Экономические науки/Финансовое
отношение
Ибраева
Гулаим Алихожаевна
«Қаржы»
кафедрасының оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
Мұнай өндіруші компанияның
қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлері
Компания
өз қызметінің түрлі бағыттары бойынша шетелдік
және жергілікті компаниялармен ынтымақтасады және оларды
жұмысқа тартады. Компанияның әріптестерінің
компанияның операциялық және қаржылық
нәтижелеріне әсер етуі мүмкін болатын тәлімі мен
операциялық қызметіне ықпал етуге шектелген мүмкіндігі
болады. Осыған байланысты компания өзінің әріптестеріне
жоғары талап қояды, ұзақ мерзімді және
өзара тиімді әріптестік қатынасты дамытады.
Нарықтық
қатерлерге – мұнай бағасының, валюталық
курстың, пайыздық өлшемнің өзгерістеріне
қатысты қолайсыз қатерлер жатады.
Компания
ішкі және сыртқы нарыққа көтерме шикізатты
жабдықтаумен айналысады. Ішкі және сыртқы нарықтардағы
негізгі қиындық шикізат бағасының төмендеуімен
байланысты, оның бағасының аумалы-төкпелі болуына
өз кезегінде сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі,
өнім өндіретін негізгі елдердің ықпалы мен саясаты,
энергоқуатын өндіретін негізгі аймақтардағы саяси
жағдай секілді факторлар әсер етеді. Әлемдік бағаның
төмендеуі Компанияның қаржылық
көрсеткіштерінің нашарлауына алып келеді.
Компания
қазіргі күні мұнай бағасының төмендеуіне
байланысты қатерлерді сақтандырмайды, алайда әртүрлі
жағдайға байланысты шығындарды басқарудағы ішкі
құралдарын пайдаланады, олар өз кезегінде бұл
қатерлердің жағымсыз ықпалын азайтады.
Компания
әртүрлі қаржылық қатерлермен кезігуі
ықтимал, оның ішінде валюталық, инфляциялық,
қолда бар бос қаржыны орналастырар кездегі пайыздық
өлшемнің өзгерісі, несиелік және салықтық
қатерлермен кезігуі ықтимал. Олардың пайда болуы және
қаржылық-шаруашылық жұмысқа әсер ету
көлемін компания үнемі бағалап отырады және даму
жоспарларын дайындар кезде негізге алынады.
Осыған
сәйкес төмендегі қаржылық тәуекелдердің
бірнеше түрлеріне тоқталып өтелік:
Инфляциялық тәуекелдер. Компания өз
жұмысын Қазақстанда жүргізеді және төлем
ақшасы ретінде теңгені пайдаланады. Жалақы төлеу,
электрқуаты, логистикалық қызмет құнын
төлеуге қатысты шығындар теңгенің инфляциясын
қатты сезінеді.
Пайыздық
мөлшердің өзгерісіне қатысты тәуекелдер.
Компанияның жұмысы пайыздық мөлшердің
өзгерісіне байланысты, ол айналымдағы бос ақшаның
құнына жағымсыз әсер етуі ықтимал, сөйтіп,
компанияның қаржылық жағдайына да әсер етуі
мүмкін.
Валюталық
тәуекелдер. Валюталық тәуекел – валюталық курстың
аумалы-төкпелі болуы, ол компанияның
қаржылық-шаруашылық жұмысына әр
тұрғыдан әсерін тигізуі мүмкін.
Компанияның
табысының айтарлықтай бөлігі АҚШ долларында
көрінеді немесе АҚШ доллары бойынша теңгеріледі.
Компанияның шығынының белгілі бір бөлігі шетел
валютасында көрінеді, сөйтіп шетел валютасының теңгеге
қатысты курстарына тәуелді (негізінен бұл АҚШ доллары,
евро мен рубль аз деңгейде). Қазіргі күні компанияның
ағымдағы шығындарының үлкен бөлігі
теңгеде бекітілген баға бойынша төленеді.
Доллар
курсының жоғарылауы мұнай экспортын барынша пайдалы етеді.
Валюталық курс пен пайыздық мөлшердің өзгерісі
кезіндегі жағымсыз өзгерісі орын алған жағдайда
Компания ол жағымсыз жайттарды азайту үшін мынадай
іс-әрекеттерге көшеді:
––
Банк-серіктестердің аумағын кеңейту, әсіресе,
әлемдік қаржылық дағдарыстан зардап шеккен
институттардың есебінен;
–– Саудалық
қаржыландыруды (аккредитив, кепілдік) барынша кейінен пайдалану, олар компанияның
негізгі пайыздық мөлшерлемеге деген тәуелділігін кемітеді.
