Асқар Алтай
әңгімелеріндегі заман көрінісі
Г.К.Тәңірбергенова, оқытушы
Ш.О.Құдасова, студент.
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
Қазіргі
қазақ прозасында ерекше орны бар, қара сөздің хас
шеберлері, қоғамдық
проблемаларды қарастырып жазып жүрген қаламгерлер
қатарында Жүсіпбек
Қорғасбек, Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар
Амантай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы және т.б.
аталып жүр. Солардың ішінде, қазақ прозасында
өзіндік қолтаңбасы бар, көркем туындылары
көпшілікке танымал, көрнекті қаламгер – Асқар Алтай. Жазушының «Қыр мен қала хикаялары»
атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» прозалық шығармалар жинағы (2001) бар.
«Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік»
(2006) атты ұжымдық
жинақтарда прозалық шығармалары жарық көрді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда интернет парақшаларында
жазушының көптеген туындылары жарияланып жүр.
Жалпы,
Асқар Алтай қазіргі қазақ әдебиетіндегі
әңгіме жанрының жан-жақты дамуына еңбек етіп
жүрген, қаламы жүйрік авторлардың бірі. Оның
көлемді прозалық туындысы «Алтай балладасы». Осы роман
жөнінде Сәкен Иманасов былай дейді: «Бұл бір шынында
табиғаты бөлектеу біткен, танымдық тереңдігі
көркемдігінен кем түспейтін кесек шығарма екен.
«Алтайдың алқызыл модағайының» авторы алдымен не
жазатынын жақсы зерттеп біліп алған. Аңызбен астасқан
шығармадағы аңшы мен аю, тіршілік пен тұрмыс
шынайылығы, жазушы шеберлігі кім-кімді де селт еткізеді. Асқардың
аюы аюша ойлайды, аюша әрекет етеді», түйесі – түйе,
жылқысы – жылқы, сөйте тұра солардың
әрекетіне имандай ұйып сенесің, иланасың. Нанымсыз,
жалаң сөйлеу деген атымен жоқ. Романның өзі
баяндау бағытында жазылғанымен, оқырманды жалықтырмай
тартады да отырады.
Бүгінгі қолданыстан шығып қалған
«модағай, қаптағай, дең, шеріп» сияқты тағы
басқа көне ұғым атауларын осы кітап арқылы
білгенімді намыс көрмеймін» [1;1]. Жазушы
болмысы мен шығармаларының табиғатын тануды, біз алдымен
автордың шағын жанрынан бастауды жөн көрдік.
Мәселен, жазушының «Түсік» әңгімесін оқи
отырып қиял-ғажайып әлеміне өткендей боласыз. Әсіресе, кейіпкердің ішкі
және сыртқы жан дүниесін, сырын ашып көрсетуге керемет
шеберлік көрініс береді.
Әңгімесі үш шағын
бөлімге жинақталған. Алғашқы бөлімі
авторлық баяндаудан тұрады. Автордың әңгімесінде
тәуелсіз еліміздің жастарын адамгершілікке,
парасаттылыққа үндеп, түрлі зиянды заттармен
айналыспауын, олардың адам өміріне ешқандай пайдасы жоқ
екенін, оның бақытсыздыққа бастар жол екеніндігін
ашық айтып көрсетеді. Оған дәлел:
«Түлен
түртті пендені...
Түсінде
түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке
айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі
екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.
Жүзіп жүрген мекені – жатыр.
Биттің қабығындай жұқа жатыр іші –
жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып
кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ
құрсақ баяғы балалық шағында
шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай
шайқала толқығанда, көгілдір әлемде
балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ
тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды» [2;2]. Ары қарай
әңгіме басты кейіпкердің сана-сезіміндегі
алғаш ойлаған ойлары рет-ретімен беріледі.
Оқырманға тым түсініксіздеу
болмау үшін бұл жағдайға персонаждың қалай
тап болғандығын әңгіменің екінші бөлігінен
көреміз. «Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені
рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты
ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім
ілесе алды
...Жігітшілік жолында жұмақ кешті.
...Жұрт жел жағынан жүрмейтін, оң жағынан
күңкілдейтін күйге жетті. Оның соңы –
Биболдың Балкенжедей жас қызға «бүлдіргі» салғаны.
