А.
Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік
университеттің аға оқытушысы
Есбол
Ғ.Ш.
А. Байтұрсынұлы мен
Шәкәрімнің
Отаншылдық идеяларының
сабақтастығы.
Ер бақыты ел қолында,
ел бақыты ерлер қолында.
(мақал)
ХХI
ғасыр жер шарын
мекендеген дамушы және
алғы дамыған АҚШ ,
Қытай , Жапония ,
Ресей мен Батыс Еуропа , Азия
құрлықтарын
да түгел қамтыған экономикалық дағдарыс алаңына айналдырды
. Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы теке-
тірестер Палестина мен
Израиль , ал Түркия , Ливия , Иракта ,Сирияда т.б
қарулы
қақтығыстарға ұласты . Мәселен ,
Иракта ежелгі өркениетттерден қалған баға жетпес
мұрағаттар
жетесіздердің аяусыз қиратуына тап болды . ''Ата – баба құрметіне
ие бола алмас ,
адам да бола
алмас...'' деген
шығыстық қағида бүгін байқап
отырғандарыңыздай
естен шықты. Бұдан
дүниежүзілік
тарихта елдігінен айырылған және аттары ұмыт
қалған
мемлекеттер болғаны бәрімізге аян. Ия, адамзат баласы
өзінің
дүниеқоңыздық
ниеті мен пендешілік
іс – әрекеттерінің
нәтижесі
руханилықтың
азып тозуына алып
келетінін байқамай да
қалды. Классикалық неміс философы Л.Фейербах: « Адам - ең
Ұлысың! » деген қағидасы бүгінде далаға кетті .
ХХ
ғасыр аяғы
көптен күткен қазақ еліне Тәуелсіздік таңын атқызды. ’’ Мың рет өліп, мың
рет тірілген '' халқымыз
талай – талай зұламаттарды
басынан өткізді. Белгілі философ,
ғалым Д. Кішібеков: «Қазақ
жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан
өте бай. Оны еуропалық
қалыпқа салып
қарауға болмайды.
Оның өркениеті де,
өлшемдік түсінігі де
басқа» [1] деуі қызын күңдікке бермеген, ал ұлын
құлдыққа
бермеген қайсар
халық басына түскен қандай да
болмасын
қиыншылықтарды
жеңетіне шүбә
келтірмеген еді. Кезінде бабалар аңсаған тәуелсіздікке жетуге
қомақты
үлес қосқан
және осы азаттық жолында өздерін
құрбан еткен аяулы арыстарымыздың бірегейі
ұлы ұстаз Ахмет
Байтұрсынұлы
болатын.
2012
жылы ақын Жамбыл
Дүйсенұлы : «Қазақтың бақ
жұлдызы» атты Ахаңа арнауында :
Елім деп еңіреген қайран ерім ,
Қашанда
қазақ қамын ойлап
едің .
Ұйқыда
жатқан ұлтты «маса»
болып ,
Оятып азаттыққа қайрап едің . [2] деуі , Ахаңдай
ерлеріміздің
бойларында отаншылдық рухтың әр кезде болғанын көрсетіп отыр.
Енді Ахмет
Байтұрсынұлының
елге жолдауына көз
жүгіртсек :
Басынан ер жігіттің нелер кетпес,
Қажыма,
қайратты бол, еш нәрсе етпес.
Бейнетің көрген түстей болар ұмыт,
Шығарсың
азаттыққа ерте иә
кеш. [3] деп, елде
қалған жастарды ешқашандай да
қиыншылыққа
мойымай Отан үшін
қызмет етуге шақырады. Сонда ғана алға
қойған мақсаттарға жетуге болатынын ұғындырады. Бүгінде жаhанды
түгелдей
қамтыған,
ХХ1ғасыр аясындағы нарық
дағдарысы бүкіл
адамзат баласының басына түскен үлкен сынақ болып
тұр. Бізге де оңай тимесі
хақ. Сондықтан да
барша
Қазақстандықтар
мен әсіресе жастардың «Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, ...Қайратыңа қайта мін. » деген,
бабалар уағызын бетке
ұстай отырып,
қарекет жасау керек. Сонда ғана биіктен көріне аламыз демекшімін.
Енді ХХ ғасырдың 30-шы
жылдардың ақыны,
тарихшысы, философы
Шәкәрімнің :
Адамдық борышың,
ар үшін ,
Барша адамзат қамы
үшін ,
Серт қылғам еңбек
етем деп ,
Алдағы атар таң
үшін ,- [4] деп, өзінің жүрекжарды арманын
, елін сүйетінін , оның
болашағы үшін қызмет ететінін білдіреді. Философ, ақын
Шәкәрімнің елжандылығына назар
салайық :
Мақтан үшін мал
жима , жан үшін жи ,
Қазаққа
көз
сүзбестің қамы үшін
жи . – [5]
деуі халықтың қамын
ойла , ешкімге тәуелді болма
десе келесі жолдарда ғалым
ретінде :
Егін сал, не сауда
қыл, малыңды
бақ ,
Білім білмек – әр іске
шебер болмақ .
Қол өнерден
пайда қыл үйреніп – ақ ,-
Кетпес даулет осы ғой
әмбеге хақ . [5]
Деп осы замана
тығырығынан
шығатын жол білім мен
өнерде екенін насихаттайды. Қазіргі жастардың біле білсе алдында
тұрған
мақсттардың
бірі үздік технологияларды меңгеру.
Енді
Шәкәрім мен А. Байтұрсынұлының « Қайран Елім- ау! »
дегенінен Отанына шексіз
сүйспеншілігінің
үндестігін
өлеңдерінен
кездестіруге болады. Ахаң елге
сәлемінде :
Кеш жатып, ерте тұрып
жабығады,
Кеттік деп сенен
алыс қамығады.
Сарыарқа сайран еткен, қайран мекен,
Ерте – кеш соны ойлап, сағынады. [3]
Ол ’’
толарсақтан саз кешіп ’’ айдауда жүрседе
жігерін құм қылмай, қазіргі
жастарға
азаматтық үлгі көрсетті. Ұлы бабаларымыздың рухани
мұралары мен ұлағатты істері
жадымызда мәңгі сақталуы керек.
Әдебиеттер тізімі
1.
Кішібеков Д. Қазақ
менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы: Ғылым, -1999. -4 б.
2.
Байтұрсынұлы Ахмет.
Қазақтың
бақ жұлдызы . 6 - шы том. – Алматы: «Елшежіре» , 2013 ,
-369 бет.
3.
Байтұрсынұлы Ахмет.
Ахметтің елге сәлемі. 6 - шы том. – Алматы: «Елшежіре» , 2013 , 51- 52 бет.
4.
Мұхаметқанұлы Қ. Шаhкәрім.
Шәкәрімтану
мәселелері: 1-том. – Алматы, 2007. – 51 бет.
5.
Шаhкәрім
Құдайбердіұлы . Қажыма , ойым , қажыма . –
1 том . – Алматы, 2008 . – 41 бет.