Мұсаханова Ш.Ш., Ермекқұл Б.

 Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданы, Қазақстан

 

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ҰЛТТЫҢ БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

     

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. Әдептілік - әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу. Әдепті адам өзін, өзгелерді ыңғайсыздық жағдайға қалдырмайды. Өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды, дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай сөйлемейді, біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды. Әдепті адам өз мінез –құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алады. Жақсы мәнер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрі көрікті етеді.

     «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты, халықтық педагогиканың даналығы.

Адамның жақсы көңіл-күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді.Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап-ақ, олардың әдептілігін байқауға болады.Халық даналығында «Сәлемдесу - әдептілік бастауы » деп тегін айтылмаған.

      Қыстың кең тынысын, ақ қарын абзал адамға, самалымен желпіп еркелететін күзді ерке балаларға ұқсатады. Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын алса, сол адамның жаны сұлу болады. Табиғат адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынады, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға,алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Ал қыз дүниеге келгенде өмірге, елге көрік берер қыз туды деп, мәз-мейрам болады.Сондықтан да қыз бала тән сұлулығымен ғана емес, жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Біздің бүгінде әдеп - инабат нормалары деп жүргеніміз, сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік-имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады.

      Жалпы адамды әдептілік пен әдемілікке жетелеуші күштің бірі – мотивация болып табылады. Мотивация дегеніміз жоғары қойылған мақсатқа жетуге деген ұмтылыс. Егер жас өспірімнің бойында ізгілікке деген мотивация мол болса, ол сөзсіз болашағы кемел жан болмақ. Ендеше отбасында болсын, мектепте, қоғамдық орталардың барлығында жастар санасын котеретін тәрбиелік маңызы зор интеллектуалды-мәдени іс-шаралар жиі жүгізілуі қажет. Табиғаттың бар жаратылысы, құбылысы адамға тән теңеулермен айтылады. Себебі адамның көп мінезі табиғаттағы құбылыстарға ұқсайды.Тіпті жаздың жарықтығы, ыстықтығы ашық жарқын адамға ұқсайды. Әдемі, сұлу жандарды гүлге, көктемге балайды. Әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты оның қоғамдағы тәртібі айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек. Қазіргі кезде әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу-тәрбие барысының зейін салуды, көн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Әсемдік құбылыстары адамның шындыққа қатынасын анықтайтын пайдалы істердің шын факторына айналып отыр.

       Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Қорыта айтқанда, әсемдік – адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Айтар ойымызды нақтылар болсақ, оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді, олардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі ол еңбекті тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің барысын жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық тәртіп әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқық тәртіптерін орындауға жетелейді.

 

Әдебиет:

1.       Ақтамбетов Г.П. Педагогика этикасы, Алматы, 1969ж.

2.       Ақназаров Б.С. Мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының мәселелері, Алматы, 1966 .

3.       Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процестерінің мәні, заңдылықтары, принциптері, Алматы, Білім, 1991 ж.