Болтаева С.Ж.
аға
оқытушы
Нархоз
Университеті
Жаңа технология негізі –
сапалы білім.
Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген
заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның
қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті
болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу
үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді.
Қоғам
өмірінің барлық саласы маманының кәсіби
дайындығына байланысты. Бұл замана талабы, оқытудың
жаңа технологиясын меңгеру арқылы белгілі мақсаттарға
жетуге болады.
Білім берудің жаңа технологиясы
– оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды,
оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын
біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, ең бастысы
оқытудың сапасын арттыруды көздейді [1]. Сондықтанда,қазіргі
таңдағы білім беруді реформалаудың мақсаты –
ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ететіндей білім
берудің тиімді жүйесін жасау ұлттық білім жүйесін
әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда ЖОО педагогикалық ұжымының алдында үлкен
міндеттер тұр.Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат
көлемінің ұлғая түсуі ЖОО білім беру
мазмұнын қайта құру оқытушылар алдына жаңа
талаптар қоюда. Білімді бүкіл еліміздің интелектісін
дамытатын барометрге айналдыратындай дәреже қажет. Әлемде
орын алып жатқан пәрменді алға жылжушылық жастардың білімділікпен біліктілікке
деген сұранысын арттыруды қажет етерлік жағдай пісіп жетілді.
«Инновация»
ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі
оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс
инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір
адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы
жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.
Инновациялық білім беру – іскерліктің
жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін
дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге,
оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа
жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға
жәнешығармашылық жұмыстар жүргізуге
бағытталған. Мұндай технологияларды қолданудан,
біріншіден, оқытушы ұтады, яғни, ол сабақты тиімді
ұйымдастырып одан белгілі нәтиже шығарады, екіншіден, студент
ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді
және пәнге деген қызығушылығы артады. Осылайша
білім берудің қалыптасқан әдістемесіне
оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан
өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек. Кәсіптік
білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі
білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз
қажетіне, өмірдің нақты жағайларында
қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ендеше, осы
міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану – өмір
талабы.
Қазіргі білім
жүйесінің ерекшелігі –тек біліммен ғана қаруландырып
қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып
үздіксіз өз бетінше ізденуіне қажеттілік тудыру. Оларды
отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет
арналарынан хабардар ету. Кешегі дәстүрлі кеңестік білім
жүйесінің кенінен ревизиялануы қазіргі нарық заманымен
байланысты болып отыр осыданда нарықтық экономиканың талабына
сай бәсекелестікке қабілетті маман дайындау алға
қойылған басты мақсат. Білікті деген педагогтармен
қамтылған қандайда мықты жоғарғы оқу
орны болмасын студентке өмірінің соңына дейін жетерлік білім
бере алмайды, өйткені әлемнің ақпараттану
жылдамдығы мен ашылып жатқан
жаңалықтар оның үнемі алға жылжуын талап етеді,
бұл уақыт талабы. Қазіргі адам ақпараттар тасқыны
кезеңінде өмір сүруде. Ал, ЖОО-да бұл процесс СОӨЖ,
СӨЖ барысында анық байқалады, студенттің өз бетінше
ізденуіне мүмкіндіктің жасалар кез. Оқытудың заманауи
технологиялары жеткілікті, соның ішінде студенттерге тиімді әрі
ыңғайлы деп модульдік оқытуды алар едім, өйткені
оның негізгі міндеті – студенттің өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігін дамыту. Әрине, өзімізге белгілі
жағдай, жеке, дара оқытуға қазіргі кредиттік жүйе
мүмкіндіктер бере бермейді. Өйткені, студенттің де
уақыты шектеулі, оның үстіне оқу кестесі бойынша оны
басқа пәндер күтіп тұрады, бұл
тұрғыда онымен жеке сайт ашып жұмыс істеуге болады,
бірақ бұл мәселенің қаржылық жағына
мән берсек, пассивті жағдайға итермелейді. Бұл
әдісті кеңінен қашықтықтан оқыту
бөлімінде қолдануға толық мүмкіндіктер бар,
бірақ, ондағы студенттер бұл тұрғыда толық
жетегіңе ілесе алмайды. Олар қызмет, отбасы т.б. себептермен,
оның үстіне елді-мекендерде жасыратыны жоқ,
ғаламторлық байланыс немесе қазіргі тілмен айтқанда,
ақпараттық технология толық жолға
қойылмаған немесе студенттің бұл
тұрғыдағы сауаттылық деңгейі сай келмей жататын
жағдайлар кездеседі.
