М.С.
Тулегенова, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан
МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА
САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
«Жалпы білім беретін мектептердегі
музыкалық тәрбиенің басты міндеті – мектепте музыканы
ғана үйрету емес, музыка арқылы оқушылардың ішкі
дүниесіне, ең алдымен, адамгершілік қасиетіне әсер ету»
деп көрсетеді белгілі композитор Д.М.Кабалевский [1].
Қазіргі заман талабына сай музыка маманының
алдына көптеген талаптар қойылуда. Кез-келген
мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болатын музыка
мұғалімінің де
өзіне тән “құпиясы”
бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық
ізденісте жүреді. Өйткені, ол оқу-тәрбиелік жұмыстарын
жүзеге асыра отырып, оқушылардың көзқарастарын,
сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек
жан-жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы
меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке
тұлға болуы тиіс. Музыка өнері арқылы оқушыларды
тәрбиелеуде, оның дүниетанымының,
көзқарасының, түсінігінің мәнділігі
қажет. Музыка мұғалімінің бойында зерттей білу
дағдылары болуы тиіс. Ұстаз музыкалық шығармаларды
оқушыларға тыңдатып талдайды, сонымен қатар жас
буынның музыкалық қабілетттерін ескере отырып, оқушылардың
музыканы қабылдауларын зерттейді. Мұғалімнің балалармен
тіл табыса білуі, іскерлігі болуы тиіс. Мұғалім тек
музыкалық шығармаларды
орындап қана қоймай, сол шығарма жайында
әңгімелеп, сазгердің шығармашылығына,
музыкаға деген өзінің көзқарастарын айта отырып,
балалардың көңіл күйіне әсерін тигізуді
ойластыруы керек. Мұғалімнің балалар алдындағы
беделінің артуы оның талап қоя білуіне, ісіне мән
беруіне байланысты. Орынды қойылған танымды сұрақтар -
оқушыларды ойландырып музыкалық шығармалар жайында
өздерінің ой пікірлерін айтуға бағыттайды, белсенділік
танытып қиялын дамытады. Мұғалім бойындағы
ұйымдастырушылық қабілетінің болуы оның
жұмысының жақсы жетістіктерге жетуіне әсерін тигізеді.
Осы қабілетімен балалардың әртүрлі іс-әрекеттерімен
қызыға айналысуына күш
жұмсайды. Мұғалімнің шығармашылығы
оның педагогикалық ізденістері мектептегі алғашқы музыка сабақтарынан
басталады.
Музыка сабақтарында оқушылар
әнді дұрыс айту дағдыларын
игереді. Бұл салалардың әнді ырғағына,
ықшамына келтіріп айтуына, олардың дауысын сақтауға
жәрдемдеседі, - деп көрсетеді оқу бағдарламасында [2].
Ән нотамен жазылады.
Әннің сөздері буынға бөлінеді, ноталардың
астына жазылады. Әнді дауыстап айтуға да, музыка аспаптарымен
ойнауға да болады. Жас балалардың дауысы жіңішке,
үлкендердің дауысы жуан болады. Әнді бастар алдында демді
ішке алған дұрыс. Бастап кеткен соң сөз араларында дем
алмау керек. Ән салғанда ретсіз қатты айқайлаудың
керегі жоқ. Әнді хормен қосылып айтқанда барлық
оқушы бірден бастап, бірден бітіргені дұрыс.
Бастауыш сынып сынып оқушыларына
ән айтқанда денені еркін ұстап, түзу тұруды
үйрету керек. Ауызды бірқалыпты ашып, дыбысты анық
шығаруға дағдыландырған жөн. Әнде
кездесетін дауысты дыбыстарды созып, ал дауыссыз дыбыстарды қысқа,
анық шығарып айтқан пайдалы, әрі ыңғайлы.
Әннің әр сөзін
айқын, дәл айтып, демді дұрыс алуға оқушыларды
жаттықтыру керек. Хорға қосылғанда әнді
жасқанбай, қатты айқайламай, әр оқушы
әннің сөзін сазымен айтып, жанындағы
оқушылардың дауысына дауысты қоса білу керек. Хорға
қосылып оқушылар ән айтқанда хорды басқарушы
дирижердің қол қимылдарына қарап, оның
айтқан тілектерін, көрсеткен кемшіліктерін бұлжытпай
орындауды үйрету керек. Ән айтқанда, оқушыларға
оның не туралы айтылғанын сөз мағынасын жете
түсіндіріп, орындату пайдалы.
