А.М.Джусупова «Техникалық пәндер» бірлестігінің жетекшісі, А.М.Сарсенова арнайы пән оқытушысы

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда

Логистика. Логистикадағы теміржол қоймалары объектілерінің маңызы

Тіл мамандарының айтуынша, «логистика» термины  грек тілінен аударғанда  «logo» - ойлау және «logisticos» -есептеу, бағалау деген екі сөзден тұратын мағынаны білдіреді. Өкінішке орай, бұл терминның  біркелкі әрі біртұтас анықтамасы әлі күнге дейін жоқ. Бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге болады.

Өзінің тарихи түбіріне қарамастан қазіргі таңдағы логистика  қалыптасуы мен тұжырымдаманың тек бастапқы кезеңінен өткен жаңа ғылым ретінде таныла бастады.

Негізінде, логистика өзімен бірге: экономика-басқарымдық, инженерлі-техникалық, философиялық, әлеуметтік және әскери ғылымдарын араластыра бірлестірген метағылымды («теtа»- грек тілінен аударғанда «арасында») танытады. Осы араласқан әр ғылымның өкілдерінің  логистика жайлы өзіндік түсініктері қалыптасқан. Қазіргі кезде олар кітап, журналдардың басылым беттерінде логистика жайлы өз түсініктерінің дұрыстығын және нысаналы екенін дәлеледеп келеді.

Логистиканың шағын кәсіптік мазмұны материалды-техникалық жабдықтау, көліктік мамандарына сонымен қатар қойма, сауда және кеден жұмыстарын ұйымдастыршыларына тән. Олардың логистика жайлы түсініктері дәріс беру әдістерінде, баяндамаларында, басылымдарында жарық көрген  кітап атауларында және монографияларында  көрінеді. 

Экономикасы дамыған елдерде «логистика» терминының қалыптасқан, біркелкі анықтамасы бар деп ойлау қателік. АҚШ логистика менеджементі кеңесінің (Council of Logistics Management, CLM) және Еуропалық логистика ассоциациясының (European Logistics Association, ELA) - қоғамдық ұйымдары XX ғасырдың соңында «логистика» терминының өзіндік анықтамаларын тұжырымдаған болатын.

СLM –ның дәл осы анықтамасы, 2004 жылы «Инфра-М» атты мәскеулік басылым шығарған  «Корпортиная логистика» атты орыс тіліндегі кітабында жазылған.

Еуропалық логистика ассациациясы ELA  1994 жылы, өзінің терминологиялық сөздігінде логистканың мынандай анықтамаларын келтірген: «тауар ағымын жобалау мен сатып алуға дейінгі өндіріс арқылы ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау және жылжуы сонымен қатар нарық талабын ең төменгі операциялық және күрделі шығындармен қанағаттандыру мақсатында соңғы тұтынушыға дейінгі тарату».

БҰҰ сауда саттық және дамыту (ЮНКТАД) бойынша конференциясының пайымдауынша: «логистика – тауардың өндіру орнынан тұтыну орнына дейінгі арзан әрі ұтымды жеткізілу үдерісі, барлық көліктік және жол бойында туындайтын басқа да операцияларды басқару; жүк иесіне қажетті ақпаратты көрсету» болып табылады.

Дегенмен, CLM және ELA қалыптастырған «логистика» терминының анықтамалары мүлтіксіз және түпкілікті емес, өйткені логистика теориясы мен практикасының дамуы барысында оларға дүркін-дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен соңғы жылдары тауар қозғалысы үдерісінің оптимизациялауына қолданатын ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты жеткізу тізбегін автоматтандыру (Supply Chain Management, SCIvP) жайлы тұжырымдама туындады. Логистикалық операциялардың айтарлықтай көлемі материалдық ағым қозғалыс жолы транспорттық құралдармен іске асады. Тасымалдау- логистикалық жүйедегі элементтердің байланыстырушы звеносы.  

Тасымалдау логистикасы- бұл қажетті тауар көлемін нақты жерге, оптималды жолмен қажетті уақытқа және аз шығынмен жеткізу. Тауарларды жасауға шыққан шығын даярлаудың өзіндіук бағасы және  материалды сатып алудан бастап тауарды соңғы тұтынушы сатып алғанға дейін жұмысты жасауға кеткен шығындардың қосындысынан тұрады. Материалдық ағымның біріншілік шикізат көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолда шығындарды талап етеді, ол логистикаға кеткен жалпы шығын суммасының 50% құрауы мүмкін.

Овал: Тасымалдау логистикасыТасымалдау логистика 2 бөлімшеден тұратын жүйені құрайды:

Скругленный прямоугольник: жалпы қолданысқа арналмаған тасымалдау
 

 

 

 


Жалпы қолданысқа арналған тасымалдау – халыққа және ұсыныстарға қызмет көрсететін халық шаруашылығының саласы. Бұл транспорт түрін әдетте магистральді транспорт деп атайды. Жалпы қолданысқа арналған транспорт түсінігі қалалық, тері жолдық, сулы (өзендік, теңіздік), автомобильдік, әуелік және құбырлық көліктерін қамтиды.

