Арыстанова Ш.С., к106-12 студенті Злаева А.
Шымкент қаласы, Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты
ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
XXI-ғасырда әлемдік өркениет
төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты
дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан
меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің
III-съезінде: «Құрылымдық өзгерістер
мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып,
дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы
қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы
білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама
емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс,
бұл-уақыттың талабы» - деген еді [1]. Олай болса, мектеп
оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық
қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық,
ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан
сусындату-қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып
табылады.
Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп
қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық,
көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық
танымдарын дамыту үшін көптеген сыныптан тыс өткізілетін музыкалық
жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы
сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып,
жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін,
икемділігін, қасиетін дамыту керек.
Қазіргі мектеп оқушылары өнердің қай
түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласпен
айналысады. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда,
аспаптық үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би
үйірмелері ұйымдастырылған.
Мектептегі
педагог-музыканттың міндеті–мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізумен
ғана емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің
жеке басы үшін, сондай–ақ қоғам үшін пайдалы
болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы
үздіксіз сипатта болатынын ескере отырып, оның іске асуы тек
сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс
жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен
ұштасады. Ол әлбетте сыныптан тыс
және мектептен тыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -
тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз
етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің
басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың
мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие
жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие
әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең
көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан
тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін
болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс
әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді,
оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін
байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын
қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда
әрекеттің әртүріне қатысты
қызығушылығының дамуына, оған белсенді
қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге
нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие
жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара
қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни,
оқу, еңбек әрекеттерінде және
қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара
ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға,
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге
тәрбиелейді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен
өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу
болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін,
құралдары мен мазмұнын және бағытын
таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған
өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне
күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда
тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін
бақылауға ғана мүмкіндік береді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы
оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос
уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі
және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен
жұршылық өкілдері қатыстырылады [2].
Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстарын
негізгі үш топқа бөліп топтастыруға болады:
-оқушылармен жеке жұмыс ;
-түрлі үйірмелердегі, клубтар мен
қоғамдардағы шығармашылық бірлестіктердегі топпен
жұмыс;
-балаларды үлкен ұжымдарға
қатыстыратын көпшілік іс-шаралары [3].
Сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың
көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру.
Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік
мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық
тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка
тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен
өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және
түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін
дұрыс ұйымдастыру оқушыларды тәрбиелеудің
бірден-бір тиімді жолы. Осындай үйірмелерде арнайы жүйелі жоспарланған
жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай үйірмелерге: хор
үйірмелері, домбыра мектебі (баян, фортепиано т.б), би үйірмелері
т.б. жатады.
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық
тәрбие жұмысы педагог-музыканттың жетекшілігімен
ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда педагог-музыкант
балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, музыкалық
қабілет нышандарының даму деңгейлерін есепке алып, жергілікті
жердегі балалардың шығармашылық орталықтарымен,
театрлармен, музыкалық қоғамдармен және баска да
музыкалық тәрбие беретін қоғамдық
инфроқұрылымдармен, ата-аналармен біріккен жұмыстарды
ұйымдастырады. Сонымен бірге, педагог-музыкант оқушылардың
сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін
қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың
музыкалық іс-әрекеттері түсірілген бейне жазбаларды
үздіксіз басылым беттеріндегі материалдарды, мақтау
қағаздары мен дипломдарының көшірмесін жинастырып,
фотоальбом, қабырға газетін, көрме ұйымдастыруына болады.
Мектепте сыныптан тыс
жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр,
ансамбльдер), жаппай көпшілік формалары, мерекелер, мәдени
тынығу.
Педагог-музыкант өз
сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес,
музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші,
мерекелік кештерді, концерттерді, түрлі үйірмелерді, сабақ
пен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды байланыстырушы бола білуі
қажет. Мысалы солардың
бірі-сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі
ең сүбелі сала, танымдық, тағылымдық мәні
зор лекция-концерттер ұйымдастыру.
Лекция-концерт оқушыларды
өнердің сан қилы салаларымен, сазгер
шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші
күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка сабағынан алған
мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі
қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға
музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік
бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған
кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге
мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару
музыка құдіретін жастай ұғынуға бала
жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып
қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Бұл жерде
педагог-музыканттың шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды.
Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға
нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте тартымды жеткізе
білу - педагог-музыканттан өте білімділікті, тапқырлықты
талап етеді. Міне, сондықтанда болашақ педагог-музыканттың
жоғары оқу орны қабырғасында жүрген
кезден-ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.С.Раймбергенова,
Ұ.Байбосынова. Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып
мұғалімдеріне арналған. - Алматы: Атамұра, 2006.
2.Р.Қ.Дүйсембінова.
Музыкалық білім беру педагогикасы.
-Талдықорған., 2006.
3.А.Көпбаев., М.Сағымбеков. Мектептерде өткізілетін
лекция - концерттерді ұйымдастыру. – А., Мектеп, 1994.