Елубай Айгүл Елубайқызы
Өскемен қаласы С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Дефектология»
мамандығының
3 курс студенті
Кекештікпен күресудің
тиімді жолдары
Кекештік,тұтықпа (лат. balbutіes) – сөйлеу
қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын
айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру.
Кекештіктің жедел (эволюциялық) және созылмалы (невротикалық) түрлері
ажыратылады. Жедел түрінде – кекештік біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 –
5 жас аралығындағы балаларда (көбіне ер балаларда) кездеседі.
Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесі
орнықтылығын төмендеуін туғызатын факторлардың
(тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған
ашушаңдық, ызақорлық, т.б.) салдары үлкен.
Сондай-ақ, баланы тәрбиелеуші адамның тілінің
мүкістігі, баланың туған-туыстарының тез сөйлеуі,
баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда
болуына әкеледі. Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр
түрлі жарақаттардың әсерінен орт. жүйке
жүйесі қызметінің бұзылуынан, отбасындағы
келіспеушілік жағдайлардың салдарынан пайда болады. Кекештіктің асқынуы
сөйлесуден бас тартуға әкеледі, нәтижесінде
қарым-қатынасқа түсу ортасы азаяды. Бұл
оның жоғарғы психикалық дамуына кері әсерін
тигізеді. Өзін өзге де өзі сияқты құрбыларынан
ерек санайды, құрбыларымен аса байқампыздықпен, абайлап
араласады. Мұндай балаларда сөз сөйлегенде
бірте-бірте тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі байқалады.
Сөйтіп, баланың мінезінде өзгеріс (ашуланшақтық,
әлсіздік) пайда бола бастайды. Кейде неврозға ұқсас
кекештікті байқауға болады. Мұндай кезде баланың
қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы
жиі қайталанады. Мінезінде селқостық пайда болады.
Бірақ, сөйлеу алдында оларда қорқыныш болмайды.
Мұндай балалардың жүйке жүйесін тексергенде, онда
күрделі өзгерістердің бар екендігі анық
байқалады. Кекештік
болашақта мамандық таңдауда, отбасын құруда
кедергілер әкелуі мүмкін. Баланың
сөйлеу кезінде тұтығуына байланысты кекештіктің ерте
басталатын жеңіл формасы – дыбыс немесе буынды бірнеше рет
қайталауы (па – па – па – паровоз), ауыр формасы – сөйлегенде
сөздің басында не аяғында тұтығуы (авт----обус)
және аралас формасы ажыратылады. Кейде тілі кешігіп шыққан
балалар да кекештенеді. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе
қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз болады.
Өзінің бойындағы кемшілікке еркінен тыс қолын
ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің,
денесінің оғаш қимылы қосылады. Сөйлегенде беті
қызарып, терлеп кетеді, бір сөзді бірнеше рет қайталауы
мүмкін (мыс., “керек болса”, “міне осындай”, т.б.). 11 – 13 жаста қиын сөздерден
қашып, мүдіріс кезінде басқа бір
сөзді қосып жіберу арқылы кемістігін байқатпауға
тырысады. Бірақ бұлай істеудің де зиянды жағы бар.
Қосымша сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетсе,
бала өмір бойы таза сөйлей алмай қалуы мүмкін. 25 – 30 жасқа келгенде, әдетте, кекештікбасыла
бастайды, ал жасы ұлғайған адамда өте сирек кездеседі. Кекештікті сәтті
түзету, уақытылы диагностикалауға байланысты. Түзету
сабақтары топтық және жеке формада өтеді. Бұнда
ең басты назар ұжымдық ойын психотерапиясына және
логопедиялық ритмикаға бөлінеді. Сонымен қатар,отбасылық
психотерапия, баланың және отбасының көңілін
түзетуге бөлу, релаксациялық жаттығуларды
қолдану.Балаларды такт ырғақты қозғалыспен немесе
монотонмен сөйлеу, әндету тәсілдерін қолданады.. Десенбилизация,
аутогенді жаттығуларды қолдану арқылы, өз-өзін
тәрбиелеуге баулу.
Көмекші медикаментозды емдеудің
мақсаты – қорқыныш, депрессия белгілерінен арылту
қажет.
Кекештікпен профилактикалық жұмыс 2
– ге бөлінеді, бірі – баланың денсаулығын
нығайтуға, екіншісі – сөйлеу тілінің дамуын
түзетуге бағытталған. Дұрыс тамақтану, күнделікті күтімі, күн
тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасын күту-бұл
баланың психикасымен сөйлеу тілінің дұрыс дамуын
қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Жүйке жүйесінің қалыпты
функционалды дамуына және оның шаршамауына ұйқы мен ояу
жүру үрдісін дұрыс ұйымдастыруға да байланысты.
Баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек.
Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу,
ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет.
Баланың сөйлеу тілі
толыққанды дұрыс дамуы үшін үш түрлі
бағытта жұмыстану қажет:
·
баланың қоршаған орта туралы, құбылыстар мен
заттар туралы түсінігін кеңейту: ойын, серуен, кітап оқу.
·
баланың сөйлеу тіліндегі тырыспалар жөнінде ескерту,
профилактикалық алдын-алу жұмыстары. Сөйлеу тілі жаймен,
асықпай созып айтуға, өз ойын ойланып
кезең-кезеңімен жеткізуге баулу.
·
баланың дұрыс дыбыстау, ырғақты, темпті
ұстауға үйрету. Бірақ балаға
жаңалықты баяу екпінмен, жаймен ғана түсіндіріп отыру
керек.
Кешектікті түзеткен соң,
қайталанбас үшін соған сай шарттар мен режімді сақтап,
қолайлы психологиялық жағдай туғызу керек.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Чевелева
Н.А. Преодоление заикания у детей. – М. «Издательство Гном и Д», 2001.
2. Н.А.
Чевелева « Профилактика заикания»
3. Г. А.
Волкова «Устранения заикания школьников»
4.
Логопедия Под ред Л.С. Волковой –М 1989