УДК 373.24

 

Отбасы  мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекетінің жаңа философиясы

 

Қарағанды қаласы «Балақай» балабақшасы

Абдикаликова Мейраш Турсыновна, Сулейменова Айгуль Касеннова

 

Отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің өзара әрекеттестігінің жаңа философиясы негізіндегі пікірге сүйенетін болсақ, онда балалар тәрбиесіне жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі, ал қалған барлық әлеуметтік институттар оларға көмекші құрал ретінде қолдауға бағыттап, олардың тәрбиелік әрекетін толықтырып отыруы керек. Сонымен, осыған дейінгі ресми жүзеге асатын отбасылық тәрбиенің қоғамдық тәрбиеге ұласу саясаты артта қаладаы. Оның негізгі мәні оның негізін салушылар марксизм мен ленинизмнің атақты формуласында көрсетілген: «Барлық балалардың тәрбиесі ана күтімісіз өмір сүретін жағдайға жеткеннен бастап мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттің есебінің жауапкершілігінде» дейді.

Көп жылдар бойы кәсіби педагогикада отбасы мен үй тәрбиесіне қатысты жалған көзқарас қалыптасқан. Олардың санасына ата-аналар педагогиканы жете білмейді, яғни бұл саладағы тәрбиеден хабарсыз деген ой бекіп қалған. Осылай бола тұра мұндай кәсіби педагогтар сондай «жете білмейтін немесе құзырлықсыз» ата-аналарға балаларды тәрбиелеудің тәсілдерімен, мазмұнымен таныстыруға талпынған жоқ[1]. Балабақша жұмысына ата-аналар тек мекемені жинауға көмек талап етілген кезде, көгалдандыру мерзімінде, жөндеу уақытында ғана және оларды мейрам мен жиналыстарға шақырғанда ғана қатыстырған. Ал қалған күндері балабақшаның есігі олар үшін жабық болған.

Педагогтардың міндеті, отбасыны бақылау, олардың қателіктері мен кемшіліктерін көрсетіп отыру керек деп есептеген. Осының нәтижесінде отбасымен жұмыстың әр түрлі тәсілдері мен формалары қалыптасты (жиналыстағы құрылымдық хабарламалар, кеңестер, хабарламалық стендтер және т.б.). Бұл педагогтардың ата-аналармен қатынасы кезіндегі көптеген қателіктерді аңғартуға алып келді (баланы бағалаудағы асығыстық, әңгімелесушіні кемсітушілік, оның көңіл-күйін, жалпы жағдайын, өмір тәжірибесін ескермеу немесе елемеу). Көрсетілген қателіктер, ұқыпсыздықтар – педагогтардың қарым-қатынасты дұрыс орнатуды жете білмеушілігінің куәсі, яғни бұл оның іс жүзінде педагогикалық жете білмеушілігін көрсетеді. Көп білу жеткіліксіз, себебі сол білгенді біреуге айта білу керек. Педагог ерекшеленуі керек, тәрбие үрдісі кезіндегі бала санасына әсер ету арқылы тәрбиелеуімен.

Отбасы тәрбиесінің приоритетін мойындау отбасы мен мектепке дейінгі мекемеге деген қатынастың басқа түрлерін талап етеді. Бұл қатынастардың жаңашылдығы «қызметтестік» және «өзара әрекеттестік» ұғымдарымен анықталады. Бұл ұғымдардың мәнін еске түсіре кетсек:

Қызметтестік – бұл теңдік қатынасы, яғни бұл жерде ешкім бұйыра, бақылай, бағалай алмайды.

Өзара әрекеттестік – бірлескен әрекетті ұйымдастыру тәсілін ұсынады, яғни мұнда әлеуметтік перцепция және қарым-қатынастың көмегі негізінде жүзеге асырылады. Өзара әрекеттестік нәтижесі болып, өзара қатынас анықталады. Ол ішкі және жеке өзара әрекеттестіктің негізі бола отырып, адамдардың қатынасын, олардың өзара әрекет ету қалпына тәуелді болады. «Отбасы – мектепке дейінгі мекеме» - бұл педагог пен ата-аналардың отбасыдағы бала тәрбиесі үрдісі кезіндегі қиындықтар мен қуаныштар, сәттілік пен сәтсіздік, күмәндану және т.б. жағдайлар кезіндегі жеке өзара әрекеті болып табылады.

Баланы түсіну үшін, баланың жеке бас мәселесін шешу, оның дамуына жол ашу үшін бір-біріне көмектесу сияқты қасиеттер жоғары болады. Ата-аналардың педагогтардың қатынасының жаңа формасына өтуі жабық балабақша шеңберінде немесе көлемінде мүмкін емес. Ол үшін ол ашық жүйе болу керек. Шетелдік және отандық зерттеулердің нәтижесі мектепке дейінгі мекеменің ашықтығының қалай қалыптасқандығын сипаттап беруге мүмкіндік береді. (іштей ашық және сырттай ашық).

