Аға оқытушы, магистр  Мукаева Айша Мажидовна, 

3 курс студенты  Акеева Айжан

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАСТЫҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

«Жастық» атауы ең алғаш ежелгі Египет пен Месопотомияның тарихи қолжазбалары мен еңбектерінде кездеседі. Сол уақыттың байлары мен фараондары жастанған жастықтар бір ғана мақсатта керек болған. Яғни бай-бақуаттылардың арнайы жасатқан шаш үлгілері құрып, не болмаса бұзылып кетпес үшін қатты жастықтар қолданылыпты (1 сурет).

 

1 сурет. Ежелгі Мысырдағы алғашқы жастығы

XIX ғасырда "Күншығыс елінде де" геометриялық фигурадағы қатты жастықтар қолданысқа еніпті. Нефрит, бамбук, фарфорларды қолдана отырып жасалынған жастықтарға әр түрлі аңдардың және өсімдіктердің суреті салынған-ды (2 сурет). 

 

 

2 сурет. «Күншығыс еліндегі» алғашқы жастық

 

Араға уақыт салып барып гректер бірінші рет жастықтың жұмсақ түрлерін жасап шығара бастады. Сабан, құс қанаттары салынған жастықтар шынында да адамдарға жайлылық сыйлапты. Ал жұмсақ заттар қан айналым мен энергияны тартып алады деген тұжырым сол уақыттан бастап жойылған. 

Ежелгі Грекиядан алынған жастықтар Римге арнаулы жүлде ретінде баратын болған. Әсіресе, қаз қанаты толтырылған жастықтың бағасы мен құнында шек болмаған көрінеді. Тіпті, кейбір римдік әскербасылар арнайы мергендерді бөліп алып, қаздарды атып алуға шығатын болған (3 сурет).

                             

3 сурет. Ежелгі Грекияның алғашқы жастықтары

Cол кездің адамдары жастықтың ерекше қасиеті бар деп ойлапты. Соның сарқыты болар, жастық жастанып жатқан адам әр түрлі жамандықтан аулақ болады деген тұжырым бүгінде де көп халықтарда сақталып келеді. Мәселен, Нирон жақсы ұйықтап тұру үшін жастығының астына білезік пен жылан терісін қойып ұйықтапты-мыс. Ал Октавиан Август болса, әрқашан жақсы жатып, ұйықтауға болатын жастықтарға ерекше құмарлық танытып өткен екен деседі (4 сурет).

4сурет. Араб елдеріндегі алғашқы жастықтар

Әбден арып, қарны ашқан Будда күндердің бір күні жерге жата кетеді. Бір кезде мұрнына жағымды иіс келеді. Сол жердегі жалғыз ағаштан шығып тұрған иіс екенін біліп, әлгі ағаштың жапырақтарын қапшыққа көптеп толтырып, жастанып шығады. Міне, сол жастық Буддаға көмектесіп, әйгілі жан иесі түнімен жақсы түстерді көрген. Ертеңінен тұра салып, алыс жолға аттанып кетіпті дейді.

Араб елдерінде шашақ сияқты немесе қаламен салынған суреттер бедерленген жастықтар әр сұлтанның үйінің төрінде жататын болған. Және аталған жастықтар сұлтанның дәулетінің қаншалықты екенінен хабардар етіпті-міс.

Орта ғасырларда жастықтың аяққа арналған түрлері шығыпты. "Бөстек" аталып кеткен сол жастықтар қыстың күні отырған кезде астыға тасталынатын болған. Ең бастысы, әлгі бөстектер мінәжат етілген кезде астыға қойылған.

Русьте өрнектелген жастық қалыңдық жасауының алынбас бір бөлшегі болыпты. Сол уақытта орыс жұртының кедейлері сабан мен жылқы жалымен толтырылған жастық жастанып жаста, байлардың жастықтары құс жүнінен істеліпті.

