Сейітқазиев Ә.С., Сейітқазиева Қ.Ә.,ЕрғазыМ.Б.,Смайлова А.Қ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Топырақтың  гидрохмиялық алмасуларын  анықтау        

Жер қорларының тозуы – топырақтың жарамсыздануы, жер беті және асты қыртысты қабаттардың ластанып, топырақтың генетикалық қабаттарының құнарсыздануы. Жерді ауыл шаруашылығына қайта өңдеп, құнарын арттырып, бастапқы қалпына келтіру. табиғат ерекшеліктеріне сай, өсімдіктер мен ағаштар егу, дақылдарды табиғат ерекшеліктеріне сәйкес таңдап,, агротехникалық негізде қалыптастыру. Жердің геологиялық, гидрогеологиялық құрылысын тереңде, жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.

            Өндірісте алынатын өнімнің төмендеуі, табиғи ландшафттардың ластануы мен тозып, жарамсыздануының   көбеюі байқалады. Мұндай құбылыстарға себепші, ауаға, топыраққа және суға уытты заттардың шығарлуы, табиғи ортаның бұзылуы осының салдарынан түрлі қауіпті аурулардың көбеюі туындайды. Бұл құбылыстардың азайып, болмауы үшін, экологиялық сараптама қажет, яғни табиғаттағы тіршіліктің негізін, табиғатты құраушылардың өзгеруін, өнімдердің барлық түрлерін, сонымен қатар, адамдардың денсаулығына әсер ететін зиянды зардаптарды, өсімдік жануар тағы басқа ағзаларға кері әсер етуші ықпалдарды, оны жақсартудың сараптамалық тәсілдерін жасау қажеттілігі туындайды.

            Экологиялық дағдарысты болдырмаудың тимді жаңа жолы – экологиялық маркетинг, экологиялық бизнес. Бұл бағыт бойынша экологиялық технологияны енгізу арқылы – экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама, табиғат қорларын тиімді пайдалану, жерді қайта өңдеудің жаңа тәсілдерін, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді дер кезінде бағалау, өндіріс қалдықтарын жою, экологиялық білім берудің жаңа бағыттарына  - инновациялық (жаңару) технология арқылы жете аламыз. Экология тек тіршілік мекені мен қоршаған орта арасындағы экожүйелердің жиынтығы ғана емес, табиғатты пайдалануда - өмір сүру үшін қажетті барлық ықпалдардың өзара байланысты, бірі мен бірі біте қайнаған барлық ғылымдарға ортақ ілім. Экология мен қоршаған ортаның, оның тіршіліктегі ықпалдарын, күйін, деңгейін, табиғаттағы алатын орнына тереңде, жүйелі түрде талдау жасалмайынша, көптеген ғылымдардың өз деңгейінде, тұрақты қалыптасуы мүмкін емес.

            Экологиялық жүйе -табиғи және антропогендік күрделі өзара байланысты құрайды, алайда жетекші орын бірінші болып, ол бізге бастапқы жағдайды талап етеді, ал екіншісі осының нәтижесінде дамып, жаңарып отырады.

            Экологияның басты міндеті– көп салалы тәсілдерді зерттеп, геоэкологиялық ландшафтағы барлық табиғат әрекеттерінің тиімділігіне жетуге мүмкіндік береді. Геожүйенің ұзақ мерзімді жұмысы және тиімді ең маңызды жағдайлары – жасалған ландшафтың экологиялық тепе-теңдігіне жету.

            Табиғи және жартылай табиғи экожүйелердегі игерілген алқаптарда агротехникалық аралық анықталған арақатынастары белгілі, онда аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік болады. Мұнда орманды далалы аймақты табиғи экожүйе 25-30%, далалы 35-40%, ал жерді жыртудың мүмкіндігі -80%-ға жетеді [1].

            Шөл және жартылай шөлейтті алқапты суландыру жүйесінсіз, сапасын бағаламай пайдалануға болады. Бұл арақатынастар еліміздің масштабында әлі өзінің практикалық мәнін жойған жоқ. Қазіргі кезде ландшафтың орналасуы шалғынды-далада – 65-71%, құрғақ тегістік далада 60%, балшықты шөлде 30%. Құмды шөлде 8% екені белгілі.