«Бүлінгеннен бүлдіргі алма»
дегендей, Балкенжеден бойына бітіп қалған шарана туралы естігенде
Бибол «бүлдіргі» деп бұрқанған. Бір «бүлдіргі» аз
саған дегендей, Санабике
Биболдың әйелі құрсағы да құр
қалмапты. Үш бала аздай тағы бір «топалаң»
түсіпті. Енді бұл екі оттың ортасында қалды» [2;4], –
деген автор баяндауынан кейін, өң мен
түстің астасып жатқанын келесі
сөйлемдерден
білеміз. «Өң мен түс астасып кетті. Ақыры
бірін болмаса бірін түсіртіп тастауға бел байлайды. Түсікті
көзі көрмесе де, керең болғыр құлағы
естіп, көңілі нілдей бұзылған». Автордың
осы әңгімесінде дүниедегі болып жатқан
оқиғалардың,
яғни әке мен бала арасындағы қарым-қатынас
көрсетілген. Жатырдағы тар дүние тыстағы
дүниемен қоштасардай болып жатқанда, түсікке
айналған пендеге жазушы тағы бір ой салады. Әлі
адамға айналмаған бейнесі жоқ та,
болмысы бар
ұрықтың өмірде тастанды болғысы келмейтінін
ашық береді. Әңгіменің
қорытындысын
кейіпкердің өз дауысынан өзі шошып, түлен
түртіп оянғанынан түсінуден
аяқталады. Оқырманы өзі түсінсін, өзі
түйіндеп, шешім жасасын деген жазушының өз оқушысына
жүктеген ойымен тәмам.
«Стакан» әңгімесінде қаламгер осы
мәселені тосын тәсілмен, көркем әдебиетке
тән стильмен,
ыңғаймен ишаралайды. Аяқ-астынан ойда жоқта жаңа
пәтерге көшкен Жәнібектің арақпен
өмірінің күл-талқан болуы айтылады. «Стаканның
сырттағы қожасы
бұған ыдысты бос әкелмейді. Міндетті түрде
түбіне елу грамдай қалдырады. Оған Жәнібек те
үйренді. Алғашқы жолы стакандағы сарқыннан
жиіркенген де, әрі
таңырқанғанда» [3;3]. Алғаш
арақты көргенде
жиіркеніш сезімі бойлағанымен, ол
Жәнібектің өмірінен басты көрініс тапты. Тіпті,
өмірін түбегейлі өзгертңп, оны
құрдымға тарта берді. Ақыры түбіне жетті: «…Жәнібек
те, Василий де қатты
қорылға басқан сәтте, қапталған мол
кітаптың етегінен от көрінді. Жалынның жарығынан
қараңғы бөлменің ішін
қараң-құраң толқынды сәуле
қыдырды» [3;14].
Автор өз әңгімелері
арқылы жастарды, келешек ұрпақты ең бірінші дұрыс
жолға, ақиқатқа бағыттайды.
Қателіктердің әсерінен қоғамдағы ажырасудың
артуы, отбасылардың бақытсыздыққа ұшаруы,
жастардың теріс әрекетке бейім тұратындығын
тереңнен түсіндіріп, дәлірегі оқырманның
өзі түсініп, өзі шешім шығаруын мақсат етеді. Сан
ғасырлардан бері айтылып келе жатқандай, «заман жастардікі».
Ендеше, теріс әрекет пен қылықтардан аулақ болып, жастар адал еңбек пен кәсіпке
ұмтылуы тиіс.
Автордың
қаламынан шыққан қазіргі заман көрінісін
бейнелейтін тағы бір туындысы «Казино»
әңгімесі. Бүгінгі
өміріміздің суреттерін беруде түрлі амалдарды, суреткерлік
құралдарды осы туындыда қолданған. Әңгіме
шағын ғана алты бөлімнен құралған.
Көркем шығармада автор кейіпкердің
мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, рухани әлемін,
оның сыртқы ортамен байланысын ашып көрсету үшін
түрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оның бірі – портрет. Портреттік очерк қызықты,
адамның назарын аударарлық жайт жөнінде
әңгімелеумен ерекшеленеді. Портретті очерк міндеті –
кейіпкердің жанды кескіндерін суреттеп беру, оның көрсеткен
ерлігі туралы, істеген іс-әрекеті, өмірге енгізген жаңалықтары
туралы хабарлау болып есептеледі.
«Құдайсыз қоғамға,
имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат емес
екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек,
дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге
ғана бой алдырмақ» [4;1],
деп басталған әңгімеден астаң-кестең
әлемге кезігеміз. Қарынның тоқтығы,
ақшаның көптігі Жошының осы жолды таңдауына бірден-бір себеп болып есептеледі. Бар
мақсаты: «Хрусталь Храм» есімін алып журген, сұлу Есілаймен
кездесу, адасушылық жолда құмарлығын басу. «Кейін үйленді, сәбиді де
сүйді, бірақ әйел затына деген суық бір сезім
қалып қойды. Ол сезім ажырастырып та жіберді. Оған да еш
қиналыссыз, қайта құтылғанына көңілі
жайлана келісті. Тіпті, бауыр еті –
баласынан да суып кеткен» [4;7].
