Сельское хозяйство 5.Растениеводство, селекция и
семеноводство.
А-ш.ғ.к.
Мемешов С., б.ғ.к. Дурмекбаева Ш.Н., магистр Дюсенбаев Б.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті, Қазақстан
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДӘННІҢ СҰР
КӨБЕЛІГІНІҢ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ
ЕГІСТІГІНДЕГІ ЗИЯНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДА GPS
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Қазіргі уақытта ғылым мен тәжірибеде
дәннің сұр көбелегі жайлы көптеген материалдар
жинақталған: биология және экология ерекшеліктерін
анықтау, популяция құрылымын орнату, сандық
есебінің әдістерін жасау [1]. Осымен қатар жаңа
агротехнологиялар әсерін зерттеуді қажет етеді.
Сұр көбелекті фенологиялық зерттеулер мен дамуын болжау
әдістерін жасау тәжірибе жағынан маңызды және
химиялық өңдеулер мерзімдерінің сигнализациясы болып
келеді. Осының барлығы Ақмола облысында дәннің
сұр көбелегінің даму ерекшеліктерін зерттеуге
бағытталған, астық дақылдардың ерекше
қауіпті зиянкестерін фитосанитарлық бақылауын жетілдіру
үшін жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының
өзектілігін негіздейді [2,3].
Осыған байланысты біздің зерттеу жұмыстарымыз
Ақмола облысы, Зеренді ауданы жағдайында дәннің
сұр көбелегінің даму ерекшеліктерін зерттеуге
бағытталған, GPS-технологияларын қолданумен
дәннің сұр көбелегінің санын есепке алу әдістерін
жетілдіру және
фитосанитарлық бақылау. Астық дақылдар егістерін
тексеруде GPS – технологияларын қолдануымен дәннің сұр
көбелегінің ошақтарын табу [4].
Зерттеу барысында дәннің
сұр көбелегі санының экологиясын, фенологиясын және
динамикасы зерттелді. GPS жүйесі бойынша ауданды зерттеудің
географиялық координаталары анықталды. Арнайы қабылдағыштармен өңдеу
әдістерінің сигналдары осы дәлдікті қамтамасыз
етеді. ЖШС «Зеренді-Астық» алқаптарының географиялық
координаталары дәннің сұр көбелектерін мониторингі
жүргізілді.
Ақмола облысы, Зеренді ауданының «Зеренда-Астық»
ЖШС-тің 25 алқабының географиялық координаттары GPS
жүйесі бойынша анықталды. Базалық шаруашылықтың
географиялық орналасуын ескере отырып, алқаптың
координаттарын анықтау 4 нүктеде жүргізілді:
солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс,
оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс
шекараларда. Географиялық координаттардың
арақашықтығы с.е.51°01,754-тен с.е.51°09,965-ке дейін
және ш.ұ.070°59,082-ден ш.ұ.070°43,692-ге дейін
өзгерді. GPS жүйесі бойынша технологияларды қолдану
финосанитарлық мониторингті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қолданушылар үшін Ақмола облысы, Зеренді ауданында дәннің
сұр көбелегіне қарсы химиялық
өңдеудің дабылдағышы, зерттеудің уақытын
анықтауға арналған фенокүнтізбесінің (1 кесте) ыңғайлы
түрі дайындалды.
Кесте - 2 Зеренді ауданы егістерін жаздық тексеру дабылының
және дәннің сұр көбелегіне қарсы
химиялық өңдеу жүргізудің фенологиялық
күнтізбесі
|
Жұмыртқа салу күндері |
Дәннің сұр көбелегіне қарсы
химиялық өңдеу жүргізудің болжамды мерзімдері және ауа
температурасының ауып кетуі барысынан химиялық
өңдеудің тоқтатылуы |
|||||||
|
0°С |
-1°С |
-2°С |
-3°С |
+1°С |
+2°С |
+3°С |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
30.VI |
24.VII |
27.VII |
30.VII |
4.VIII |
21.VII |
19.VII |
17.VII |
|
|
30.VII |
3.VIII |
8.VIII |
14.VIII |
27.VII |
25.VII |
22.VII |
||
|
5.VII |
29.VII |
1.VIII |
4.VIII |
9.VIII |
26.VII |
24.VII |
22.VII |
|
|
5.VII |
9.VIII |
14.VIII |
21.VIII |
2.VIII |
30.VII |
27.VII |
||
|
10.VII |
3.VIII |
6.VIII |
10.VIII |
16.VIII |
31.VII |
29.VII |
27.VII |
|
|
11.VIII |
12.VIII |
22.VIII |
29.VIII |
7.VIII |
4.VIII |
1.VIII |
||
|
15.VII |
9.VIII |
12.VIII |
17.VIII |
23.VIII |
6.VIII |
3.VIII |
2.VIII |
|
|
17.VIII |
23.VIII |
29.VIII |
5.IX |
14.VIII |
10.VIII |
7.VIII |
||
|
20.VII |
15.VIII |
19.VIII |
24.VIII |
30.VIII |
12.VIII |
9.VIII |
7.VIII |
|
|
23.VIII |
31.VIII |
7.IX |
13.IX |
21.VIII |
17.VIII |
14.VIII |
||
Ескерту: Дабылдар мына дәрілердің:
децис-профи, кинмикс, оникс, трамп, фаскорд, фастак, фьюри, циперон, шерпа 15
күндік күтілу мерзіміне арналған.
Фенокүнтізбесімен жұмыс істеу үшін бастапқы
деректер ретінде байқау арқылы анықталатын
көбелектердің жұмыртқалау мерзімі қолданылады. Фенокүнтізбелер
жұмыртқалаудың бескүндігі бойынша есептелген, ал,
бескүндік арасындағы уақыт математикалық жолмен
саналады. Дабылдағыштар алдымен қалыпты ауа райы жағдайына
арналады (-0◦С қалпынан ауытқусыз), ал ауа райының
болжамды ақпараты болған кезде - ауа райы қалпынан
ауытқулар үшін (қалыптан -1◦С, -2◦С, -3◦С
немесе +1◦С, +2◦С, +3◦С) есептеледі.
Сонымен дәннің сұр көбелегінің даму
ерекшеліктерін зерттеуде GPS жүйесі бойынша технологияларды қолдану
зиянды ағзалардың фитосанитарлық мониторингі мен
бақылауын жүргізу барысында өсімдіктерді қорғау
қызметіне зиянды ағзалардың ошағын анықтауды
жетілдіруге, қорғаныс шараларының тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді..
ӘДЕБИЕТ
1. Шек.Г,Х.,
Ажбенов В.К., Евдокимов Н.Я. и др. Рекомендации по учету, прогнозу и мерам
борьбы с серой зерновой совкой. – М,.Колос, 1984. -32 с.
2. Фитосанитарная
диагностика /кол.авторов; под ред.А.Ф.Ченкина. М.:Колос,1994.-323с.
3. Методические
указания по учету и выявлению особо опасных вредителей и болезней
сельскохозяйственных угодий /под ред.А.О.Сагитова, В.К.Ажбенова – Алматы: Бастау, 2003.-48с.
4. Методы
дистанционнгого зондирования в сельском хозяйстве Казахстана.-Алматы. Ғылым,1999.-176с.