Музыкалық сабақтарды шығармашылық
ізденісте жоспарлауы,мұғалімінің тәжірибесін толықтырып,
мұғалімнің проектілеушілік, конструктілеушілік шеберлігін
арттырады. Оларға: оқу-тәрбиелік міндеттерді алдын-ала
болжап, әрбір сабақтың міндеті мен мақсатын
анықтау, оларды шешудегі қажетті тәсілдерді ойша
жүгіртіп, қолайлы қиылыстырудағы
әдіс-тәсілдерді табу жатады. Мұғалімнің
балалармен тіл табыса білу іскерлігі болуы тиіс. Мұғалім тек музыкалық
шығармаларды орындап қана
қоймай, сол шығарма жайында әңгімелеп, балаларды музыка
тарихымен таныстырады. Мұғалімнің балалар алдындағы
беделінің артуы білімінің тереңдігіне, мәдениетіне,
ұстаздық қабілетіне байланысты.
Тақырыптарды ашу барысындағы танымдылық
сұрақтарды қоя білу мұғалімнің тіл
байлығы мен педагогикалық шеберлігіне, іскерлігіне байланысты.
Орынды қойылған танымдылық сұрақтар
оқушыларды ойландырып, музыкалық шығармалар жайында
өздерінің ой-пікірлерін айтуға бағыттайды,
қиялдарын дамытады. Ұстаздың
белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны
бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен
көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол
оқушы қабілетінің артуына игі әсерін береді.
Музыкалық қабілеттің,
яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің айтарлықтай
өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның
ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш сезімін тудырып,
оның шығармашылық
қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.
Жағымды үлгі көрсету,
музыка өнеріне деген сенімділік білдіру, жаттығулар көрсету,
олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі,
ән-күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз. Ән-күй сабағына кешенді
әдістемелер қолдану, ұстаздың белсенді музыкалық қызметі, сабақтың
барлық элементтерінің
тұрақты қолданылуы оқушылардың музыкалық
мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі
әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр
сабақтың мақсаты мен міндетіне, ұстанымы мен
мазмұнына байланысты өзгеріп
тұрары анық.
Мектепте үйренетін
ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:
1)Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады.
2)Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын
тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.
3)Үйренетін
әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту,
оқушы қиялын ұштау.
4)Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.
5)Ән-күймен
танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін,
музыкалық көркем бейне беретін
негізгі мәнерлерін анықтау.
6)Көркемдік
және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену кезеңі.
Вокалдық шеберліктің, әннің көркемдік бейнесін ашуға
қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі
сөздік, түсініктеме беру ұстаздың сабаққа дайындығы, оның педагогикалық
іскерлігіне, шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты.
Әнді жаңадан үйрену
жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге
болады:
1) Ұстаздың өзі
орындап көрсетуі.
2)
Ноталық жазбаны қолдану.
3) Ән әуенін жай екпінде,
жеке фраза, шумақтармен үйрену.
4) Ән интонациясы мен
ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты
қадағалау.
5) Әннің кейбір қиындау
жерлерін жеке бөліп қарау.
6) Ән мәтінінің логикалық
шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.
7)
Ұстаз бен оқушының әнді орындау жоспарын ойластыруы.
8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын
жазып отыру.
9) Екі,
үш дауысты әндерді үйрету әр дауысты жеке
көрсетуден басталуы керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.
10)
Ұстаздың дирижерлік әдістерді қолдануы ән
үйрену кезеңін жеңілдететіні сөзсіз.
Оқушылардың музыкалық
қабілеттерін дамыту әдістемелері:
Ұстаз оқушыларға
музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық
есту өнерінің негізгі екі түрі болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті
естілген, әуен-сазды дәл қайталау
арқылы көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар
(аккордтар) үндестігін ажырата білумен байқалады. Есту
қабілетінің осы екі түрін де арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады. Музыкалық есту
қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға,
шығармалардың дыбыстық кұрамын,
ырғактық, тембрлік ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін
анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі
әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын, дыбыстық
ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі,
таза айтып, оның ладтық ерекшелігін
айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму дәрежесін
көрсетеді. Әннің
ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық ойындар,
түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар,
шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже
береді. Ырғақтық сезімнің эмоциялы, моторлы
табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн. Оқушылардың
музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту
үшін халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың,
қазіргі заманғы авторлардың
шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Оқушылардың
музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін
халықтың карапайым әуен-саздарын,
мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б.
қолдануға болады. Музыка сабақтарында ұстаздың
өзі ән айтып, аспапта ойнап,
көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға
беретін маңызы мен тәрбиесі өте өлшеусіз екені
анық. Оқулықтағы
музыка сауатына берілген тақырыптар әр сабақтың
соңында тұрақты өткізілгені жөн. Сонда музыкалық сауаттың білімдік деңгейі
сатылай жүретін болады. Мұғалім мен
оқушылардың өзара әрекетінің жолдары сапалы
оқыту үрдісінде қызығушылық,
құштарлық принципінде көрінеді.
