ӘОЖ 331.25
ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Омар А.А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Ұлттық
зейнетақымен қамтамасыз етуді құруға байланысты
мәселелерді шешу басқа мемлекеттердегі орын алған
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерін зерттеусіз мүмкін
емес. Қазақстандық ерекшелік үшін барынша
қолайлы, дұрыстауын таңдау үшін экономикалық
дамыған мемлекеттердегі зейнетақымен қамтамасыз ету туралы
ақпараттар қажет. Оның бар болуы қалыптасқан
тәжірибені пайдалану мүмкіндігін, табысшылығы төмендеу
отандық жүйені жетілдірілген, тәжірибесі мол жүйелермен
ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан
Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
құру зейнетақы жүйесі оң нәтиже берген
нарықты экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне
сүйенуді талап етеді. Себебі зейнетақы жүйесін салыстырмалы
талдау әлеуметтік–экономикалық тұрғыда дамудың
алғы шарттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс халықаралық
тәжірибе негізінде зейнетақымен қамтамасыз етудің
шарттарын жеңілдетуді міндеттемейді, себебі, өзінің тарихы
даму жолын өткен әрбір мемлекет үшін ерекшеліктері,
соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету ортасында да
өзіне тән өзгешеліктері болады. Зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесінің салыстырмалы талдауы дамудың
әлеуметтік-ыңғайлы нұсқауын іздеудегі
бастапқы кезең ретіндегі мәні болады [1].
Тәжірибелер
көрсетіп отырғандай, күрделі өзгерістерді
өткерген мемлекеттердің даму үлгісінде оны жүзеге
асырудың нақты мақсаттары мен айқын стратегиялары
көп жағдайда анықталмаған, бұл
қоғамдағы ауыр әлеуметтік салдарлар мен
күйзелістің өсуіне алып келеді.
Өтпелі
экономикалы бірқатар мемлекеттердің тәжірибелерін
талдаудың нәтижелері көрсеткендей, зейнетақы сферасына
өзгерістер енгізу кезінде, көп жағдайда оның табысты
жүзеге асуына қажетті әр түрлі кезеңдері
ескерілмеген. Бұл экономикалық мемлекеттерде зейнетақымен қамтамасыз
ету саласында ғаламдық қайта құрулар
жүргізу барысында олардың он жылдық күш салуларына
қарамастан, бастан өткерген қиыншылықтарының
бірден-бір себебі болып табылады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттердiң барлығында тек XІXғ. соңы
мен XXғ. алғашқы ширегінде, яғни экономикалық
дағдарыстардың жиiлеп, тереңдеген кезiнде пайда болған.
Әлеуметтiк қамсыздандыру, соның iшiнде зейнетақымен
қамтамасыз ету қазiргi түсiнiктеме бойынша тек XІX
ғасырдың соңында ғана қалыптасқан. Ең
лғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесi XІX ғасырдың соңында Германияда тосын
жағдайлардан және науқастығы жөнiнде
сақтандыру, қарттығы мен мүгедектiгi бойынша
зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң Канадада, Францияда, Италияда,
Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде заңдарды
қабылдауға байланысты құрылған
Зейнетақымен
қамтамасыз етуді қайта құру жолдарын таңдауда
әлемдік тәжірибелерді қарастыру
Қазақстандағы сондай өзгерістер үрдісінде пайда болған
мәселелерді тереңірек танып білуге, қажетті
қорытындылар жасап, зейнетақыдағы өзгерістердің
орталық буынын талқылауға, соның ішінде зейнетақы
жүйесі мен капиталдардың ішкі нарықтарымен өзара
байланысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Аталмыш заңдардың қабылданған жылдары әр елде
әрқалай ( кесте 1).
