Аға оқытушы Ерманова С.Б
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
Сұлтан Сүлеймен: аңыз
бен ақиқат
Тарихи деректерде
Осман түріктерініңтүпкі отаны Орта Азия екендігі айтылады.
Олар Кіші Азияға монғол-татар шапқыншылығы кезінде қоныс
аударған. Ал оған дейін бұл аумақты ұлты, діні әрқалай
тайпалар мекендеген. Осылардың ішіндегі мықтылары селжүктер
болыпты.
Кейбір мәліметтерге
қарағанда, селжүктердің түбі Оғыз қағандығына
барып тіреледі. Қазіргі түркімендер
мен әзірбайжандарға жақын. Бұл мемлекетті құраған
тайпалардың ішінен кейін Селжүк есімді билеуші бастаған тайпа
бөлініп шығады, мемлекет құрып, өзгелерді соған
біріктіреді. Бұл мемлекет Селжүк мемлекеті болып аталады. Ал
елдің Тоғырыл атты басшысы жергілікті тайпалардың бірінің
билеушісі Аладдиннің Шыңғыс ханның ұлы Шағатайдың
әскеріне қарсы шықпақ ойы бар екенін естіп, әскерімен
соған қосылады. Оларды «Осман түріктері» аталып
кетеді.Олар құрған империяның бастауында тұрған
1-ші Осман сұлтанның ұрпақтары бұл мемлекетті
600 жылдан астам уақыт басқарған. Ең соңғы ұрпағы
Абдулхамид сұлтан 1909-жылы тақтан тайдырылған. Ал Осман
империясының дүниеге келген кезеңі 1299-шы, тарих сахнасынан
жоғалған тұсы 1923-жыл деп саналады.1-ші Османның
кезінде түріктер өздеріне қоңсы туыстас және басқа
да тайпаларды біріктіре бастайды. Бірте-бірте күшейіп, Анатолиядағы
Византия иеліктеріне ауыз салады, кейін олардың Балкан түбегіне
экспансиясы басталады. Орхан, Мұрат, Баязит сұлтандар кезінде Осман
елі тіпті де күшейіп, Кіші Азияға түгелдей, тіпті Шығыс
Еуропа елдеріне дейін қауіп төндіре бастайды.Осман әскерлері қуатты
күшке айналады.Осман елі 2-ші Мұрат сұлтан кезінде қайтадан
қуат ала бастайды. Алысты болжайтын, ержүрек Мұрат сұлтан
Осман елінің күш алуына барлық жағдайды жасайды, Осман
жерін кеңейтеді. Ал оның ұлы 2-ші Мехмед сұлтан әйгілі
Византия империясын жойып тынады, оның билігі кезінде екі айлық қоршаудан
кейін Константинополь алынады. Ол Истанбул атанып, Осман
империясының астанасына айналады.Осман империясы XV ғасырдың
50 –70-жылдары Балкан түбегіндегі елдерді түгелге дерлік бағындырды.
Қырым түбегі де оның қарамағына өтті, ол
Албанияны басып алды. Ал арада бір ғасыр өтер-өтпесте, 1-ші
Селим мен оның ұлы Сүлеймен сұлтандардың кезінде
Кавказдың көп жерін, Солтүстік Месопотамияны, Күрдістанды
басып алды, Сирия, Мысыр, Палестинаны бағындырды. Кейінгі кездері Осман
билігі Алжир мен Судан, Туниске дейін жетті. Осман империясы Шығыс
Еуропаның бірқатар елдерін тізе бүктірді. Австрия-Венгрия
империясын қалтыратты, алыстағы Англия, Францияның өзі
одан қолын тартты.
Қысқасы,
Осман империясы Еуразия мен Африка құрлықтарына қарасты
бас-аяғы 8 миллион шаршы шақырым аумаққа иелік етті.
Оның ең бір гүлденген дәуірі Сүлеймен сұлтанның
билік еткен жылдарына тұспа-тұс келеді. Ол тарихқа «Алтын ғасыр»
деген атпен енді.
Сүлеймен сұлтанның
әкесі, Осман империясының билеушісі Сәлімсұлтанның
есімі тарихта «ҚаһарлыСәлім» деген атпен қалған.
Олшамамен 50 жыл өмір сүрген, өз ажалынан дүние салған.
