Абдулина Г.А. PhD докторы, Базарбаев
А.Г. PhD докторанты
«Нархоз» Университеті, Алматы қ.,
Қазақстан
Адам ресурстарын
қалыптастырудың демографиялық мәселелері
Еліміздегі адам ресурстарының
қалыпасуы тұрғысында демографиялық
мәселелердің маңыздылығы жұмысбастылық,
жұмысқа қабілеттілік, жұмысқа жарамдылық
факторларымен тікелей байланысты. Халықтың табиғи
қозғалысын демография зерттейтіні анық. Демографиялық
көрсеткіштердің негізгілері - туу (туғандар саны), өлу
(өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы
табиғи өсімді керсетеді. Демографиялық, көрсеткіштерді
абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады,
бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға
шаққандағы есеппен промиль арқылы (% белгісімен)
көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи
қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі.
Байырғы табиғи өсім 12%-дан артық болатын, ал
қазіргі өсім бойынша 12 %-дан төмен [ 1].
Қазан айында еліміздегі
халық саны 18096,9 мың адамды құрады. Соның
ішінде қалалықтар – 10383 ,3 мың (57,4%), ал ауылдықтар
саны 7713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен
салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға, яғни
1,3% өскен, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті. АХАТ
органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы
мәліметті өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы
қаңтар-қыркүйекте 293,3 мың туылып, 2016
жылғы қаңтар-қыркүйектегі нәтижемен
салыстырғанда туу көрсеткіші 6,2% төмендегені
байқалды. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте
республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы
қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18,0 мың
адамға немесе 8,5% кеміп, 194,9 мың адамды құрады.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға
шаққанда 14,45 адамды құрады [2].
Осы айтылған мәселелер
бойынша табиғи өсім көлеміне әсер етуші факторларды
байланысын анықтау мақсатында эконометрикалық талдау жасап
көрейік. Талдау жасау барысында келесідей факторлар алынды:
Тәуелді айнымалы Y ретінде – табиғи өсім
көлемі(мың адам),
х1.
Туу коэффициенті (мың
адамға шаққанда %);
х2.
Туылғандар саны (мың адам);
х3.
Некеге тұру коэффициенті (мың
адамға шаққанда %) ;
х4.
Ажырасу коэффициенті (мың
адамға шаққанда %);
х5.
Табиғи өсім коэффициенті (мың адамға
шаққанда %);
х6.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы
ақшалай табыстары (тенге);
х7.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (тенге);
х8.
Жұмыспен қамтылған халық (мың адам);
Аталған
көрсеткіштердің әрқайсысы Қазақстан
Республикасында табиғи өсім деңгейіне әсер етеді деп
болжауға болады.
Кесте -1 Корреляциялық
кесте
|
|
у |
Х1 |
Х2 |
Х3 |
Х4 |
Х5 |
Х6 |
Х7 |
Х8 |
|
у |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Х1 |
0,97 |
1,00 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Х2 |
0,998 |
0,98 |
1,00 |
|
|
|
|
|
|
|
Х3 |
0,58 |
0,71 |
0,63 |
1,00 |
|
|
|
|
|
|
Х4 |
0,89 |
0,84 |
0,88 |
0,57 |
1,00 |
|
|
|
|
|
Х5 |
0,99 |
0,99 |
0,99 |
0,64 |
0,87 |
1,00 |
|
|
|
|
Х6 |
0,95 |
0,90 |
0,94 |
0,46 |
0,94 |
0,93 |
1,00 |
|
|
|
Х7 |
0,98 |
0,95 |
0,98 |
0,56 |
0,93 |
0,97 |
0,99 |
1,00 |
|
|
Х8 |
0,94 |
0,90 |
0,94 |
0,62 |
0,97 |
0,92 |
0,95 |
0,96 |
1 |
Кесте 1-де корреляциялық матрица құрастыру арқылы
факторлардың арасындағы байланыс тығыздығы
көрсетілген. Корреляция
айнымалыларының жұп коэффициенттер матрицасын Microsoft Excel
бағдарламасындағы корреляция құралы қолданылды.