Жалпы қолданысқа арналмаған транспорт —  өндірісішілік транспорттар, сонымен қатар қандай да бір өндірістік жүйеге қатысы бар, транспорттық мекеме транспорттарына жатпайтын барлық көлік түрлерін

Теміржол саласында логистикалық тізбектің бір бөлігінен екінші бөлігіне берілуіне ықпал етуші объект – қоймалық объектілер болып табылады.

  Қойма объектілері – материалды ресурстардың өндіріс саласында және тұтынушы саласындағы қозғалысы кезіндегі логистикалық тізбектердің байланыстырушы элемент. Қоймалық қызметтерге жоғары еңбек жіне уақыт шығыны тән, өнімнің  соңғы бағасында олардың үлесі айтарлықтай маңызды.

  Қоймалық объект- шикізат, полуфабрикаттар, дайын өнімдерді қабылдайтын  сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін сақтаумен   тұтынушылардың тапсыры бойынша түгендеу мен тапсыруға арналған ғимарат, құрылым немесе ашық алаңқай. Негізінде қойма материалды ресурстар сақталған оларды саны мен сапасына сай сақталуын қамтамасыз ететін орта.

Теміржол стансаларына жақын орналасқан қоймалар жүкті тасымалдауға қабылдау мен вагондарға тиеу арасындағы, сондай-ақ вагондардан түсіру мен жүк қабылдаушылардың қоймаларына жеткізу арасындағы кезеңде аз уақыт сақтауға арналған. Сонымен қатар, қоймаларда жүкті қабылдау және беру, бағыттар бойынша сұрыптау, вагондық жүктерді іріктеу және т.с.с. операциялар атқарылады.

Сақталатын жүктің тегіне қарай қоймалар арнайы және әмбебап (жалпы) болып бөлінеді. Арнайы коймаларда ерекше сақтау жағдайын қажет ететін бір атаудың жүктері ғана сақталады, мысалы, минералдық-құрылыс материалдары сақталатын қоймалар. Әмбебап қоймалар бір-біріне зиянды әсер етпейтін алуан түрлі атаудың жүктерін сақтауға арналған.

Жүкті сақтау жағдайы мен құрылысына қарай қоймалар жабық қоймаларға, жабық және ашық жүк платформалары мен алаңдарға бөлінеді. Жауып сақтауды қажет ететін ыдысты-дара жүктер тиеу-түсіру жолдары іште (6.3-сурет) немесе сыртта орналасқан бір қабатты жабық қоймаларда сақталады. Мұндай қоймалар тиеу-түсіру және қойма операцияларын механикаландыру кұралдарымен, дизельді немесе электр тиегіштермен, қатарлағыштармен, өрт және күзет белгісімен, сөрелермен, зарядтау қосындарымен жабдықталған.

Ішкі тиеу-түсіру жолдары бар бір қабатты жабық қоймаларды бір аралықты (ені 16, 24, 30 және 36 м), екі аралықты (30+30) м және үш аралықты (24+30+24) м етіп салады. Мұндай қоймаларды бір ғимаратта жүкті қабылдау, беру, сондай-ақ ортадағы платформаны сүұрыптау платформасы ретінде пайдалану арқылы ұсақ жөнелтілімдерді сұрыптау операцияларын біріктіруді ескере отырып салады.

C:\Documents and Settings\Админ\Рабочий стол\Новая папка\Изображение 021.jpg
 

 

 

 


Ангар қойманың жалпы көрінісі

Пакеттен тасымалдауда және едәуір биіктікке көтеретін қатарлағыш құралдарды қолдануда (оның ішінде жүкті сөрелерде сақтайтын) биіктетілген бір қабатты қоймалар пайдаланылуда.

Жабық платформалар жауын шашыннан қорғауды қажет ететін, бірақ желдің, ылғал ауаның әсерінен қорықпайтын жүктерді (пішінді сортты болат, құбырлар, отқа төзімді материалдар, орауышы, қаптамасы жоқ жабдықтар және т.с.с.) сақтауға пайдаланылады.

Ауыстырып тиейтін жабық платформа жүктерді «вагон- автомобиль», «автомобиль-вагон» тікелей нұсқасы бойынша өңдеуге арналған.

Ашық платформалар доңғалақты техниканы және жауын-шашыннан, температураның ауытқуынан қорықпайтын жүктерді (автомобильдер, ауылшаруашылық машиналары, кірпіш және т.с.с.) тиеу, түсіру және сақтау үшін қолданылады. Олар қапталдық және жақтаулық платформалар болуы мүмкін.

Овал: Тауар иелеріне көлікті-экспеди-торлық қызмет көрсетуАшық алаңдар контейнерлерді, ауыр салмақты, ұзын өлшемді, ағаш және басқа ақтарма жүктерді тиеуге, түсіруге, сақтауга арлалған. Алаңдар төрттағанды немесе арқалы (мостовой) крандармен жабдықталады. Орташа тоннажды контейнерлерді өңдейтін алаңдар контейнерлерді қаусырғыш және босатқыш автоматтандырылған автостроптары бар, жүк көтерімділігі кемінде 6,3 т электрлі төрттағанды контейнер крандарымен жабдықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Д.Г. Шишкин, Л.Н. Шишкина, «Логистика на транспорте», М: Маршрут, Мәскеу қаласы  2006ж.

2. С.Е. Бекжанов, З.С. Бекжанов, З.К. Битилеуов, II бөлім, ТОО «Эверо», Алматы қаласы 2011 ж.