Осман империясын 1512 – 1520-жылдар аралығында басқарған сұлтан,
билік басына 42 жасында, өз әкесін тақтан тайдыру арқылы
келген. Қым-қуытшапқыншылығы көп, соғыстардан
көз ашпаған орта ғасырларда билікке жету тіпті де оңай
болмағаны белгілі. Бұл жолда патшалар ешкімді де, тіпті бірге туған
бауырлары мен өз балаларын да аямаған. Тарихта осы Сәлім сұлтанның
туған екі бауырын, төрт немере інісін, үш ұлын өз
бұйрығымен өлтірткені туралы айтылады. Осы тұрғыдан
алып қарағанда Сүлеймен сұлтанның империя
билігіне жетуде жолы болған десек, оған ешкім таңдана қоймас. Ал кейін оның өзі
де билікті сақтау үшін бірнеше
ұлдарының өліміне себепкер болған. Сүлеймен
сұлтан 1495-жылы туылған. Осман империясының билігіне
келген кезде оның жасы 25-те болыпты.Сүлеймен сұлтан 39 жасқа
толғанда оның аяулы анасы Валиде Айша Хафса сұлтан дүниеден
өтеді. Бұл кезде ол 55 жаста.
Оның әйелі Хюррем – украинқызы,
шынаты-жөні – Анастасия Лисовская, тарихидеректердекөбіне
Александра депаталады. Қырым татарларының шапқыншылық
жорығы кезінде қолға түскен оның жасы сол кезде
14-те екен. Ол сұлтан гареміне сыйға тартылған. Алғашында
көп күңдердің бірі болған Хюррем өзінің
сүйкімділігімен, ақылдылығымен бірте-бірте империя билеушісінің жүрегін жаулап
алады. Хюррем Сүлеймен сұлтаннан 11 жасы кіші, ол 1506-жылы өмірге
келген.Сүлеймен сұлтанға өзінің тұңғышұлы
Мехмедті туып бергенде Хюрремнің жасы 15-те болыпты. Араға
бір-бір жылдан салып, өмірге
Михримах есімді қызды, Абдалла, Селим атты ұлдар әкеледі
(Абдалла 2 жасында шетінеп кеткен, ал Селимнің кейін империя тағына
отырғаны тарихта белгісіз).Сүлеймен
сұлтан оның басына азаттық береді.Екеуінің арасында жақын
қарым-қатынас орнайды. Сұлтанның заңды әйелі
дәрежесіне Хюррем 24 жасында жетеді, ол сол кездің өзінде Сүлейменнің
бірнеше баласына ана болып үлгерген екен. Хюррем осы төрт баладан
кейін араға екі жыл салып,1526-жылы өмірге Баязит есімді ұл әкеледі.
Ал 27 жасында сұлтанға Жаһангер атты ұл туып береді.Тағдырдың
жазуымен Хюрремге өз құрсағынан шыққан балаларының екеуінің
өлімін көруге тура келген. Ол 37 жасында тұңғышы
Мехмедтен, араға он жыл салып, 1557-жылы кенжесі Жаһангерден
айырылады.Хюрремнің Осман императорлары сарайы маңындағы құйтырқы
істерге де шебер араласа білгені белгілі. Осы жолда ол өзінің біраз
қарсыластарыныңа жолына себепкер болған. Сүлейменге тұрмысқа
шыққан соң арада бес жыл өткенде Хюрремсұлтанның
бас уәзірі Ибрагимнің түбіне жетеді. Ал 1553-жылы сұлтанның
алғашқы көңіл қосқан адамы Махидевраннан туған
тұңғыш ұлы, яғни осыған дейін тақтың
бірден-бір мұрагері саналып келген Мұстафаны өлтіртеді. Бұл кезде Мұстафа
38 жаста екен. Хюррем 1558-жылы, 52 жасында қайтыс болған.
Тарихта «Теңдесі
жоқ Сүлеймен» деген аты қалған Осман империясының
тоғызыншы билеушісі Сүлеймен сұлтан 1566-жылы, 71 жасында
дүниеден өтеді. Сүйіктісі Хюрремнен айырылғанда ол
63 жаста болған.
Өмірдің ақ-қарасындай С.Сүлейменнің
көлеңкелі мен күңгей
жағының аражігін ашып қарайтын болсақ С.Сүлейменнің бейнесінің сомдалуын бес топқа
бөліп қарастыруға болады: 1.Тағдырдың қайталануы.
