Экономические науки/4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

 

К.э.н. Елпанова М.А.

Магистрант Еримбетова Б.А.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

Корпоративтік менеджмент жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орны

 

Әрбір кәсіпорынның қызметі инвестициялардан басталады. Олар комапнияның Жарғылық қорына құрылтайшылардың салымдары түрінде жүргізіледі. Инвестициялар кәсіпорынның ағымдық қызмет етуін қамтамасыз етеді – тек кәсіпорынның келесі қызмет етуі негізгі және айналым капиталына, адами ресурстарға (өндіріс факторлары) инвестициялау, пайданы қайта инвестициялау (таза табыс) арқылы жүргізіледі.

Инвестициялық менеджмент деп біз кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүргізуге байланысты кешенді сұрақтар бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау мен қабылдауды түсінеміз.

Инвестициялар жайлы шешімдерді дайындау мен қабылдау сұрақтары әлбетте орын алатын және кәсіпкерліктің пайда болу кезеңінен басталған, ал қаржылық менеджменттің бір бағыты болып ХІХ ғасырдың соңында және ХХ ғасырдың басында құрыла бастаған. Бірақ ХХ ғасырдың 60 жылдары басында инвестициялық менеджмент портфелдік инвестициялау, техникалық талдау теорияларының интенсивті дамуына және инвестициялардың кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіндегі роліне байланысты жаңа өзіндік білім саласы (сферасы) ретінде қарастырыла бастады.

«Инвестициялық менеджмент» термининің пайда болуы портфелдік теорияның құрылуына байланысты болып, оның түсінігі ретінде көп деңгейде қаржылық инвестицияларды түсінетін болдық. Кейбір кездерде кәсіпорынның инвестициялық менеджментін айтқанда, бастапқы кезде әдебиетте кәсіпорынның қаржылық-инвестициялық қызметін айтатын болдық.  Тек соңғы кездерде инвестициялық менеджмент түсінігі негізгі және айналым активтеріне, ресурстарға инвестицияларды, нақты инвестициялау сұрақтарын кіргізетін болды.

Кәсіпорынның инвестициялық менеджменті ғылым ретінде батыста да, біздің елде де және ТМҚ елдерінде де кең түрде дамуына қарамастан, кәсіпорынның инвестициялық менеджментінің негізгі басқарушы объектісін, мағынасын және міндеттерін анықтауын қиындататын, әлі де онда кемшіліктер мен жетіспеушіліктер орын алады.

1. Социалистік кезеңде кәсіпорынның инвестициялық менеджмент ғылым ретінде дамыған жоқ, себебі кәсіпорынның қызметін жоспарлы реттеу сипаты инвестициялық стратегияны, инвестициялық саясатты және т.б. таңдауға мүмкіндік берген жоқ. Инвестициялау теориясы күрделі салымдардың тиімділігін бағалау деңгейінде дамыған, оларды ішіндегі ең маңыздысы ЛФЭИ ленинградтық мектебі (Великанов және т.б.) [1] және т.б.

2. Нарықтық экономикаға көшкесін ғылыми әдебиет нарығын портфелдік менеджментке қатысты әдебиет қаптап кетті, бұл батыстан келген бағыт өзінің атауына да толық сәйкес келмеген себептен, өз пәнін де ерекше көрсете алмады. Бұл, біз атап кеткендей, портфелдік теориялар жедел дамуына байланысты, осы салада Нобель сыйлықтары да алынған. Батыс инвестициялық нарығының спецификасына байланысты қор, портфелдік инвестициялар нақты секторды қаржыландыруда жетекші ролін алады, жалпы түрде қордық нарық дамыған елдердің экономикасынан экономикада маңызды рол атқарады. Сондықтан, инвестициялық қызметті айтқанда әдебиетте көп деңгейде көруге болады олар портфелдік инвестициялар сұрақтарына арналған және менеджментте көп деңгейде портфелдік менеджментке қатысты [2] және т.б.

3. Инвестициялық теорияның басқа бағыты жобалық инвестициялаумен байланысқан, және жобалық талдау теориясымен, жобалық менеджменттің дамуымен [3].

Сонымен, инвестициялық менеджмент деп біз кәсіпорынның инвестициялық қызметін жоспарлаудың, талдаудың, есептеудің және бақылаудын ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін түсінеміз.

Корпоративтік менеджменттің жалпы жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орнын, біздің ойымызша,  келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).

