Экономические науки/15.Государственное регулирование экономики
Алдашова Ф. С. – магистрант
Каспийский Государственный Университет Технологии и
Инжиниринга им.Ш.Есенова
Инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың озық
тәжірибелері
Экономикалық
әлеуеті нығайған, әлемдік нарықта
қомақты үлесі бар елдерде өнеркәсiп салаларына
инновациялық қолдау көрсетуге үлкен көңiл
бөлiнедi, ол ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету
шарттарының бiрi болып табылады.
Әлемнің
озық тәжірибелері көрсетіп отырғанындай,
инновациялық инфрақұрылымсыз инновациялық
қызметтің жүруі мүмкін емес. Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту
тұжырымдамасында көрсетілгеніндей, индустриялық-инновациялық
инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды, бірінші
кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды
ынталандырудың пәрменді тетіктерінің біріне жатады. Ол
инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті, басқару
дағдыларын жетілдіру үшін «терезе» болып табылады. Арнайы экономикалық
және индустриялық аймақтарды құру
шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын жағдай
ұйымдарға инфрақұрылымдық ресурстарды
тартуға, өз шығыстарын елеулі қысқартуға,
ал арнайы экономикалық аймақтар жағдайында жеңілдік
салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Өйткені
инновациялық үрдіске қатысушылардың сәтті
іс-әрекеті инновациялық инфрақұрылым
субъектілерінің мына бағыттар бойынша атқаратын
қызметтеріне негізделеді: ақпараттық қамтамасыз ету,
интеллектуалдық меншікті қорғау және патенттік-лицензиялау
жұмыстары, қаржылық-экономикалық қамсыздандыру,
ғылыми сыйымды өнімді сертификациялау және метрология мен
стандартизация аясында қызмет көрсету, жаңа, ғылыми
сыйымды, бәсекеге қабілетті өнімді дайындау мен игеруге
өндірістік-технологиялық қолдау көрсету, маркетингтік,
жарнамалық және көрмелік қызметтер, инновациялық
менеджмент саласына кадрларды дайындау және қайта даярлау.
Инновациялық
инфрақұрылым ұлттық инновациялық
жүйенің маңызды бөлігі саналатыны белгілі.
Мәліметтерге көз жіберсек, инновациялық
инфрақұрылымды құру кезеңі ұзақ
уақытты алатынын байқаймыз. Мәселен, АҚШ, Германия,
Жапония сынды мемлекеттерде бұл кезең 10-15 жылға
теңеседі.
Инфрақұрылымның
маңызды элементі ғылыми парктердің дамуы нәтижесінде
ірі аймақтық агломерациялар пайда болды. Ғылыми
парктердің келесі түрлерін ажыратады:
§
технопарктер;
§
зерттеу парктері;
§
инкубаторлар;
§
технополистер.
АҚШ-тың
инновациялық даму жетістіктері ең алдымен кең тармақты
технопарктерге, технополистерге, бизнес-инкубаторларға негізделген
инновациялық инфрақұрылымды құрумен байланысты.
Олардың саны мемлекетте 700-ден астам. Бұл елдің
инновациялық инфрақұрылымында технопарктер басты мәнге
ие. Олар ғылыми ізденістерді, ғылыми-техника аясындағы
инновациялық қызметті және нарықты
құрылымдық біріктіру функциясын атқарады.
Технопарктердің басты миссиясы – ғылыми-техникалық салада
шағын инновациялық кәсіпкерлікпен айналысуға бел
буған, арнайы қолдауды қажет ететін ғалымдардың,
ізденушілердің, мамандардың жаңалықтары мен
дайындамаларының, ғылыми ізденістерінің нәтижелерін
коммерциализациялау. Әлемдегі бірінші технопаркті
құрған АҚШ-тың Стэнфорд университеті деп
көрсетеді (50-жылдардың басы).
Соңғы мәліметтер бойынша АҚШ-та 160 астам
технопарктер орналасқан, олар әлемдегі барлық
технопарктердің 30% құрайды. Еуропада технопарктер тек
70-жылдардың басында ғана пайда бола бастады [1, б.18; 2, б.36].