Жасы қырыққа келсе де
көңілі жас жан иесі Жошы өзінің іс- әрекетіне
титтей өкінбегенін көруімізге болады. Жошы бейнесінен
қатыгездік қасиеттерді
молынан көрсету арқылы, автор заманның шынайы
бет-пердесінен хабар береді. Жошы бәрін ұмыту үшін
тапқан бағыты – Есілайға келуі. Бас кейіпкер өзінің бақытсыз
күйін ата-анасынан да көреді: «Бәріне кінәлі –
әкем. Әкем о қызға «ешқашан да
үйлендіртпеймін» деді. Жолаушы болмады деді. Шешем мен әжем мені
жақтады. Олар – ана ғой... Мен мына тұрған
Қаскелең ауданына қарасты «Райымбек» ауылында, «апамның
баласы» боп, сол ауылдағы мектепте оқитынмын» [4;5] – деп ішкі жайын күйін Жошы Есілайға сыр қып айтқан. Осы тіркестерден
ойлы оқырман өзіне біршама жайды түйері анық.
Ессіз құмарлық, жауапсыз
әрекет Жошыны әбден шатастырды. «Қызыл қыш кірпішпен төрт
құлақтап көтерген зиратқа іштей тағзым
етті. «Апа, кешір! Мен ақымақпын. Бүгін өзіңізге
бас иіп кетуге келдім. Ендігі тағдырым қалай шайқарын
білмеймін... Білетінім – сіздің мейіріміңіз. Сол ғана
сүйеу, сол ғана медет. Қош, апа! Қоштасуға
келдім, енді жолым түсуі екіталай... Кеш, апа!» [4;7] – деп анасымен
қоштасып, Есілайға жолығады. Казино ендігі
өмірінің мәні, өмірінде оның құмарын
тарқататын, жн азабын басатын да сол – құмархана. Осылайша,
жас ғұмырдың нүктесі Ажал мен Жошы арасындағы диалогпен тәмам.
Асқар Алтайдың
«Түсік», «Стакан», «Казино» әңгімелері қоғамдық шындықты
ашық жеткізу арқылы оқырман көңіліне ой салу,
өкініші зор әрекеттерден сақтандыру. Әр түрлі
әлеуметтік топтағы кейіпкерлері арқылы
қоғамның ащы шындығын, жастардың
адасушылыққа, қателікке бой алдырып, теріс
бағытқа түсіп, бақытсыздыққа ұшырауын
айқын көріністер арқылы береді. Қазіргі
қазақ әңгімесінде бұл әңгімелер
астарында бұғып жататын автордың ақылман бейнесі
ретінде көрініс береді. Автор әңгімес заманалық
қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі ерек
құбылыс. Жазушы әңгімелері типтік ситуацияға
құрылған. Қаламгер қаламымен сомдалған
түрлі персонаждар бастарына түскен жағдаятты сан алуан жолмен
өзгерткілері келеді.
Жоғарыда біз
қарастырып өткен үш әңгіме бір-бірімен
тығыз байланыста. Үшеуі де ХХІ ғасыр
қоғамының ақиқатын бүкпесіз көрсетіп,
жастардың жан ауыртар ащы тағдырын баяндайды. Асқар Алтай
әңгімелеріндегі әлеумет шындығын оқырманы
өз танымы арқылы пайымдай алады. Әр оқушы өз
ойлау деңгейіне сәйкес қабылдап, түсініп,
қорытынды жасайды. Міне, жазушының өзге қаламгерлерден
басты ерекшелігі осында. Жазушы әңгімелерінде қоғамда
болып жатқан өзекті мәселелерге, адамның жеке
басының мүддесі мен ішкі рухани әлемі туралы көбірек
айтылады. Асқар Алтай қазірдің өзінде, кейінгі
қалам ұстаған буынға проза саласында өзіндік
үлгі-өнегесі бар, әдеби бағдар десек артық болмас
деп ойлаймыз. Асқар Алтай әңгімелерінің
құдіреті де осында ма деген ойға қаласың...
Қорытындылай келе айтарымыз, Асқар
Алтай – өз дәуірінің жүйрігі,
шығармаларынан қаламгердің дүние мен болмысты танып
көркемдеуінен оқырманын баурап алатын, оны бей-жай ой
өрнегін, түйінді байламын көресіз.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.
Иманасов С. Алтай
балладасы //«Ана тілі», №2,14.01.2013
2.
http://kitap.kz/ Алтай А. Түсік- 14 б.
3.
http://kitap.kz/ Алтай А. Стакан- 17
б.
4.
http://kitap.kz/ Алтай А. Казино
-24бет
5.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он
томдық.10 том.Тәуелсіздік кезеңі (1991-2001жж). – Алматы, 2006.