Сельское хозяйство/ 3.Земледелие, почвоведение и агрохимия

Нуржанова С. Б., Малимбаева А.Д., Шибикеева А.М.

Казахский национальный аграрный университет, Казахстан

 

ҚИЯР ДАҚЫЛЫ ӨСІРІЛГЕН КҮҢГІРТ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ҚОРЕКТІК РЕЖИМІ

 

Кіріспе. Түсімді арттыратын мықты факторлардың бірі - тыңайтқыштарды қолдана отырып өсімдіктердің азот және күлді элементтермен (фосформен, калиймен, т.б.) қоректенуін күшейту.

Алға қойылған міндеттердің шешімі Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институтының стационарында 4 алқаптық қарқынды көкөніс ауыспалы егістік жағдайында жүзеге асырылған. Күңгірт қара қоңыр топыраққа 1992 жылы салынған 4 алқаптық қарқынды көкөніс ауыспалы егістікте дақылдарды  кезектестіру келесідей:

1. Ақ қауданды қырыққабат; 2. Қияр; 3. Қызанақ; 4. Тамыр-жемістер (сәбіз, асхана қызылшасы). Тәжірибе мөлтегіне бөлінген орын ауданы  67,2 м2 (4,2 м х 16 м) құраған, қайталануы  4 еселік.

Зерттеу нысаны: қияр-Конкурент сорты. Отырғызу схемасы – 90 х 50 : 20 см. Тәжірибе сызба-нұсқасы: 1. Бақылау (тыңайтқышсыз), 2. N30P30K30 , 3. N60P60K60 ,  4. N90P90K90. Қарқынды  көкөніс ауыспалы егістікте енгізілген тыңайтқыштар түрлері: аммиакты  селитра (34% ә. з.), қос  суперфосфат (40% ә. з. ), хлорлы калий (60 % ә. з.).

Өсімдіктердің қалыпты тіршілігі үшін көптеген қоректік элементтер қажет. Әр қоректік элементтің өсімдікке ықпалы өзінше. Сондықтан оларды алмастыруға болмайды. Осы элементтердің әрқайсысы топырақта жеткілікті болуы түсімді арттырады. Ал олардың үйлесімді әсері тіпті жоғары нәтиже береді. Топырақтағы нитраттар мен  аммонийлі азоттың жинақталу мөлшері топырақтың биологиялық белсенділігіне, температурасы мен ылғалдылығына тәуелді. Тек, ерте көктемде ғана аммонийлі азоттың көбірек жинақталу мүмкіндігі бар.

Өсімдіктердің нитраттарды тұтынуына байланысты минералдық азоттың маусымдық динамикасы айқындалған. Қазақстанның оңтүстік-шығыс суармалы топырақтары үшін нитраттар өсімдіктердің азотты қоректенуінің негізгі көзі болып табылады.

Аммонийлі азот өсімдіктерге соншалықты жақсы қолжетімді емес, себебі NH4 ионы топыраққа оңай сіңіп, жартылай алмаспайтын күйге ауысады. Ал NO3 ионы болса топыраққа сіңбейді, басым бөлігі топырақ ерітіндісінде қалатындықтан өсімдіктерге сіңірілуі қиын емес.  Аммонификация  энергиясынан, оны микроағзалардың, топырақтағы сіңіргіш кешеннің, өсімдіктердің сіңіруінен тәуелді аммонийлі азот мөлшері өзгере алады.

Азотты тыңайтқыштар топырақтағы минералдық азоттың мөлшеріне оң ықпал жасайды. Мысалы, зерттелетін дақылдар вегетациясының бастапқы кезінде қара қоңыр топыраққа азотты тыңайтқыштар қолданудан минералдық азот мөлшері артады.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз барысында минералды азот динамикасы минералдық тыңайтқыштардың көкөністі ауыспалы егіс дақылына әсерін, дақылдың өсу кезеңінің үш (бастапқы, ортасы және  соңғы) кезеңінде анықталды (кесте 1).

кесте 1- Қияр дақылы өсірілген күңгірт қара-қоңыр топырақта минералды азот мөлшері, мг/кг

Тәжірибе нұсқасы

Топырақ қабаты, см

Даму фазалары

3-5 негізгі жапырақ

аналық гүлдерінің гүлдеуі

жаппай жинау аяғы

N-NH4

N-NO3

N-NH4

N-NO3

N-NH4

N-NO3

1.Бақылау (т/с)

0-20

8,4

20,0

6,4

10,2

3,4

7,2

20-40

5,4

14,2

4,0

15,5

1,8

5,3

2. N1P1K1

 

0-20

15,0

30,0

9,0

26,0

6,4

18,0

20-40

12,4

24,4

5,2

22,8

3,0

12,0

3. N2P2K2

 

