Бекбергенова Ж.Е.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Казакстан

Шилибаев Б.А.

ТарМПИ,

 

Жоғарғы оқу орындарындағы

дене шынықтыру және спорт саласының ішкі мәселелері

 

Дене шынықтырудың еліміздегі халықтың денсаулығын нығайту және түрлі аурулардың алдын алу, еңбек өнімдерін жоғарылату және дұрыс демалуды ұйымдастыру, адамдардың ұзақ өмір сүруін және шығармашылық белсенділігін арттырудағы атқаратын орнын білім жүйесі өте аз ескереді.

 Жалпы мемлекеттік білім жүйесінде және оның ішіндегі дене тәрбиесі білімінде, осы жүйенің бір бөлігі ретінде, өмірдегі және біздің қоғамдағы басқа да салаларда кездесетін мәселелер орын алады.

          Біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы дене тәрбиесі білімі жүйесіндегі ең негізгі кемшілік, жоғарғы оқу орны мамандар дайындайтын «Дене шынықтыру және спорт» саласының мәселелері ретінде емес, осы жүйенің өзіндік жетілуі, яғни жоғарғы мектептің ішкі мәселелері ретінде қаралуы болып табылады.

          Соңғы жылдарда және қазіргі кезде дене шынықтыру және спорт саласындағы болып жатқан өзгерістер дене тәрбиесі білімі жүйесінде іс жүзінде еш қарастырылған емес.

          Сонымен қатар дене тәрбиесі білімі жүйесі қазіргі замандағы жоғары көрсеткіштер спортындағы көп түрлі үрдістердің ерекшеліктеріне көңіл бөлмей келеді. Қазіргі замандағы жоғары көрсеткіштер спорты саясатта, экономикада, идеологияда өте маңызды факторлар болып табылады.

         Салмақты ұстанымды қарама-қайшылық пен істің шынай қалпын көрсететін бұқаралық (сауықтандыру) дене шынықтыру және жоғары көрсеткіштер спорты бір жағында және республикадағы дене тәрбиесі білімі жүйесі басқа жағында.

           Бүгінгі күнде көзге көрініп тұрғанды аса дәлелдеудің қажеті жоқ: біздің республикада бұқаралық дене шынықтырудың барлық жұмысын Президенттік  кешеніне бағыттамау керек, ғылыми негізделген ұйғарымдарды балалар, жасөспірімдер және жастардың сапалы, қолайлы дамуына және үлкен жастағы адамдардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін қимыл-қозғалыстың басқа да құралдарын қолдану арқылы ғылыми негізделген ұйғарылуарды құрастыру қажет.

         Дене тәрбие жүйесі функционалдық қорды кеңейтуді және ағзадағы жүйелерді және мүшелерді нығайтуды қамтамасыз етуі қажет, әр жастағы ең жанды, әлсіз жерін: мысалы балаларды және жасөспірімдерде-омыртқа, жүйкелік-психикалық орталығын, зат алмасу жүйесін; орта жаста-жүрек тамыр жүйесі және т.с.с.

         Елдегі дене тәрбие жүйесі, бүгінгі күнде қимылдау белсенділігінің қандайда бір құралдарына, халықтың қызығушылығын елемеуі мүмкін емес. Адамдардың әсіресе жастардың тенниспен, бадминтонмен, сауықтандыру жүгіруімен және жүзумен, ырғақты гимнастикамен шұғылданғысы келетіндерін және мектеп, жоғарғы оқу орындарының дене тәрбиесі бағдарламасының Президенттік кешенінің мазмұнын құрайтын қимылдау белсенділігінің көптеген құралдарына ешқандай көңіл бөлмейтінін көрмеу мүмкін емес.

         Бірақ осы білімдерді қажетті мөлшерде және дене шынықтыру факультеттеріне арналған қазіргі күннің талаптарына сәйкес мазмұнды оқу бағдарламаларын біз таппаймыз. Ал бұл тек қана білім мәселелерін туғызбайды, сонымен бірге ең бірінші әр түрлі оқу мекемелеріне (мектеп, колледждер, институттар және т.б.) арналған ескірген оқу бағдарламаларда көрінетін практиканың сұраныстарының мәселелерін туғызады.

         Дене тәрбиелеу жүйесі халықты медициналық қамтамасыздандырудың дәрежесінің төмендігімен байланыстырғанда және сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік тәртіптегі адамның денсаулығына кері әсер ететін шарттар біздің республикамыздағы халықтың денсаулығының нашарлауына әкелді.

         Бүгінгі күні ол қазіргі замандағы жоғарғы жетістіктер спортында болып жатқан үрдістің және құбылыстың әр түрлілігін көрсете алмайды.

