С.Қожанов атындағы Жалпы орта мектебі
МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі
таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді
үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру
болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең
және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз
байланысты.
Мектеп тек белгілі бір
білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай,
еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген
зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның
барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді,
әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін
жоғарылатуды талап етеді.
Осы деңгейлерді
жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі
топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен
тоқталмақпыз.
Көптеген
әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын
ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған.
Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге
түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін
ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу
сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы
жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың
мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу
сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың
оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып
келеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға
баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлгасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі
уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы [1].
Ғылымға
мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына
әртүрлі түсініктемелер берілген (В.П. Беспалько, В.М. Шепель,
И.П. Волков, М. Чошанов. М.В. Кларин, Г.К. Селевко және т.б.). Дегенмен,
барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар,
бұл, біздің ойымызша, келесі түсіндірмеден айқын
көрінеді:
«Педагогикалық технологиялар - бұл
білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен
әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық
жүйелері, мұнда
әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» [1].
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту
емес, оқушының танымдық қабілетін және
танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру,
қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту,
шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей
мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі
ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі –
түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда
айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың
әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану
арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне
және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиямының» маңызы ерекше екені
мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз
бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі
білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай
білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық
әрекеттерінің белсенділігін
арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы
оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып
табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік
ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Тиімді
белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі.
Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі
кезеңдерінің бәрінде оқушыларға
шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Оқушының
белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау
қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын
арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе
топтық формалар оқушылар арасында
қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.
Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне
қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз
күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз
сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны
жеңуге тырысуына жетелейді [2].
Оқыудың басты ерекшелігі –
оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту,
тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушы
оқушымен топпен ұжыммен мұғаліммен қатынаста
болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде
тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше
іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында
сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту
кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты
қолданамыз. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың
өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен
білім алмасуға, жеке тұлғасын дамытуға ықпал
жасауына көңіл бөлеміз [3].
Тәжірибе барысында диалогті қолдану арқылы оқушыдан
сұрақты қандай мақсатта қолданғанымызды
үйренгебіз. Мәселен, кіріспе бөлімінде байланыс
орнату,сыныптың не білетінін анықтау, бұрынғы
жұмысты қайталау, сабақ тақырыбында жүретін
проблемаларды белгілеу мақсатында қолдандық.
Ал жаңа тақырыпты түсінуде қызығушылық
және ілтипаттылық туғызу, талқылау және
логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың не болып
жатқанын түсінгенін анықтау мақсатында қолдандық.
Жаңа тақырыпты меңгеріп, оны қолдану
кезеңінде назар аудару және түсіндіру,бақылаудың
негізінде ойлы тұжырым жасауды үйрену, қиын сәттерді,
түсінбеушіліктерді түсіндіру және жекелеген
оқушыларға көмектесу мақсатында қолдандық.
Қорытынды кезеңінде сабақтың негізгі сәттерін
қайталау, сабақ нәтижесін бағалау және
оқушылардың тақырыпты түсіну және меңгеру
деңгейін анықтау, болашақтағы проблемалар мен тиісті сұрақтарды
анықтау мақсатында қолдандық.
Бұл бізге оқушылардың сабақты жетік
меңгеруілеріне көмектесті.
Бағдарламаның жеті модульдің ішінде біз бірінші
орынға ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
және қалай оқу керектігін үйретуді қояр едік,
өйткені, ақпараттық –коммуникациялық технология
біріншіден, оқушының ой, зейін, ес, қабылдау, сезімдеріне
әсер етеді, екіншіден, сабақтың мазмұндылығы
көрнекі құралдардан демекші, көрнекі
құралдың нақтылығы, әсерлігі,
тартымдылығы болса, үшіншіден, оқушының пәнге
деген қызығушылығы, белсенділігі молынан артады,
сондықтан тәжірибе кезінде төрт сабағымызда да
көрініс тапты.
Қалай оқу керектігін үйретуді алдық, өйткені
сабақта жаңаша әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,
мұғалім бағыт- бағдар береді, бақылайды,
қадағалайды, бағалайды, өзгертеді, ал оқушы
өздігінен білім алып өзін - өзі реттеуге дағдыланады,
соңында оқушы қалай оқу керектігіне үйренеді.
Оған біздің зерттеуге алған оқушыларымыздың
іс-әрекеттері дәлел бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау үйрету модуліне мен көп
негізделер едік, Неге дейсіз гой?
Өйткені, сабақ бойы оқушылар өздерінің
түсінуі, ұғынуы сыни тұрғыдан ойлануға
әкеп соқтырады.
Тақырыпты ашуда коллаж жасау, тірек сызбаларды құру, екі
ұғымның айырмашылығы мен
ұқсастықтарын салыстыру, ой қозғау,
ұғымдарды ой елегінен өткізу, оқушыларды субъективті
тұрғыдан бақылауға көмектеседі.
Сабақта көптеген тренингтер қолдану арқылы
оқушыларға жеке деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім алуын керектігін
үйретеді, себебі, біздің сабағымыз жоғары
деңгейде өтуінеде әсер етті.
Ал оқуды бағалау және оқытуды бағалау модулі бізге
оқушылардың өз ойларын білдіру, іс-әрекетіне сыни
көзбек қарау, оны түзету, жол сілтеу, сыныптағы
талантты және дарынды оқушылардың жұмысын зерделеуге
көп көмегін тигізеді. Топ басшысы, топ мүшелерін
бағалау арқылы, өзінің мүмкіндіктерін терең
қолданады, яғни, топты алға жетелеу, бағыр-бағдар
беру, қателерін түзету.
Біз болашақ сабағымызда, сыныптағы
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды,
ұйымшылдық, өз ойын еркін жеткізе алатын, өз
жұмысына шығармашылықпен қарайтын, логикалық
ойлауын, пәнге деген қызығушылығын, оқу процесіне
тартуын, өз бағаларын дәйекті түрде жеткізуін
және өз жұмысыма анализ, синтез жасап отыруын күтеміз.
Осы өткізген сабақтарымызда оқушыларды
бұрынғы кезеңдеріммен салыстырсам айтарлықтар
ерекшеліктер мен айырмашылықтар бар. Әрине, уақыттың
тығыздығына байланысты кейбір жерлерде кішкене кемшіліктер де
болды,оны алдағы уақытта түзейміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:
1 Жанпеисова М.М.
Модульная технология обучения как средство развития ученика. - Алматы: Рауан,
2002.
2 Жанпеисова М.М.
Технология модульного обучения. - Актобе: Мектеп, 1999. –
100 с.
3
Селевко Г.К.
Современные образовательные технологии. – М.: М-ПРЕСС, 2012. – 256 с.