ӘОЖ
159.323
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ЖОО ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
БАҒЫТТАРЫ
Тараз инновациялық
гуманитарлық университеті
аға оқытушы Уразова Г.М., Үсен Б.М.
Қарым-қатынас – бұл
әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам
өміріндегі көптеген рухани және материалдық
құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі
ең жоғары
қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, қарым-қатынас
ұғымы баршаға танымал және қандай да
мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді.
«Қарым-қатынас» сөзімен біз кәсіби, жеке,
шығармашылық және тағы басқа жалпы
қызығушылықтардың төңірегінде пайда
болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен
байланысын және қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен
кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін
қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды,
оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын
өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-әрекет ықпалымен
түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы
өзге адамдармен ақпарат және толғаныс алмасудан
ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің
әрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа
түсеміз.
М.В.Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт
бұрын «Ресейлік грамматикада»
мынадай пікір айтқан: «... Қандай да бір
құрылғыны құрастыруға
дайындалған бөліктер оқшау жатқанда және
өзіне белгіленген әрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса,
олардың болмысы бос әрі пайдасыз. Сол сияқты адам
баласының әр мүшесі өз ұғымындағыны
өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен
басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда,
жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Осы пікір арқылы ол
кез келген іс-әрекетте қарым-қатынас қаншалықты
мәнге ие болатынын ерекшелеген.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың
бірлескен іс-әрекеттегі бірін -бірі қабылдауы және
түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен
қақтығысқа түсушілігі; бірігіп әрекет ету
мен тұлғааралық қатынастар сияқты
құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық
құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан,
олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар
арасындағы қатынас
аймағы.
Қарым-қатынас мәселесінің
концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С.
Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н.
Мясищева және т.б. қарым-қатынасты адамның
психикалық дамуының, әлеуметтенуі және
индивидуализациялануының (оқшаулану), тұлға
қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас мәселесіне мәдени-тарихи психологияның
негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты.
Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта
жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен
сөйлеу мәселесін зерттеу барысында ашылады. Оның
зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың
тұлға санасында мәдени аспект ретінде тасымалдануының
мәдени-тарихи мәнін В.С. Библер нақты былай дейді:
«Әлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі
(Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) -
логикалық жоспарда - ашық және қатысты «мәдениет
бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын
феномендерінің ойлау мәдениетіне айналуы. Әлеуметтік байланыстар ішкі
сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта
жасалады, әлі жүзеге асырылмаған жаңа мәнге,
сыртқы әрекетке жаңа бағытқа ие болады».
Қазіргі психологияда қарым-қатынас
табиғи және әлеуметтік құбылыстардың
барлық түрлерін сипаттау үшін пайдаланатын, өзара
әрекеттестігі түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады.
С.И. Ожегов сөздігі бойынша, өзара әрекеттестік - екі
құбылыстың өзара байланысы. Философиялық
сөздікте өзара әрекеттестік - «өзара ықпал», «кез
келген байланыс және материалды объектілер мен құбылыстар
арасындағы қатынас» ретінде пайымдалады. Ал өзара әрекеттестік
- «субъектінің бір-біріне тікелей немесе жанама ықпал ету,
олардың өзара шарттастығын тудыратын процесс» ретінде
анықталады.
В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-әрекетті
жүзеге асыру үдерісінде адам объективті түрде басқа
адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс,
алмасу (әрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) және
өзара ықпал кез келген өзара әрекеттің
мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық және формасы бойынша
бірлескен-диалогтық
іс-әрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды
іс-әрекеттің мақсаттарының, мағыналарының
және мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен
түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың
қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-әрекеттегі
мақсатқа жетушілік,
мазмұны жағынан - практикалық, ал формасы бойынша
бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс
жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде
мағынақұрылым мен мотивқұрылым
процестерінің арқасында бірлескен танымдық
іс-әрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып,
бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді [1].
Қазіргі кезде мақсатқұрылымды
зерттеуге ойлау іс-әрекетін зерттеп жүрген психологтар көп
үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980
және т.б.). Шынында да, адамның іс-әрекеті күрделенген
сайын таптаурындық әрекеттерді азырақ жүзеге асырып, ал
содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын
үлгіден (шаблоннан) шығармашылық типке жақындап,
іс-әрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін
«мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың
қажеттілігі айқындала бастайды.
Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен
қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге
асыру бірлескен ойлау іс-әрекетін зерттеуге байланысты өте
өзекті мәселеге айналады. Бұл қағиданы іске
асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі
мақсатқа жетушілікті зерттеу
болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі мақсатқа
жетушілікті зерттеу индивидтердің
динамикалық мағыналық жүйелері мен
«ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір
салуға, яғни дәнекер болуға мүмкіндік береді
(Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын
ақпараттардың жалпы қорын «динамикалық мағыналы
жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін
өзінің сыртқы, объективті жағында қалып
қоюы мүмкін және ол сонда ғана «сөздік
мәндер» жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып,
өзінің ішкі субъективті жағы бойынша «динамикалық
мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол
тұлғаның мағыналы құрылымының
жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін
аңғару керек.
