СейітқазиевӘ.С.,Турсынбаев
Х.И.,Смайлова А.,Кәрімова Ә.О.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті,Тараз
қаласы
Топырақты
жақсартудағы экологиялық-мелиоративтік шаралар
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді жыртудыа
ондағы булану үрдісінің көбейіп, табиғи жағдайда
болатын топырақтағы жылу ағыны және ылғал
қоры азаяды, сондықтан дақылдарды өсіру кезінде
ылғал тапшылығы көбейеді. Топырақ
құрамындағы органикалық тыңайтқыштардың
жетіспеуі /4-6 т/га жылына/, топырақ құрамындағы
органикалық қосылыстар теңдестігі мен қара шірік
қорының төмендеуін тудырады.
Қазіргі кезде,
қуаңшылық аймақтарда суғармалы жерлердің
көпшілік бөлігі гидрморфты сумен /2-3 м/ алмасады, ал суландыру
мөлшерінің шамасы, буланғышты 1,5-2 есеге дейінге артырып
отыр. Мұндай жағдайда қолайлы әдістерді қолдануды талап етеді. Сонымен
қатар, қазіргі кездерде ағысының көлемі жылына 45
текше км суғармалы жерлерге берілетін судың көлемі 90 текше
км, бұдан алынған өнім түсімі небәрі 50%. Керіз
ағысының 25 текше км өзендерге түседі, бұл
экологиялық-мелиоративтік жағдайлардың бірден
төмендеуіне әсер етеді.
Сондықтан да
топырақтың мелиоративтік-экологиялық жағдайын
сақтап, оны қалпына келтіру шарларын жүзеге асыруда көп
сапалы су, тұз және қоректі заттардың алмасуын реттеп, өнім
алудың өтімді технологиясын жергілікті кәсіпке
айналдырғанда ғана мақсатқа жетуге болады.
Тұзданған
топырақ құрмындағы тұздан түбегейлі
арылудың ең қолайлы да, тиімді жолы биологиялық
әдіс, әсіресе жер асты ыза сулары жақын орналасқан
алқаптарға тұзға төзімді өсімдіктерді,
жеміс-жидектерді егудің нәтижесінде, ыза суы деңгейін төмендетуге
мүмкіндік туады. Тіпті кейбір жағдайларда тиімділігі керіздеу
әдістерінен де жоғары нәтиже береді. Мұндай
тәжірибелер қарағаш, жиде, өрік, жүзім, шиелер отырғызылған
суғармалы жерлерде жақсы өнім берген.
Ауыл шаруашылық
дақылдарының тұзға төзімділігін сақтау
өсімдіктің тіршілік ету қабілеттігі мен тұзданған
топырақтағы қолайсыз жағдайдан шаруашылық өнімін
алуды тудыру болып табылады. Тұздардың өсімдікке тигізетін
қолайсыз жағдайларының әсерінен тууын үш
топқа бөлуге болады. Барлық тұздар жиынтығымен
әсер етуін осмостық қысым, бұл өсімдік
қажетті топырақ ертіндісіндегі ылғалды тартып алу (адсорбтік
күшпен) дамуы үшін, екінші тобы жекелеген топырақ
ерітіндісіндегі иондардың тиімділігі, олардың уыттылығын
өсімдіктердің әр түрлі физиологиялық үрдістерінің
, әсіресе, натрий тұзының бөліну әсерін
анықтау қажет.Натрий тұзының шектен тыс көбеюі,
топырақтың құнарсыздануына жеткізіп, судың
топыраққа сіңуін төмендетіп, бос кеңістікті
тарылтады және тамырлардың өркен жаюына кедергі жасайды,
үшіншісі өсімдіктердің тұзға төзімділігін,
сезімталдығын ескеру. Бұл үрдіс, көбінесе,
тұзданған егістіктерде оның даму кезеңдерінде
анығырақ сезіледі. Мәселен, қант қызылшасы
үшін, оның көктеу кезеңінде жақсы білінеді.
Топырақтың
сулы-физикалық қасиеттерінің ішіндегі -ең қажетті де ,топырақ куыстылығында
үлкен маңызды орын алатын шама ,ол топырақ кеуектілігі.
