ӨНДІРІСТІК ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРДАН ҚОРҒАЙТЫН АРНАЙЫ КИІМГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

 

Техника ғылымдарының магистрі Ибраева А.И.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз

 

Арнайы киімнің негізгі қызметі – қорғаныш. Сонымен қатар ыңғайлы, әрі көркем болуы тиіс. Арнайы киім – берік, төзімді және шыдамды болуы шарт. Осының барлығын қамтамасыз ету үшін жіптерінің қажетті айқаспасы және маталық негіздің дұрыс үйлесімін, жылытқыш және қажетті фурнитураны таңдау керек. Әрине, дайын бұйымды қолдану кезінде барлық талаптарға сәйкестігі, тігу сапасы, байланыстыру тәсілі, таңдалған фурнитура мен тігін жіптеріне тәуелді. Дегенмен, тігістері үзілетін болса оны қайта тігуге болады, ал егер материалының бүтіндігі бүлінетін болса, онда оны түзету қиын, әрі түзеткен жағдайда бұйым бастапқы қалпын жоғалтып ғана қоймай, сонымен қатар қорғаныштық қасиетін жоғалтуы мүмкін.

Арнайы киім «демалатын» болуы шарт. Себебі, қалыпты жылу алмасу болмаса адамның еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан, арнайы киімнің ауа және бу өткізгіш, ылғал сіңіргіш көрсеткіштері жоғары болса, еңбек өнімділігі де жоғарылайды.

Дюпон компаниясы 30 жыл бұрын Номекс талшығын ойлап тапқан, қазіргі таңда бұл талшықтан мыңдаған таптамамен отқа төзімді және термотұрақты маталар шығарылуда. Номекс матасының қорғаныштық қасиеті – бұл талшықтың өзіндік қасиеті, яғни ол талшықтың молекулалық құрылымына «енгізілген» табиғи дүние. Талшық ешқандай химиялық өңдеу немесе басқа қоспалардың әсерінен өңделген талшық емес. 

Арнайы киімге арналған отқа тұрақты мата (Nomex). Nomex бұл - Дюпон компаниясының сауда маркасы. Nomex- метааромидті, параамидті және антистатты талшықтардан тұратын жоғары технологиялы материал. Nomex мата құрамының арқасында жоғары механикалық беріктілік пен термиялық тұрақтылықты қорғау қасиеттеріне ие[1,2].

Екі типті арнайы киім матасын салыстыру. Еңбек қауіпсіздігі институты арнайы киімге арналған маталарға зерттеу жүргізді. Қазіргі уақытта ең негізгі екі типті отқа төзімді текстиль маталары қолданылады: ауыспалы қорғаныш қасиетке ие мақта маталы мата және ұдайы қорғаныштық қасиетке ие арамидті мата. Мақта маталы және қоспалы маталары дайын матаға немесе талшығына антиперенді (жануды баяулататын химиялық қоспа) жағу барысында термотұрақтылық қасиетіне ие болады. Антиперен жоғары температурада «белсендіріледі», яғни белсендірілген жағдайда ол жану процесін сақтап қалатын газ бөледі және эксплуатация процесі кезінде бұндай матадан тігілген арнайы киімнің отқа төзімділік қасиеті төмендеуі мүмкін. Ал аромидті Nomex талшықтарынан дайындалған мата бірегейлігі – оның отқа төзімділік қасиетінің ешқандай химиялық өңдеуді қолданусыз, талшықтың өзіндік химиялық формуласымен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, Nomex матасының отқа төзімділік қасиеті арнайы киімнің эксплуатация мерзімінің соңына дейін сақталады[2,3].

Еңбек қауіпсіздігі институтының зерттеу нәтижесі бойынша мақта маталы отқа төзімді маталардың қызмет ету уақыты орта есеппен 1 жылға тең.

Зерттеу-салыстыру нәтижесі 1 кестеде.

1-кесте

Мата қасиеттері

(талапқа сай )

Антистатты ұдайы қорғаныштық қасиетке ие арамидті мата Номекс

Ауыспалы қорғаныш қасиетке ие мақта маталы мата

1

2

3

Отқа төзімділік

Nomex матасының отқа төзімділік қасиеті талшықтың құрылымына енгізілген табиғи дүние. Арнайы киім қорғаныштық қасиетін эксплуатация мерзімінің соңына дейін сақтайды.

Мата химиялық өңдеу н/е басқа қоспалардың әсерімен өңделген және қорғаныш қасиеті эксплуатация және жуылу кезінде төмендейді, яғни қорғаныш қасиеті тұрақсыз.

