі реттеушілер мен мемлекеттік реттеуді үйлестіру үшін мына қажеттілікке негізделеді:

- ұйымдастырушылық пен экономикалық ерекшеліктеріне;

- қазіргі қоғамның тіршілік әрекетінің барлық салаларда туындауы және республикада бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы;

- ұсынылатын қызметтердің жан-жақтылығы.

Қазақстандық телекоммуникация қызметтері нарығының қазіргі күйіне және оны мемлекеттік реттеуіне жүргізілген талдау көрсеткендей, «Қазақтелеком» АҚ негізгі ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттары бойынша табиғи монополия белгілерін жоғалтып алды. Біріншіден, бұл нарыққа қатысушылар санымен бекітіледі. Табиғи монополия жағдайында ұсынысты бір ғана оператор, ал телекоммуникация нарығында қызметтердің көбісін бірнеше операторлар ұсынады. Екіншіден, табиғи монополияда қызметтерді алмастырудың жоқтығы. Бұл салалық нарықтың көптеген сегменттеріне тән емес. Үшіншіден, нарықты монополияландыру жағдайында оған жаңа өндірушілердің шығуы қиынға соғады, бұл қазақстандық телекоммуникация нарығына тән емес жағдай және мұнда жаңа операторлардың шығуына іс жүзінде ешқандай кедергілер әсерін тигізбейді.

Телекоммуникация қызметтеріне қойылатын тарифтерді мемлекеттік реттеу механизмінде оң ілгерілеу жағдайларын айтпай кетуге болмайды, соның ішінде әмбебап жағдайлар, баға қалыптасуының нарықтық ұстанымдарына сәйкес келу жағына қарай өту. Оның үстіне аталмыш механизм жеткіліксіз шамада операторлардың қалыптасқан қызметтері мен тұтастай телекоммуникация нарығына лайықсыздау болып келеді.

Осыған байланысты телекоммуникация саласына бизнес-процестерді басқару әдістерін енгізу қажет, оңтайландыру және шығындарға талдау жасау негізіне бейімделу, сондай-ақ стратегиялық және операциялық деңгейде телекоммуникация саласында операторларды басқару үшін автоматтандырылған және интеллектуалды аспаптарды құру, биллингтік жүйені де қалыптастыру қажет, ол түрлі мақсаттағы сегменттердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тарифтік жоспарларды енгізуге мүмкіндік береді. Осы көрсетілген мақсаттарға жету үшін мына мәселелерді шешуіміз тиіс:

- биллингті жүйемен шоғырлану кезінде бизнес-процестерді сатуды автоматтандыру;

- клиенттерді тоқтаусыз және жылдам қосу;

- орталықтандырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен есептеу үрдістерін құру;

- бірыңғай бірлестіктің үлгісін енгізу, тұтынушыларды жағымды бейнені қалыптастыру;

- қызметкерлердің қызметі мен бейімділігін тиімді бағалау.

Белгіленген шараларды жүзеге асыру мыналарға жағдай жасайды:

а) жаңа технологиялармен өндірілген қарқынды өзгерістерге;

ә) бизнес тиімділігінің жалпы  өсуіне әсерін тигізетін қазіргі заман білімдері мен жұмыс әдістерін пайдалану;

б) ойлау жүйесінің инновациялануы, қызметкерлердің дәлелдері мен адалдығы;

в) клиенттер мен серіктестердің алдында телекоммуникация саласының тартымдылығын арттыру.

Халықаралық стандарттағы сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу нарықты ырықтандыру жағдайындағы табыстың кепілі болып табылады және мұндай сертификатпен оператордың қызмет көрсету сапасы жоғарлайды, сондай-ақ Қазақстанның бәсекелестік саласында телекоммуникацияны пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айтарлықтай рөл атқарады.

Ұлттық пошта операторының инновациялық даму процесі қазіргі кездегі сапа стандарттарына бейімделуі,  өндірісті осы  заманға сәйкес жаңа технологиялық басқару мен  жетілдіру, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырумен, сондай- ақ қызметтерді дамытумен және олардың жаңа түрлерін енгізумен бірге келеді.  

Қорыта келгенде, тарихи  телекоммуникациялық сала қызметтері кез-келген елде табиғи монополия ретінде жұмыс істейді. Бұл  байланыс құралдарын, телефондар желісін және телеграфты қолдану  кезінде жоғары деңгейде жұмсалынған шығындармен  сипатталады.

 Сонымен бірге көрсетілген қызметтер әлеуметтік пайданы қамтамасыз

ететін деңгейде тарифтерді белгілеуге мүмкіндік бермеді, яғни  дұрысын айтқанда мемлекеттік реттеудің қатысуы қажет болды. Соңғы он жылда түбегейлі өзгерістер болды. Көптеген елдер  телекоммуникациялық байланыс операторлары болып табылатын компанияларды жекелендіруде. Бұл ақпараттық байланыс нарығының салаларында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндігін тигізеді. Қазақстанның телекоммуникациясының ұйымдық-құқықтық кеңістігінде экономикалық реформалар түбегейлі көрініс тапты. Мұның өзі сала кәсіпорындарын жекешелендіруде және телекоммуникация қызметтерінің кейбір нарықтарында табиғи монополияның бұзылуына әкеліп соқтырды.

Жоғарыда айтылғандар арқылы мынадай қорытынды жасауға болады:

­                  телекоммуникациялық саланың пайда болуы мен өркендеуі - табиғи-тарихи процесс, өндіргіш күштердің даму заңдылығы және қажеттіліктердің арту заңының әрекет ету нәтижесі. Материалдық өндіріс саласы мен қызмет көрсету саласы арасында бір-біріне байланысты тәуелділік бар. Белгілі бір кезеңде өндіргіш күштердің дамуымен қатар, қызмет көрсету қажеттіліктері материалдық өндіріс өнімдерінің керектігіне қарағанда жылдамырақ өсетіндігі байқалды. Қызмет көрсету саласының дамуы тауар нарығын ғана емес, сонымен қатар еңбекті ұсынуды арттыратындығын ескеру қажет және  жұмыссыздық көбейген кезде ол белгілі бір тиімді арна болып табылады. 

­                  саланың инновациялық дамуын уақыт талабы мен әлемдік экономиканың нақытылықтарымен көрінеді, сондай-ақ телекоммуникация саласының жаһандануының дамуы мен телекоммуникация саласының ары қарай өсуінің қажетті шарты ретінде көрініс береді. Қазақстан Республикасы телекоммуникациялық саланың инновациялық дамуының белгілі алғышарттарын бөліп қарау мүмкіндігі туындайды, олар әлемдік ғылыми-техникалық қоғамға шоғырландыру қажеттігіне ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігінің сөзсіз шарты ретінде негізделген, телефон желілерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында  ең жаңа ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігі; мұның бәрі Қазақстанның ӘСҰ кіруінің негізгі шарттары болып табылады. 

 

     Әдебиеттер:

1.            Повышение эффективности управления рынком телекоммуникационных услуг // Актуальные проблемы транспортно-коммуникационного комплекса на пороге третьего тысячелетия: труды Международной научно-практической конференции.–Алматы, 2001.–59-63 б.

2. Мукашев Н.А., Алибаева С. Оценка эффективности функционирования предприятий телекоммуникаций // IV Международная научно-техническая конференция студентов, аспирантов и молодых специалистов стран СНГ. – Алматы: АИЭС, 2002. – 446 б.