Американдық
модельдің басты ерекшелігі ірі университет немесе
ғылыми-ізденушілік орталықтың жанынан ғылыми парк
үшін аумақтың берілуі. Бұл аумақта
ғылыми-ізденушілік және инновациялық қызметтерді
дамытуға қажетті барлық қызметтер кешені
көрсетілді, бірақ университет өзі оның
құрылуында тек көмекші роль атқарды, оның негізгі
функциясы болып жалгерге тиімді жағдайда жерді жалға беру саналады.
Инфрақұрылымның қалған бөлігі басқа
да қызығушылық білдірген субъектілер есебінен
қалыптасады, ал табыс тікелей құрылтайшыға келеді.
Аймақтық құрылымдарды көп жылғы
дайындау, олардың тиімді жұмыс істеуі америка экономикасында,
көптеген проблемаларды шешуге, атап айтқанда, жекелеген
өңірлердің қалып қоюын еңсеруге,
экономикалық әлеуметті теңестіруге мүмкіндік берді.
Жетекші аймақтардың арасында есептеу техника құралдары
мен компьютерлердің әлемдік көлемінің 20% астамы
шығарылатын «Сликон аңғары» мәлім.
АҚШ-тың
басқа ірі технопарктеріне – «Зерттеу үшбұрышы» және
«128-ші жол» кіреді. «Зерттеу үшбұрышы» технопаркі Солтүстік
Каролинада 1970 жылы штаттың үш ірі университеттерінің
базасында құрылды. Нәтижесінде құрамына 20-дан
астам ұсақ университеттер мен колледждер, сонымен бірге 40 зерттеу
орталықтары енді. Оның аумағында 50-ге жуық
жоғары технологиялы компаниялар, 30-ға жуық банктер
және венчурлық қорлар орналасқан. [3, б.43].
АҚШ-та
университет аумағында орналасқан және коммерциялық
мақсатты көздемейтін, өнеркәсіппен тығыз
байланыста болатын, бірақ өнеркәсіптік корпорациялар
құрамына енбейтін зерттеу паркі бар. Мұндай парк жылдық
бюджеті 70 миллион доллар көлеміне тең Иллин технологиялық
орталығы.
Ұлыбританияда
технопарктердің құрылуы XX ғасырдың 70-жылдары
басталды, ол салыстырмалы түрде Батыс Еуропа елдерінен бұрын болды.
Елдің ежелгі ғылыми парктері – Кембридж және Бердчвуд
парктері болып табылады. Кембридж ғылыми паркі Тринити колледжінің
110 акр аумағында орналасқан. Мұнда шағын инновациялық
кәсіпорындарға жер 25 жыл мерзіміне жалға берілді. Оның
аумағында 3 мыңға жуық жұмыс орындары
ашылған. Бердчвуд ғылыми паркінің ешқандай
университетпен байланысы жоқ, оның ұйымдастырылуына
жергілікті биліктің коммерциялық бастамасы себепші болды.
Парктің территориясында 32 компания
орналасқан, оның 17-і – шетелдік, соның ішінде 16 –
американдық компаниялар. Мұндағы барлық компаниялар
электроника саласына маманданған, 2 мыңға жуық
жаңа жұмыс орындары ашылған.
Ұлыбритания
мен Еуропаның ежелгі зерттеу паркі 1971 жылы Шотландияның Единбург
қаласында құрылған – Хериот-Уотт зерттеу паркі.
Оның аумағында тек ғылыми зерттеулер жүргізуге
рұқсат етілген, жаппай өндіріске тыйым салынады.
Алғашында
инкубаторлар мен технопарктер ғылыми зерттеулер үшін тек
ғимараттар мен құрал-жабдықтарды жалға берумен
айналысса, кейіннен олардың қызмет аясы патенттерді алуға
көмек беруден жаңа өнімге тұтынушы табуға дейін
кеңейді. Оған себеп болған сол кездегі батыс елдерінің
экономикасында инновациялық қызмет белсенділігінің жалпы
артуы нәтижесінде инкубаторлар мен технопарктердегі клиенттердің
аталған қызметтерге деген сұранысы.