Қарым-қатынас пен ойлаудың өзара
байланысы, бір жағынан, сөздік мәндер жүйесінің
өзін емес, көлеңкесін қарау, сондай-ақ
жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де ұсынылған, ал,
екінші жағынан, мағыналы құрылымдар
жүйесінің өзі емес, көлеңкесі қарастырылуы
мүмкін.
Психологтар үшін адамның жоғарғы
психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның
ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен және т.б.
қарым-қатынасы өте қызықты болып табылады,
мұнда оның жеке
тұлға мен шығармашылық құрылысының
ерекшелігі өте маңызды.
Келесіде қарым-қатынастағы
өзін-өзі бақылаудың қызмет ету факторы
ретіндегі тұлғааралық
кері байланысты зерттеудегі жаттығу және сараптама бағыттары
шеңберінде шетел психологиясында жинақталған негізгі
нәтижелерге шолу ұсынылған. Тұлғааралық
кері байланысты зерттеудің батыстық дәстүріне
кеңес әлеуметтік психологиясында жасалған бағыт –
бірлескен іс-әрекет арқылы біріккен дамушы нақты топтар
жағдайындағы кері байланысты зерттеу қарама-қарсы
қойылады. Ал тұлғааралық кері байланыс жағдайы
бұл тұрғыдан үлкен қызығушылық
туғызады, өйткені
қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекетті реттейтін
адамгершілік өлшемдерін, тұлғааралық
қатынастарды интериоризациялаумен тікелей байланысты [2].
Сонымен, қарым-қатынас – негізгі
психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен
қарым-қатынас және өзара әрекеттесу
нәтижесінде тұлға болып қалыптасады.
Тұлғааралық
қарым-қатынастың пән саласын анықтауға
«қарым-қатынас» сөзінің семантикасы көмектеседі.
Зерттеулер (Бессонова, Доценко, 1999) көрсеткендей, тұрмыстық
санада бұл сөзбен мағыналардың үш тобы
байланыстырылады:
1) бірлесу, ортақтық,
біртұтастық құру («жақсы орта, достар»);
2) хабарламалар жіберу, ақпарат алмасу
(«сөйлесу, әңгімелесу»);
3) қарсы ала іс-әрекет жасау, жиі
құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу
(«бірін-бірі терең түсіну»).
Екі
адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге
(тұлғаға немесе объектіге) деген өз қатынастарын
орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас
бағдарларды дамыту бағыты пайда болады [3].
Қарым-қатынас болмаса біз қазір
қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік.
Қарым-қатынассыз біз, әжеміздің ертегісін тыңдай
алмас едік, әкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап,
анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын,
мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік
және т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас
жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге
асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен
араласатындығыңды айтсаң,
мен сенің кім екеніңді айтып беремін».
Әр адам өзінің негізгі ерешеліктерін
жеке қарым-қатынас тәжірибесі арқылы,
отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы
қалыптастырады. Мұны қазақсандық психолог Х.Т.
Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас
– баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды
факторы және ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол
қоршаған адамдармен қарым-қатынас
қажеттілігі бастапқы
мәні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп,
қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде түсінудің
негізгі ережесін ұсынады: 1.
Қарым-қатынас
іс-әрекетінің заты немесе объектісі бірлескен
іс-әрекеттегі серіктес және
қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам. 2. Қарым-қатынас әрбір
іс-әрекет сияқты
адамның қажеттілігін қанағаттандыруға
бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік
басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол
өзінің тұлғасын және өзін
бағалауға, сол адамның бағасынан өзін
анықтауға, қарым-қатынас мотиві басқа адам
немесе, дәлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі
үшін баланың үлкендермен өзара әрекетке
түсуі болып табылады [4].
Тұлға
– психология ғылымының негізгі ұғымдарының бірі.
Тұлға деген ұғымды түсіну және
тұлғаның психикалық қалыптарын сипаттауға
мүмкіндік беретін негізгі қасиеттерді бөліп көрсету
үшін бұл ұғымды ғалым Б.Г. Ананьев
ұсынған. Сондықтан адамды тұтастай сипаттайтын
ұғымдарға арналған классикалық дәптердегі
«индивид – іс-әрекет субъектісі – тұлға – жеке
тұлға» ұғымдарының қатарында
қарастырайық.
Қарым-қатынас трактовкасында талдау
деңгейіне қатысты, бұл сұрақта
қарым-қатынас психологиясының позициясын анықтау
үшін бірден бізге бірқатар категорияларды кіргізуге тура келеді. Ол
жүйеде біріншіден қарым-қатынастың тиісті орынын табу
керек. Бұл категориялардың мәнісі: 1) іс-әрекет, 2) өзара
әрекет (интеракция), 3) қарым-қатынас, 4) өзара
қатынас, 5) қоғамдық қатынас [5].