          Қазіргі  кезде бүкіл әлемде жоғарғы жетістіктер спортын (дәнекерлікті дамыту, теледидардың көп көңіл бөлуі, пресса және т.с.с., кейбір спорт түрлерінің өте кең тарағандығымен байланысты) қарқынды кәсіптендіру және коммерцияландыру белгіленіп отыр. Біздің дене шынықтыру білімі жүйесінде қазіргі кездегі кәсіби спорт тәжірибесіне күрделі әрі әр қилы коммерциялық жоғарғы жетістіктер спортында және т.с.с. қатысты материалдар жоқ деп айтсада болады.

         Одан бөлек, сол себептерге байланысты біз жиі артта қалушылардың қалпында қалып жүрміз, бұрын біздің елде болмаған (мысалы, бейсбол, фристайл және т.б.) спорт түрлерін жылдам дамыту қажет болғанда мәселелер пайда болады. Біздің спорттық ұйымдар (олимпиада бағдарламасына енгізгенде ғана асып-сасып дамытуды бастайды.

         Жоғарыда және көптеген жеке себептердің нәтижесінде қазіргі кезде дене тәрбиесі білімі өзінің ұйымдастыру құрылымында жоғарғы оқу орнының түлектеріне мамандарға күнделікті жұмыста біріншіден кәсіби, әлеуметтік жене басқа мәселелерді шешуге қажетті білім, білгірлік және дағдыларды бермейді.

         Осының бәрін ескере отырып, біздің елдегі дене тәрбиесі білімі жүйесіндегі қайта құру осы жүйедегі барлық маңызды үрдістер мен құбылыстарды бұқаралық (сауықтандыру) дене шынықтыруда және жоғары көрсеткіштер спортында-білімдерін практика жүзінде жан-жақты және толық көрсетуі керек.

         Білім жүйесі міндетті озық болу күн тәртібінде әрекет етуі қажет, бүгінгі талаптар мен сұраныстарға ғана бағытталмай,сонымен бірге ертеңгі күннің талаптары мен сұраныстарына бағытталу керек.

                   Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудағы жоғарғы оқу орнының белгіленген мамандық талаптарына жауап беретін басты міндеті болып табылады:

      -мәдениетті, әлеуметті белсенді азаматтарды тәрбиелеу;

      -ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      -оқу үрдісімен тығыз байланыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы маңызды қолданбалы міндеттерді шешу;

      -жоғары маманданған ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;

      -дене тәрбиесінде, дене шынықтыру және спортта т.б. практика жүзінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдану.

         Әлеуметтік-экономикалық және дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру құқық негіздері кафедраларын, сонымен бірге қазіргі әлемдегі Адам денсаулығын қорғау кафедрасын құру қарастырылуда.

                   Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісін қайта құра отырып, үгіт-насихат және түлектерді таңдау жүйесін жетілдіру қажет, жалпы және кәсіби дайындықты ескере отырып, тәртіп байланысын арттыра отырып оларды оқытуға және тәрбиелеуге дифференциалды жақындауға тырысу керек.

         Жоғарғы оқу орнында білімгерлердің оқитын пәндерін, біліктілігін интеграциялау мәселесін шешу, осы барлық біліктілігін практикалық қажеттілікке қосу қажет.

         Бұл жерде мынаны ойлану керек, институтта білімгерді пәндерді «өтіп» және «тапсырып» қана қоймай, сонымен бірге алған біліктілікті  болашақ кәсіби қызметте практика жүзінде қолданатындай қарастыруға, оқытуға тырысу керек.

         Басқа сөзбен айтқанда жоғарғы оқу орнында анатомия, физиология немесе биохимия пәндерін оқып қана қоймай, осы біліктілікті адам ағзасындағы қызметте, оның жүйелерін және мүшелерін спорт түрлерінде екпінді жұмыс жасау кезінде, сауықтандыру сабағында дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезінде қолданатындай түсіндіру қажет.

         Көп жылдар бойы жоғарғы оқу орнының ғылыми жүйесі (біздің, және басқа салаларда) іргелі біліктілікті дамытуға және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған болатын.

Әсіресе бұл әр түрлі ірі жарыстарға құрама команда дайындаудың ғылыми-практикалық негізін құрастыруда көрінеді, сәйкес кешенді ғылыми топтардың қызметін негіздеу және ұйымдастыруда, сонымен бірге монография, мақала шығаруда, конференцияларға қатысуда, маман-практиканттарға ғылыми көмек көрсетуде іске асырылады.

         Ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мен жетілдірудің негізгі қоры  біз дене шынықтыру және спорт саласына білімгерлер арқылы әсер ету керек  деп санаймыз, оларды бізге тек оқытып, біліктілік беріп қана қоймай, сонымен бірге дене шынықтыру және спорттың болашақ мамандарын үнемі жаңалық ашуға, ізденіс жүргізу қажеттілігіне, жаңа көкжиектерді ашуға тәрбиелеу қажет.