Компания
қазіргі күні осы қатерлерді сақтандырмайды, алайда,
өзінің міндеттерін толық көлемде және діттеген
мерзімде орындауына кепілдік беретін ішкі құралдар мен
қаржылық қатерді басқару резервтерін әр
жағдайда пайдаланып отырады.
Компанияның
мынадай қаржылық есептерінің көрсеткіштері осы
айтылған қаржылық қатерлердің әсерін
барынша сезінуі мүмкін. Бұлар: таза пайда, кіріс, өзіндік
құн, дебиторлық берешек.
Несиелік
тәуекелдер. Несиелік тәуекелдерге контрагенттермен – компанияның
қаржылық ауқымына қатысты қызмет атқаратын
қаржылық институттар, ең түпкі өнімді сатып
алушылар мен компанияға әрқилы қызмет көрсететін
контрагенттерге байланысты материалдық және қаржылық
ауқымға қатысты операциялар жатады.
Компанияның
қазынашысы жүзеге асырған қаржыны
басқарудың орталықтандырылған тиімді жүйесі
несиелік қатерді азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржылық
тәуекелдер, олардың пайда болуы және есептегі өзгеру
түрлері.
ҚР
Салық жүйесіне енгізілген
нормативтік-құқықтық актілерге қатысты
құқықтық тәжірбиенің аз екендігімен
белгілі. Ол сонымен қатар, заңдылықты бұрыс интерпретациялау негізінде салық, айыппұл, өсімпұл есептеу қатерінен де құралақан емес. Осы факторлар компанияның салықтық шығынын жоспарлауды қиындатады. Компанияның менеджменті Салық Кодексінің сапасын жетілдіруге арналған жұмыстарға қатысып, оған өзгерістер енгізіп осы қатерді барынша азайтуға қатысты іс-қимылдар жасайды. Оның үстіне Компания өз мүддесін соттарда қорғауын жалғастыруда.
Операциялық тәуекелдер. Компанияның негізгі операциялық қатерлері компанияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге арналған барлау мен өндіруге қатысты.
Төменде компанияның аса маңыз беретін және азайту үшін айтарлықтай ресурстарын бағыттайтын негізгі операциялық тәуекелдері көрсетілген. Компания оларға күнделікті жұмыс кезінде және өзінің жалпы жүргізіп отырған жұмысының тиімділігін бағалап, жоспарлау кезінде де үлкен көңіл бөледі.
Барлау. Геологиялық барлау жұмыстары кезінде қашан да коммерциялық емес көмірсутек қойнауын табу және/немесе «бос» скважинаны бұрғылау қатерлері болуы мүмкін. Геологиялық барлау жұмыстары қатерлерін азайту үшін геолого-физикалық зерттеулер кешені жүргізіледі, ол дәстүрлі сейсмикалық зерттеулермен қатар, терең электробарлау жұмыстарына мүмкіндік беретін геохимиялық зерттеулерге негізделген, сонымен қатар, гравика мен сейсмикалық мәліметтердің арнайы зерттейтін әдістемелер мен геологиялық қатерлерді талдауға бағытталған.
Өндіру. Компанияның негізгі мақсаттарының бірі өз кеніштеріндегі өндіруді барынша кең көлемде қамтамасыз ету, ол кеніштердің негізгі бөлігі пайдаланудың ең соңғы кезеңдерін бастан кешуде. Осы мақсатта Компания мұнай қыртыстарына, кеніштердің кені бар скважиналарына әсер ететін заманауи әдістер мен технологияларды пайдаланады.
Компанияның өндірістік тиімділігін төмендететін негізгі факторлар мыналар:
––
Жабдықтардың техникалық бүтіндігі.
––
Электрмен қамтамасыз етудің үздіксіз болуы.
––
Ауа-райы жағдайы.
––
Құралғы-жабдықтарды уақытында сатып алу.
––
Құрал-жабдықтардың сапасы.
––
Жабдықтаушылардың жұмысты дер кезінде атқаруы және сапасы.
––
Өндірістік персоналдың қауіпсіздігі.
––
Экологиялық қауіпсіздік.
––
Жоспарлаудың тиімділігi.
––
Мемлекеттік қадағалаушы органдардың талабын ұстану.
Бұған қоса, компанияның өндірістік жұмысы негізгі өндірістік құрылғылардың сынып қалуы немесе авария секілді қатерлермен бетпе-бет келуі мүмкін. Осындай қатерлерді төмендету үшін компания жабдықтарды толықтай жөндеу және модернизациялау бағдарламасын жүргізеді.