Тарихта басқада «қызықты» жастықтар болған. Мәселен, Қытайда бай мандариндерде, байлықтарына байланысты, жастықтар тастан, фарфордан, немесе металдан жасалған. Тарихқа бағалы тастармен бедерленген бағалы металлдан жасалған жастықтар белгілі.

Жастықтар тіктөртбұрышты тіреуіш сияқты болған. Бұрын Жапонияда ағаштан жасалған жастықтар кеңінен тараған.

Әрине, ағаш тұқымы сирек болған сайын, жастық қымбаттай түседі.

Гректер бірінші болып жұмсақ жастықтарды пайдаланған. Жастықтардың толтырғыштары ретінде құс жүні, жүн және құрғақ шөп пайдаланылған. Көбінесе жастықтарды былғарыдан немесе матадан тіккен, және бояп, кестелеп, бисермен, шашақтармен безендірілген.

Бұндай жастықтар қымбат тұрған, және тек бай гректерде ғана болған. Бай гректер жиі жиі жұмсақ диваендарда және матрастарда жатқанды жақсы көрген, сондықтан төсектерін безендіруге аянбаған. Жастыққа ие болу жақсы нысан болып саналған, және барлық шеберханаларда түрлі пішінді, өлшемді, түрлі бағада – әр талғамда жастықтар жасалған. Бесінші ғасырдың жастығы жайлы айтатын болсақ – өнер туындысы деп айтуға болады.

Ежелгі Римде әскери шонжарлардың жастықтарының қыл – қыбырын арнайы босатылған солдаттар іздеп табатын. Тарихтағы қызықты мәліметтердің бірі, Октавиан Август банкротқа ұшыраған қызметшісінің жастығын тартып алуды бұйырған. Октавианның ойынша қарыз болған қызметшінің жастығын қасиеттерге ие деп ойлаған, оның көмегімен адамның ұйқысы тыныш, шырт болады, өйткені бұл жастықта банкротқа ұшыраған, өзінің мал – мүлкінен айырылған адам тыныш ұйықтаған.

Тарихты жиі – жиі жастықпен тұшықтыру фактілері орын алған. Бұл жасы үлкен әміршіге де, жасы кішкентай мұрагерлерге де қатысты, осылайша, ызақор сарайы ішіндегі қаскүнемдер билікке қол жеткізген. Мысалы, Калигуланың бұрығы бойынша ұлап, содан соң өлімін күтпей, жастықпен Тиберияның Императорын жастықпен тұшықтырған.  Немесе, Иван Грозныйға ақ батасын беруден бас тартқан шіркеу қызметшісін жастықпен тұншықтырды деген факт.

Әрине жастық жайындағы барлық тарих мұңды емес.

Егер шығыс ертегілерін еске түсіретін болсақ, сол сәтте қымбат жастықтар көз алдымызға елестейді.

Ортағасырлық қамалдарда, бөлмедегі едендер жылытылмаған және суық тастан жасалып, өтпелі жел күнделікті, ал кей кездері ескі ғимарттарда жел ұрып тұрған кездерде жыл төсек байлықтың белгісі болған, ал тұрғындар жаңалықтар ойлап тапқан болатын – аяқтарын суықтан қорғап қалу үшін аяқ астына қоятын жастықтар ойлап тапқан.

Жастықтар ғибадат жасау уақытында пайдаланылған, оларды атпен жүрген кезінде тізенің ортасына салған, оларды күймелерге, зембілдерге салған. Жалпы айтқанда ғасырдың ортасында ақ адам жастықтың ыңғайлығы мен қолайлығын түсінген.

Жастықтамен көптеген қызықты дәстүрлер байланысты. Оқушылар оқулықтың материалдарын жақсылап естеп сақтап қалу үшін кітапты жастықтың астына қойып жатады. Англияда мынада дәстүр болған, жастық астына балта қойып жатыпғ әйеліне ұл ту деп айтса, міндетті түрде ұл дүниеге келеді.

