Сайлауов Е.

Жамбыл атындағы №5мектеп-гимназия,Тараз қ.            

    Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін

үйрету.

            Қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақтың білімді әрі дені сау ұрпақ болып өсуі өте маңызды. Себебі, еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында.        Еліміздің әрбір азаматы салауатты өмір салтын ұстанып, дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле білсе және спортты серік етсе мемлекет үшін аса маңызды. Сондықтан да, дене шынықтыру пәні білім беру сапасындағы ең қажетті пән. Олай болса, қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де, қоғамның да басты байлығы.

       Ел президентінің    Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2050» жолдауында осы міндеттерді шешуге арнайы назар аударылған және бұқаралық спортты дамыту көзделген.

Шынығу - денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың ең қолайлы түрі. Дене шынықтыру сабағында оқушылар денені шынықтырып, денсаулықтарын нығайтады және жан жақты дамиды. Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке ептілікке тәрбиелейді. Сондай спорт ойындарының бір түрі баскетбол ойыны. Баскетбол (ағылшынша: basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны. Мақсаты — өз себетіне допты салғызбай, қарсылас себетіне допты лақтырып салу. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына баскетбол 1936 жылдан бері енген. Ерлер арасындағы жүйелі түрде дүниежүзілік чемпионаттар 1950 жылдан, ал әйелдер арасындағы чемпионаттар 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Европа чемпионаттары 1935 жылдан өткізілуде.

          Ойын тарихы. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.

         Ал, еліміздің баскетбол ойынының даму тарихы  XX ғасырдың 40 жылдардан бастау алады. Аталған жылдан бастап ерлер командасы құрылған болса, 1946 жылдан бастап әйелдер командасы құрылған. Сонымен қатар Қазақстан баскетбол командалары СССР чемпионаттарында тұрақты түрде қатысып отырған. Қазақстан баскетболының дамуына М. Жиенбаев, Ю. Бухвалов, И. Копилевич сияқты спортшылар үлкен үлес қосқан.
1972 жылдан бастап «Буревестник», одан кейін «Университет»(Алма - Ата) командалары СССР чемпионаттарының жоғарғы лигасында жақсы ойындар көрсетіп, CCCР халықтарының VI және VIII спартакиадасында екі рет төртінші орыннан көрінген және осы спартакиадаларда одақтас республика командаларынан бөлек АҚШ, Франция, Чехославакия және Югославия командалары да қатысқанын айта кеткен жөн. Ал, 1992 жылдан бастап тәуелсіз еліміздің баскетбол тарихы басталды.
Сол себепті ұсынылып отырылған сабақ жоспары осы баскетбол ойынына арналмақ.

Сабақтың тақырыбы

Баскетбол ойын техникасы.                            

Сабақтың мақсаты

Баскетбол ойын элементтерінің әр түрлі техникаларын үйрену.

Күтілетін нәтиже

Баскетбол ойын техникаларын біледі, берілген әдіс-тәсілдерін қолдана алады.

Сабақта қолданған модульдер,әдіс-тәсілдер.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық.

Керектенетін құрал жабдықтар

Баскетбол добы,ысқырғыш,кегли,секундомер,смайлик,стикер,сурет.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Дайындық бөлімі

 

12 минут

Кезекшінің рапортын қабылдау.

Сәлемдесіп сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.

Көшбасшыны анықтау.

Ынтымақтастық ахуалын туғызу.Шаттық шеңберге тұрғызып «Менің жаксы  қасиеттерім» сергіту сәтін өткізу.

Сабақты бастауға жағдай жасау.

Оқушылардың көңіл күйлерін смайлик арқылы анықтау.

 

 

 

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын жасауға жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет қиындысы арқылы екі топқа бөлу.

Сапқа тұру.

Оңға,Солға,Артқа бұрылу.

Алға жүру.

Аяқтың ұшымен,өкшемен жүру.

Баяу жүгіру.

Оң жақ,сол жақ жанымен жүгіру.

Екі аяқты алма кезек алға сілтеп жүгіру.

Екі қолды алға созып ұстап, тізені алақанға тигізе жүгіру.

Екі қолды артқа ұстап, өкшені алақанға тигізе жүгіру.

Екі аяқпен алма кезек секіріп жүгіру.

Жүреден отырып оң,сол жақ жанымен секіріп жүру.

Екі аяқты иық кеңдігіндей ашып екі қолды жоғары көтеріп оң қолды алға, сол қолды артқа және сол қолды алға, оң қолды артқа айқастыра айналдыру. 4×2 рет

Екі қолдың саусақтарын айқастыра ұстап желкеге қойып денені алға,артқа,солға,оңға ию. 4×2 рет

Бір орында тұрып, отырып тұру. 4×2 рет

Қолдың саусақтарымен екі тізені айналдыра ұстап, жартылай отыра екі тізені іш жағына, сырт жағына айналдыру. 4×2 рет

Етбеттеп жатып шынтақты бүгіп жазу. 4×2 рет

Орында тұрып жоғары секіру. 4×2 рет

Оң жаққа отырып сол аяқтың басына оң қолды тигізу. 4×2 рет

Сол жаққа отырып оң аяқтың басына сол қолды тигізу. 4×2 рет

Екі қолды айқастыра ұстап төбеге қойып,аяқтың ұшымен жоғары көтеріле созылу.  4×2 рет

2.Негізгі бөлімі

 

28 минут

Жекелей,жұптық,топтық жұмыс.

Оқушыларға бағыт-бағдар беру.

Сергіту сәтін орындату.

Кегли арасымен допты алып жүру./4мин/

Жұптасып допты алып жүру./4мин/

Бірінші топ; айып добын орындау./5минут/

Екінші топ; допты алып жүріп екі қадам жасап себетке лақтыру. /5минут/

Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау./10мин/

3.Қорытынды бөлімі

 

5 минут

 

Кері байланыс

Оқушыларға бағалау парақтары беріледі,  өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма; жалпы дамыту

жаттығулары.

Оқушыларға бүгінгі сабақта не меңгергені туралы стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Залды айнала жүру, екі қолды жоғары көтеріп алға,артқа айналдырып баяу жүру. Дене босату жаттығуларын орындау екі қолды жоғары көтеріп еркін тыныс алу, төмен түсіріп демді сыртқа

шығару.Сабақты қорыту. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар не үйренгенін, не үйренгісі келетінін жазып береді

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      Уаңбаев Е. «Дене тәрбиесінің негіздері» .Алматы-1999 ж:

Атамұра.

2.      Хрипкова А.Г, Д.В. Колесов «Гигиена және денсаулық»

Караганда- 1989г.

3.      Тойжанов С. Дене тєрбиесі Алматы- 1983ж. “Жазушы”

4.      Баскетбол. Спорт для начинающих . Москва 2004 г.