Кесте 1 - Әлемдегі
зейнетақы жүйесін реттеу мен зейнетақы қорларын толтырудағы қабылданған
заңдар
|
Елдер |
Зейнетақы |
Науқастығы туралы сақтандыру |
Сәтсіз оқиғадан сақтандыру |
|
Германия |
1889 |
1883 |
1884 |
|
Канада |
1927 |
1971 |
1930 |
|
Франция |
1905/1919 |
1930 |
1898/1946 |
|
Италия |
1919 |
1928/1943 |
1898 |
|
Ұлыбритания |
1908 |
1911 |
1887/1906 |
|
Швеция |
1913 |
1910 |
1901 |
|
Испания |
1921 |
1931/1942 |
1900/1932 |
|
Ескеру - ДДБ статистикалық мәліметтері негізінде
құрастырылған |
|||
Қазіргі
уақытта Бүкіл әлемдік банктің «Қартаю
дағдарысын жою: жасы
ұлғайғандарды қорғау саясаты және
экономикалық өсуге ықпал жасау» (Мадрид, 1994 ж.)
тақырыбында жасалған баяндамасында кәрілікті
қорғаудың үш жақтамалы үлгісі
ұсынылуда.
Дәл осы екінші
деңгей көлемінде инвестициялауға бағытталып, табыс
әкелетін зейнетақылық қорланудың қатары
орын алады. Зейнетақымен қамтамасыз етуді бұл жерде
құру тікелей еңбек ақының өсуіне ғана
байланысты емес, оған инвестициялардың табыстылығы да
әсер етеді. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде зейнетақымен
қамтамасыз етудің өзгермелі экономикалық,
демографиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі
мәселесі тұр. Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз
етуді қайта
құруға мәжбүрлеп отырған себептердің
бірі халықтың экономикалық белсенді бөлігімен
зейнеткерлерге берілетін қаржылай құралдардың
зейнеткерлер санының өсуіне байланысты үнемі
тұрақты өсу қажеттілігіне негізделген. Бұл
мәселені шешу үшін, зейнеткерлік жасты өспелі түрде
өзгерту, сонымен қатар,
әйелдер мен еркектердің бірыңғай нормативті жасын
бекіту ұсынылады [2].
Ұлыбританияның
басты актуарий департаментінің болжамы бойынша елде 2013 жылға 65
жасқа жеткен еркектің өмір сүру
ұзақтығы 2001 жылғы болжаммен салыстырғанда
10,6%-ға өсіп, 20,9%-ды құрайды. 80 жасқа
келгендер үшін өмір сүру ұзақтығы
13,3%-ға өседі. Ал, Қазақстанда 2007 жылғы
мәлімет бойынша халықтың орташа өмір сүру
ұзақтығы ерлер-60,7, әйелдер 72,6 құрайды.
Осыған байланысты мамандар еңбек ету сферасындағы саясатты
зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайта отырып, қайта
қарауды ұсынып отыр.
Зейнетақы
жүйесiн құрудың-әлемдiк тәжiрибесi сан
қилы. Әрбiр мемлекетте зейнетақымен қамтамасыз етудің
әртүрлi сипатқа ие. Атап айтсақ, Германияның
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі үш
құрылым арқылы қызмет етеді: мемлекеттік міндетті
зейнетақылық сақтандыру, ерікті өндірістік
(фирма-кәсіпорын деңгейінде) сақтандыру және ресми емес
(жеке) сақтандыру.
Міндетті мемлекеттік
зейнетақылық сақтандыру: мемлекеттік қызметкерлерді
зейнетақылық қамтамасыз ету (федералды деңгей)
және жұмысшыларды зейнетақымен қамтамасыз етуді (жер
деңгейін) қамтиды және жеке мемлекеттік жаңа
бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі. Қамтамасыз ету
нормалары бәріне бірдей болып келеді.
Халықтың өздiгiнше жұмыспен қамтылған
санаты үшiн зейнетақылық сақтандыру ерiктi болып
табылады. Мемлекетпен қатар қосымша зейнетақымен
қамтамасыз етуде орын алған. Кәсiби қосымша
зейнетақымен қамтамасыз ету қаржыландыру әр түрлi
төрт формада (кәсiпорын балансында арнайы қорларды
құру, тiкелей сақтандыру жолы арқылы, қолдау
қорлары арқылы және зейнетақы қорлар) болады
және көпшiлiк кәсiпкерлер бiрдей уақытта бiрнеше
формаларда пайдаланады.
Зейнетақыны
есептеу кезінде жұмыскердің орташа еңбек ақысы мен сол
жылдағы елдегі орташа еңбек ақының арақатынасы
ескеріледі. «Жеке жалақы балы» сияқтылар «жеке коэффициент» деп
аталады. Жалпы алғанда, зейнетақы 45 жылдық еңбек
өтілінде орын алмасу коэффициенті 70%-ды құрайтындай
деңгейде бекітіледі.
