Әбжан
Гүлмарт Мәдіханқызы
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
универститеті
«Жалпы
педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ - ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК
ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДЕГІ ОРНЫ
Мақаланың негізгі
мақсаты - ұлттық
құндылығымыз - қазақтың әшекей
бұйымдарын дәріптеп, жастарға заманауи
тұрғыда ата-дәстүр
мәдениетін насихаттап, халқымыздың өзіне тән
ұлттық құндылықтарын мақтан
тұтуға; қазақ халқының бай мәдениеті мен озық
үлгілерін танытып, таныстырып
отыру - біздің асыл мұратымыз. Қолөнер –
ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі
өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен
дәстүрлі де халық шығармашылығының
сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың
қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық
құрылысы, әдет - ғұрпы, жөн -
жоралғысы, салт - санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер
адам баласының көркемдікке, нәзіктікке,
сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта
табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты
іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы
кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің
өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып,
ұрпақтан - ұрпаққа мирас ретінде жалғасын
тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі
әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер.
Рукоделие
- развивалась на протяжении веков, возникающую сакрального искусства, от предков к нам в качестве наследия традиционного народного искусства
имеет неисчерпаемый источник. Ремесло развивается вместе с населением, общественными зданиями и традициями. Ремесло помогает человеку видеть красоту, слабость, и стремление к красоте в том же направлении, в самой
природе показывает красоту желание искать гравировку. После многих этапах, в соответствии со строгим соблюдением особенностей
художественных образов, которая продолжала из поколения в поколение, как
наследие святого комплекса и ювелирных изделий. Декоративный ювелир - это мастер создающий изделия из украшения .
Украшения и декоративы - прикладное искусство из изделии. В
дополнение к ювелирных изделий, искусства занимает особое место в истории национальной культуры, с одной стороны,
чтобы продемонстрировать уровень материальной культуры нашего народа, с другой
стороны, душа духовных, философских и эстетических взглядов.
Crafts is the
sacred art which has evolved over the centuries, an inexhaustible source of
traditional folk art which has been a legacy from elder people to child .In any
people's crafts, it grows with the history, public buildings, customs and
traditions. Crafts shows the human desire for art, beauty, delicacy, engraving nature in that direction, desire
for searching the beauty. Even passing many stages, saving the specific
features of the artistic images, which has continued from generation to generation as a legacy of one of the holy and complex
crafts is jewelry art.With deep roots in the field of applied
art, jewelry is the secret of
the mysterious sacred art and sacred profession.
Especially, in jewelry the decorations of Kazakh girls and women take a special
place .In this article, we can try to deeply consider jewelries and deeply
understand its role in national culture by taking jewelries as a main notion
.There will be talked about the benefits of teaching and training methods of
jewelry art works to the next generation.
Түйін сөздер: зергерлік бұйым,
сәндік бұйым, салт-сана, материалдық мәдениет.
Қазақтың зергерлік
өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен
халық мәдениеті
арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің
өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар.
Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын
білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз
өнерінің қыр – сырын ұрпақтан –
ұрпаққа үйретіп отырған. «Зергер» парсы тілінен
ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан,
күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді.
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие
болып, елдің сүйікті адамына айналған. Зергерлердің
басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік
топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің
әшекей бұйымдарын жасау. С. Қасиманов «зергер» сөзін
«Қазақ халқының қолөнері» кітабында
қош етер, қош етуші (жұрттың бәрін
қуантатын шебер) деп де атап өткен [1] . Енді зер сөзінің этимологиясына
назар аударайық: «зер» сөзі 1. Әшекей, сән
бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес
қымбат металл. 2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан
тоқылған қымбат мата, кесте, оқа. 3. Зер
талшықтарынан алынған жылтыр жіп. 4. Зермен безендірілген ою, өрнек,
әшекей. Зер белбеу, зер шашақ, зер жіп сияқты. Зергер –
сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста.
Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. Зәр сөзі
парсы тілінде алтын деген мағынаны береді. Зәргәр,
зәркеш жіңішке алтын жіп жасайтын зергер. Зәргун – алтын,
алтынданған, алтын сияқты; зәрнешан – алтынмен
әшекейленген деген мағынаны береді. Ол тек эстетикалық
сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық,
әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік
қажеттіліктен де туындаған. Қазақ
халқының қолөнерінде
зергерлік өте ерте замандардан келе жатқан ісмерлік түрі.
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген
зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде пайда
болған. Қазақ халқындағы зергерлік
бұйымдарының бастау кезін алғашқы тайпалық
бірлестіктер дәуірлерінен іздеген жөн. Неолит немесе мыс (б.д.д 3-2
мың жылдықтар), қола ( б.з.б. 2 ші мың жылдық –
VIII ғғ) замандары мен алғашқы темір кезеңіне
(б.д.д. VII-IV ғғ) байланысты қазбалардан шеберлердің
зергерлік өнермен айналысқанын айғақтайтын жекелеген
заттар мен заттардың фрагменттері табылған.
Археологиялық зерттеулердің нәтижелері зергерлік
өнердің өте ерте кезден – ақ жоғары
деңгейде болғанын дәлелдеп береді. Археологтар зергерлік
өнерді Қазақстан территориясында б.э.д. 2 мың
жылдыққа жатқызады. Бұл– ұлттық санадағы сұлулыққа деген
іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам.
Зерделі зергерлер әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп,
сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол
арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние
меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген. Бұл бұйымдар адам
қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, олардың
өнер әлемі жайындағы көзқарасынан да хабар
береді. Шынайы шеберлердің туындылары ғасырлар елегінен өтіп,
бізге жетті. Негізгі материал
ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым
күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе
күміс пайдаланылды.
Ал зергерлер,
алтыннан, күмістен, асыл тастардан және жартылай асыл тастардан
неше алуан әшекей бұйымдар жасайтын. Әшекей бұйымдар
үшін інжу, лағыл, маржан, жақұт деп аталатын асыл
тастарды пайдаланатын. Зергерлік бұйымдарға қондырылған
асыл тастар ғажап қасиеттері үшін тағынған.
Мысалы, маржан адамды азғындаудан сақтайды, інжу көзді шел
басудан қорғайды, құлпырма тас көз тиюден
қорғайды, ақық адам бойындағы
қорқынышты қашырады, ол адамға мол бақыт
әкеледі, ал янтарь зобты емдейді. Сондай-ақ тас әшекейлерді
адамды түрлі қауіп қатерден, тіл көзден, ауру
сырқаудан сақтайтын тұмар ретінде де таққан.
Бұрынғы әр қазақтың отбасында қазан
көтеріп, ас дайындаған кез-келген әйелдің қолында
күміс сақинасы немесе жүзігі болмаса, оның
қолынан ас ішпейтін болған. Өйткені күмістің
өте күшті табиғи антисептикалық қасиетін,
жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы зор екендігін
қазақ халқы ертеден-ақ білген. Қазіргі кезде
ғалымдар күміс сумен әркеттескенде иондалып, оның
құрамында ұзақ сақталатынын, күміс
қосылған су ағзадағы көптеген зиянды
микроағзаларды жоятынын дәлелдеп, бұрын ауруға
қарсы дәрілер (антибиотиктер) өндірілгенге дейін
күмісті ем ретінде жиі пайдаланып келгендігін, кейін дәрілер пайда
болысымен ол ысырыла бастағанын анықтады. Күмістің адам
ағзасына емдік қасиеті ерекше екені медицинада да айқындалып,
күйдіруге, микробтарды өлтіруге де күміс приборлар
пайдаланылады. Күмістің 500-600 түрлі бактерияны жоятын
қасиеті бар. Мысалы, жаугершілік заманда соғыстағы батырлар қандай
да бір суды ішуге қауіптенетін болса, қолдарындағы
күміс жүзікті немесе күміс саймандарын салып, тазартып, сосын
барып уланамыз деп еш күдіктенбей іше бергендігі тарихтан белгілі. Сондықтан халқымыз күміс
әшекейлерді тек әдемі әшекей ретінде емес,
денсаулыққа пайдалы жағында көбірек ескеріп
тұтынған. Күміске байланысты сонау ерте замандарда
қазақ қолы мен қалмақ қолы соғысып
жатқан кезеңде, сол жерде бір жұқпалы ауру пайда болып
қалмақ қолы сол кеселден баудай қырылыпты. Ал
қазақ сарбаздарының еш қайсысына бұл кесел
дарымаған.