 

Сурет 1. Корпоративтік менеджмент жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орны

 

 Суретте көрініп тұрғандай, корпоративтік инвестициялық менеджмент корпоративтік менеджменттің органикалық бөлігі болады, оның стратегиясынан шығады, және ұйымдыстырушылық, жоспарлы, есептік-аналитикалық және бақылау функцияларын жүргізетін жүйелері бар басқа да менеджмент сияқты.

Осы сұрақтарды ең маңызды деп компаниялардың корпоративтік типтеріне қарастырайық. Мұнын маңыздылығы ел экономикасындағы корпорациялардың жиі акционерлік қоғамдар түрінде ұйымдастырылған ірі кәсіпорындар ретінде рол атқаруымен анықталады.

Корпорация (лат. сorporatio – бірлестік, қоғамдастық)  - бұл кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлердің бірлестігі, одағы, кәсіпкерліктің негізгі формаларының бірі болып саналады [4]. 

Корпоративтік жүйенің бүкіл жүйесі саластырмалы құқықтардан құралған, яғни акцияларға меншік құқығынан пайда болған құқықтардан. Бұл құқықтардың иелері – акционерлер – жалпы жағдайда  жалпы қоғамға және бір біріне қатысты әртүрлі мақсаттар мен мүдделері бар.

Холдингтік құрылымы бар, корпорациялар немесе акционерлік типтік ірі құрылымдар дамыған экономикада бизнесті ұйымдастырудың негізгі формасы болады, сондықтан корпоративтік инвестициялық менеджментт і зертеу ерекше қызығушылық тудырады.

Экономикалық мотивтерінің және корпорация қызметінің мақсаттарын анықтау көзқарасынан, корпорация корпоративтік қатынастарының әртүрлі қатысушылар топтары ынтасының күрделі балансын көрсетеді. Бірішіден, негізгі субъектілердің – компаниянің меншік иелері (акциялардың ірі пакеттер иелері); екіншіден, майда акционерлдер, инсайдерлер ( менеджмент және жұмыскерлер).

Қазіргі уақытта компанияның өсу көрсеткіші (қысқартылған түрде-  кәсіпорынды құру барысындағы акционердің салған капитал құнының және осы үлестің сату мүмкіндігінің айырмашылығын) оның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші деп санауға болады.

Бірішіден, ол фирманың ішкі жағдайы мен оның сыртқы ортасын көрсететін көрсеткіштерді біріктіреді, сонымен әртүрлі экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік беріп.

Екіншіден, компанияның бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы ретінде құн көрсеткішін пайдалануды компанияның мағыасының өзгеруімен түсіндіруге болады. Меншік иелеріне компания құны оның қаржылық игілігінің жалғыз критериі болып саналады және бизнесті тиімді басқару туралы кешенді түсінік береді. Сату көлемі, пайда, өзіндік құн, қаржылық көрсеткіштер (өтімділік, қаржылық тұрақтылық, активтердің айналымдылығы, тиімділік) - кәсіпорынның қызметінің бөлек экономикалық аспектілерінің аралық сипаттамалары болып саналады. Тек қана оның құны жалпы көрсеткіш қызметін атқарып, тауар құндылығының жалғыз сипаттамасы болып саналады.

Үшіншіден, компанияның нарықтық құн көрсеткіші өзінше кәсіпорын қызметінің тиімділігінің кешенді бағалауы болады. Ол кәсіпорынды сапалы басқаруды (сапа менеджменті), оның қаржылық игілігі мен болашақ болжалдарын көрсетеді. Бұл параметр жағдайдыңәрбір өзгеруіне әсерлеседі: шығарылым рентабелдігінің төмендеуі, төлемқабілеттілігінің нашарлауы, инвестициялық тәуекелдің ұлғайуы, бәсекелестік артықшылықты жоғалту – осының бәрі кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне ықпал етеді. Көптеген шетелдік және кейбір қазақстандық компанияларда (ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, табиғи монополиялар және қаржылық-өнеркәсіптік топтар) бизнестің нарықтық құны басқарудың маңызды объектісіне айналды.

Әдебиет:

1      Асаул А.Н. Менеджмент корпорации и корпоративное управление. – 2006. – С.208.

2       Джонсон Дж., Шоулз К. и др. Корпоративная стратегия: теория и практика. – 7-е изд. – 2007. – С.800.

3       Дженсен М.К., Меклинг У.Х. Теория фирмы: поведение менеджеров, агентские издержки и структура собственности // Вестник Санкт-Петербургского ун-та. Менеджмент. – 2004. -№4. – С.118-191.

4       Мэлоун С.А. Корпоративный учебный центр: создание и управление. – М., 2008. – С.208

 

***