0-20

18,6

34,4

10,3

28,6

7,8

20,0

20-40

10,4

27,0

9,0

22,2

5,8

18,0

4. N3P3K3

 

0-20

20,3

39,5

13,0

31,4

9,0

24,2

20-40

14,0

25,2

9,4

24,5

5,0

20,0

 

Топырақта минералды азоттың динамикасының ауытқуы қияр дақылының өсіп-даму фазасы мен анықтау мерзіміне бауланысты өзгеріп тұрды. Сонымен, топырақтың жыртылатын қабатында 0-20 см минералды азот мөлшері қияр дақылының 3-5 жапырағы пайда болған кезінде, бақылау нұсқасында тыңайтқыштар бермегенде 20 мг/кг құрады, топыраққа бір есе нормада (30 кг д.в.) азот тыңайтқыштарын енгізгенде оның мөлшері 30,0 мг/кг жоғарлағаны байқалады. Екі есе (60 кг) және үш есе (90 кг) азот тыңайтқыштарының нормалары топырақта минералды азоттың мөлшеріне айтарлықтай әсерін тигізді және оның нитратты түрі 34,4 и 39,5 мг/кг сәйкес жоғары өсті (кесте 1).

Қиярдың аналық гүлдерінің гүлдеу барысында (шілде) топырақта нитраттардың мөлшері бір шама төмендегенін көрсетеді көктемге қарағанда, оның азаюын қияр өсімдіктерінің қарқынды өсуіне және жасыл биомассаның жинақталуына байланысты. Бастапқы (3-5 жапырақ) анықтаған фазасына қарағанда, аналық гүлдерінің гүлдеу фазасында биомассаның жинақталуы 70-90 есе өседі. Сонымен,  қиярдың аналық гүлдерінің гүлдеу фазасында нитратты азоттың мөлшері бақылау нұсқасында 10,2 мг/кг болды. Тыңайтқыштардың нормалары өскен нұсқаларында нитраттардың азаюы 26,0, 28,6 и 31,4 мг/кг нұсқаларға сәйкес болды.

Жаппай жинау кезенінің аяқтау барысында топырақта нитратты азот мөлшері барлық зерттеуге алынған нұсқаларында айтарлықтай төмендегенің көруге болады. Оның төмендеу себебі қияр дақылының өсімдіктері қарқынды қоректенуі, вегетативтік және генеративтік мүшелерінің пайда болуы мен нитрификация құбылысының төмендеуі. Азот тыңайтқыштарын нормаларының өскен нұсқаларында нитраттардың азаюы келесідей 18,0, 20,0 и 24,0 мг/кг нұсқаларға сәкес, ал бақылауда – 7,2 мг/кг топырақта.

Аммоний азотының динамикасы азот тыңайтқыштарының нормаларына байланысты өзгергені де байқалады, бірақ нитратты азотқа қарағанда шамалы және оның мөлшері қолданылған тыңайтқыш нормаларына емес, топырақта органикалық заттардың көктемде минерализациялануына байланысты. 1 кестенің мәліметтеріне қарасақ, күңгірт қара-қоңыр топырақта бірінші кезенде (3-5 негізгі жапырақ пайда болғанда) аммоний азотын анықтағанда оның мөлшері 0-20 см қабатында бақылау нұсқасында 8,4 мг/кг. азот тыңайтқыштарын 60-120-180 кг/га мөлшерде қолданғанда аммоний азотының мөлшері 15,0-18,6-20,3 мг/кг сәйкес жоғары болды. Қияр дақылының келесі өсіп-даму фазаларында аммоний азотының мөлшерін анықтағанда оның мөлшері нитратты азот сияқты төмендегенін байқаймыз.

Күңгірт қара-қоңыр топырақ қара-қоныр топырақтың типшесі болып есептеледі, агрохимиялық сипаттамасына сүйінсек, бұл типшесінде жыртылатын қабатында орташа есеппен 24-25 мг/кг нитраттар болуы тиіс. Тыңайтқыштар қолданбаған зерттеу нұсқаларында NО3‾ мөлшері 14,2-20,0 мг/кг,  бұл көрсеткіш төмен болып тұр көрсетілгеннен мөлшерінен. Нитраттар айтарлықтай мөлшерде болу үшін азот элементі бар тыңайтқыштарын қолдану керек.

Әдебиеттер

1.                 Елешев Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. Изд-во «Кайнар», 1984 г.152 с.

2.                 Елешев Р.Е., Иванов А.Л. Оптимизация фосфатного режима почв. В кн: Параметры плодородия основных типов почв. Под ред. Каштанова А.Н., 1988 г. С. 159-165.