Кейін зерттеушілер
бұның басты себебі, қазақтың қару -
жарағы мен ат - әбзелдерінде күмістің мол болуынан деп
тұжырым жасаған. Дана халқымыз күмістің
көптеген жұқпалы кеселдерге қарсы тұратын
қасиеті барын ежелден-ақбағамдаған. Тура осындай бір
дерек араб аңыздарында да бар. Бірде араб сарбаздары астан жаппай уланып,
бұл аурудан тек қана олардың басшылары аман қалыпты.
Кейін зерттеу жүргізгенде әскер басшыларының асты күміс
қасықпен ішетіндері анықталған. Күміс
бактери-цидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі
қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен
айтсақ, табиғи бактерицидтік металл бактерияның 650
түріне қарсылық білдіре алады екен. Күмістің
емдік қасиеті бүгінгі медицинада да толықтай
дәлелденген. Қазақ емшілері өте ерте заманда-ақ
күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Күміс
сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында
ұзақ сақталады. Сондықтан, күміс
қосылған су ағзадағы көптеген зиянды
микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және
жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі
иммундік жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек
қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды
токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті, ағзада аз ғана
күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда, адамның
жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш
қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Қазақта алтын мен
күміс қатар жүреді. Себебі, алтын күмістің
бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммунды
қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын)
ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ,
қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен
қолданылады. Жалпы ішетін суыңа (графинге) түнге қарай
күміс салып қойып, таңертең ішетін болсаң
көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға болады.
Бұл дәстүрдің жалғасуы ұрпағымыздың
әр түрлі жұқпалы аурулардан аман болуының кепілі
болмақ.
Ж. Манкеева
зергерлік бұйымдарды саралау бағытында, әйелдерге
қатысты зергерлік бұйымдарды шартты түрде:
1.
Бас киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;
2.
Шашқа тағылатын зергерлік әшекейлер;
3.
Сырт киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;
4.
Бойға тағылатын зергерлік әшекейлер;
5.
Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер, – деп беске
бөлген. [1].
Қазақ
зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі
– сақина мен жүзік. Сақина – жүзіктер.
Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп
қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез -
келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина не
жүзік салып жүруге тиіс болды.
Бұл ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы
үшін қолда жүзік болуы керек» - деген қағидасына
негізделген. Сақина – жүзіктердің үш – төртеуі
әдетте сәндік үшін киілген. Ал үлкен айтулы
жүзіктерді мереке – тойларда егде әйелдер тағып
шыққан. Қазақ халқы нәрестені
шомылдырғанда суға күміс теңге тастап: «Баланың
күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасаған
екен. Сақина саусаққа
салынады. Олар негізінен, әйелдер жиһазы болып саналғанымен,
ерлер қолына салатын да сақиналар бар. Сақиналар әшекей
мәнеріне, көздерінің бейнелеріне қарай былай деп
аталады:
1. Тасты сақина.
2. Моншақты сақина.
3. Кавказ сақина.
4. Құсмұрын сақина.
5. Ырғақ сақина.
6. Бұрамалы сақина және т.б.
Сақиналар көбінесе сом күмістен соғылады.
Қазақ шеберлері сақина, сырғалар-дың
көздеріне дайын күйін-де сатып алынған мынандай әсем, қымбат
тастарды пайдаланады:
1.
