Экономические
науки /5.Управление трудовыми ресурсами
К.э.н. Елпанова М.А.
Магистрант Бақытберген
М.Қ.
Кызылординский государственный
университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Халықты жұмыспен қамтудың экономикалық аспектілері
Қазіргі
кезеңде экономиканың барлық салаларында түбегейлі
өзгерістер әсері халықты жұмыспен қамтуға
байланысты жаңа көзқарастарды дер кезінде ойластыруды және соған
қатысты тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.
Сондықтан еліміздегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастардық трансформациялау кезеңінде жұмыспен
қамту мәселесін, оны реттеудің мақсаты мен
бағыттарын анықтау үшін дер кезінде қайта қарау өте маңызды.
Халықты
жұмыспен қамту саясатымен мемлекет айналысады. Ол әр
түрлі заңдық және нормативтік актілерді қабылдай
отырып тұрғындарды жұмыспен қамтуда әр
түрлі шараларды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту
саясатының басты міндеті жұмыссыздық деңгейін
төмендетіп, жұмыссыздар санын азайту. Еңбек
нарығындағы жұмыспен қамту саясатының екі
бағыты бар: белсенді және енжар. Жұмыспен қамту
саясатының белсенді саясаты әр түрлі шараларды жүзеге
асыра отырып, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу, банкроттық
алдында тұрған кәсіпорындардың қызметін
жандандыру, жұмыссыздарды дайындау және қайта дайындау
курстарына оқыту т.б. Халықты жұмыспен қамту бойынша
мемлекеттік мекемелердің қызмет етуі кәсіпкерлік
қызметке байланысын зерттеуді талап етеді. Осыған орай зерттеуді
«еңбек нарығы», «жұмыспен қамту», «кәсіпкерлік»
және «жұмыссыздық» ұғымдарынан бастау
қажет.
Еңбек
нарығы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны
арасындағы қатынастарды реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің
бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді
пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық
институттар жүйесі болып табылады [1].
Еңбек
нарығының құрылымы деп оның құрамына
кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара
әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының
элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған
тиімді: жалдалмалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер
мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық
субъектілері.
Еңбек
нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы
сурет 1 көрсетілген бірқатар факторларға байланысты.


Сурет
1. Еңбек нарығының қалыптасуынына әсер етуші
факторлар
Бүгінгі
таңда Қазақcтанда және оның аймақтарында
жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері
болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға
қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым,
өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен
қамтылғандардың қысқаруына алып келген,
персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік
құрылымының деформациясы, экономиканың
көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес
жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін
жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының
кеңінен таралуы.
Жұмыспен
қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір
табыс табу түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің
санымен сипатталады. Сондықтан, біз жұмыспен қамтудың
арнайы түрлерінің сипаттамасын сурет 2 ұсынамыз.


Сурет 2. Жұмыспен
қамтудың арнайы түрлері
Жұмыспен
қамтудың жеткіліксіздігінің салдары
жұмыссыздық болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматына жұмыссыздық
құқығы келесі
шарттарды сақтаған
жағдайда ғана беріледі (сурет 3). Экономикаға
жұмыссыздықтың теріс әсерін сипаттау үшін
жұмыссыздықтан болған жоғалтуларды анықтау
өте маңызды. Біріншіден, бұл қаржылық
жоғалтулар, себебі мемлекет әрекет етуші еңбек туралы туралы
заңға сәйкес жұмыссыздарға жәрдемақы
төлеуге міндетті.


Сурет 3.
Қазақстан Республикасы азаматына жұмыссыздық санатын
беру шарттары
Екіншіден,
жұмыссыздардың өндіріске қатыспауынан, ешнарсе
өзгермегендіктерінен, мемлекет ұлттық өнім мен
ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жоғалтады. Бірінші
түрдегі жоғалтулардың көлемін жұмыссыздағы
бойынша төленген жәрдемақылардың сомасы ретінде
анықтауға болады. Екінші түрдегі жоғалтулардың
шамасы жылдық орташа өнімдігіліне көбейту арқылы
есептеуге болады.
Халықты
жұмыспен қамтуда кәсіпкерліктің маңыздылығы
арта түседі. Оған себеп болушы жаңа жұмыс орындар,
тұрақты табыс табу көздерінің пайда болуы, адами ресурстардың
дамуы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруы, сапалы
еңбек жағдайының пайда болуы, инновациялар мен
модернизациялауды қолдау және т .б.
Әдебиет:
1. Жұмамбаев С.К.
Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы.- Алматы:
Қазақ университеті, 2003. - 171 б.
2. Тюрина И.О. Кадровый менеджмент: процесс отбора
персонала /И.О.Тюнина //Социс. - 2009. - № 4.- С. 34-39.