Қазіргі кезде
Германия үкіметі зейнетақылық төлемдерді үнемдеу
бойынша іс-шаралар жасауда. Зейнеткерлік жасты 67-ге дейін өсіріп,
жарнаның мөлшерін 17%-дан 19,3%-ға өсіру мәселесі
қарастырылуда [3].
Британдық
зейнетақымен қамтамасыз етудің қағидасын жалпы
түрде пайдалануға ұмтыла отырып, отандық қайта
құрулар оның ең басты жетістігі – сақтандыру
қағидасын ескермейді. Ондағы ЖЗҚ актуарлық
есептер мен зейнетақылық бағдарламалар негізінде әрекет
етеді. Бұл зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін
жоғарлату мақсатын көздейді. Ал, Қазақстанда
керісінше, ауытқу зейнеткерлік жеңілдіктерді жою, орын алмасу
коэффициентін төмендету, бірыңғай әлеуметтік
салық енгізу және т.б. бағытына қарай
жүргізілуде.
Италияның
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмысшылар мен
қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз етудің жалпы
бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Одан басқа,
өнеркәсіп пен сауда жетекшілері үшін, мемлекеттік
қызметкелер, өздігінше жұмыспен қамтылған
жұмыскерлер (фермерлер, қолөнершілер), еркін кәсіп
иелері, темір жолшылар, азаматтық авиация жұмыскерлері,
коммуналдық шаруашылық жұмыскерлері, журналистер үшін
арнайы бағдарламалар бар. Бұл мемлекетте зейнетақыны
көтеру деңгейі жіктеледі, яғни жоғарылатудың
әртүрлі пайыздары қолданылады.
Италияда зейнетақы көлемi зейнеткерлiкке шығар
алдындағы соңғы 5 жылдағы орташа еңбек
ақысынан есептеледi. Өткен еңбек ақылары зейнеткерлiкке
шығу кезiндегi өмiр сүру құнының
индексiнiң өзгеруiне сәйкес қайта есептеледi.
Францияның зейнетақы жүйесiнiң ұйымдастырушылық
құрылымы жеткiлiктi деңгейде күрделi: елде кiшi
топтарға бөлiнетiн шамамен 100 негiзгi (базалық) және
300-ден астам зейнетақы төлеудiң қосымша ережелерi
әрекет етедi. Әрбiр ереженiң (кiшi топтың) өзiне
тән қаржыландырудың ерекшелiктерi бар. Мысалы, жалпы ереже
бойынша өнеркәсiп пен ауылшаруашылығының жалдамалы,
жұмыскерлерiне негiзгi зейнетақыларын төлеу үшiн
зейнетақы қоры кәсiпкерлердiң жарнасының есебiнен
қалыптасады. Олардың шамасы, төленген еңбек
ақының орта есеппен 8,2% –ын құрайды [29].
Арнайы ереже бойынша зейнетақы (шахтерларға, темiр
жолшыларға, теңiзшiлерге, әскерилерге, мемлекеттiк шенеунiктерге, «Гранд
Опера» және «Камеди Франсе » актерларына базалық зейнетақыны
төлеу) әлдеқайда жоғары және
сәйкесiнше жұмыс берушiлердiң зейнетақымен қамтамасыз
ету жарнасы 30,8%-дан 51%-ға
дейiнгiнi құрайды.
Қосымша мiндеттi ережелер бойынша кәсiпкерлердiң АРРКО
(еңбекшiлердiң барлық санаттары үшiн қосымша
зейнетақылар ережелерiнiң
Ассоциациясы) жүйесiне салған жарналары еңбек
ақы қорының 4%-ын құрайды; 1996 жылдан бастап
олар жыл сайын 0,5 пайыздық тармаққа өсiп отырады.
АЖИРК (кадрлар үшiн – әкiмшiлiктiк – басқару персоналы
үшiн зейнетақылық мекемелердiң бүкiл
қоғамдық Ассоциясы) жүйесiне салынған жарналар
жұмыс берушiлерi – 8%,
жұмысшылары – 4%, төлейтiн еңбек ақының
12% құрайды.