Яғни әкесі Сәлім сияқты өз балаларын өлім
жазасына кесуі кездесіп отырады. Жағымды жағы: 2. Тарихи
жағдайында: С.Сүлейман жаулап алған елдерін қырып
жоймаған, керісінше бағындырған сенімділік тудырған
жайттар бар. 3.Елінің мұңын мұңдап,жоқтаған
жоқтаған ел қамқоршысы. ( Мысалы, Дәруіш киімін
киіп алып,халқының жағдайын біліп отырады) 4.Дұшпанына
қатал, досына мейірімділігі басым болып келеді.
5.Сүлейменнің кемшілігі: Сұлтанға тән
мінез танытпай әйел алдындағы әлсіздік танытып, махаббат
сезіміне беріледі. Әйелі Хюремнің айтқанына көніп, айдағанына
жүріп уәзір досы Ибраһимді, тұңғыш ұлы
Мұстафаны өлім жазасына кеседі.
Осының бәрі
Сұлтан Сүлейменнің жеке басында кездеседі. Шығыс аңыз-әңгімелеріндегі
Сүлеймен патша туралы да көп сыр шертіледі. Ол жайында «Рабғузи
қиссасында» да бірнеше әңгіме бар. Оларда Сүлейменнің
жастығына қарамай ақылдылығы, білімділігі, әкесінің
қате билігін түзеткені айтылады.
Өз заманының
тұлғасы болған Сүлеймен пайғамбар бірде ұшқыш
кілеміне отырып өзінің мемлекетінің үстінен ұшып өтуге
бел буады.. Сұлулыққа елітіп,өзінің байлығына
қарап көзі тоймапты. Әдеміліктен шаршап,өзінің
иелігіндегі табиғаты сұлу жерлерге қызыға қарапты.
Сол кезде ұшқыш кілемі жерге қарай төмендей бастайды. Сүлеймен
бұны сезіп кілемге тіктелуін бұйырса,кілем одан бетер төмендей
бастаған екен.
-Сонда Сүлеймен тұрып: «Әй,кілем! Майыспа,саған Сүлеймен
пайғамбардың өзі бұйырып тұр десе керек» Әміршісінің
бұйырғанын орындамай кілем одан бетер еңкейіп,Сүлеймен
жерге құлап түседі. Қаһарына мінген Сүлеймен: Әй,не істеп тұрсың?-дейді.
-Кілем: «Мен емес,сенің тіктелуің керек. Өйткені бұл
сенің емес Аллаһ тағаланың бұйрығы. Өзіңнің
байлығыңа, дәулетіңе қызыққан көзіңді
шел басып тұр. Егер ол басқа нәрсеге қызығып тұрса,
басқасын көрмейді» деген екен.
Сүлеймен
жайлы ертегілер, аңыз әңгімелер қазақ арасында едәуір
кездеседі. Олардың кейбіреулері Қазақ ССР Ғылым
академиясы Орталық кітапханасының қолжазба қорында сақталған:
«Сүлеймен патша», «Тақ Сүлейменнің хикаясы», «Сүлеймен
пайғамбар» сияқтыаңыздар мен әңгімелер желісі
адамзат тағдыры мен адам өмірінің сырын ашып,қырын
танытуға,оның пенделік өмірі мен қалт басқан қадамдарына
негізделініп пайда болған.
Бұл мысал әңгімелерде жан-жануарлардың,
жанды-жансыз нәрселердің бір-
бірімен сөйлесуі арқылы түрлі, мінез-құлықтары
ашылады. Олардың айлакерлігі, ақылдылығы, мақтаншақтығы,
момындығы көрсетіліп, адам бойындағы қылық- қасиеттерге
тән мінез- құлықтар тұспалданып отырады.
Фольклорда, қазіргі жазба әдебиетімізде мол тараған ертегі,
мысал, әңгіме, өлеңдердің терең тамырлары, міне,
осындай үлгілер деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің
ежелгі дәуірі. Оқулық.
А., 1986.
2. А. Қыраубаева Ғасырлар мұрасы А.,
«Мектеп»1988.
3. «Замана газеті»-20
| 08 | 2012 Дайындаған – Т. ТҰРАН
4. «Замана газеті» - 26 | 02 | 2013 Дайындаған – Т. ТҰРАН
5.Ө Күмісбаев Терең
тамырлар. . А., 1994.(288-294 беттер)
6.Иран-тәжік поэзиясы. Астана,
2005ж.