ӘОЖ: 373.4
Сарыбекова
Қ.Н.
Тараз мемлекеттік педагогика институты, п.ғ.к., доцент
Шағын жинақталған мектептерде оқытудың
ерекшеліктері
Ғылым - әлемді танудың қайнар көзі болса,
негізгісі – білім. Ал, білімнің іргетасы мектепте қалыптасады.
Мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды
оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске
асыруына, белсенділігін жетілдіруіне, қызығушылығын,
қабілетін арттыруда қолайлы
жағдай туғызатын негізгі буыны. Мектептегі тұтас
педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жетуі үшін,
оның оқу-тәрбие үрдісі заман талаптарын
қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы,
ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі
тиіс.
Ұстаздың шеберлігі -
талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол
басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын
мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл
ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы
асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға
болады. Шағын жинақталған мектептердің проблемасы
көп, бастауыш және негізгі мектептердің жағдайы
төмен. Материалдық-техникалық базасы мен көрнекі
құралдары нашар. Арнайы жабдықталған пәндік
дәрісханалар мен зертханалар да жоқтың қасы. Интернет
желісінің жұмыс істеу сапасы төмен, тіпті шалғай
ауылдарда қосылмаған, кітап қоры аз, оның ішінде
мұғалімдерге қажетті инновациялық технологияға
байланысты әдістемелік құралдар мен материалдары
қолданыста жоқ деуге де болады.
Кадрлар тапшы, мұғалімдердің
кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстарынан неше жылда бір
өтеді. Бір пәннің
мұғалімі бірнеше пәннен сабақ береді. Оның
үстіне, бала саны аз болғандықтан, сыныптар топтастырылып
сабақ өтеді, оқушының бағдарламаны толық
игеріп, жан-жақты білім алу мүмкіндіктері төмен [1,23 б.].
Ауылдағы шағын жинақталған мектептерінің
жағдайының келесі бірі –
ондағы оқушыларға білім беретін көбі орта және
зейнетке шығатын педагогтар, жоғары оқу орнын бітіріп
шыққан жастар алыс ауылдарға бармайды, себебі жас мамандар
қалада табысты жұмыс істегенді жөн көреді.
Сонымен қатар 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшкен кезде шағын мектептерде сапалы білімді
қамтамасыз ету мәселесі алғашқы орынға
шығатыны белгілі.
Шағын комплектілі мектеп —
қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың
сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін,
Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен
анықталған қызметін
атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі [2,58 б.].
Бұл мектептер
шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды
тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені
отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып
тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік
жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл
типтердегі мектептерде
оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда кейбір
қолайлы жағдайлар бар
екендігін естен шығармауымыз
керек. Олар:
1. Ауыл
мектептерінде оқушының жеке
басының
психологиялық
ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр
оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай
шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге
мүмкіндік бар. Бұл
жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып
жоспарлауға мүмкіндік береді.
2. Оқушының тілек-талабы мен
қызығушылығына
бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және
факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туғызады.
3. Оқу материалын толық меңгеру -
оқушылар үшін өте күрделі
үрдістердің бірі. Білім беру
кезінде оқушының жеке басының ерекшелігін
нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға
арналған мүмкіндіктерді
пайдалануға болады.
4. Шағын комплектілі мектептерді оқушылардың өз
бетімен көбірек
жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды
жақтарын пайдалана
отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге,
қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу
мүмкіндіктерін үнемі есте
ұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім
дәрежесі мен қабілетін
ескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған
жөн.
5.
Сыныпта
оқушылардың
аздығы, олардың
әрқайсысының оқу
материалын
меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және
танымдылық
белсенділіктерінің
деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт
жеткілікті.
6.
Практикалық,
лабораториялық және экскурсия
сабақтарында
оқушыларды түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта
балалардың
аздығы қолайлы жағдай туғызады.
7. 0қушыларды еңбекке
баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға
үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол.
Өйткені олардың ата-аналары
ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан
еңбекке араласады.
8. Шағын комплектілі ауыл
мектептері оқушылардың бойына табиғатты қорғау,
оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда
қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар
[3,68 б.].
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын
бәсекеге қабылетті тұлға ретінде тәрбиелейтін
жаңа мазмұнды педагогикалық жүйе ұстаздар мен
тәрбиеленушілердің өзара үздіксіз
ынтымақтастық қарым-қатынастарымен әлеуметтік
маңызды формада оқу-тәрбиелік жұмысын атқарғанда
ғана жүзеге асады. Бұл үрдісте ол
мұғалімнің басқаруыменен оқушы балаларда
қазіргі нарықтық
өмірге, басқа елдермен бәсекелестікке қажет білім,
дағды мен іскерлік тәжірибелерін жүйелі сипатта
қалыптастырады. Педагогикалық жүйе өзінің ішкі
және қайшылықтарымен диалектикалық дамуда болады. Ол
қайшылықтардың нәтижелі шешілуі мектеп
ұжымының үнемі ізденіп, қоғамдағы болып
жатқан өзгерістерге белсенді
араласуларын талап етіп, жасөспірімдерді өмірге жаңа
мазмұнды педагогикалық жүйемен біртұтас
тұлға ретінде дайындауды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Абильгазинов Г.З.Подготовка
будущего учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе.
Алматы, 2004,-220с.
2.Аскарбаева А., Храпченков Г.М. Содержание
и методы обучения в мало-комплектной школе.- Алма-Ата,: Мектеп, 2011,-87с.
3.Әбдірахманов
Б.М.Шағын комплектілі мектеп оқушыларын кәсіпкерлік-ке
баулудың педагогикалық жүйесі. Алматы, «Рауан»,2009,-218б.