Дамыған
елдердегі технологиялық парктердің соңғы даму
тенденциялары олардың өз қызметтерін әртараптандыра
отырып, пайда табумен байланысты. Егер 70-жылдары әрбір ғылыми парк
нақты бір іске маманданданса, қазіргі кезде олардың
қызметін қандай да бір ғылыми бағыттың дамуымен
байланыстыру қиын, олар маңызды салалардың барлығына да
қызмет көрсетеді, атап айтқанда: нанотехнологиялар, генетика
мен биоинженерия, ақпараттық технологиялар және т.б.
Жапонияда
шағын инновациялық кәсіпорындарға несие берудің
арнайы механизмі – «жайлы несиелер» кеңінен қолданылады. Бұл
механизмнің маңызы мынада: әдеттегі қарыз несиелері
4-8% шамасында болса, шағын инновациялық кәсіпорындар
үшін «жайлы несиенің» пайыздық үстемесі соның
жартысынан аспайды. Бұл елде шағын инновациялық
кәсіпорындарды кооперативтерге біріктіру саясаты белсенді түрде
жүргізілуде. Мұндай бірігулер шағын кәсіпорындар
үшін тиімді, өйткені кооперативтер туралы заңға
сәйкес оларға пайдалану үшін жер, жаңа технологияларды
игеруге жеңілдетілген несиелер беріледі, транспорт құралдарын
алу қаржыландырылады.
Ғылыми
парктердің жапондық моделі американдық модельге
сүйенгенімен, оның өзіндік ерекшеліктері жеткілікті. Негізгі
ерекшелігі ғылыми зерттеулерге және жоғары технологиялы
өндіріске бағытталған жаңа қалалар –
технополистер құру болып табылады. Технополистер аумағында
қажетті барлық әлеуметтік, өндірістік,
транспорттық инфрақұрылым құрылған.
Технополистерді
құру орындары ретінде төрт аралға біркелкі
орналастырылған 19 аймақ таңдалған. Бұл
аймақтар келесі белгілер бойынша таңдалды:
· негізгі қаладан
(халқы 200 мың адамнан кем емес) 30 минуттан артық емес
қашықтықта орналасуы және Токио, Нагои және Осака
қалаларынан бір күндік қашықтықта орналасуы;
· 500 кв. мильден аспайтын алаңының болуы;
· жергілікті
әдет-ғұрыппен және табиғи жағдайлармен
үйлесетін әсем табиғаты бар жерде орналасуы.
Ғылыми
парктердің аралас моделінің негізгі өкілдері Еуропа елдері
болып саналады. Оның негізіне жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып
құрылатын американдық модель алынады. Еуропалық
технопарктер американдықтар сынды ғылыми орталықтардың
аумағында немесе оларға жақын маңда орналасады, сонымен
бірге онда жапониялық технополистерге тән өз клиенттеріне
қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Батыс Еуропа
ғылыми парктеріне тән екі ерекшелік бар:
· шағын фирмаларды
бір ғимаратта орналастыру, соның нәтижесінде жаңа
техникалар мен технологияларды ұжымдық пайдалануға
мүмкіндік беріледі. Өйткені, әр кәсіпорын
құрал-жабдықтарды жеке сатып алса, оған 20-30
пайызға дейін қымбат түседі. Оған қоса,
мұндай орталықтарда біліктілігі жоғары мамандарды
ұстауға кететін шығындар да қысқарады;
· бірнеше
құрылтайшылардың болуы - біршама күрделі
болғанымен, басқару механизмі тиімді болып келеді.