Мектепке дейінгі мекемеге «іштей ашықтық» беру – педагогикалық үрдістің айтарлықтай еркін, дифференциалды және балалар, ата-аналар, педагогтар арасындағы қатынастың адамгершілікті болуымен сипатталады. Тәрбие үрдісіне қатысушыларда (бала, ата-аналар, педагог) мұндай шарттарды құру кезінде, оларда белгілі бір мерекелерде өздерінің қуанышы, сәттілігі және сәтсіздігі жайлы айтып, өз-өзін ашуға деген жеке дайындық пайда бола бастаған[2].

Ашықтық үлгісін педагог жариялайды. Мысалы, демалыс күндерінен, мерекеден кейін педагог балалармен әңгіме жоспарлайды. Мұнда олар қайда болды, не көрді сол жайында айтады. Кейбір кездері мұндай әңгімеде баланың қызығушылығы болмай, сұрақ қою арқылы ғана өтеді. Қызықсыз болған жағдайда, педагог баланы әңгіме тарту үшін өзінің демалыс мереке күндері басынан өткізген қызықты сәттерін айтып, тәрбиеленушіні әңгімеге тартады. Педагог өзінің демалыс күндерінен кейін балаларға фото-суреттерін алып келіп көрсетіп, оларға бау-бақшасынан алып келген алмасын беріп, оларды өздерінің жазғы демалыстарында ата-аналарымен қайда болғаны, не істегені туралы әңгемеге тартады.

«Балабақшаның ішкі ашықтығы» - бұл ата-аналарды балабақшаның білім беру үрдісіне кірістіру. Ата-аналар, отбасы (отбасы) мүшелері мектепке дейінгі мекемедегі балалар өмірін айтарлықтай түрлендіре алады. Бұл эпизодтық шара түрінде болуы мүмкін. Бір ата-аналар экскурсияны, жақын маңдағы тоғайға, өзенге баруды ұйымдастырса, екіншілері педагогикалық үрдісті жабдықтауға көмектеседі, ал үшіншілері – баланы қажетті жағдайға үйретеді. Кейбір ата-аналар мен отбасының (отбасының) мүшелері балалармен жүргізілетін білім беру, сауықтыру сияқты жүйелі өткізілетін жұмыстарына қатысады. Мысалы, олар үйірме ұйымдастырып, балдырғандарды салт-дәстүрлерге үйретеді.

 «Балабақшаның сыртқы ашықтығы» - балабақшаның микросоциум әсерінен ашылғандығын білдіреді, яғни мұнда ол өзінің микрорайонының әсерінен өзінің шекарасында орналасқан әлеуметтік институттар мен қазметтестікке дайын болады. Мысал ретінде бұған жалпы білім беретін мектепті, ән-күй мектептерін, спорт мектептерін, кітапхананы және т.б. жатқызуға болады. Осылардың ішінде кітапханада «кітап мерекесі» өткізіледі[3]. Онда балабақшаның ересек тәрбиеленушілері қатысады, ән-күй мектептерінің оқушылары концерт береді, балалар, қызметтестер және ата-аналар аудандық шараларға қатыстырылады. Мысалы, мерекелерде балалардан, қызметтестерден, ата-аналардан тұратын хорлар ұйымдастырылады.

Микросоциумдағы балабақша жұмысының мазмұны әр түрлі болуы мүмкін, көбіне ол оның өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы. Отбасылық тәрбиенің приоритетін мойындау балабақша мен отбасының жаңа қатынасын талап етеді.  Бұл қатынастардың жаңалығы «бірігіп жұмыс жасау», «өзара әрекеттесу» сияқты ұғымдармен анықталады.

Бірігіп жұмыс жасау – бұл тең дәрежеде қатынас жасау, мұнда ешкім бұйрық беріп бақылап, бағалай алмайды. «Отбасы – Мектепке дейінгі мекеме» деген контекстегі бастысы – сәттіліктер, сәтсіздіктер, сенімсіздік, белгілі бір отбасындағы баланы тәрбиелеудегі қиындықтар. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек.  Шетелдермен отандық зерттеулерге қарағанда  Мектепке дейінгі мекеменің «ішкі ашықтығы», «сыртқы ашықтығы»  түрлерін түсіндіреді.

Балабақшаға  «ішкі ашықтық» беру дегеніміз – педагогикалық процессті еркін,  дифференционалды қылу, балалар, педагогтар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру. «бала-бақшадағы ішкі ашықтық» - бұл білім беру процессіне ата-аналарды қатыстыру. Ата-аналар, отбасы мүшелері МДМ-де балалардың өмірін түрлендіруге көп үлес қоса алады.Бұл әр отбасы жасай алатын эпизодтық іс-шара болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар,отбасы мүшелері өткізілетін оқыту, денсаулық шараларына қатысады. Мысалы, үйірмелер ұйымдастырады, театрлық жұмыстарға қатысады[4].