Мысалы, айтылған немесе
үйретілетін ән-күйлердің сюжеттік суреттемесін айтып беру, олардың дыбыс күшімен нені
бейнелейтінін әңгімелеу оқушылар үшін өте
қызықты болатыны сөзсіз. Музыкалық тілдің жеке
элементтері жөніндегі берілетін білім
(мысалы, метр, екпін, регистр, дыбыс
биіктігі мен ұзақтығы) жалпы
музыка сабағында айтылуға тиіс. Музыка өнерінің
негізгі жанрлары, сазгерлердің, орындаушылардың өмірбаяндары,
шығармалардың шығу тарихы сияқты негізгі
такырыптарға қосымша ретінде үйретілгені өте тиімді келеді. Музыкалық сауаттың негізгі элементтерін үйрету барысында
олардың ұстаз тарапынан өзінше көркемделе
түсіндірілуі тақырыпты меңгеруді әлдеқайда
жеңілдететіні сөзсіз. Мысалы, марштағы метрлік үлесті
аяқ алу ырғағымен, түрлі ладтык жүйені
жарық пен қараңғыға теңеу, дыбыс сазын
түрлі бояулармен ұқсастыру ұстаз еңбегінің жемісті болуының бір
кепілі деуге болады.
Көрнекті музыка қайраткері
Б.В.Асафьев: «...Әрбір музыкалық элемент, термин түсіндірілуі
үшін оған оқушының алдын ала алған өзіндік
хабары болуға тиіс», - деп жазған [3]. Мысалы,
оқушылардың «Музыкалық ладтар» тақырыбын тез
меңгеруі үшін оларға мажор мен минорды көп тыңдаттырып, дыбыс бояуын ажырата білуіне
жаттықтырған өте пайдалы. Музыка сабағында
түсіндірілетін ноталық сауат белгілері оқушылар санасына олардың есте сақтау
қабілетін ауырлатпай, жеңіл қабылдануын ұстаздар
қауымы үнемі есте ұстағаны лазым. Осындай
әдістердің барлығы да ноталық
сауат элементтерің белгілі бір музыкалық бейненің қалыптасуына
қызмет ететінін нақты түсінуге көмектеседі.
Музыкалык сауат үйрену, жалпы музыка
сабағын өткізу барысында оқушылардың музыка
әуен-сазын қабылдау деңгейіне барынша көңіл
бөлген жөн. Музыканы өзінше қабылдап түсіну
оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуының
негізі болып табылады.
Музыкалық өнерді, оның ішінде ән
сабағын тек тәрбие құралы деп түсінуге болмайды.
Сонымен бірге ол тарихи-мәдени білім берудің негізгі жолы ретінде
де қарастырылуы тиіс. Оқу мен тәрбие егіз болса, оның
бірін алып, екіншісін қалдыруға болмайды.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің
негізі – ұлттық дәстүрде. Қазақ
халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін
зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше
маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің
өзіндік ерекшелігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген
музыкалық шығарма характері, құрылымы, мазмұны,
жанры, стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде
тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші
кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,
әуенді музыкалық құралдардың
айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші
кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне
жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу
және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс
барысы мұғалімнің кәсіби білімін, іскерлігін талап
етеді.
Ән сабағы арқылы ұлттық
музыка үлгілерімен таныстыруда бағдарламалық тізіммен
ғана шектелуге болмайды. Бірінші сабақтан музыкалық репертуарды
кеңейту, тереңдету, байыту мақсатын жүзеге асыруды
ойластырған жөн
сияқты. Осыған орай музыкалық шығармалар
оқушылардың жалпы білімінен эстетикалық санасына,
мәдениетінің жан-жақты өсуіне ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, музыка мұғалімі жұмысына қажет
орындаушылық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру
мақсатында вокалдық шеберліктің дамуын оқытуға
мүмкіндік туғызуға тиіс [4].
Қорыта айтқанда, мектептегі барлық
пәндер сияқты музыка
сабағы да оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүние танымын
дамытып, ой-өрісін кеңейтуді
сонымен қатар, музыка саласында
білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда, музыка сабағы өнер
сабағы болғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері
және атқарылатын міндеттері бар. Оқытушы сабақта
жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке түрлерін
алмастыра білуі тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кабалевский Д.М. «Воспитание ума и
сердца». Москва, 1984, 6-бет
2. Бастауыш мектеп оқу
бағдарламасы. Алматы, 1969, 128-бет
3.Асафьев Б.В. «Музыка Казахстана»
кн.музыкальная культура Казахстана,
Алма-Ата, 1955. стр. 6
4. Абдуллин Э.Б. «Народное образование», Москва, 1972, 8-бет