Мәселен, табиғи өсім көлемі (мың адам) (У) пен Некеге тұру коэффициенті (мың адамға
шаққанда), (Х3) факторының арасында орташа
байланыс бар, себебі корреляция коэффициенті r=0,58. Табиғи
өсім көлемі (мың адам) (У)
мен Халықтың
орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары
(тенге), (Х6) факторларының арасында
тығыз байланыс бар, яғни корреляция коэффициенті r=0,95.
Регрессиялық кесте құру
арқылы факторлардың өзара байланыс тығыздығын
анықтап, экономикалық талдау жүргізуге болады. Себебі
табиғи өсім көлеміне тек бір ғана көрсеткіш
әсерін тигізе қоймайды, сондай-ақ ол факторлар өзара
байланыста болуы да ықтимал. Сондықтан, негізгі әсер етуші
көрсеткіштерді және де олардың байланысын
қарастырған жөн.
Кесте -2 Жұптық регрессия
|
№ |
Фактор |
Регрессия теңдеуі |
R |
Критерилері (Fкр=3,59 tкр=2,1) |
|
1 |
X3 Х6 |
У= -19,85+ 5,06*х3 У= 9,619+ 0,0005*x6 |
R=0,52 R2=0,27 R=0,95 R2=0,90 |
F=5,11 t=2,26 F=127,02 t=11,27 |
Берілген 2 - кестеде модельдер адекватты
болып келеді, себебі кестелік мән F= 3,59-дан үлкен және
t=2,1-ден үлкен, яғни коэффициеттер маңыздылығын
көрсетеді.
Кесте -3 Көптік регрессия
|
№ |
Фактор |
Регрессия теңдеуі |
R |
Критерилері (Fкр=3,59 tкр=2,1) |
|
1 |
X3 Х6 |
У= -5,19+ 1,834*х3+
0,0005*x6 |
R=0,96 R2=0,93 |
F=87,61 t=2,38 t=11,1 |
Берілген кесте 3-те моделдер адекватты болып келеді, себебі кестелік мәні F=3,59 дан
үлкен және t=2,1-ден үлкен, яғни коэффициеттер
маңыздылығын және факторлардың
(У)-ке әсері кездейсоқ еместігін көрсетеді.
Сонымен регрессиялық
талдаудың барлық шарттары орындалды. Модель адекватты болуы
берілген параметрлердің мәндерінің сенімділігін көрсетеді.
Көптік регрессия теңдеуін
пайдаланып, келесі 2017 және 2018 жылдарға болжам жасауға
болады, мұнда мәндерді қою арқылы У* болжамы есептеледі, яғни қаншалықты
өсу не кемуін айқындау мүмкіндігін береді.

Сурет – 1.
Табиғи өсім көлеміне болжам
Салынған графикке (график-1)
тренд теңдеуін анықтасақ, екінші ретті полином сәйкес (R2=0.94)
келеді.
Болжам 2017 жыл: У= -0,0173*8*8+1,3946*8+27,277=37,3
Болжам 2018 жыл: У= -0,0173*9*9+1,3946*9+27,277=38,4
Болжамның мәндері
соңғы жылдардағы қалыптасқан тенденцияға
сәйкес келеді, яғни 2017 жылы табиғи өсім
көлемі 37,3 мың адамды
құрайды деп болжам жасаймыз, ал 2018 жылы табиғи өсім
көлемі 38,4 мың адамды
құрайды деп болжам жасауға болады.
Сонымен жүргізілген зерттеулер
бойынша, еліміздегі демографиялық өсімнің орын алуы,
алдағы уақытта сәйкесінше қосымша жұмыс
орындарына қажеттілікті туындатып, нәтижесінде қосымша
өнімділікке қол жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық
дамуына елеулі ықпалын тигізетіндігін көрсетіп отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, Туу мен өлім-жітім
көрсеткіштерін есептеу әдістемесі 2017ж.
2.
Г. Нюсупова, Г. Кайранбаева, Д.Тажиева, «
Қазақстан Республикасы
халықының табиғи қозғалысының
негізгі көрсеткіштерінің серпіні»
3.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 2017 жылғы қаңтар-тамыздағы
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы.
4.
Егемен
Қазақстан газеті, egemen.kz.