Негізгі жабдықтар өрт, жарылыс, табиғи және өзге де қауіптерден сақтандырылған, сонымен қатар, скважинаның бой бермей кету қатері де сақтандырылған.
Компанияның өндірістік жұмысы жұмыскердің денсаулығы, қоршаған ортаға қатысты қатерлермен байланысты. Мұндай қатерлер қатарына қауіпсіздік техникасын сақтамау, өндіріс кезіндегі авария, қоршаған ортаға зиян келтіру, экологиялық ластау және табиғи катаклизмдерді қосуға болады. Бұл қатерлердің салдары өте ауыр болуы мүм кін, өндіріс кезіндегі өлім, атмосфераның бүлінуі, су мен топырақтың бүлінуі, өндірістің тоқтап қалуы немесе мүлде тоқтатып қалуы.
Мұндай қатерлердің салдарынан компанияның қаржылық және операциялық жұмысына, абыройына нұқсан келуі мүмкін. Осы бағытта компанияда осы тектес қатерлерді болдырмау үшін және еңбек пен қоршаған орта қауіпсіздігін қадағалау, қызметкердің білімін көтеру, қауіпті факторларды анықтау мақсатында әртүрлі іс-шаралар жасалуда. Компанияда еңбекті қорғау, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау техникасы жүйесі енгізілген және ISO 14001,
OHSAS 18001 стандарттарына сай жұмыс істейді. Компания жыл сайын өз жұмысына қатысты және жобаларына қатысты еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатерлерді сақтандырады.
Компания өз операциялық жұмысын тиімді түрде жүргізу үшін енгізілетін және пайдаланатын жоғарғы технологиялық жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларға байланысты ақпараттық технологиялар саласындағы қатерлермен кезігуі мүмкін. Осыған байланысты жаңа құрылғы мен бағдарламалық қамсыздандыруды бейімдеуде, бизнеске қатысты мәліметтердің құпиялылығын сақтаудың қауіпсіздігі бойынша мәселелер туындауы мүмкін. Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін компания жыл сайын пайдаланып отырған технологияларын талдап отырады, таңдар кезде немесе сатып алар кезде барынша бейімделетін және бизнес мәліметтерге сенімді бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларға маңыз береді.
Инвестициялық тәуекелдер. Компанияның инвестициялық жұмысына мынадай факторлар әсер етеді:
––
Қазақстанның құрлықта орналасқан жаңа активтерін алудың шектеулілігі.
––
Мұнайгаз активтеріне қол жеткізу жолында халықаралық мұнай-газ компаниялары тарапынан бәсекенің артуы.
––Қазақстанның теңіздегі жобаларына және шетелдік тартымды жобаларға қатысуына мүмкіндік беретін өзіндік жоғары тиімді болып есептелетін сервистік сараптаманың болмауы.
Компанияның тиімді жұмысына әсер ететін негізгі факторлар ретінде оның ұйымдастырушылық әлеуетінің төмендеуін айтуға болады. Жоғарғы бiлiктiлiкке ие кадрлар –
компанияның стратегиялық мақсатқа жетуіндегі негізгі бәсекеге қабілетті артықшылықтары. Жыл сайын компания тиісті бiлiктiлiкке сай кадрларды тарту мәселесімен кезігеді.
Ол, ең алдымен, кей аймақтардағы жұмыс нарығына тиісті категорияға жататын мамандардың тапшылығына байланысты қызметкерді рекрутинг жасау мүмкіндігінің болмауына қатысты дүние.
Осы қатерді төмендету үшін компания ниеттестікті арттыру, қызметкердің уәждемесінің кәсіптік деңгейін көтеруге арналған шараларын жасалып жатыр. Бұған қоса, менеджменттің көшбасшылық құзыретін арттыруға және кадрлық қорды құруға көңіл бөлінеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Лобанов А.А Энциклопедия финансового риск-менеджмента / Под ред. А.А. Лобанова и А.В. Чугунова.
– М.: Альпина Паблишер,
2009.
2. Рыхтикова Н.А. Анализ и управление рисками
организации: учеб. пособие. – М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2008. – 240 с.
3. Хохлов Н.В. Управление риском: Учеб. пособие для вузов. –
М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2008. – 239 с.
4. Чернова Г.В., Кудрявцев А.А.Управление рисками: учеб. пособие. – М.:
Проспект, 2008. – 160 с.