Сарыбекова Қ.Н.
Тараз мемлекеттік педагогика институты, п.ғ.к., доцент
Ауылдық шағын жинақталған
мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру
Мектептiң оқу
бағдарламасынан тыс әртүрлi тәрбиелiк мәнi бар
сабақтан тыс уақытында жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыс
– оқу тәрбие жұмысының
құрамды бөлiгi болып табылады. Егерде сыныптан тыс
тәрбие жұмысы оқу жұмысымен дұрыс ұштасатын
болса, онда ол бүкiл тәрбие жұмысының жүйесiн дұрыс ұйымдастыруға көмектеседi.
Сыныптан тыс жұмыс оқу жоспарын толықтыра түседi,
ең алдымен балалардың
таланттары мен қабiлеттерiн неғұрлым толық
ашудың, олардың белгiлi бiр нәрсеге
қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы
ретiнде қызмет атқарады. Ол оқушылардың адамгершiлiк
мiнез-құлыққа жаттығуын ұйымдастыруын
адамгершiлiк мiнез-құлық тәрбиесiн
қалыптастырудың негiзi ретiнде қызмет атқарады.
Оның мазмұнын түрлендiру және белгiлi бiр iстердi
орындау үшiн балаларды әртүрлi орналастыру
мүмкiндiктерi оқушыларға жеке дара қатынас
жасауға өте үлкен мүмкiндiктер алады.
Сыныптан тыс жұмыстың
мазмұнына төмендегiдей негiзгi бағыттарды
жатқызуға болады: моральдық саяси тәрбие,
ғылыми-танымдық жұмыстар, еңбек техника бойынша
сабақтар және юннаттық жұмыстар: эстетикалық
және дене тәрбиесi. [1.25 б.]
Моральдық-саяси
тәрбие мектептiң бүкiл оқу-тәрбие
жұмысының өне бойына жүргiзiлуi тиiс. Моральдық -
саяси тәрбиенiң мектептiң бүкiл оқу –
тәрбие жұмысының өне бойына жүргiзiлуi тиiс.
Моральдық - саяси тәрбиенiң негiзгi мiндеттерi –
адамгершiлiктi, саяси ағартуды қалыптастыру, сонымен қатар
оқушыларды қоғамдық өмiрмен таныстыру.
Моральдық - саяси тәрбиенiң бұл элементтерi бiр –
бiрiмен байланысты.
Ғылыми –
танымдық жұмыстар мектеп оқушыларының
сабаққа жауапкершiлiгiн, ғылымға сүйiспеншiлiгiн
тәрбиелейдi. Сыныптан тыс жұмыстар процесiнде оқушылар
ғылым мен техниканың қазiргi жаңалықтармен
танысады. Соңғы жылдары ғылыми зерттеу жұмыстарына
қатыстыру кең өрiс алуда. Бұл сыныптан тыс
жұмыстардың перспективтi бағыттары болып табылады.
Эстетикалық тәрбие
бойынша жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды жан –
жақты дамыту мақсатында жүргiзiледi. Егерде оқу
жоспарында эстетикалық циклдегi пәндерге аз мөлшерде
сағат берiлетiнiн ескерсек, оқушылардың эстетикалық
бiлiм негiздерiмен тереңiрек қаруландыруда сыныптан тыс
жұмыстар ерекше роль атқарады. [2, 39 б.]
Сыныптан тыс
жұмыстардың мақсаты – дене тәрбиесiнен оқу
бағдарламасының дұрыс орындауына көмектесу болып
табылады.
Сыныптан тыс
жүргiзiлетiн
жұмыстардың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Оқыту
сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерiктi негiзде
өткiзiледi. Оның бiрiншi ерекшелiгi, мiне, осында. Оқушылар
ынта мен бейiмдiлiктерiне байланысты өз беттерiмен әр түрлi
үйiрмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз
қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын
жұмыстарға қатысады. Демек, ерiктiлiк, ең алдымен
сыныптан тыс түрлерiн еркiн таңдап алуды бiлдiредi. Педагогтар
және оқушылар ұжымының мiндетi – сыныптан тыс
жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны, әрине, ешқандай
мәжбүрлеусiз, атқару керек.
Сыныптан тыс жұмысты
ұйымдастырудың екiншi ерекшелiгi оның мiндеттi программалар
көлемiмен байланысты болатындығында. Оның мазмұны мен
формасы негiзiнен алғанда оқушылардың ынталары мен
талап-тiлектерiне жеткiлiктi жағдайларға байланысты болады.
Пәндiк және басқа үйiрмелердiң
бағдарламалары танымдық бағдарлық күйде болады.
Осы бағдарламалардың және методикалық
нұсқаулардың негiзiнде үйiрмелердiң жетекшiлерi
нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас
қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан
тыс жұмыстың ынтасы мен талап-тiлектерiне сай келетiндей етуге
мүмкiндiк бередi. [3.69 б.]
