Биологические науки /1.Систематика и география высших растений

Бекзатова А.М., магистрант

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Күрделігүлділер тұқымдасы, Жамбыл облысында тараған түрлері

 

Күрделігүлділер тұқымдасы (Asteraceae Compositae Gikae). Қазақстанның кез келген жерінен, атап айтқанда таулы, сайлы, орманды, құмды, сазды, топырақты жерлерінің бәрінен кездестіруге болады. Жер бетінде жақсы таралған және барлық континенттерде, барлық климаттық зоналарда кездеседі. Жер бетінде 20 мыңнан астам түрлері таралған. Қазақстан жерінде олардың 843 түрі 139 туысқа біріктірілген. Тұқымдаста  20 мыңнан аса түр, 1 мың туыс кездеседі. Біз күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік түрлерін өз мақсатымызға қолданып жүрміз.

Дәрілік түймедақ Matricaria Recutita. Биіктігі 10-35 см - ге жететін, біржылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайда, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауда көбінесе ашық жерлерде кездеседі. Тамыры тік, жіңішке, ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырағы кезектесіп, жарыса орналасқан, отырмалы қауырсын тәрізденіп, жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, гүлдері түтік тәрізді,сары түсті. Гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Мамыр айынан қазан айына дейін гүлдейді. Тостағаншасының шеті ақ түсті. Күлтесі тілше тәрізді, 5 біріккен. Аталығы 5 біріккен. Аналығы 2 біріккен. Формуласы  Жалған  тілше: ↑ ♀Са0 Со(0+3) А0 G(2)  түтік  тәрізді.

♂♀Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі: қоңыр түсті тұқымдар. Дәрілік түймедақтың құрамындағы эфир майы денеден тер, газ шығарып, қабыну процесін төмендетеді, асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады, демалу жұмысын ретке келтіреді. Өсімдік гликолизді өт  бөлу және шектен шырын шығаруын көбейтіп, асқа деген тәбетті қоздырады. Хамазулен – азулен бронх демікпесін, ревматизмді, аллергиялық асқазан және тоқ ішектің қабынуын түрлі экземді, рентген сәулесінен күйгенді емдейді. Матрицин мен прохамазулен жүйке жүйесіне әсер етеді. Апигенин  мен апиинның тыныштандаратын қасиеттері бар[1].

Биіктігі 10-35 см-ге жететін,біржылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда, Алтайда, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауында көбінесе ашық жерлерде кездеседі.

Кәдімгі өгейшөп Tussіlago farfara. Биіктігі 15 сантиметрдей, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сайларда, өзен жағаларында, аласа төбелердің етегінде өседі. Тамыры жер астындағы тамыр сабағы етті, бұтақты, көптеген қосымша майда тамырлары бар. Сабағы көктемге қарай тамыр сабағынан  бір жылдық сабақтары өсіп шығады. Мамыр айының соңына таман бұл сабақтар гүлдейді де, солып қалады. Сағақтары ұзын, үлкен, үш бұрышты дөңгелектеу келген жасыл жапырақтары тамыр сабақтан тікелей өсіп шығады. Жапырақтары үстіңгі жағынан қарағанда қою жасыл түсті болып  келеді, төменгі жақтары ақ түсті, ұйысқан қысқа әрі қалың  түктер  бар. Гүлшоғыры себет. Наурыз-сәуірде гүлдеп, мамыр-маусым айларында жеміс салады.  Гүлі сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Түтік тәрізді  гүл: * Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі дәнек.

Біз күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді дәрі-дәрімек ретінде, тамақ өнеркәсібінде, косметика саласында және басқа да салаларға қолданып жүрміз.