Жоғарыда аталғандай еркiн құралдарды
инвестициялаудан түскен табыс та сол сияқты зейнетақы
қорларын қаржыландыруда пайдаланылуы мүмкiн. Инвестициялар
қоржыны жауап беретiндей негiзгi талаптар бәрiне белгiлi – ол
сенiмдiлiк, жоғары табыстылық, жойылу дәрежесiнiң де
айтарлықтай мәнi бар.
Сонымен,
өнеркәсiбi дамыған елдердiң тәжiрибесiн зерттей
отырып, не нәрсенi үлгi етуге және қай нәрсеге
ойлануға қажет болатындығын бiлуге болады. Қазiргi
уақытта көптеген дамыған мемлекеттердiң (Франция,
Германия, Италия, АҚШ) зейнетақылық жүйелерi
демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық
дамудың оң қарқындарына байланысты айтарлықтай
маңызды сынақтарға ұшырады. 1990-2010 ж.ж. болжамы
бойынша жалпы халық санындағы 65-жастағылардан
үлкендердiң үлесi Францияда 20,9-дан 24,5%-ға,
Германияда 22,3-тен 30,5%-ға, Италияда 20,2-ден 25,7%-ға
өсуде, яғни көптеген мемлекеттер үшiн
халықтың қартаю қарқыны сипат алуда. Бұл
бiрқатар мәселелердi туындатады. Сондықтан да көптеген
мемлекеттер келесi негiзгi бағыттарын көрсетуi жөнiнде
қайта құру алдында тұр: толық зейнетақы
алуға құқық беретiн жасты жоғарылату;
кейбiр зейнетақының көлемiн азайту; зейнеткерлiк жасына
жеткен тұлғалардың еңбек етуiн жалғастыруына
ынталандыруды күшейту; жеке зейнетақы қорлары мен жеке
зейнеткерлiк жоспарлаудың көлемдерiн күшейту.
АҚШ-ғы зейнетақымен қамтамасыз етудің
мемлекеттiк жүйесi 1929-1932ж.ж. «Ұлы дағдарыстардан» кейiн
1935 жылы ғана құралды. АҚШ-ның
еңбеккерлерiн зейнетақымен қамтамасыз етудің,
басқа да капиталистiк мемлекеттердегiдей дәл осы кезеңде
пайда болуының себебi, осы мезгiлде мемлекетпен монополияның
бекiтiлуiне байланысты жұмысшылардың еңбек ету және
өмiр сүру жағдайларының айтарлықтай
өзгеруi. Еңбекшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету
және әлеуметтiк сақтандыру қажеттiлiгiн шегiне дейiн
асқындырған және оларды келешекте мұндай
қамтамасыз етуден айырудың абсолюттi түрде мүмкiн
еместiгiн жасайтын әлеуметтiк-экономикалық факторлардың
әрекет етуi нығаяды.
Өмiр сүрудiң толық
көзi болып еңбек ақы, ал оны алудың жалғыз
ғана әдiсi жұмысшы күшiн сату болып табылатын жалдамалы
жұмысшылардың саны ұлғаяды. Бүтiндей және
толығымен еңбек ақыдан, сұраныстың
өзгеруiнен және еңбек нарығындағы
ұсынысқа байланысты жалдамалы еңбек
тұлғаларының санының жылдам өсуi, осы
тұлғаларды әлеуметтiк қамтамасыз етудің,
олардың жұмысшы күшiн сату мүмкiндiгiнен
айырылған және еңбекке жарамсыз жағдайларда материалды
қамтамасыз етудің қажеттiлiгiнiң қандай үлкен
дәрежеде күшейтiлгендiгiн көрсетедi.
Әдебиеттер:
1.
ҚР-ның Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы, 20
маусым 1997 жыл, № 136 Заңы.
2. Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың
бағдарламасы.
3. Бигазина А. Борьба
за свое: Сравнение пенсионных систем Казахстана с зарубежными пенсионными
системи ( США,Великобритания, Франция,Испания, Дания, Германия,Бельгия,Греция,
Япония и некоторых стран СНГ) // Деловая неделя.-2008.12-сент.15 с.