Теңбіл тас (сланец пятнистый).
2.
Су тас (хрусталь).
3.
Көк тас (малахит).
4.
Құлпырма тас (перламутр).
5.
Құбыла тас (александрит).
6.
Дүбіржат (изумруд).
7. Жақұт (яхонт).
8. Лағыл (рубин).
9. Жарқырауық тас
(самоцвет).
10.
Гауһар (бриллиант).
11.
Ақ тас.
12.
Янтарь.
А.Машановтың
1962 жылғы 14 қаңтарда «Социалистік Қазақстан»
газетінде жазуы бойынша, янтарь – күн сәулелі тас, әдемі
тастарды бір кездері «кереметті тас» санаған. Сақиналардың кең
тараған түрі — асыл тастан немесе әйнектен арнайы
көз салғандары. Ел ішінде ежелден асыл тастар тіл-көзден
сақтайды деген сенім бар. Ал мөлдір шыны әйнектен көз
салу – дүниенің бәрін көріп тұр деген
ұғымға саяды, әрі сақинаның сәулеге
шағылысқан жарқылының өзі-ақ жарасымды
көрінеді [2].
Қазақ
шеберлері асыл тастарды қырып-жонып көп өңдеуге
салмаған, қайта табиғи сынын, түр-түсін
бұзбай қаз-қалпында пайдалануды жөн көрген.
Ежелден ел арасында інжу – ноғала, сүйелді, шәйіртас (янтарь)
– алқым ісігін жазады, ал маржан – қарғыстан,
тіл-көзден сақтайды, құлпырма маржан – өсек
аяңнан қорғап, дәулет, бақыт әкеледі деген
сенім бар. Әсіресе, қызғылт ақыққа
жұрт көп әуес болған. Оны қуаныш пен игілік
сыйлайтын асыл тас деп есептеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.ғ.с) «Кім де кім сақинасына қызғылт
ақықтан көз салса, сол адам дәулетті де шат өмір
кешеді» деген. Таяу Шығыста бұл тасқа иесінің аты,
немесе, құран аяттарынан үзінді жазылатын болған. Барша
көшпенді халықтар тәрізді қазақтар да бұл
тасты қуаныш пен молшылық сыйлайды дегенге сенген. Аталған
асыл тас ер адамға дәулет әкеліп, әйелдерді
бедеуліктен сақтайды, қарияларға қайрат сыйлап,
мейірімін молайтады. Зергерлік асыл тастардың ең
әдемілерінің бірі — көгілдір ақық, яни бирюза.
Парсы тілінде «фируза» – «бақыт тасы» деп аталады. Араб тілінде фирузадж
«жеңіс сыйлайтын, жолы болатын тас» дегенді білдіреді. Парсылардың
сенімі бойынша көгілдір ақық махаббат жолында жан
кешкен аруақтардың сүйегінен жасалған-мыс. Ал
қазақтар оны бақыт пен сәттілік тасы деп
түсінген.
Сондай-ақ
сақиналарға янтарь тасын жиі салады. Янтарь – күн
сәулелі тас, яғни, «кереметті тас» саналған.
Халық нанымында асыл тастардың кейбіреуі адамға
құт әкеледі, жаңбыр шақырады, тіл-көзден
сақтайды. Ал, янтарьдың ғажайып сипатын грек ғалымдары
осыдан 2500 жыл бұрын білген көрінеді. Оны парсы тілінде Хахруба
(өзіне тартқыш) деп атайды екен. Янтарь тегінде бір түрлі
ағаштың сорғыған шайырынан шығады. Оның
ішінде құрт, құмырсқа, қоңыз
сияқты жәндіктердің денесі тірі кезіндегі қалпын
сақтап қалып та қояды. Бұл жөнінде М.В. Ломоносов
тіпті, «Қабырың хандардан да артық екен», – деп, янтарь
ішінде қалып қойған шыбын-шіркейге арнап өлең де
шығарған. Жалпы сақинаны жасағанда алтын мен
күміс, жез бен мысты пайдаланған. Солардың арасында көбірек
қолданғаны — күміс. Себебі күмістің тартымды,
сыйқырлы қасиеті бар деп есептелген және алтынға
қарағанда күміс арзан және жұмсақ,
әрі жарасымды. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан
сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Қазақ
тілінде сақинаға байланысты көптеген атаулар
қалыптасқан. Олар мынандай:
1. Ақық
сақина – кішкентай ақық қондырылған сақина.