Taraxacum officinale  Wigg  кәдімгі бақбақ - бақбақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақбақ жер шарының барлық құрлықтарында кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақтары бар көп жылдық шөптесін өсімдік. Өсетін жерлері күздік егістікте, жаңа тыңая бастаған жерлерде кездеседі. Тамыры сабақтың түп жағында топтала орналасқан. Сабағы розеткалы, яғни қысқарған. Жапырақтарының түрі мен көлемі әр түрлі болып келеді. Кейбіреулері сопақша, әрі жіңішке болса, тағы біреулерінің ені жалпақтау, біразы  тілімделген, шеттерінде ойықтары бар. Гүлшоғыры себет. Гүлі сары түсті, сабақтың ең ұшында тостағанша тәрізденіп шоғырлана орналасады. Тостағаншасы дөңгеленіп сабақ ұшында орналасқан. Күлтесі тілше тәріздес, 5 біріккен. Аталығы 5 біріккен. Аналығы 2 біріккен. Формуласы тілше гүл:

↑Са0Со(5)А(5) G(2) . Жемісі – тұқымша[2].

Кәдімгі бақбақтың шөбі мен тамырындағы дәрілік қасиеті бар каротинді қан азайғанда, бүйрек ауруларына ұшырағанда, ревматизм мен жүйке ауруымен ауырғанда, сондай-ақ қуық, сары ауру, қуық тасы, асқазан қабынуы, тік ішектің қабынуы, өт жолының қабынуы, іш қату, тік ішек көктамыры кеңіп, қанайтын түйіндердің көбеюі секілді науқастарға дәрі ретінде пайдаланады. Өсімдіктің жас жапырағынан С, В2 витаминіне бай салат жасайды, ал құрғақ тамырындағы ащы гликозид тараксацин тәбет ашады, жапырағындағы тиамин, холин ас қорытуды жақсартады және ауырған кезде тыныштандыратын ем ретінде де қолдануға болады. Кәдімгі бақбақтың барлық мүшелерінде ащы құрамды сүттегін шырыны бар, оны қышымада, жыныс ауруларында, тері және көз ауруларына, аллергияға, сырттай күйікке, ірінді жараларға пайдаланады.

Бақбақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақбақ жер шарының барлық құрлықтарында кең таралған. Негізінен жертаған  үзетін жапырақтары бар көп жылдық шөптесін өсімдік.

Helianthus annuus culfus мәдени күнбағыс - биіктігі 2,5 метрге жуық, бір жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 2,5 метрге жуық, бір жылдық шөптесін өсімдік. Кіндік тамырлы, топыраққа 2- 4 м. дейін  бойлайды және 100-120 см дейін жан-жағына тарайды. Сабағы тік, жуан өзегі қуыс, ағаш тәрізді, сыртын қалың түктер басқан, іші борпылдақ бос өзекті болады. Жапырағы қарапайым, ірі сағақты, сопақ – жүрек пішінді, қатты  түктермен  жабылған, ұштары үшкірленіп аяқталады, ара тісті. Төменгі жапырақтары қарама- қарсы, ал жоғарғылары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры көп гүлді себет. Себеттерінің диаметрі 10-60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Себет гүлінде 1000-ға тарта гүл болады. Олардың ішінде түтікше гүл де, тілше гүлде кездеседі. Түтікше гүлдер гүл шоғырдың ортасында орналасады. Гүлдері ашық сары, шоқталып өседі. Шілде, тамыз айларында гүлдейді. Тостағаншасы жоқ. Күлтесі бірнеше қатарда орналасқан. Аталығы 5 біріккен. Аналығы 2 біріккен. Формуласы жалған  тілше: ↑ Са0 Со(3) А0 G(2) Түтік тәрізді: * Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. Мәдени күнбағыстың дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнбағыс күнжарасы — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20- 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Оның жапырағында каучук, шайырлы заттар, каротин бар, одан бояғыш заттар алынады. Ал гүлдерінде холин мен бетаин болады, оны қант және бал алу үшін техникалық  азық ретінде  қолданады. Биіктігі 2,5 метрге жуық, бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе орталық және оңтүстік облыстарда кең тараған.

Centaurеa cyаnus көк гүлкекіре — бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуразия, Африка, Америка және Австралияда (1 түр) кездесетін 550-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың бұталардың арасында 27 түрі өседі. Кіндік тамырлы. Сабағы тік, жатаған, қысқа сабақты түрлері де кездеседі. Жапырақ тақталарының шеттері қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты. Гүлшоғыры себетгүлге шоғырланады. Себетгүлдің сыртындағы орам жапырақшалары қалың, жылтыр, кей түрін түк басқан. Гүлі сары, қызғылт, көк, күлгін түсті, бір-бірімен бірігіп кеткендіктен түтікше гүл деп аталады. Аналық аузы қос тілімді. Аталықтарының жіпшелері жалпақ, түкті. Формуласы сүзгі тәрізді гүл: ↑* Са0 Со(5-7) А0 G0[3].

