Мәмбетова А.М., Қонақбаева Т.Е
.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Тараз қаласы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сыни тұрғыдан ойлау біліктілігі – ХХІ
ғасырдағы оқытудың кілттік біліктілігі. ХХІ ғасырдың
мұғалімі ретінде, біз қандай үдерістер
оқушыларға жақсы ойшыл болып
өсуіне көмектесетінін жақсы түсінуге тиіспіз. Білім беру
саласындағы зерттеулерде күрделілік деңгейі
әртүрлі ойлар түрлері бар екендігін баяғыда мойындалған.
Ойлаудың бұл түрлерін білу оқытудың тиімділігін
арттыруға көмектеседі.
Орта білім беру жүйелерінде
әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға
негізделген тәсіл кең тараған (Хатти, 2009) [1].
Бұл
бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына
қарамастан, басым бөлігі сындарлы
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория
бойынша оқушылардың ойлауын
дамыту бұрынғы алған білімдерінің
сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен,
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен
астастырыла жүргізуге негізделген. Сындарлы теорияның тиімділігін
жақтаушылардың көпшілігі оны дайын білімді беруге
негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын
білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің өзін
меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастыру мен бастапқы білімді жаңа біліммен өзара
байланыстыру дамүмкін еместігін тілге тиек етеді.
Дайын білім
беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған
білім оқушылардың басқа білімдерімен тиімді сіңісе
алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, жеңіл-желпі
білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан
алынған механикалық есте сақталған мәліметтерді
емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады; бірақ
оқушылар оларды терең меңгермей, жай ғана
жаттаған соң, басқа жағдайларда қажетсіз болып
қалады немесе керек кезеңде ұтымды да тиімді пайдалана
алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының
пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл
үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен
сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем,
тіршілік, жаратылыс туралы түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге
ұмтылу мүмкіндігін арттырады. Оқытудың бұл
түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады:
олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс
жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім
оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу
материалы және өзге де қажетті құралдармен
қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша
түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін
және зерттей талпындырып, тұжырым жасау [1]..
Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып,
оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни
қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап,
жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым
жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу
үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп,
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін
арттыруға, белсенділікке ынталандырады [3].
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың
мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға үйрету. Сындарлы оқыту негізінде жүргізілетін
сабақтар оқушыларға білімдері мен сенімдері жайында ойланып,
ол туралы сұрақтар қойып, жаңа білім алып, белгілі бір
тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін
өзгертіп отыруға мүмкіндік береді [4].
Ал мұғалім өзгерісі мен оқушы
өзгерісі төмендегі әрекеттермен
сабақтасады:
Мұғалім өзгерісі:
- оқушымен
интерактивті байланыста болады;
- қашықтықтан білім
алуға мүмкіндік береді;
- аз уақытта көп білім беріп,
уақыт үнемдейді;
Оқушының өзгерісі:
- оқушының интеллектуалдық
танымы және білім сапасы артады, бірлесіп жұмыс жасауға
дағдыланады;
Болашақта нені дамыта аламын?
-
алдына белгілі бір мақсат қоя
отырып, соған жетудің жолдарын қарастыру;
- қазіргі заман талабына сай
болып жатқан жаңа АКТ-ға қызығушылығын
дамыту;
- оқушыларды өз
бетінше оқу жолындағы маңызды қадам-дербес әрекет
жоспарын жасауға үйрету;
- өз бетімен білім
алуға итермелеу;
Ал осыған дейін біздер
қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай
оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы
іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды,
сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды,
қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі
мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар
өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру,
пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды.
Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте
сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада
механикалық есте сақтау арқылы алынған білім
ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге
асырылады.
Ары қарай терең
ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы
(«конструктивті») оқыту әдісінде керісінше, мұнда басты
басымдылық оқушыға беріледі [5]. Мұғалімнен
гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен
көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен
өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін
дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап
етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған
тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп,
кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын
нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге
орайластырылып құрылады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны
ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені
қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай
мақалының түпкі мағынасына терең бойлауға
тура келеді.
Ғалымдар
оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі
адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім көп есте
сақталатынын айтады. Алайда барлық оқыту үдерісін
ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім
болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге
қарай бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау
қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де
терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Сонда ғана
бір жақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі,
жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып,
жаңаша қалыптасуы мүмкін.
Әдебиет:
1.
Выготский Л.С. Педагогическая психология. Москва, 1990 г.
2.
Отарова Н. Сын
тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі.
-2006. - № 1. - 21-23 б.
3.
Давыдов В.В. О
понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 б.
4.
Менчинская Н.А.
Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М., 1989, 218 с.
5.
Ташенова А. Сын
тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //
Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.