Топырақтың өсімдік тамыры жайылған қабатындағы зиянды тұзды шаю құбылысы өте күрделі, әрі жауапты жұмыс. Танаптағы әрбір метрдегі топырақтың генетикалық қабаты, ондағы ыза суының орналасу тереңдігі, жылдар бойы қалыптасқан табиғи жағдайы және ауыл шаруашылық өндірісінің антропогендік әсерімен күн сайын, айлап, жылдап өзгеріп отырады. Осындай күрделі өзгерістер туындаған жерде микробиологиялық, биологиялық, физика-химиялық құбылыстар әсер ететін мелиоративтік көп салалы шараларға байланысты танаптағы топырақтың мелиоратив тік-экологиялық жағдайы міндетті түрде өзгерістерге ұшырайды, әрі тиісті әсерлері, ықпалдары болады. Сондықтанда, зерттеу жұмыстарында, топырақтың мелиоративтік-экологиялық жағдайларына толығырақ сипаттама бергенді қаладық.

Мелиорациаланған жерлерде су мен тұздың алмасуын реттеудің болжам-дық есептеу әдістерін дайындау үшін, танаптық зерттеулердің негізінде Тентек пен Тасөткел алқаптарындағы топырақтардың механикалық құрамы мен сүзгі-штік қабілеттеріне байланысты бес топқа бөлдік [1]. Әрбір топырақ тобына сәйкес, керіздердің арақашықтығы есептелінеді, жалпы берілетін шаю мөлшері-ндегі (нетто) үлестік ағынын (гидромодулін) q, механикалық құрамына сай, керіздер аралығындағы арын ескеріледі, топырақтың физикалық қасиеттері талдаудан алынады. Танаптағы керіздердің ұзындығы l, бастапқы тұздану мөлшері S0 мен шайылуға мүмкін тұздың соңғы мөлшері St, өтімді кеуектілік no, тиімді кеуектілік nт сүзілу жылдамдығы V, топырақтағы ылғал қозғалысы-ның нақты жылдамдығы VН зерттеулер бойынша алынады. Сонымен қатар, есептеу формулаларында ескерілген (β,α, Pе D* - коэффициент көрсеткіштері) берілді.

Бұл аталған көрсеткіштер бойынша мақсатымыз су мен тұздың алмасуын реттеу саласында ғылыми еңбектері белгілі ғалымдар Волобуев В.Р., Аверьянов С.Ф., Панин П.С. және олардың шаю мөлшерін анықтау формулаларын ескеріп біздің аймақта жүргізілген танаптық, монолиттік, бағандық зерттеу жұмыстар-ымызды салыстыра келіп төмендегідей кесте түрінде береміз (1-кесте).

1-кесте бойынша төмендегі көрсеткіштер арасындағы байланыстарды табуға мүмкіндік туады:

            1. Тұздардың қайтарылу көрсеткіші α және Пекле параметрі Pе,

             бұдан     ,                                               (1)

            2. Тұздардың қайтарылу көрсеткіші α және ығысу жылдамдығы және тұздардың жиналуы β көрсеткішін сипаттайды

       бұдан       ,                                                    (2)

 

3. Тұздардың қайтарылу көрсеткіші α және D*· nо көбейтіндісі

       230 D*· nо   бұдан D*=         ,                                       (3)

 

4. Пекле параметрі Pе, және алмасу коэффициенті β

             бұдан        ,                                                            (4)

Жоғарыда көрсетілгендерді дәлелді тұрғыда бағалаймыз, өйткені топырақтағы тұздың қайтарылу α топырақтағы ылғал мен тұздардың тасымалдануы гидрохимиялық көрсеткіштермен  тығыз байланыста екендігін тәжірибелік мәліметтер  айқындайды.   