Топырақтың кеуектілігін біле отырып , оның көлемдік
және қатты фазасының
тығыздығын айқын біле аламыз .Олай болса, кез келген
топырақтың сулы
қасиеттері ,сол топыраққа қаншалықты судың
немесе ылғалдың сіңіріле алатындығы,біз үшін,топырақтың
–экологиялық және мелиоративтік
жағдайын толық біліп,белгілі бір жағдайда шешім
қабылдауымызға мүмкіндік туады. Экологиялық - топыраққа
байланысты мәселелерді шешуде топырақ жыныс
қаңқасындағы
тығыздықты анықтау өте қажет. Кеуектілікті
зерттеу барысында ғалымдар,оның мәнінің 30-90%-ға
дейін өзгеретіндігін анықтады.Ал экологиялық мәселелерді
шешуде –кеуектілік ,өтімді кеуектілік
және тиімді кеуектілкті
анықтау[1-2],әсіресе , топырақтың жарамсызданып
, бұзылып ,жарамсыдану деңгейіне жеткенде қажет
екендігін ғалымдар еңбектерінде анықтады ,
біздің монолиттік зерттеулеріміз төмендегі 1-кестеде берілген. Жылу
тасымалдау жағдайындағы тиімді кеуектілікті(nт) төмендегі формуламен анықтаймыз [1.с.242-245;2.б.208-209]:
nт = nө+ (1- nө)Ccк.γп/ Св. γв,
(1)
мұндағы Ccк- жыныс қаңқасындағы жылу сыйымдылығы, ,дж/К(ккал/кг.0С); Сс- Жылу сыйымдылығы,, дж/К(ккал/кг.0С); γт и γс- жыныс қаңқасының және судың тығыздығы,т/м3(кг/ м3). Алынған мәліметтер 1-кесте
түрінде берілген.
1-кесте .Кеуектіліктің тиімділігі
Топырақтың механикалық құрамы |
Кеуектілік, К,% |
Өтімді кеуектілік , Кө, % |
Ылғалдылық |
,Жыныс қаңқаларының Жылу сыйымдылығы, Сск дж/°К (ккал/кг*°С) |
Жылу сыйымдылығы, Сс дж/°К (ккал/кг °С) |
Жыныс қаңқасының тығыздығы ,γп
т/м3 (кг/см3) |
Судың тығыздығы ,γ т/м3 (кг/см3) |
Тиімді кеуетлік, nт |
|
Гигроско- пиялық , Wr,
% |
Қысылған , Wқ, % |
||||||||
Жеңіл саздақ |
52 |
46 |
1.6 |
4.5 |
1.1 |
4.2 |
1.25 |
1 |
64 |
Орташа саздақ |
47 |
41 |
2.2 |
4.0 |
1.3 |
4.2 |
1.4 |
1 |
66 |
Ауыр саздақ |
46 |
40 |
2.5 |
3.5 |
1.35 |
4.2 |
1.47 |
1 |
68 |
Балшық |
43 |
38 |
3.0 |
2.0 |
1.4 |
4.2 |
1.55 |
1 |
70 |
Экологиялық дағдарысты болдырмаудың бірден-бір
жаңа жолы – экологиялық маркетинг, экологиялық бизнес.
Бұл бағыт бойынша экологиялық технологияны енгізу
арқылы – экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама,
табиғат қорларын тиімді пайдалану, жерді қайта
өңдеудің жаңа тәсілдерін, қоршаған ортаға
жағымсыз әсерлерді дер кезінде бағалау, өндіріс
қалдықтарын жою, экологиялық білім берудің жаңа
бағыттарына - инновациялық
(жаңару) технология арқылы жете аламыз. Экология тек тіршілік
мекені мен қоршаған орта арасындағы экожүйелердің
жиынтығы ғана емес, табиғатты пайдалануда - өмір
сүру үшін қажетті барлық ықпалдардың
өзара байланысты, бірі мен бірі біте қайнаған барлық
ғылымдарға ортақ ілім. Экология мен қоршаған
ортаның, оның тіршіліктегі ықпалдарын, күйін,
деңгейін, табиғаттағы алатын орнына тереңде,
жүйелі түрде талдау жасалмайынша, көптеген
ғылымдардың өз деңгейінде, тұрақты
қалыптасуы мүмкін емес.
Экологиялық
жүйе -табиғи және антропогендік күрделі өзара
байланысты құрайды, алайда жетекші орын бірінші болып, ол бізге
бастапқы жағдайды талап етеді, ал екіншісі осының
нәтижесінде дамып, жаңарып отырады.
Экологиялық – егіншілік жүйесінде толық
үш салыстырмалы түрдегі негізгі, экологиялық және жеке
жүйеге кіретін қатынастардың біркелкілігін тудыратын
жағдайларды ескеруіміз керек.
Бірінші –
егіншілікке енетін жүйе, мұнда негізгі орынды топырақ
және ауыл шаруашылық дақылдары алады. К.Маркстің
сөзімен айтқанда өнеркәсіптің машинадан
айырмашылығы, мұнда олардың әрекетімен тозатындары
шығарылып тасталады. Жер қайтадан үнемі жақсарады, егер
оларды жақсы күте білсе. Ал, К.А.Тимирязев өз пікірінде:
өсімдік егіншілік алқабында негізгі орын алады.
