Бейсенбекова Гулназ Турлыбаевна

Кандидат педагогических наук, доцент

Университет иностранных языков и деловой карьеры

 

1.     Интерлингвистика ілімінің пайда болу себептері

        Өзара түсіністік түсінуден басталады. Әсіресе, бұл проблема ақпараттардың дамыған кезеңінде халықаралық байланыстардың күннен күнге дамуымен тығыз сабақтасады. 1641 жылы Ян Омос  Коменский былай деген екен: «Бүкіл әлемге қазіргі бар тілдерден де жеңіл тіл қажет деген екен.

    Көптілділік әрқашан да әлемдік мәдениеттің дамуында, халықаралық  ынтымақтастықтың орнауында өз кедергісін тигізбей қоймады. Бұл, әсіресе, қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдардың, халықаралық іскерлік байланыстардың күннен күнге өсуінен байқалады. 1860 жылы 8 халықаралық ұйым болса, оның біреуі ғана мемлекетаралық ұйым болған екен. Ал қазіргі кезеңде 500-ден астам халықаралық ұйымдар жыл сайын конгресс өткізеді, соның ішінде  300 екі жылда бір рет өткізсе, 200 үш жылда бір рет өткізеді. Соңғы кезеңдерде біздің планетамызда жыл сайын әр түрлі аймақтан, әр түрлі тілде сөйлейтін делегаттар қатысатын 1000-нан астам халықаралық кездесулер өтеді, әрине, оған  белсенді түрде Қазақстандық делегаттар қатысады. Бұл халықаралық конгерстердің, жиылыстардың, симпозиумдардың толық көздеген мақсатына жете алмауы қатысушы делегаттардың сол өтіп отырған мемлекеттің тілін білмеуі салдарынан түрлі қарастыралтын сұрақтар төңірегіндегі  талқылауларға белсенді қатыcа алмауынан туындайды.

      Міне, осы мәселелер төңірегінен халықтар арасындағы (язык посредник) «делдал» тілдің қажеттілігі пайда болды. Сол себепті адамдар арасында жасанды тілдерді жасау жөнінде идея қалыптаса бастады. Бұл идея жаңа ғылым – интерлингвистиканың,  тілдегі жаңа тілдердің құрылымы жөніндегі ғылымның қалыптасуына  әкелді. Әсіресе, бұл мәселенің қажеттігі ХІХ ғасырда ерекше көтерілді. Осыған байланысты  әлемдік тілдердің кең көлемдегі жобалары пайда болды. Соның ішінде ерекше уақыт тегеуріненіе шыдағаны эсперанто тілі болды. Оның негізін қалаушы Людвик Земкнгоф.

    Интерлингвистика ғылымының негізін қалаушы Ж.Мейсманс екендігі сіздерге белгілі. Ж.Мейсманс халықаралық тілдер мен халықаралық диалектілер арқылы қатынас жасауда «делдал» рөлін атқара алатын барлық тілдерді, соның ішінде табиғи және жасанды тілдерді жатқызады. 

    Интерлингвистиканы зерттеуші ғалымдар ішінде оның мақсаты мен міндетін дұрыс жолға қоюшылардың бірі О.Есперсен болған. Есперсен: «Интерлингвистика халықаралық тілдердің нормасына сай келетін барлық тілдердің құрылымы мен негізгі түсініктерін зерттейтін тіл білімінің саласы» деген анықтама береді. Бұл анықтама жасанды тілдердің құрылымы негізінде табиғи тілдерді салыстырмалы оқытуды және әмбебап грамматиканы жасауды ұсынады. Бұл жағынан интерлингвистика типологиямен сабақтасады. Интерлингвистика халықаралық жасанды тілдерді үйрету барысында кездесетін тілдік қиындықтарды жеңуге негізделеді. Осымен байланысты интерлингвистиканы халықаралық қатысымдағы жалпы теорияның контексіндегі халықаралық тілдерді оқытатын тіл білімінің саласы ретінде қарастыру туындайды.  Бүгінгі таңда интерлингвистиканың зерттеу пәніне қазіргі кезеңдегі ұлттық тілдердің өзараәрекеттестігі және «интернационализмдердің» енуін зерттеу процестері, жасанды тілдердің қолданысын қарастыру, олардың құрылымын болжау, қалыптасуына талдау жасау, табиғи тілдерге деген қолданыстағы қатынасын анықтау.

     Интерлингвистиканың негізгі проблемалары ретінде жасанды тілдерді үйрету проблемасы туындайды. Егер де тілдік қатысым тұрғысынан жүзеге асатын болса, онда олар жоспарлы тілдер деп аталады. Жасанды тілдер нақты теориялық мәселелер негізінде қалыптасады. Бірақ, белгілі ұжым ортасында жасанды тіл қатысымның даму процесінде және нақты қолданысқа түсуіне байланысты басқа тұрғыдан да қарастырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда теория кез келген халықаралық жасанды тілдердің қарым-қатынас жасау тәжірибесінде жүзеге асуына не аспауына қарамастан тарайды.   Тіл теориясына қатысты бұл мәселені С.Кузнецов лингвожобалау (лингвопректирования) теориясы деп атайды. Ал екінші жағдайда теория тілдегі қызметіне қарай екінші орынға шығып, жүзеге асқан қатысым жүйесінде тарайды. Бұл теорияны жоспарлы тілдердосң қалыптасу теориясы деп атайды.

  Демек, жасанды тілдерді жасау мәселесі, яғни, лингвожобалау, лингвожобалау теориясынан бұрын қалыптасты, ал лингвожобалау теориясы   жопарлы тілдерді қалыптастыру теориясынан бұрын қалыптасты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахманова О.С, Бокарев Е.А. Международный вспомогательный язык как лингвистическая проблема. - ВЯ, 1956, № 6.

2. Ахманова О.С., Александрова О.В. Некоторые теоретические проблемы советского языкознания. - ВЯ, 1980, № 6.

3. Базиев А.Т., Исаев М.И. О языке будущего. - В кн.: А.Т. Базиев, М.И. Исаев. Язык и нация. М.: Наука, 1973.