«Балабақшадағы  ойын  арқылы балалардың  сөздік  қорларын

 дамыту  жолы»

 

Павлодар қаласы «№33 сәбилер балабақшасының педагог-психологі»  Курмангалиева Асыл Саванкуловна

 

Егеменді еліміздің  талабына сай  мемлекеттік  тілді  меңгеру,  оқыту, қазіргі заманға  сай білімді де,  тәрбиелі  ұрпақ.

Мектепке дейінгі   балаларға  тәрбие мен білім беру  жұмыстарын ұйымдастыруда  балалардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіруге, құрастыра  сөйлеуге,  сөздік  қорының  молаюына  баса  көңіл  бөлген  жөн. Сәбилердің   дүниетанымын  кеңейтіп, ойын  өрістетіп, тіл  байлығын  жетілдіруде.

Балабақшада  балаларды  дұрыс  сөйлей  білу, әрбір  ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде  дидактикалық  ойындарды  қолдану  арқылы  балалардың   қиялын  шарықтатып, ойлау  қабілетін  ұштауға  болады.

Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын, тапсырма,  жаттығулардың  орны  ерекше. Соның  ішінде  ойын-баланың  шын  тіршілігі. Ойын  арқылы бала  айналасындағы  нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап   алады. Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш жалықпайда.

Ойын  бала  тілінің   дамуына  ықпалын  тигізіп, таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады. Қай  бала  болмасын   ойынмен  өседі, өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен   байланысты. Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз. Ол өзін  еркін  ұстайды. Ал еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы, бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен  құлшынысы. Баланың  білуге  деген  құштарлығы, сөйлеуі  ойын  үстінде  қалыптасады. Психолог бақылау, заттарды  қарау, сурет қарау, жұмбақ  шешу  және  құрастыру,  саяхат, ойын-сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сөздік қорларын  дамытады.

Арнайы  ойын-сабақ  және  сабақ  мазмұнына   қарай  танымдық,  дамытушы  ойындарды, тапсырмаларды  қолдану,  балаларды  заттарды   бір-бірімен   салыстыруға,  оларды  қасиетіне  қарай  ажыратуға  және  оны  танып  білуге  үйретеді.  Сөйтіп  бала  топтағы  жасына сәйкес  бағдарламалық  міндетті  меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда  психолог  өзі  жетекші  бола  отырып, балаларды  ойнай  білуге,  ойын  ережесін  сақтауға, әрі  оларды  ойната  отырып,  ойлануға  бағыттайды,  заттың  атын  немесе  қасиетін  есінде  сақтап  қалуға   жол   ашады,  ойынға  қызықтыра  отырып  зейінін,  қиялын  дамытады. Сонымен қатар   ойын  барысында   бала үлкендермен, өз құрбыларымен  қарым – қатынас  жасайды. Әр  бала өз  жетістігіне  қуанып, мәз  болады. Сондықтан да  ойын-тапсырмаларды  таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас  және  жеке ерекшелігін  ескерген  жөн.

Психолог балалармен  ойынды  (заттармен  үстел  үсті және  сөздік  ойын) Үш түрлі  етіп  өткізуіне  болады.  Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды, табиғи  заттарды  қолдану  арқылы  өтіледі.

Мысалы: «Дәл осындайды   тауып ал», «Салыстыр да, атын  ата», «Қай  ағаштың  жапырағы», «Бірдей  ойыншықты  тап»,   «Қайсысы  көп,  қайсысы аз», т.б. Үстел үстітттойынын  ұйымдастыруда  домино,  лото, суреттер  қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа  ұқсайды?», «Қай сурет  тығылды?», «Бір  сөзбен  ата», «Кім байқағыш», «Қиылған  суреттер», «Ұқсасын  тап», «4-ші  не артық?»,  «Есіңде  сақта». Ал сөздік ойын  арқылы сөзді  орынды  қолдана  білуге, дұрыс  жауап  айтуға,  сөз  мағынасын  түсінуге,  орынды  сөйлеуге  үйренеді. Мысалы:  «Сөз  ойла», «Сөз  құра», « Жұмбақ  ойла», «Жақсы -жаман», «Жалғастыр»,  «Үш  сөз ата». Сонымен қатар  балалардың  сөздік қорларын  дамыту  жұмысына  ойындарды  қолданумен  қатар,  «Пішіндер  көрмесі», «Өрнекті  есіңде  сақта»,  «Қиын  жолдар», «Суретті  жалғастыр», «Биші  адамдар»,  «Көңілді  таяқшалар»  тәрізді  жаттығу  тапсырмаларды  да пайдаланып  отыру  өз  нәтижесін  береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар  балалардың  сөздік  қорын  дамыта  отырып,  таным  белсенділіктерін  және  саусақ  бұлшық  етін  дамытуда  маңызы  зор.

Жалпы  ойынды  ұйымдастыру  ойынды  өткізуге  әзірлік,  ойынды  өткізу, ойынды  талдау  сияқты  үш  бағытты  қамтиды. Ойынға  қажетті  құрал , заттарды  даярлау  ойынды  өткізуге  әзірлік  болып   табылады. Ойынның  мазмұнымен  таныстыру  ойынды  өткізу  болып  табылады. Ойынды  талдау, бұл  ойынның   өз  мақсатына  жетуі,  балалрдың  белсенділігі   және  олардың  әс-әрекеті  болып  табылады.

Балалардың сөздік қорларын дамытуда  ойындарды,  тапсырма-жаттығуларды  қолдану  үлкен  нәтиже  береді. Ойын  арқылы  балалардың  сөздік қоры  дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді,  таным белсенділіктері  қалыптаса  түсіп, ақыл-ойы  өсіп  жетіледі,  әрі  адамгершілік  қасиеттер  бойына  сіңіреді.