2. Алтын сақина – таза алтыннан
жасалған.
3. Балдақ сақина –
сақинаның саусақ үстіне қараған беті
төртбұрыш болып келетін
түрі.
4. Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасайды.
5. Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы,
найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалады.
6. Кавказ сақина – қара- ала өрнекті сақина түрі.
7. Күміс сақина – таза күмістен құйып жасайды.
8. Қола сақина – қоладан жасалған арзан сақина.
9. Моншақты сақина – моншақ қондырылған
сақина.
10. Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу
келген сақина түрі.
11. Мыс сақина – мыстан жасалған ортан қол сақина.
12. Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында
бір-біріне сыйлайтын сақинасы.
13. Сақинек – пышақ, қылыш т.б. құралдардың
сапа жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс
не күмістен жасалатын балдақ, мой-нақ.
14. Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке
өрнек салған сақина.
15. Тасты сақина – тас, шыны орнатқан сақина.
16. Темір сақина – темірден жасалған тығыршық,
сақинек.
Құстұмсық
жүзіктерді бақыттылықтың,
тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі ретінде бойжеткен
қыздар таққан. Сондай-ақ
құстұмсық жүзікті жорыққа
аттанған жігітке сыйлаған, мұндағы тілек аман-есен жылы
ұяңа қайтып орал дегенді білдіреді. Ал құс
дегеніміз әуелден еркіндік пен бақыттың, қайырым мен
мейірімнің нышаны. Тіпті кей уақыттарда сәлемдеме
ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Құсмұрын
жүзіктерді жас келіншектер тақса, ал үлкен тасбақа
қабығына ұқсас жүзіктерді ұзақ
өмір жасау символы деп санаған. Олардан өзге құйма
жүзік, ойма жүзік, соқпа сақина, күмістен
қарайтылған бағдар жүзік, өрме жүзік, керме
жүзік, терме жүзік, баспа жүзік деген сияқты
сақиналардың алуан түрлері болған [4]. «Отау»
жүзік – атынан ақ білініп тұрғандай, отауды
бейнелейді. Бұл жүзікті қалыңдықтың
саусағына кигізеді. Өйткені, ол күйеуінің
ұрпағын жалғастырушы болып есептеледі. Жүзіктің
үсті конус болып жасалады.
Қазақстанның
батыс өңірінде беташардан соң келіннің
қолтығынан сүйеген жас әйелдерге сақина
салған.
«Балдақ» жүзік. Көзі жоқ, біріңғай түрі. Ерлер
көбінесе жүзіктің балдақ түрін салған.
Әдетте ешқандай әшекейі жоқ алтыннан, күмістен
сомдап соғылған немесе құйылған жай
шығыршық тәрізді сақинаны қазақтар
«балдақ» деп атайды. Балдақ сақинаны неке суы
құйылған тостағанға салып, үйленетін
адамдар бір-бірінің оң қолының төртінші
саусағына кигізеді. Әйел адамдар саусағына
сақина, жүзіктің бірнешеуін тақса, ер адамдар
саусағына жалғыз балдақ қана салады. Ер мен
әйелдің өзара қолдағы балдағын алмастырып
алуы шын сүйіспеншіліктің белгісі саналған.
Сырғалар.
Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар
деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың
көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел
затының бала кезден бастап өмірден өткенше тағып
жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген
түрлері бар. Ширатпа сырғалар шебер әшекейленгендігімен
әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы
жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты
салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың
көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын
да, бүгін де кеңінен таралған. Пішіміне орай бұл
сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен
әшекейленген. Ұзын шынжырлы ілдіргілерге бекітілген
дөңгелек бітімді сырғалар да өте сәнді
көрінеді. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс
Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған,
оларды қапталған күмістен соққан. Оның
бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл
болған. Қыз-келіншектер аса ұнататын әсемдік бұйымының
бірі – сырға. Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым
көне сырларын меңгерген. Мәселен, Қарғалы археологиялық
қазбасынан біздің заманымызға дейінгі кезеңге жататын
алтын шекелікпен бірге тас қондырылған сырға табылған.
Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға,
күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ
сырға, шұжық сырға, сабақты сырға,
шашақты сырға деген сияқты әр өңірде алуан
аталатын сырға түрлері өте көп. Білезік
- әйел адамдардың білек буына тағатын
әшекейлі, сәнді бұйым. Білезік қымбат металлдардан
жасалады. Көлемі, пішіні, әшекейлі әр алуан болады, асыл
тастардан көз орнатылады, алтын немесе күміс жалатып, лажылап,
эмаль бағдарлап та соғады. Білезік жасалған материалына
қарай: алтын білезік, күміс білезік, сом білезік, сағат
білезік, құйма білезік, бұрама білезік, топсалы білезік,
жұмыр білезік, бес білезік, т.б. түрлерге бөлінеді. Білезік
бір қолға, кейде екі қолға да тағылады.
Сондай-ақ саусақтарға тағылған
жүзіктердің білезікпен қоса жасалғандары «бес
білезік» деп аталады.
Зергерлердің
жасаған білезіктері: қос, қолқа (қуыс),
бұрама, жалпақ, сом, жұмыр, өбістірме, орама, кавказ
(қара ала), көзді, өрме, үзбелі сияқты
түрлері көп. Бетіне асыл тастардан көз орнатып, «ирек»,
«мүйіз», «құс қанаты» сияқты өрнектер
салынады. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас
қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып
әсемдеген. Олар көбінесе күмістен соғылады.
Өңіржиек. Алқаның негізгі атауының бірі - өңіржиек. Ол
әдетте бір қатар не екі қатар болып төмен қарай
салбырап күміс шынжырмен байланысатын бірнеше күмістен
тұратын топсалы, шынжырлы, салпыншақты әшекей алқа. Оны
көйлек, кәжекейдің сыртына тын өте қымбат
бағалы, әшекейлі сәндік бұйым. Зергерлер оны
үзбелеп, салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатып
жасайды. Өңіржиек қалыңдықтың негізгі
әшекей бұйымарының бірі және оны тойларда ғана
таққан. Қапталына және төменгі жағына
шынжырлар арқылы ромбы, жапырақ, сопақша, жыланбас,шар
сияқты салпыншақтар ілінеді. Өңіржиек пошымы мен
түзілісінің мағыналы ұрпақтың өсіп
өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның ролі,
әртүрлі қауіп-қатерден сақтану сияқты
жайларды білдіреді. Әсіресе ұрпақтың көбеюі
мағынасын білдіретін өсімдік бейнелі көп зергерлік
бұйымдарда кездеседі. Тұмарша.
Әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер
де өзінше қызықты. Олар – эстетикалық қызметпен
бірге тіл – көзден қорғаушы қызметін қатар
атқаратын: тұмарша, бой тұмарлар. Тұмарда тылсым
күш, қасиет бар деп саналған. Құран
үзінділері, теңіз, өзен бақалшақтары, үкі
қауырсыны, қой, түйе жүндері тұмардың ішіне
салынатын болған. Шолпы, шашбау. Шашбау дегеніміз,
өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын
алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған сәндік
бұйым. Сол сияқты күміс немесе алтын теңгелер, тиындар
қадалған шашбауды «шолпы» деп атайды. Бойжеткен қыз
баланың жүрісін, қимылын жөндеу үшін
қоңыраулы шолпыны қолданған. Қоңыраулы шолпыны
таққан қыз бала үй арасында жүргенде, қатты
күлгенде шолпы дыбыс беріп отырған. Бұл дыбыс жастарды
елең еткізіп, жинақы отыруға тәрбиелесе, екінші
жағынан қыз балаға деген құрметті білдіреді.