Жастықтар түрлі себептермен түрлі материалдармен толтырылады. Мысалы, «иісті жастықтар» жасау дәстүр болған, оның ішіне жұпар иісті қсімдіктер, құрғақ жапырақтар мен гүлдер салған. Кейіндеу оларды емеделу мақсатында да жасай бастаған. Рождествода жастыққа шаршы бүршігін, бақыт үшін салады. Ресейде бал ашу уақытында жастық астына шыбық салған, осылайша күйеу жігіттің атын білген. 

         Қазіргі уақытта сатылымда көптеген жастықтың түрлері бар – валиктер, ай, домалақ, шаршы, үлкен, кішкене, құс жүнінен жасалған, синтерпонды, қарақұмықты. Адам ұқыды өмірінің үштен бір бөлігін өткізеді, сондықтан адамның дұрыс қалыпта болуының мәні зор.

         Адам денесінің құрылысы, ұйқы кезінде бас пен мойын омыртқасын бір нарсе ұстап тұрғанын талап етеді. Себебі омыртқаның физиологиялық иілісі болады, және де олар ұқы кезінде ілініп тұрмау қажет. Жастық мойын бұлшық еттерінің максималды босанысуын, бірақ омыртқаның мойын аумағын ұстап тұруын қамтамасыз етеді.

         Осылайша, тым биік жастық бастың қатты көтеріліп тұруына, миды қоретендіріп тұратын артерияларының басылып қалуын әкеп соқтырады, ал күн сайын азанда бастың ауруына кепілдік беріледі. Сонымен қатар, биік жастықтар екінші иектің пайда болуына әсер етеді. Егер сіз, бір жақпен жатып, қолыңызды жастықтың астына қойсаңыз, жастық тым төмен дегенді білдіреді. Жалпы, оның биіктігі, иығыңыздың еніне сай болу керек, ал ұзындығы матрсатың енінен үлкен болмау керек.

         Шалқаңынан жатқанда жастықсыз, ал бір шетіңмен жатқанда жастықпен жату керек деген кеңес бар. Бірақ бұл дауыл сұрақ. Өйткені лордоз (омыртқаның мойын аумағының иілуі) бір нәрсеге тірелу керек. Жас келген сайын бұлшықет қаңқасы әлсірейді, сондықтан жастықсыз жатуға кеңес берілмейді. Бұдан бөлек, ішек – қарын жолдарының мәселесі болса, асқазандағы кейбір заттарын қайта өңешке тасталуы мүмкін болғанда  дененің бұндай қалпы зарарлы. Жалпы, гастроэнтерологтар айтады, асқазанның дұрыс жұмыс істеуі үшін ұйқы кезінде дене шамалы көтеріңкі болуы керек.

Сонымен жалпы айтқанда жастықтың талаптары: оның биіктігі, иығыңыздың еніне сай болу керек, ал ұзындығы матрсатың енінен үлкен болмау керек, асқазан дұрыс жұмыс істеуі үшін ұйқы кезінде дене шамалы көтеріңкі болуы керек, жастықтың бұрыштары сіздің иығыңызда болу керек, керісінше емес, сондай ақ бір жақпен жатқанда жастықта тек бас жату керек, иық емес, жастықтарды әр 2 – 3 жыл сайын ауыстырып тұру қажет,  синтетикалық толтырғышы бар жәнек қара құмық салынған жастықтарды қолданған дұрыс, жатқан кезде бас түсіп кетпеу керек, үстінде де жатпау керек.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.     http://www.doviendi.ru/wp-content/uploads/2011/08/podushka.jpg

2.     http://www.moskva-matras.ru

3.     http://www.darievna.ru/page/bufy-chto-eto-takoe-i-kak-ih-delat#hcq=oCI7Ktp

4.     http://obnov-ka.ru/bufyi-i-vafli-vyipolnennyie-vruchnuyu

5.     http://obnov-ka.ru/bufyi-s-vyishivkoy

6.     http://obnov-ka.ru/dekorativnyie-sborki-vyipolnennyie-na-mashine