Еуропада
алғашқы ғылыми парктер 70 жылдары құрылды,
құрылымы жағынан АҚШ-ғы секілді олар да
технопарктерге жатады. Ежелгілері
Бельгиядағы «Левен-ла-Нев» және Францияның Ницца
қаласындағы «София Антиполис» технопарктері. Еуропалық
технопарктер америкалық тәжірибеге сүйенгендіктен, әрі
терең зерттелген бағдарламалары мен бизнес-жоспарлары
болғандықтан тез әрі жемісті дами түсті. Еуропа
технопарктерінің клиенттеріне көптеген мемлекеттік және жеке
меншік нысанындағы кәсіпорындар жатады. Соңғысы,
яғни жеке сектор кәсіпорындары клиенттердің 70%-ын
құрайды.
Қазіргі
уақытта Батыс Еуропада 300-ге жуық технопарк қызмет етеді,
оның 120-ға жуығы Германияда, 40-тан астамы Ұлыбритания
мен Францияда орналасқан.
Шетелдік
тәжірибелер көрсетіп отырғанындай, ғылым мен
кәсіпкерліктің дамытудың қозғаушы күші
ғылыми парктер болып саналады. Технопарктер қарамағында
құрылған компаниялар, басқа жолмен
құрылған компанияларға қарағанда
өміршең болып келеді. Атап көрсетер болсақ,
Ұлыбритания технопарктерінде ашылған кәсіпорындардың
тек 3%-ы ғана құлдырауға ұшыраған. Сондай-ақ,
ғылыми парктердің маңында ұйымдастырылған
кәсіпорындар сол парктердің атымен бизнес әлемінде танымал
болуына да мүмкіндік бар.
Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде
көптеген елдерде инновациялық инфрақұрылымның
негізгі элементінің бірі арнайы экономикалық аймақтар
кең таралған, олар шаруашылық жүргізудің арнайы
экономикалық-құқықтық жеңілдік
режимімен әртүрлі елдердегі оқшау аймақтар болып
табылады. Экономиканы ырықтандыруға және әлемдік
экономикалық қатынастардың жаһандануы үрдістеріне
байланысты арнайы экономикалық аймақтарды құру идеясы
Таяу Шығыстың араб елдерінде, Солтүстік Африка мен
посткеңестік елдерде соғұрлым көп таралуда. Бұл
жай кездейсоқтық емес, өйткені географиялық
жағдай Азия, Еуропа және Африка арасында оларға көпір
болуға мүмкіндік береді, ал стратегиялық жағдай
халықаралық саудадағы мәнін айқындайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің әлемдік
тәжірибесінде әртүрлі аймақтардың үлгілері
бар, ал оларды құру идеясы түп тамыры терең
тарихқа кетеді.
Жаңа технологиялар негізіндегі жеңілдіктер мен
ынталандырулардың мұндай жүйесі жоғары сапалы
өнім өндірісін шығаруды қамтамасыз етуге,
өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін
арттыруға қабілетті экономиканың басымды салаларын
құруға мүмкіндік береді.
Біздін пікірімізше, ғылыми орта мен өнеркәсіп
әлеуетін құра білген және олардың байланысын
қалыптастыра білген мемлекет қана инновациялық қуатты
елге айнала алады. Өйткені, бастапқы капиталсыз, ғалымдарды
көтермелеусіз, ыңғайлы ортаны орнатпай инновациялық
қызмет, инновациялық үрдіс, жетілген инновациялық
инфрақұрылым туралы сөз қозғаудың өзі
артық.
Әдебиеттер:
1.
Сулейменов Е.З., Васильева Н.В. Инновационная деятельность в Республике
Казахстан: Аналитический обзор. – Алматы: НЦ НТИ РК. – 2006. - 112 б.
2.
Могильный С.В. Формирование и развитие инновационной инфраструктуры в
Республике Казахстан: дисс. ... канд. экон. наук. - Алматы, 2004. - 156 б.
3.
Инновационный
процесс в странах развитого капитализма / Под ред. И.Е.Рудаковой. - М.: МГУ,
1991. - 144 б.
4.
Веревкин
Л.П. Инновационная деятельность: исследовательские результаты, производство,
рынок // Вестник Росийской академии наук, 2003. - Т. 73. - №2.
5.
Элиозорова Г. Полюсы
роста // РИСК, 1999. - №4. - Б. 18.