Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Нұрыллақызы Диана

«Экономика» мамандығының 1 курс магистранты

 

Аймақта экономиканы тұрақты дамытудың жүйелік әдістері

 

Республиканың аймактарында мол iрi экономикалық потенциалдың болуы, олардың өмiршең теңдiгiн, шаруашылық iс-әрекеттерi жылдам қарқынмен қалыпқа келтiру мүмкiндiктерiн көрсете алмады. Сондықтан да олардың экономикаларының дағдарыстық, тұрақтылық және бәсекелестiк мүмкiндiктерiн бағалау қажет. Оларды мына төмендегi көрсеткiштер арқылы жүргiзуге болады.

1.  Тұрақтылық деңгейi аймақта өндiргiш күштердiң дамуы мен қоршаған
ортаны сақтаудың қалыптасқан тепе-теңдiгiн немесе өндiрiстiң даму қарқыны
мен   тaбиғaтты   қopғay   iс-шараларына   кеткен   шығындардың   өлшемдiлiгiн көрсетедi. Бұл көрсеткiштi есептеу Қазақстанның барлық аймақтары үшiн өте маңызды. Өйткенi, экологиялық жағдай елдiң барлық аумақтарында күрделi, ал кейбiр    облыстарда    апатты    деп   бағалануда.   Сондықтан    да    байыпты құрылымдық қайта құруды iске асырудың қажеттiлiгiне байланысты нарыққа өту барысында тепе-теңдiктi шаруашылық кешенiн құру адамның шаруашылық iс-әрекеттерi мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы бүзылған тепе-теңдiктi қайта  қалпына  келтiруге тиiс.    Осы    aйтылғaндapды    еске    ала    отырып, экономикалық  потенциалдың  тұрақтылық  деңгейiн   мына  көрсеткiштермен есептеуге болады:

- аймақтағы    өндiргiш    күштердiң    даму    деңгейiн    көрсететiн    адамның
шаруашылық       iс-әрекетiнiң       жинақталған   қорытындысы болып
табылатын бiр адамға шаққандағы жалпы қосымша құн өндiру, теңге;

- жалпы  көрсеткiш  -  ол  аймақтағы  экологиялық  жағдайды  сипаттайтын антропогендiк қайта қүрылудың индексi;

- бiр адамға шаққандағы банк капиталының болуы, мың теңге.

2.  Бәсекелестiк мүмкiндiк деңгейi мына көрсеткiштермен сипатталады:

- республикадан   шет   елдерге   сатылған   өнеркәсiп   өнiмдерiнiң   барлық өндiрiлген өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы көлемiндегi үлес салмағы;

- ауылшаруашылық өнiмдерi бойынша да осындай көрсеткiштер, (%);

- минералдық шикiзаттар бойынша да осындай көрсеткiштер, (%);

- жалпы   өндiрiлген   өнiмнiң   көлемiндегi   сыйымдылықты   өнiмнiң   үлес салмағы, (%);

- өндiрiстiң жалпы көлемiндегi өндiрiлген өнiмнiң үлес салмағы, (%).

3. Дағдарыстың деңгейiн мына көрсеткiштермен бағалауға болады:

- жұмыссыздық деңгейi, (%);

- өмiр   деңгейi   (халықтың   ақшалай   табысының   тұтыну   бюджетiнiң   ең азына қатынасы), (%);

- инфляцияның деңгейi, (%);

- берешек қарыздардың алашақ қарыздардан көптiгi;

өндiрiстердiң залалдығы.

Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды талдау, аймақтардағы инвестициялық құлдырау тереңдiгiнiң әртүрлiлiгi, инвестициялық кеңiстiктегi - сапалы өзгерiстер, әсiресе, инвестиция нарығын қүрудың ерекшелiктерi, факторлар жиынтығының ықпалымен алдын ала айқындалғанын көрсетедi. Бұл факторлардың барлығын мына iрiлендiрiлген тoптapғa бiрiктiруге болады:

1. Жергiлiктi жердiң нарыққа енудегi бастапқы сәтiнiң жағдайлары:

- табиғи-ресурстық         потенциалдың         ерекшелiктерiне         байланысты аймақтардың салалық мамандандырылуы;

- қалыптасқан    өндiрiстiк,    инновациялық,    экспорттық    (өнiмдi    сыртқа шыгару) және еңбек потенциалы;

- аймақтың   арнайы   мемлекеттiк   қызметтерiн   бiрiншi   кезекте,   қopғaныc, транзиттiк (аралық      жүк      өткiзу),       сыртқы      экономикалық және басқалардың   орындалуына   байланысты   нарыққа   икемсiз,   теңестiрiлген экономикалық салалық қүрылымының қалыптасуы;

- көлiк   және   жүмыс   күшiн   қалпына   келтiру   шығындарының   едәуiр айырмашылықтарын тудыратын географиялық орны;

- әлеуметтiк ортаның даму деңгейi.

2. Жергiлiктi жердiң реформа жүргiзудегi стратегиясы:

- жекешелендiрудiң көлемi және қарқыны, меншiк түрiн өзгерту;

- қаржылық нарықты, бағалы қағаз нарығын құрудың тенденциялары;

- нарықтың  өзгертулерiн,    оның    iшiнде    бюджеттiк    саясаттың жетiлу
ерекшелiктерi     мен     жергiлiктi     бюджеттiң,     шаруашылық     жүргiзушi субъектiлердiң қаржыларын құрудың өзгешелiктерi;

- банктiк   жүйенiң,   инвестициялық   институттардың,   басқа   да   нарықтық инфрақұрылымдардың типтерi мен масштабтары;

- аймақта   жүргiзiлiп  отырған  экономикалық    саясаттың    ерекшелiктерi. Мысалы, протекционистiк саясат, инвестициялық тәжiрибе және басқа да
аймақтық басымдылықтарды қолдау;

- шет елдiк инвестиция тартудағы аймақтық ерекшелiктер;

- жергiлiктi  өкiмет   орындарының    экономиканы   тұрақтандыру, әлеуметтiк жағдайды жақсарту барысында паидаланылатын әдiстерi.

3. Әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердiң нәтижелiлiгi және жергiлiктi жердiң нарықтық қатынастарға бейiмделу дәрежесi:

-         қалыптасқан меншiк түрлерiнің өзара қатынастары;

-         инвестицияның климаттық қолайлылығының деңгейi;

-         қаржы, инвестиция және құнды қағаздар нарықтарының даму дәрежесi;

-         нарықтың инфрақұрлымының жетiлгендiгi;

-         инвестициялық        ортадағы        нарықтық        өзгерiстердiң        аймактағы әлеуметтiк-экономикалық қайта құру барысына ықпалы және басқалар.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Дюсембаев P.H., Инютина В.П. Обзор концепции устойчивого развития
Республики  Казахстан     (по  материалам  конкурса)  //Экология:   устойчивое
развитие. -2002, № 5. - С. 19-26.

2 Проблемы    устойчивого    экономического    развития    в    условиях глабализации. Ответ. Ред. М.Б.Кенжегузин. Том 2, Алматы, ИЭ МОН РК, 2003, - С. 400.

3 Айтуғанова З.Ш. Экологиялық дағдарыстың аймақтық сипаты //Әл-
Фараби атындағы ҚYУ, Хабаршы, Алматы, №3. - Б. 29-33.