«Қарым-қатынас ұжымның (немесе
әлеуметтік топтың) өмір тіршілігінің ішкі механизмін
құрайды». Бұл – ақпаратты жеткізу емес, ұжым
өмірінің ішкі механизмі ретінде басқа адамдармен өзара
әрекеті. Бұл – сондай-ақ, ақпаратты жеткізу емес, идеялар,
мүдделер және т.с.с. алмасу
және белгілі бір қалыптарды қалыптастыру,
қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру. Әлеуметтік топ іс-әрекетінде
қарым-қатынастың қолданылуын зерттеу емес (бұл қарым-қатынас
психологиясын емес, әлеуметтанудың зерттеу пәні),
қарым-қатынастың өзін оның қалыптасуы
және дамуы барысында, оның механизмдері мен құралдарын
қарым-қатынас іс-әрекетінің бөліктері ретінде
зерттеу. Ең соңында, ерекше маңызды жағдай – адам
іс-әрекетінің басқа түрлерімен, ең алдымен тәжірибелік және
танымдық іс-әрекетімен қарым-қатынастағы
өзара қатынастарды талдау – осының барлығы
қарым-қатынас психологиясының жеке пәнін
қалыптастырады [6].
«Мұғалім-оқушы» схемасы бойынша жеке
жұмыспен салыстырғанда топаралық бірлескен іс-әрекеті
осы тапсырмаларда оның тиімділігі дәлелденген. Зерттеушілер,
диадалық, триадалық және жалпы топтық принцип бойынша
топаралық бірлескен
іс-әрекетті ұйымдастыру және біріккен жұмыс істейтін
топ құрамының біртектілігі (гомогенді) немесе
әртектілігі (геторогенді) туралы сұрағының шешілуі бір
мәнді емес екендігі көрсетті. Бірақ көптеген
зерттеулердің мәліметі бойынша триада диадаға (Л.В. Путляева,
Р.Т. Сверчкова, А.Я. Гольдштейн, Т.К. Цветкова) және жалпы топтық
(7-12 адам) өзара әрекетке (А.Я. Гольдштейн) қарағанда
нәтижелі, бірақ топтың артықшылығын бағалау
өте қиын (Л.А. Карпенко). Бірақ бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастырудың кезкелген түрінде ол жеке жұмысқа қарағанда
тиімді.
Триаданың артықшылығын сипаттай отырып,
Л.В. Путляева және Р.Т. Сверчкова топтық үлкен
ұжымшылдығын, үлкен дәлелділігін, үлкен қатынасын және лабильділігін
белгілейді. Қарым-қатынас жасау жүйесінде үшінші
адамның пайда болуы, оған жаңа сапа береді: рефлексивтілік.
Триаданың айтылған артықшылығын оқыту процесін
ұйымдастыру кезінде, немесе оқыту тәжірибелерін сыныппен
басқарылатын фронтальды жұмыс кезінде жеке және
диадалық жұмыстардың түрлері кең тараған.
Жалпы, топтық бірлестікті ұйымдастыру
(тиадалық ұйымдастырумен салыстырғанда) көп
қиыншылықтар туғызады, Бірақ дәл осы
ұжымдық іс-әрекетті қалыптастыратын мұғалім мен тек оқушы бірлескен іс-әрекеті үшін
біріккен әрекет субъект ретінде топтың қуылуын
дайындайды. Сонымен, бұл кезде
ұжымдық іс-әрекеттің принципі үш жоспармен
жүзеге асырылады: ұжымдық шығармашылықпен
оқытуды құру, қойылған тапсырманы шешуде әрбір
оқушылардың қатысуы және әрбір
оқушының тұлғалық мәнді пәнді
таңдауы оқу процесінің жекеленуін қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, бірлескен іс-әрекет арасындағы
қарым-қатынастың шынайы болуы, оның түрлі
адамдармен тұлғааралық қатынасқа түскенде
жоғары деңгейде көрінуі маңызды орынға ие болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Джакупов С.М. Управление деятельностью студентов в процессе обучения: Учебное пособие. - Алматы:
Қазақ университеті, 2002. 117 с.
2. Копец Л.В. Влияние
обратной связи на самоконтроль личности в общении: автореф. … канд.
психол. наук. М,, 1987. 19 с.
3. Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская
Л.А. Зарубежная социальная психология XX столетия: Теоритические подходы:
Учебное пособие для вузов. М.: Аспект Пресс, 2001, 288 с.
4. Лисина М., Шерьязданова Х.Т. Специфика
восприятия и общения у дошкольников. Алма-ата: Мектеп,1989,76 с.
5. Леонтьев. А.А.
Психология общения. 2-е изд., испр. и доп.
М.: Смысл, 1997. 365 с.
6. Первин. Л., О. Джон. Психология личности: Теория и
исследования/ Пер. С англ. М.С. Жамкочьян под ред. В.С. Магуна. М.: Аспект Пресс, 2000. 607 с.