Оның үшiншi
ерекшелiгi жас шамасы әртүрлi оқушыларды
қамтылғандығы. Мектеп хорының немесе оркестрiнiң
көркемөнерпаздар үйiрмелерiнiң және спорт
ұйымдарының жас шамалары әртүрлi болып келетiн
құрамы сыныптан тыс ұйымдастыруға және
өткiзуге кедергi бола алмайды, әр түрлi сыныптардың
оқушыларын бiрiктiретiн үйiрмелерде ересектеу балалардың
өзiнен кiшiлерiн қамқорлық жасауларына, жолдастық
өзара көмектi өрiстетуге жақсы жағдай
туғызылады.
Сыныптан тыс жұмыстың
төртiншi ерекшелiгi онда өз бетiмен айналысудың басты
болуынан көрiнедi. Үйiрмелерде спорт ұжымдарында,
көркемөнерпаздар коллективтерiнде
балалардың өз бетерiмен жұмыс iстеулерiне кең
мүмкiндiктер берiледi. Оны әрине, педагоктар бағыттан
ажырады, бiрақ оқыту сабақтарынан ерекшелiгi-оны негiзiнен
мектеп оқушыларының өздерi ұйымдастырылады.
Қазiргi жағдайда сыныптан тыс тәрбие жұмысының
бесiншi ерекшелiгiнiң мәнi ондағы қоғамдық
пайданы iс әрекеттiң сыбағалы салмағының
артқандығында. Егер бiраз уақыт бұрын сыныптан тыс
жұмыста өзара сөйлесу және көңiл
көтеру формалары басым болып келсе, қазiр ол
қоғамға пайдалы мол бағытқа ие болып келедi.
Соның нәтижесiнде ол мектеп оқушыларына кәсiптiк
бағдар берудiң өте маңызды да ықпалды
құралы режимде көрiнiп отыр. Оның алтыншы
ерекшелiгi-формалар мен әдiстердiң саналуандығы сыныптан тыс
сабақтардың барлық формалары мен әдiстерiн салып
шығу өте қйын және мүмкiн де емес. Ең
алдымен өнерпаздар клубтарын және ғылыми
қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы
iс-әрекеттердi ұйымдастырудың, мектеп
оқушы-ларының мәдени дүниетанымын көтерудiң
формалары алуан түрлi болып түстi. [2,13 б.]
Қазiргi жағдайда
сыныптан тыс жұмыстың жетiншi ерекшелiгi оның
бұқаралылығы. Ол табиғатта техниканы, өнердi
сүйетiн жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды
қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтың
және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.
Сабақтан тыс
жүргiзiлетiн жұмыстардың әрқайсысының
өзiндiк ерекшелiктерi бола тұра, бәрiне бiрден ортақ
принциптерi де болады:
1.
Сыныптан немесе
мектептен тыс жұмыс түрлерiне оқушыларды қатыстыру
ерiктi түрде iске асырылады. Бұл жұмыстардың
қандай түрiне қатысқысы келедi, қай түрiн
қалайтынын оқушы өзi таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс
түлерiмен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды
қамту және олардың өз ынтасымен қызығуына
сол жұмыстар сәйкес болу үшiн (анкета тарату,
әңгiмелесу т.б. жолдармен) күн iлгерi оқушыларды
зерттеп бiлу қажет.
2.
Оқушы
қатынастырылған қандай жұмыстың түрi болса
да, оны қоғамдық бағыты болуы керек. Оқушы
өзi қатысып, айналысып жүрген iсiнiң қоғам
үшiн, адам өмiрi үшiн қажет, пайдалы iс екенiн бiлуi
керек.
3.
Сыныптан тыс жүргiзiлетiн
жұмыс түрiн белгiлегенде оқушы
ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына
сүйенген жөн. Бұл принцип әсiресе қазiр ерекше
көңiл бөлудi қажет етедi. Өйткенi қазiргi
халық белсендiлiгiн қажетсiнетiн бағыт жас
ұрпақтың өсуiне осы талапты ерекше қояды.
4.
Ұйымдастырылған
жұмыс түрi оқушылардың белсенiп қатысуын
тiлейтiндей, iзденушiлiкке итермелейтiндей болуы керек.
5. Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл
түрiнде романтика және ойын басым болу керек. Көбiнесе
қызығушылық пен эмоциялық әсер етерлiктей
болғаны жөн.
6.
Нәтижесi
болуы үшiн жұмыстардың нақты белгiленген күнi,
мерзiмi немесе айқын жасалған жоспары болу керек [3.78 б.].
Шағын жинақталған мектептердің алдына қойған
мақсаты оқу үрдісінің жоғары нәтижесіне
жету үшін озық үлгі тәсілдерін кеңінен насихаттап,
әр ұстаздардың тәжірибелерін молайтуға
бағытталған.
Оқытудың жаңа
технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан кейін оны оқу
мазмұны, оқушыларды жас және психологиялық
ерекшеліктеріне қарап таңдап пайдаланудың маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе.-Алма-Ата,
«Мектеп», 2004,-134с.
2. Аскарбаева А., Храпченков Г.М. Содержание и
методы обучения в мало-комплектной школе.- Алма-Ата: Мектеп, 2011,-87с.
3. Особенности педагогического процесса в
малокомплектной школе: Из опыта работы (Под
ред.П.Т.Фролова,-М.:Просвещение,2011-160с.