Сортаңды топырақты тұздардың ығысуының бәсеңдеуі тек диффузиялық қарсы ағынның нәтижесінде болмайды. Сортаң топырақ массасының ісінуі мен ыдырауының артуы мынаған әкеледі, бұл шаю кезінде үлкен көлемдегі суда натрий тұзының ерітіндісінің артуымен қозғалмайтын қалыпта болады немесе аз қозғалатын, сүзілгіштік ағынмен төмендейтін жағдайды қаламайды. Әсіресе, көмір қышқылы натрий (Na2СО3) тұзы топырақ ерітіндісіне түспей, желімденіп, ұзақ уақыт сақталып, ыдырау құбылысы жүргенше, сол қалыпта қалады. Бұл тұзды өндірісте көң, ғаныш т.б. химиялық минерал қолданып, белгілі t уақыт аралығында толық ылғал сыйымдылығы көлемінде қанықтырып, ерітіндіге өтіп, ыдырау құбылысы басталғаннан кейін ғана шаюды бастау керек [2-3].

Құрылымды топырақтардан тұздарды жуудың жылдамдығы, топырақтан және олардың ылғалдығынан құралған агрегаттардың өлшемдеріне байл-анысты. Құрғақ топырақта, ондағы көптеген, тіпті, еритін тұздардың үлкен бөлігі, жекелеген кесектердің бетінде, өңі өзгерген түрде жүреді. Шаю суының бірінші кезегі ерітеді және топырақты терең жуады , ондағы үстінде болатын жекелеген ішкі ірі тұздарды ығыстырады [3].


1-кесте. Топырақтың гидрохимиялық көрсеткішерін анықтау

Топырақ тың механикалық

құрамы

Сүзілу коэффициенті,Ке ,

м/тәу

Керіздер қашықтығы,R,

м

Ағынды су,q

л/с.га

Арын,h

м

Керіздер ұзындығыl,

м

Тұзданудың дәрежелері, %

Шаю ұзақтығы,t

тәу

Өтімді кеуектілік,

nа

Қанығу жылдамдығы,V

м/тәу

Гидрохимиялық көрсеткіштер

Β,тәу-1

P e ,

 D  * ,

 м 2/тәу

α

So

 

Sм

 

Құмдақ

 

3,5

 

300

0.5

 

0,2

 

700

 

1.6

 

0.2

 

58

 

0.40

 

0.0095

 

0.027

 

2.7

0.0087

0.80

Жеңіл саздақ

 

1,2

200

 

0.45

 

0.3

 

500

1.6

 

0.3

 

69

 

0.38

 

0.0105

 

0.020

 

2.0

0.014

1.21

 

Орташа

саздақ

 

0,6

150

 

0.4

 

0.4

 

300

 

1.6

0.3

 

81

 

0.36

 

0.0106

 

0.017

 

1.7

0.017

1.40

Ауыр саздақ

 

0,2

 

100

 

0.3

 

0.5

 

200

 

1.6

0.4

 

93

 

0.35

 

0.011

 

0.013

 

1.3

0.024

1.95

 

Балшықты

 

0,03

 

60

 

0.15

 

0.6

 

100

 

1.6

0.4

 

104

 

0.35

 

0.012

 

0.012

 

1.2

0.027

2.2


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сейітқазиев Ә.С. «Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың  су-тұз алмасуы», Тараз, 2010, -294б.

2. Сейітқазиев Ә.С.  Суғармалы геоэкожүйедегі суды тиімді пайдаланудың математикалық моделі //М.Х.Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы, 2008, №2, Б. 57-62.    

 3.Сейтказиев А.С.. Салыбаев С.Ж.. Байзакова А.Е.. Музбаева К.М. Экологическая оценка продуктивности улучшения засоленных земель в пустынных зонах республики Казахстан Тараз. 2011.-274с.

4.  Seitkaziyev Adeubai, ,Shilibek Kenzhegali,Salybaiev Satipalde, Seitkaziyeva Karlygash.The Research of the Ground Water Supply Process on Irrigated Soils at Various Flushing Technologies // World Applied Journal 26(9):1168-1173,2013.

5.Сейітқазиев Ә.С.  Тұзды топырақты шаюдың экологиялық тиімді мөлшерлерін анықтау әдістері //Ізденіс-поиск, 2008, №2, Б. 122-126.

6. Сейітқазиев А.С., Буданцев К.Л. Моделирование водно-солевого режима на засоленных землях //Меж. ВУЗов. Сб.научн.трудов, Москва, 2002, С.72-79.