Педагогика/ 5.Современные
методы преподавания.
М.п.н. Ералинова Т. Е., м.п.н. Улжабаева А.Г., Бакенова
Г.А.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекетік университет, Қазақстан
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін
дамытуда ұсақ қол моторикасын дамыту ойындарын
қолданудың маңызы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйесі
қазіргі заманда көп салалы инфрақұрылым болып табылады.
Оның әртүрлі бөлімшелері білім саласы, денсаулық
сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің
тәжірибелік блогына кіреді. Адамның жалпы қабылданған
құқығы мен еркіндігі жүйесінде ең
маңыздысы білім алу. Ешбір бала немесе жасөспірім дене немесе ойлау
қабілетінің жетіспеушілігіне байланысты бұл
құқықтан айырыла алмайды. Барлық балалардың
білім алуға құқығы маңызды,
халықаралық құжаттармен тұрақтанған
және Қазақстанның заң шығарушы актілерінде
көрініс тауып, Қазақстан Республикасының
конституциясымен кепілденген.
Қазақстан Республикасының “Білім
туралы” заңының 6-бабына сәйкес: “білім беру саласындағы
жергілікті уәкілетті атқарушы органдардың
құзыреті – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
оңалту және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету”
туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының кемтар балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсетуі жөніндегі заңы да осы мәселелерге
бағытталған [1].
Еліміздегі
қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған,
жүре пайда болған аурулар салдарынан кішкентай
балақайлардың бастары қасірет дертке шалдыққан
мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.
Әсіресе, балалардың тіл дамуы төмендеп келе жатыр.
Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблемалардың
бірі болып табылады. Мамандардың айтуы бойынша, балалардың тіл
дамуы саусақтың қозғалуына байланысты. Осыған
байланысты тағы да мынадай заң байқалады:
саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу
керек.
Т.Рибоның айтуынша, баланың
шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты
дамиды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын
уақыты, денсаулықты қалыптастыру және жеке
тұлғаның дамуындағы, адамның өмiрiндегi
ең маңызды кезеңі. Мектеп жасына дейінгі балалардың
бұл кезеңінде ағзаның барлық бөліктері
және жүйелері қарқынды дамып, баланың
қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы
таным іскерлігі қалыптасады [2].
Ұсақ қол моторикасының
жоғары деңгейі баланың мектепке деген психологиялық
дайындығын, ақыл кіргенін түсіндіреді. Ұсақ
қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
баланың тілінің дамуына әсерін тигізеді. Бала
саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен
жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары
қарай жазуға да көмектеседі.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен
айтқанда: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай
ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ойын арқылы
баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі
қоршаған орта туралы түсінік алады” [3].
Демек, ойын арқылы баланың танымдық
әрекетін қалыптастыруға болатындығы байқалады. Ойын
– мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті.
Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың ойлау, есте
сақтау, есту және де белсенді, енжар сөздік
құрамның дамуына тигізер пайдасы мол. Баланың саусақтарының
қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп
дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту
мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын
ойнап тұрған жөн [4].
Дамуында әртүрлі ауытқушылықтары
бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда
әртүрлі массаждар қолданылады. Оның негізгісі сылау,
сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы
босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ
биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер,
зонд, дөңгелек, массажды доптар және өз-өзіне
әртүрлі массаж түрлері жасалады.
Саусақпен жұмыс жүргізгенде балаларға
көмек көрсетіп отыру қажет, себебі саусақтары икемсіз
болады. Ұсақ моториканы дамыту барысында осындай нәтижеге
жетуге болады: сөйлеу тілі жетіледі, қимыл қозғалыс
қабілеті артады, икемдігі арта түседі, логикалық ойлау
қабілеті дамыйды, танымдық деңгейі артады. Ойындар
арқылы, біз баламен қарым-қатынасты нығайтып,
баланың өз-өзіне деген көз қарасын
өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Осының бәрі де, баламен әр түрлі ойын ойнап,
ұсақ моторикасын дамытқанның нәтижесі болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
“Білім
туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24
қазандағы № 487-ІV Заңы.
2.
Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17
лет. – М., 1998.
3.
Рақышова
Б. Оқушының танымдық әрекетін дамыту/Бастауыш мектеп. –
2000. 25-26, №2.
4.
Тимофеева Е.А. Подвижные игры с детьми
младшего школьника. – М., 2-е изд. Просвещение, 1986.