Осылайша, мектепке дейінгі мекеме жұмысына ата-аналардың қатысуынан барлық субъектілер ұтады. Ең бастысы балалар. Тек қана жаңаны біліп қоймайды, ең маңыздысы олар көп қызықты нәрсе білетін, қолы алтын ата-аналарын, апаларын, аталарын одан сайын жақсы көріп, құрметтейді. Педагогтар, өз кезегінде  отбасыларды жақсы тануға, үйдегі тәрбиенің мықты және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік алады, үйренеді.

«Балабақшаның сыртқы ашықтығы» дегеніміз балабақша микросоциумның, өз микроауданының әсерін қабылдауға дайындығы, территориясында орналасқан соционалдық институттармен яғни, жалпы орта мектеппен, музыкалық мектеппен, спорттық кешенмен, кітапханамен т.б.  бірігіп жұмыс істеуге дайындығы. Мысалы кітапхана көлемінде «кітап мерекесі» өтеді, оған балабақшаның ересек топтағы балалары қатысады, музыкалық мектептің оқушылары бала-бақшаға келіп концерт қояды, ата-аналар, балалар, қызметкерлер аудандық іс-шараларға қатысады.

Балабақша ашық деклорациялық жүйеге айналу үшін ата-аналар мен педегогтар психологиялық сенімді қарым-қатынаста болу керек, ата-аналар педагогтың балаға деген қатынасы жақсы екендігіне сенімді болу керек. Сондықтан да педагог балаға мейірімді көзқараспен қарау керек; ол баланың дамуындағы жағымды жақтарын көруге тырысып, жақсы жақтарын дамытудың жолдарын қарастыру керек. Ашық балабақшаның жағдайында ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытта топқа келіп, баласын бақылап,баламен ойнауға мумкіндік алады[5]. Педагогтар мұндай жоспарланбаған, еркін келулерді кейде ұнатпайды, өз жұмыстарын тексеру деп ойлап қалады. Бірақ ата-аналар бала-бақшаның өмірін бақылыай отырып, көптеген қиындықтарға (ойыншықтың аздығы, жуынатын бөлменің тарлығы т.б.) көз жеткізе отырып көмектесуге. Ұқсас мәселесі бар ата-аналар тобында өзара әрекеттесуді дифференционалдық қатынас дейміз.

Дифференционалдық қатынас ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда керек, - ол педагогикалық білім мен дағдыларды шыңдауға пайдалы. Ата-аналарға деген дифференционалдық қатынасты тәрбиешілер іске асыру үшін олар жалпы педагогикалық, спецификалық жағдайларды жасауы керек:

- ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас;

- ата-аналарға деген қатынаста такт, ізгілік, сыпайылық білдіру;

- әр отбасының өмір сүру жағдайларын, ата-анасының жасын, тәрбиелеу мәселелелеріне дайындығын ескеру ;  

       - ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларының өзара байланысы

        -ата-аналар мен балаларға бірдей әсер ету;

- ата-анамен жұмыс жасағанда белгілі бір бірізділікті, системаны сақтау

Дифференциация  тестілеу, анкеталау түрінде отбасын зерттейтін белгілі бір бағдарламамен жұмыс істеулері керек:

       1.Отбасы құрылымы (қанша адам, жасы,  білімі, мамандығы):

2.Отбасының педагогиялық климаты (өзара жеке қарым-қатынас, сөйлесу стилі): Бұл үшін педагог балалардың ата-аналарымен жек-дара әңгіме жүргізуі, әртүрлі әдістемелерді қолдануы керек. Отбасылық өмірдің стилі мен фоны: отбасылық жағдайдың (жағымды, жағымсыз)  қандай әсері бар екенін, отбасылық конфликті мәселелерінің себебі.

3.Анасының, әкесінің отбасындағы әлеуметтік статусы, тәрбие процессіне қатысу деңгейі, баланы тәрбиелеуге деген ынтасы:

4.Отбасының тәрбиелік климаты (мақсаттарды мойындау, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы не болмауы).

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

       1.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.-Алматы: Өнер, 1996.- Б. 272.

       2.Торыбаева М.З Жасөспірім оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектеп, отбасын және қоғамдық қауымның бірлескен жұмысы Автореф.канд.дис. -Алматы, 2004.- С. 24.

        3.Социальная психология детства: развитие отношений ребенка в детской субкультуре.- М., 2000.-С. 137.

       4.Ковалев  С.В. Психология современной семьи. - М., 1988. –С.208.

       5.Варга А.Я. Системная семейной психотерапия// Журнал практической психологии и психоанализа. 2002.№ 2.-С.7-13.

.