Экологиялық
жүйенің екінші кезеңі, жақсартылған егіншілік
өндіргіш күштерін құрайды. Жер, еңбек
құралы, ал оған жататындар – экологиялық-мелиоративтік
жүйелер, оның орындалу қағидалары – жерді қайта
өңдеу, оның басты қасиеттерін дамыту, жердің
құнарлығын арттыру.
Егер егіс
танабына суды есепке алғанда немесе жинағанда –
гидротехникалық құрылыстар жағынан атқаратын
қызметі бойынша, суғару негізінде олар сумен жақсарту
жүйесіндегі жұмыс өніміне айналады, яғни
мұндағы топырақ ылғалдылығы өсімдік
үшін қажетті мөлшерде болатын және топырақ талап
ететін шамаға тең болады.
Суды
үнемді пайдаланатын технологияларды экологиялық-мелиорацияға
ендіру мәселелерін шешудің кепілдік ретінде су қорлары
тапшылығын анықтау қажеттілігі және ондағы суды
тұтынудың қатал ережесі мен оны бақылаудың
талаптары күтіп тұр. Судың құрамын ластанушылардан
(тұздану, ауыр металдар) жоғары тиімділік әдістері мен
тазалауды қолдану және оның сапалығын жақсарту,
суды бірнеше рет қайталап беру жүйесін өндіріске ендіру.
ПӘК жүйесін арттырып, суды пайдалану мөлшерінің
ғылыми негізделуін дәлелді ақпараттармен тұжырымдау
қажет.
Үшінші
жүйе экологиялық-мелиоративтік құбылыстар
қарастырылатын әр түрлі деңгейдегі табиғат –
алқаптарының көп салалығы. Сонымен қатар
өнделген жерлердегі егіншілік табиғат - өндіріс
жағдайларын қарастыратын, гидрологиялық,
гидрогеологиялық, геохимиялық топырақ түзуші –
экологиялық тіршілікті байқататын т.б. құбылыстар
енеді.
Жерді
жақсартудағы экологиялық қауіпсіздік сауалдары
және оларға енетін алқаптар, мәселен ауыл
шаруашылығына пайдалы жерлерді тасымалдау, егілетін жерлер
құрылымын жетілдіру, жоғары өнімді өсімдіктер
сортын ендіру, оларды өсірудің қарқынды технологиясы,
мелиорацияда жасалған, толық деңгейде пайдаланған
жағдайлардың мәселелері, сондай-ақ, экологиялық
жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары басты
бағытта болуы қажет .
Гидромелиорация
– табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі құрамдас
бөлігі, оның мәні – қоршаған ортаны
қорғау мен табиғат қорларын пайдалануда дұрыс
шешімді анықтау. Гидромелиорация өзінің тіршілік болмысында
экологияны береді. Ол тек топыраққа ғана емес,
геологиялық ортаға, жер асты ыза суларына, сулардың
гидрология және геохимиясына, жер беті қабатындағы
атмосфераға, жануарлар мен өсімдіктер элементіне т.б. экожүйе
компоненттеріне әсер етеді. Сонымен қатар кең масштабта
гидромелиорация экологиялық жағдайдың нашарлауына
әкеледі. Мәселен, топырақтың тұздану
дәрежелеріне сай игерілетін аудандар мөлшерден тыс болуы,
тұщыландыру мерзімдері – топырақтың физикалық
қасиеттерімен судың топырақ бойына сіңіріп,
өткізу қабілеттілігіне, т.б. тұздың химиялық
құрамына тікелей әсер етеді яғни, ерітіндіге түсу
күйіне байланысты, шаю мөлшерлері топырақтың
тұздану дәрежесі мен химиялық құрамына,
өзеннен алынатын судың көлеміне (шаю мөлшерлері, нетто,
брутто шамасына сай) және минералдылығы ескерілуі керек. Шаюдан
кейінгі тұздың мүмкін болатын құрамы оның
химиялық құрамына тікелей байланысты.
Қорыта
айтсақ, ауыл шаруашылығы пайдаланатын құнарлы жерді
күтіп баптау, ластанудан қорғау өсімдік тамыры
жайылған қабаттағы қарашіріктің толық
қорын сақтау, экологияның көп салалы қажетті
тәсілдерін жасап, қоршаған ортада (ауа, су, жер,
өсімдік, жануар және ландшафтты) жаңа технологияларды тиімді
қолдана отырып, биогеоценоздың (экожүйенің)
қалыптасу әсерлерін – жергілікті, аймақтық және
ғаламдық шеңберде талдап, табиғаттағы
экологиялық тұрақтылық күйін анықтап,
нақты деңгейін білуіміз қажет.
Әдебиеттер
1.Справочное
руководство гидрогеолога//Под ред.В.М.Максимова,том 1,1979,
Ленинград,С.242-245 .
2.Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы
геоэкожүйелердегі
тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы, Тараз ,2010,Б.208-209.