Сонда бұл дыбыс екі жақты да тәрбиелеп отырған. «Шолпы»
деген ұғым балықтың судағы секіріп
ойнағанынан шыққан болу керек /3/.Судың бетін жел
қозғап, толқындар жағаны ұрып жатса, оны да
«шолпу» деген екен. Сол себепті ұсақ тиындар мен теңгелер
қыз қозғалғанда сыңғырлап дыбыс береді,
екіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайды. Содан
шолпының емдік қасиеті бар екенін байқаймыз. Жас
қыздар тағатын үзбелі шолпы, көзді шолпы, шынжырлы
шолпы, маржанды шолпы, ақық шолпы түрлері бар.
Халық арасында
«Адам жанының бір ұшы шашының арасын мекендейді» деген наным
сақталған. Сондықтан да шолпының ұшына бәле
– жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ
тағатын болған. Шолпы, шашбаулар бір жағынан әшекей
болып саналса, екіншіден, қыз шашының ұзындығы мен
қалыңдығын көрсетіп тұрады. Шашбау асыл тастар
мен күміс теңгелерден, ортасына ақық орнатылған
шілтерлі майда таналардан құралып, қыз бұрымының
ұшына тағылады. Бұрымға тағылған шолпы
сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды
көздеген. Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас
қыздарға аналары: «Қатты жүруге болмайды.
Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені
әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты тәлім –
тәрбие беріп отырған.
Кейде
бұрымға тағылған шолпы мен шашбаулардың
салмағы үш келіге дейін жеткен, сөйтіп ол
қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған
[4]. Зергерлік бұйымдардың халық шеберлері –
зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын
танытады. Әшекейіне қарай әйелдің жасын,
әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға
болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің
әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын
әшекейлер тағынған. Олар күрделі көркемдік
шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді.
Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер зергерге
бірыңғай нақышта жасалған әшекей
бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады. Бар
жердің қыздары салмағы үш келі шамасы күміс
әшекейлер тағынған [5].
Қорыта келгенде,
қазақтың басынан қаншама қилы кезеңдер
өтсе де, зергерлер мен олардың шебер қолдарының табы
болған атадан балаға мирас болып қалған киелі
өнер өз орнын табуда және таба бермек. Бүгінгі
таңда қазақтың дәстүрлі өнерін,
оның мәдениеттанулық негізін көрсете білуіміз
қажет. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей,
оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру,
қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру,
оған дәнекер болу, қазақтың әрбір зергерлік
мұрасын, ұлттық мәдениеттанулық деңгейге
көтеру – бүгінгі күнгі көкейкесті, өзекті
мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жаһандану
заманында қазақтың зергерлік бұйымдарын жан-жақты
әсіресе мәдениеттану тұрғысынан зерттеудің,
оның мәнін ашудың ғылым үшін де, өмірлік
тәжірибе үшін де маңызы өте зор.
Әдебиеттер:
1. Атыраубаев Б. Зергерлік
өнердің ұлттық мәдениетіміздегі орны.
http://45minut.org
2.
Джанизакова А.Д. , Кожакова
А.И. Қазақтың әшекей бұйымдары арқылы
халық педагогикасының зергерлік өнері
жайлы насихаттау және оны дамыту.
3.
Рахтаева А. Әшекей бұйымдар әлемі. Назарбаев
Орталығы экскурсия бөлімінің бастығы
4.
Жұмашова А.,т.ғ.к., Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-мұражайының этнография
бөлімінің меңгерушісі
5.
Зергерлік
бұйымдар - ұлт мұрасы. http://otrarmuseum.kz/kz/230-_zergerlk_bjymdar__lt_mrasy.html