 

 

1 – кестенің жалғасы

1

2

3

Матаның беттік тығыздығы (250 г/м2 аспау керек)

180 г/м2 -250 г/м2

(тығыздығы төмен, бұйым салмағы жеңіл, ауа өткізгіштігі жоғары.)

335 г/м2- 440 г/м2

(тығыздығы жоғары, бұйым салмағы ауыр, ауа өткізгіштігі төмен)

Жаздық, қыстық костюмның салмағы (қыстық- 5кг, жаздық -1,5кг-нан көп болмау керек)

0,9-1,2кг/ 3,1-3,5 кг

(бұйымның жеңіл салмағы жұмысшыға жұмыс уақытысының соңына дейің қолдану ыңғайлылығын береді)

2,0-2,8кг/ 5,0-7,0кг

(бұйымның ауыр  салмағы жұмысшыға жұмыс уақытысының соңына дейін қолдану мүмкіндігін қиындатады)


Ауа өткізгіштік (30 дм32с аз болмау керек)

40-200 дм32с

15-25 дм32с

Өң беріктілігі

(4000 циклдан аз болмау керек)

6500-7000

5250-6600

Жуу кезіндегі отыруы (3%)

1,5%

2,5% және одан жоғары

Түс тұрақтылығы

Талапқа сай

Талапқа сай

Эксплуатация уақыты

(2 жыл)

2 жылдық эксплуатациядан кейін қызмет ету мүмкіндігінің ұзаруы мүмкін (3, 4, 5 жылдық эксплуатациядан кейін өзінің қорғаныштық қасиетін сақтайтындығын растайтын сынақ хаттамаларында бекітілген)

Эксплуатация уақыты

1- жыл

TERMO-MAN – адам бойымен сәйкестендірілген манекен, ол 122 термодатчиктермен жабдықталған. Сынақ жүргізу кезінде манекенге арнайы киімді кигізіп, өрт сынағына жібереді. TERMO-MAN адам терісінің реакциясын анықтауға мүмкіндік береді: 2-ші, 3-ші күю дәрежесін және күю орнын сынақ басталған кезден бастап 1 минут аралығында күю дәрежесінің өсу графигін жасаралық тобына байланысты адамның тірі қалу және қалмау мүмкіндігін анықтайды (2-кесте).

2-кесте

Күю аймағы, %

Номекс

Комфорт, 220г/кв.м

Отқатөзімді 100% мақта мата, 335г/кв.м

Мақта мата/ полиэстер (қорғаныштық өңдеусіз), 245г/кв.м

100

 

 

 

90

 

 

 

80

 

 

 

70

 

 

 

60

 

 

 

50

 

 

 

40

 

 

 

30

 

 

 

20

 

 

 

10

 

 

 

Күю пайызы

44%

79%

91%

- 2ші күю дәрежесі                      -3ші күю дәрежесі

1-сурет. TERMO-MAN манекенінде арнайы киімнің

 салыстырмалы сынағы

Nomex матасының артықшылықтары:

-                     Термиялық қауіптіліктен ең жақсы қорғаныс. Nomex– қорғаныш қасиеті ұдайы болатын термотұрақты мата. Nomex талшығы табиғи термотұрақтылық пен отқа төзімділік қасиетін береді;

-                     Жоғары жайлылық. Номекс матасы отқа төзімді мақта матасына қарағанда жоғары температура мен от жалынынан жақсы қорғайды. Жеңіл мата жоғары жайлылықты қамтамасыз етеді, бұл әсіресе ыстық ауа райында өте маңызды. Номекс матасы талшықтың бірегей формасының арқасында – гигроскопиялық, гигиеналық, ауа және бу өткізгіштік қасиеттеріне ие;

-                     Жоғары үнемділік. Номекс тіпті 200-рет жуғанға дейін қорғаныштық қасиетін, төзімділігін, өлшем тұрақтылығы мен сыртқы түрі мен формасын сақтайды ( ал мақта маталық отқа төзімді арнайы киімдер 50- рет жуылғаннан кейін-ақ өзінің механикалық беріктілігін және формасын жоғалтады). Сәйкесінше, Номекс матасының қызмет етуінің ұзаққа төзімділігінің арқасында шығыны да аз болады;

-                     Жоғары сенімділік. Дюпон – өндіріс қауіпсіздігі саласында көшбасшы компания болып саналады. Номекс маталары мен талшықтары қазіргі Европалық және Ресейлік стандарттарға толықтай сәкестендірілген. Номекс маталарынан тігілген арнайы киімнің аса жоғары термотұрақтылық қасиеті, жайлылығы мен ұзаққа төзімділігі 40 жыл бойы салалық стандарт болып келе жатыр.

