ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Айтжанова Р.М., Сейталы А.

     «Дені сау адам-табиғатымыздың қымбат жемісі» - деген екен дана халқымыз. Қазіргі кезде алаңдатарлық мәселелердің бірі, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жылдан-жылға көбейюде.

  «ҚР-ң мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және педагогикалық» көмек көрсету туралы ҚР-ның Заңдарына сәйкес  мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсететін көмек етек жаюда. Дегенмен бұл аздық етеді, әліде болса ойланарлық жағыдай [1].

Әрбір бала үшін мектеп табалдырығын аттау жауапты да қиын кезең болып табылады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, бұл әлде қайда ауырлау. Оларға бұл кезде эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады [2]. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан дүниесінде кеңістіктен тарылып, күйзеліске ұшырасуына жол бермеу, белгілі ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның және қалың бұқара, біздің де парызымыз деп ойлаймын.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін белгілі ресурстар қажет, ең алдымен адамгершілік. Инклюзивті білім беруді дамытудың мүмкіндіктері шектеулі балалардың  білім алу жүйесін жетілдірудің  басты бағыттарының бірі ретінде  қарастырған жөн. Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының жүзеге асырылып отырған  инклюзивті білім беру жүйесі болашақта  еліміздегі білім алуда ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды әлеуметтендіру  мен білім берудің іргетасы болып қаланбақ.

Біз жоғары да қарастырып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес, білім білім беру саласын да да басты назарда болуы керек. Мұндай мүмкіндігі  шектеулі жарым жандар оң солын танып, білім шыңына  шыңдалып , толыққанды азамат болуы үшін білім беру саласы  өз мүмкіншілігіне орай  біліммен қарулануы керек.  Ол үшін қазіргі кезде арнайы мектептер мен арнайы сыныптар немесе үйден білім алуға жағдайлар жасап отыр. Соның ішінде үйден білім алатын балаларға компютермен қашықтықтан оқытудың  пайдасы өте көп.  Ол баланың қызығушылығын  арттырумен ғана шектелмейді, өмірге деген ұмтылысы, көз қарасы өзгереді. Әрине барлық балалар соның ішінде ауыл балаларының барылығы заманға сай сабақ өтпейді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту – педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады. Ол үшін оқу үрдісін жаңартып, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен қолдана сабақты түрлендіре өтудің маңызы зор. Сол технологиялардың бірі-педагогикалық ойындар. Педагогикалық ойындар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы болып табылады. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне, кез келген нәрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау, тағы басқа дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады. Педагогикалық ойындардың түрлері көп. Олар: іскерлік, интеллектуалдық, сюжеттік, рөлдік, драматизациялық, дидактикалық тағы басқалары. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады [3].

       Адамның жеке тұлға ретінде дамып калыптасуында әлеуметтік тәжірбие мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор.Кең мағынада адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр-бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлеуметтік - нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әр-бір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.

   Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам,табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.

   Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Мектеп психологі білім беру ісінде әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың нақтамасына қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз. Әр оқушымен жеке жұмыстану Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, мүмкіндігі шектеуі балаларды зор қуанышқа бөлер еді [4].

Үйден оқылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін  қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлар қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да мүмкіндігі шектеулі балалардың қызығушылығын арттыратын ойын жаттығулар ретінде жұмыс жасайды. Осындай жаттығулар, жұмыстар арқылы баланың өмірге деген қызығушылығы арта бастайды.

Қай ата-ана болсын өз баласының өзгелерден  оқшау оқып , білім алғанын қалар дейсің!? Бар тәттісін баласының аузына тосып, бар мүмкіндігін баласына сарп ететін ата-ана  өз баласының денсаулығын, болашағын бәрінен жоғары қойып түн ұйқысын  төрт бөліп, күйзелетінінін бәрі біле бермейді. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды  назардан тыс қалдырмай, олардың қоғамда  бейімделуіне, барлық адам секілді өмірден түңілмеуіне  жан жақты жағдай жасауын қарастыруымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР - ның  даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған заңы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 258 бұйрығымен бекітілген.

2. Дүйсенов Ж.Қ., Нығметов Қ.Н  Балалар психологиясы. - Алматы баспасы, 2012. - Б.18-19.

3. Айтжанова Р.М., Бижанова Ж.М. Білім беру кеңістігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік интеграциялау факторы ретінде. ҚР білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында педагог кадрларын даярлау мәселелері мен болашағы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. - Қарағанды, 2014. – Б. 217-221.

4. Тебенова Қ.С., Айтжанова Р.М., Рымханов А.Р. Педагог мамандарды инклюзивті білім беру жүйесіне даярлау. ЖШС «Арко» типографиясы. -  Қарағанды, 2016. – 262 б.