Түтік  тәрізді  гүл: * Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі айдаршалы тұқымша, айдаршасыз түрлері де кездеседі.Көк гүлкекіренің біраз түрлері сәндік үшін өсіріледі. Өсімдік гүлдеріндегі көк антоцианды гликозид цианин және пералгониннен бояғыш заттар алынады. Жапырағындағы кверцетин және кемпферол тыныштандыруға көмектеседі. Екідайлы заттар зәр айдағыш еретінде қолданылады. Олар гүлдеу кезінде шірне бөлетін балды өсімдіктер. Негізінен гүлкекіре – жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі. Бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуразия, Африка, Америка және Австралияда (1 түр) кездесетін 550-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың  бұталардың арасында 27 түрі өседі.

Tussіlago farfara кәдімгі өгейшөп– биіктігі 15 сантиметрдей, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сайларда, өзен жағаларында, аласа төбелердің етегінде өседі. Тамыры жер астындағы тамыр сабағы етті, бұтақты, көптеген қосымша майда тамырлары бар. Сабағы көктемге қарай тамыр сабағынан бір жылдық сабақтары өсіп шығады. Мамыр айының соңына таман бұл сабақтар гүлдейді де, солып қалады. Жапырағы сағақтары ұзын, үлкен, үш бұрышты дөңгелектеу келген жасыл жапырақтары тамыр сабақтан тікелей өсіп шығады. Жапырақтары үстіңгі жағынан қарағанда қою жасыл түсті болып келеді, төменгі жақтары ақ түсті, ұйысқан қысқа әрі қалың түктері бар. Гүлшоғыры себет. Наурыз-сәуірде гүлдеп, мамыр- маусым айларында жеміс салады. Гүлі сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Формуласы түтік  тәрізді гүл:* Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі дәнек. Кәдімгі өгейшөптің гүлінде рутин болады, қақырық түсіру  үшін қолданады, тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады, оларды халық медицинасында қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Биіктігі 15 сантиметрдей, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сайларда, өзен жағаларында, аласа төбелердің  етегінде өседі.

Кәдімгі түймешетен Тanacetum  vulgare- 70-120 түр Қазақстанада15-тей түрі бар, көпжылдық шөптесін өсімдік. Орманды, далалы, кейде сортаң топырақты жерлерде, тастақты төбешік баурайларында өседі. Ұзын тамырсабақты, жіңішке шашақ тамыр. Сабағы тік, көп, аздап түкті немесе жалаң. Жапырағы ұзын қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан, ең төменгілері сағақты қалғандары отырмалы. Гүлшоғыры себет. Гүлі қосыжынысты, түтік тәрізді. Тостағаншасының шеті ақ түсті болады. Күлтесі түтік тәріздес, 5 біріккен. Аталығы 5 біріккен. Аналығы  2 біріккен. Формуласы  түтік тәрізді гүл:

♂♀Са0 Со(5) А(5) G(2). Жемісі - тұқымша. Кәдімгі түймешетеннің гүлінің құрамында танацет, галлусты медицинада ішек құртын түсіретін, бауыр және өт жолдарын емдейтін дәрі ретінде қолданылады. Құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен іріңді жаралар мен жарақаттарды емдеуге  болады. Өсімдікте шырыш көп болғандықтан, ауыз  қуысын және тыныс алу органдарын тітіркенуден сақтайды [4].

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Әметов Ә.Ә., Ботаника. Оқулық. - Алматы: Дәуір, 2005. – 512 б.

2. Ағелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д. Ботаника. Оқулық. Алматы: Дәуір, 1991. – 285 б.

3. Нысанбаев Ә. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1998. Т1.

4.  Роботнов Т.А. Фитоценология: Учебник. – М.: Изд-во МГУ, 1978. -384 с.