Қазақстан Республикасы «Білім
туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру ж.йесінің басты міндеті
– оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге
шығу» [2] деп көрсетілген, бұдан туындайтын мәселе
ЖОО-ның оқытушыларының алдына қойылып отырған
басты міндеттердің бірі – оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі деңгейге лайықтап жаңа оқыту
технологияларын меңгерту.Жаңа педагогикалық
технологиялардың, ғылыми-теориялық мазмұны
студенттердің білімін жетілдіріп қана қоймай, ол кәсіби
бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы
болып табылады.
Ел басы Н.Ә.Назарбаев
отандық білім және ғылым қызметкерлерінің III
съезінде сөйлеген сөзінде білім беру жүйесі
қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бүгінгі
өмір талабы екенін сөз ете
отырып, «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» [3] деп
атап көрсетті. Демек, қазіргі ЖОО-на жаңа сарында
қызмет етерлік, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу
қабілетін қалыптастырып, уақыт талабына сай білікті маман
болуына ықпал ете алатын озық ойлы педагог – оөытушы
қажет. Осы тұрғыда қазіргі таңда еліміздің
білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру
стандарты мен бағдарламаларын жүзеге асыру, жаңа
технологиялар мен жаңа буын оқулықтарын дайындап, оларды
оқыту үдерісіне енгізу, еліміздің білім саясатының
ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді т.б. маңызды
да мәнді, күрделі де келелі мәселелер оқытушылар
қауымына келіп тіреледі. Олар өздерінің кәсіби
шеберлігі мен іскерлігін, кәсіби дайындығы мен біліктілігін
жетілдіруге ынталы болса ғана бұл мақсат баянды болмақ[4]. Қазіргі таңда студент жастар
ақпараттық технологияны жиі қолданады. Әрине,
оның тиімді жақтары көп. Бұл технологияның
нәтижесін төмендегідей топтастыруға болады:
1.
Студенттерге
оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық
және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады.
2.
Оқытудың
көркемділігін арттырады, яғни студенттер қиын да
күрделі материалдарды көрнекі түрде қол жеткізеді.
3.
Оқытудың
тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын
түсіндіру мүмкіндігін арттырады.
4.
Студенттердің
ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын,
табиғи сұранысын қанағаттандырады.
Қазіргі таңда жаңа
әлеуметтік жағынан қорғанған адам – технология
және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. XXI
ғасыр – ақпарат ғасыры. Ақпараттық технология (information
technology) – біріншіден : объектінің, үдерістің немесе
құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу
үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу
тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын
үрдіс.Қазіргідей әлемдік ғаламдану үдерісі
кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің
ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу –
бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық
технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға
үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен
бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті
шартқа айналды.Жоғары оқу орындарында білім беру процесін
реформалау, дамыту жағдайында ақпаратты технологиялар , электронды
оқулықтар, аудиокітаптар, бейнетаспалар және т.б. озық
технологияларды насихаттап пайдалану кең етек алуда.. Яғни жылдан
жылға біздің білім беру саласы ақпараттандырудың жаңа
сатыларына көтеріліп жатыр. Шетелде тіпті онлайн форматындағы
кітапханалар, ақпарат орталықтары, білім беру жүйелері
қарқынды дамуда[5].Заман талабына сай ғылым мен
техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми
таным әдіснамасы өте зор маңызға ие.
Оқытудың басты сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту»
мәселесі күн сайын күрделеніп келеді. Оның бірден бір
себебі; білім ауқымы кеңейіп, технология дамып, ақпаратты
таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға
шықты. Олай болса, «Оқытушыға жаңа технологияны
ғылыми негізде меңгерту және терең білімді,
ұлтжанды кәсіби маман тәрбиелеу» міндеті жүктеледі.
«Нені оқыту керек ?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарты
жауап берсе, «Қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек
оқытушының кәсіптік даярлығынан, жаңа
технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын
қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.
Қазіргі таңда
оқытушыға деген талап өте жоғары, ол тек өз
пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық
білімді және ақпараттық-коммуникациялық білім мен
технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық
құзырлы маман болуы керек. Сонымен қатар оқытушы тек
ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық
және интеллектуалды дамуын жобалаушыда болып табылады. Ал бұл
оқытушыдан жоғары құзырлылықты,
ұйымдастырушылық жылдам әрекетті, студенттерді қазіргі
қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық
бейімдей алатындай, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыта алатын
қабілеттілікті талап етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Баубекова А.А. Оқыту мен тәжірибені іске
асыру // Педагогика мәселелері 2013, № 2, 4 б.
2.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы. А.,Білім, 2000
3.
Н.Ә.
Назарбаев Астанада өтен білім және ғылым
қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзі //Егемен
Қазақстан, 2004, 13 қазан.
4.
Жәлелұлы
Б. Жаңа технологиялар білім
сапасын арттырады. // Ұлағат – 2013, № 2, 7 б.
5. http://
аудиохрестоматия