Бекбергенова Ж.Е.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Казакстан

Шилибаев Б.А.

ТарМПИ,

 

ЕЛІМІЗДІҢ  ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ

ӨМІР САЛТЫНА БЕРЕР САЛАУАТТЫЛЫҒЫ


Бүгінде еліміз - әлемдік өркениет көшінде ілесу жолында батыл қадам жасап отыр, елімізге бойында ата - бабамыздың елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, кісі көңіліне үміт отын жағып жүретін, өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы, тапқыр да,          табанды,            сауатты,         салауатты       азаматтар       керек.
Елбасының Жолдауында -“Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін, азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Еліміздің мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап  етіп     қойылған.
  “Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық,                ерте     жыныстық     қатынас          кеңіне етек алуда.
 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді,          17-20%           қоршаған        орта    ерекшеліктерін байланысты.
Байлық та, даңқ та адамды бақытты ете алмайды. Дені сау қайыршы ауру патшаға қарағанда бақыттырақ.   «Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық, ал ойын денсаулықты арттырады. Денсаулық – қоғамдық байлық. Сол байлықты күтпей, оған қалай болса солай қарауға болмайды.

  Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсының дене тәрбиесімен айналасуға, дұрыс тамақтануға, есірткілерді, темекі мен алькогольді тұтынуды қойып, денсаулықты түзетуге бағытталған.
  Еліміздің мәдени мұраларымызда құнды бөлігінің бірі ретінде ұлттық ойын спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінген. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері көп. Солардың бірі адамның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ол - ұлттық ойындар. Еліміздің негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған Еліміздің спорт ойындары дене қимылы ғана емес, сонымен бірге ұлттық психологиялық әсері зор. Ойындардың тәрбиелік жағынан алатын орны да маңызды: біріншіден, адамның жүйке  жүйелерін шыңдайды; екіншіден, денесін түзеп, тән саулығына әкеледі, әрі дәлдікке, икемділікке баулиды; үшіншіден, зиянды әдеттерден (темекі шегу, арақ ішу, анаша тарту, есірткі сату немесе дәмін тату) сақтап, адамдардың         жан     саулығын       қамтамасыз етеді. Әр ұлттық ойынның мазмұны мен әдістемелерінің өз ерекшеліктері бар. Қазақтың ұлттық ойындары тек батылдық пен табандылыққа емес, сонымен бірге әділеттік пен адамгершіліктің жоғарғы      принциптеріне          негізделген.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді- мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар қайнар көзі болатыны белгілі. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді- кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша       илана  қоймас            та        еді.
  Ұлттық ойындар біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды- сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы           екенін білуге  тиіс.
  Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, оның көші-қоны      тұрмыс           жағдайларына            үйлесімді        жасалған.
  Еліміздің тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро- эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы – ел қоғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілеттін шаршы топтың алдында, баршаға тең ( досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай- ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай  тер      төгетінін         байқаймыз.   Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен          бастау алады.
Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Еліміздің негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкенннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, атасып            келіп,  бірін–бірі        толықтырып, байыта           түседі.
Еліміздің ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, т.б мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш- қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген.

  Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана емес, ол - спорт, ол - өнер, ол        - шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Еліміздің ұлттық ойындары, яғни- көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық ұлттық ойындар жасөспірімдерді дене бітімін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге   бағыт  береді.
Адамдар неғұрлым қатынасатын ойындар; әскери мәнді спорттық ойын – ат жарыс, қаумалап аң ұстау болды.

 Ұлттық ойындар - ата- бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне        ұштаса            береді.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір         тынысы.
  Қазақстан Республикасы халқын сауықтыру маңыздылығы мемлекеттік деңгейде қаралуда және Елбасының Жолдауында атап көрсетілген. Жастарымыздың алғашқы спорттағы жетістіктері өздеріне үміт артқан елін қуанышқа бөлеп жүрген отандастарымыздың жетістіктері дүниежүзілік олимпиадалардағы жеңімпаздардың жетістіктері            бізді     қуантады.