Номекс матасынан тігілген арнайы киім – өрт болған жағдайда, Номекс матасынан жасалған арнайы киім жұмысшының өмірі мен денсаулығын сақтайды. Номекс матасы – отқа жанғыш және балқығыш емес, керісінше жоғары температура кезінде тұтастығын сақтап, токсинді газдар мен түтіндерді бөлмейді. Бұл, адамға өрт аймағынан тез арада кетіп қалуына мүмкіндік береді. Номекс матасы ерекше қасиетінің арқасында арнайы киім адамды 2-ші және 3-ші күю дережесінен басқа маталардан дайындалған арнайы киімдерден жақсырақ қорғайды.

Nomex талшығынан тұратын маталар термиялық қауіптілікті – жоғары температура мен оттан, электр доғасының жылулық әсерінен, балқытылған металдың шашырауынан сақтау үшін арнайы киім шығаратын өндірістерде қолданылады. Nomex термотұрақты матасының ерекше құрамы (от сөндірушілер, мұнай және газ қызметкерлері, энергетиктер мен металургтар, дәнекерлеуші мен МЧС қызметкерлеріне арналған) отқа тұрақты арнайы киім шығаруда таптырмас тауар болып табылады. «Текстиль М» компаниясы 10 жылдан аса уақыт бойы Номекс матасынан отқа төзімді арнайы киім                   (мұнайшылар мен газ өндірушілерге және экстрималды жағдайларда жұмыс жасайтын жұмысшыларға) өндіруде. 

Сонымен, ТОО КАЗСПО-N-ның Номекс матасынан дайындаған өнімі Дюпонт компаниясының Европа технологиясы орталығында термотұрақты және отқа төзімді сынағынан өтті (2-сурет).

 

2-сурет

Номекс матасынан тігілген отқа төзімді киімде – отқа төзімді жіп, отқа төзімді және антистаттық қасиетке ие ыстыққа төзімді пластик сыдырмаларын қолданады.

Қысқы киімге арналған жылытқыш тинсулейт FR (отқа төзімді).

Тинсулейт ерекшелігі:

-       Құрамында «Номекс» талшығы бар;

-       Толықтай европалық талаптарға жауап береді;

-       Жеңіл;

-       Ылғал сіңірмейді, адсорбция 1%;

-       Бұйымды күту ауырлық туғызбайды, яғни бұйымды кір машинасымен 600̊С-та жууға болады.

Көптеген жылулардан кейін отқа төзімділік және жылу сақтағыштық қасиеттерін жоғалтпайды.

4

3-сурет. Тинсулейт талшығы

Арнайы киімнің барлық компонеттері (матасы, жылытқыш, фурнитура) отқа төзімді болу керек [3-5].

Аталған материалдар түрлерінің барлығын қойылатын талаптарына қарай, сәйкесінше арнайы киім тігуде қолданылуда. Ең бастысы бұл материалдар дайын бұйымды пайдалану кезінде жайлығын арттыру, салмағын жеңілдету және арнайы киімдегі адамға өндірістік қызметін сәтті орындауға мүмкіндік береді. Арнайы киім тігуде пайдаланатын барлық мата түрлері сапалы, әрі барлық талаптар мен стандарттарға сәйкес болса, оны қандай қауіпті жұмыс болмасын,адам қауіпсіздігін сақтауы міндетті [4-7].

Қазіргі кезде технологияның дамуы көптеген мүмкіндіктерді ашуда. Әсіресе, материалдар өндірісінде кеңінен қолданылуда. Жоғарыда аталған материал түрлері өндірістің қауіпті факторларынан қорғап, еңбек өнімділігін арттырады. Сондықтан, қосымша қорғаныш қасиеттері бар материалды қолдану тиімді.

 

Әдебиеттер тізімі

1.http://neftegaz.ru/tech_library/view/4013.

2.http://www.dupont.com/products-and-services/personal-protective-equipment/thermal-protective/uses-and-applications/nomex--knowledge-center.html;

3.http://solutions.3mrussia.ru/wps/portal/3M/ru_RU/Thinsulate_Insulation/Homepage/AboutUs/WhatIsThinsulate.

4.Рыскулова Б. Р., Джомартов А. Ч., Куатбеков М. К. Исследование свойств материалов специальной одежды. – А.: Рауан, 1992.

5.Кобяцкая Е.Е. «Экологические проблемы текстильной промышленности России на этапе экономических реформ», 1997.

6.ЛужниковЕ.А., «Клиническая токсикология», изд. Медицина, 1999.

7.Шабанов А. Н. Справочник фельдшера. - М.:Медицина, 1976.