Бейсенбекова Гулназ Турлыбаевна
Университет
иностранных языков и деловой карьеры
Кандидат
педагогических наук, доцент
Интерлингвистиканың
даму тарихы және қалыптасуы
Лингвожобалау туралы алғашқы ғылыми теориялық идеялар 629 жылғы француз философы Рене Декарттан
баяндамасынан бастау алады. Лингвожобалау туралы теориялық
идеялардың негізін қалаушы Рене Декарт болып есептеледі. Рене Декарттың
идеяларынан кейін белігіл бір мақсатқа негізделген әмбебап
тілдерді қолдану жөніндегі пікірлер туындай бастады.
Декарттың пікірінше,
халықаралық тілдердің етістігі бір ғана жіктеуден, зат
есімдері бір ғана септеуден
тұруы қажет делінген, онда дұрыс емес
етістіктер болмауы керек. Жаңа сөздерді префикстер мен
жұрнақтардың көмегі арқылы туындату керек,
әсіресе, қолданылатын жұрнақтар нақтылану керек
және тұрақты мағынасы болу керек. Декарт тілдерді тек
қана қарым-қатынас құралы ретінде қолданып
қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алудың көзі
ретінде, логикалық тұжырымдар жасай алатын ойлау құралы
ретінде қолдануды ұсынады.
Декарт және ізін
жалғастырушылар лингвожобалауды коммуникативтік тұрғыдан
жүзеге аспаған лингвистикалық талап тұрғысынан
қарастырған идеялар тұрғысынан
қарастырылды. Сол себепті де сол кездегі лингвожобалау
және тіл біліміне қатысты қосымша пікір ретінде
қалыптасты, лингвожобалау туралы теорияны болашақтың тілі
ретінде ұсынды.
Декарттың қолданылатын тіл
үйретілу үшін өте жеңіл болуы қажеттігі жайлы,
әр түрлі адамдардың бір-бірімен еркін бір ғана тілдесе
алуы туралы, әрі бұл тілдің философия тілі болуы
қажеттігі туралы талаптарының жүзеге асуы мүмкін
еместігін тәжірибе көрсетті. Дегенмен, оның
көзқарастары халықаралық тілдер туралы түрлі
жобалар дайындауда үлкен ықпалы болды.
Барлық халықтар үшін бір
ғана тіл жасау проблемасы Я.О.Коменскийді де қызықтырды.
Бірақ Коменский Декарт сияқты халықаралық
тілдердің «тепе-теңдігіне», «пәлсапалығына» мән
берді, нәтижесінде әр түрлі адамдардың бір ғана
тілде еркін қатынас жасауына ықпал ететіндігіне баса назар
таударды, ьірақ бұл айтылғандар еш талапқа сай келмеді.
17 ғасырда Аглияда, Францияда
халықаралық тілдерді бірыңғай ету жайлы түрлі
пікірлер туындады. Солардың ішінде классикалық жүйедегі латын
тіліне көшу жайлы пікірлер де болды, жазбаша таңбаларды да бір
жүйеге келтіру жөнінде түрлі пікірлер қалыптасты.
Әлем тілдері үшін бір ғана алфавит болуы қажеттігі
жайлы ұсыныстар да пайда болды.
Халықаралық
тілдерді жасау жөніндегі пікір ағылшын физигі, механигі, астрономы
және математигі Исаак Ньютонды (1643-1727) да қызықтырды.
Ньютон арнайы символдық белгілерді қоя отырып, оны
қолданудың жолдарын белгіледі. Мысалы b-сезімді, s-еңбек құралдарын,
t-жануарлар, т.б. білдіреді. Жаңа
сөздер лексикалық материалдар негізінде туындайды, түбірге
жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа
сөздердің тууы, оның түбірлес сөздермен
туыстығы немесе грамматикалық категориялар, т.б. Ньютон жобасынан
тыс қалды. Сол себепті де Ньютон жобасы интерлингвистика тарихында тек
қызықты материал ретінде ғана қалды.
Әмбебап символдар негізінде,
яғни математикалық формулаларды пайдалана отырып, адам ойын жеткізе
алатын тілді жасау атақты неміс математигі, философ, тарихшы, дін танушы
Готфрид Вильгельм Лейбиницті (1646-1716) де ерекше қызықтырды. 1666
жылы Лейбиниц латын тілінде жазылған диссертациясында жер бетіндегі
барлық халықтардың тілін жалпы жазба таңбалар негізінде
түсінікті етіп қолдануға болады деген идеяны ұсынды.
Түрлі пікірлер негізінде
ғалымдар бүкіләлемдік тілді табиғи «фонетикалық
тіл» ретінде қарастыру қажетігін атап өтеді және осы
тіл арқылы тек қана жазып қоймай сөйлесуге де
болатындығына назар аударады.
«Ортақ жазу мен ортақ
тіл» жасау идеясы көптеген ғалымдардың, академиктердің,
тіпті үкіметтің өзі де айналыса бастады. Германияда,
Францияда, Испанияда, Венгрияда, Ресейде, Данияда осы мақсатқа жету үшін
түрлі сыйлықтар ұсынылып, жобалар дайындалды. 1811 жылы Копенгагеннің
ғылым академиясы жеңіл әрі түсінікті пазиграфияны
дайындау үшін арнайы сыйлықтар ұсынылды.
Жасанды тілдерді
әлеуметтік тұрғыдан қолдану волапюктен басаталады.
Оның негізін қалаушы И.М.Шлейер. Волапюк авторы негізгі екі
логикалық мектеп қалыптастыруға талпынды. Өз
тілінің кең таралымын ескере отырып, түрлі формалармен
толтыруға тырысты. Грамматика логикалық принциптерге
құрылды, бірақ сөздіктің жіктемелік негізі
болған жоқ, ұлт тілдерінің кірме сөздеріне
негізделді (әсіресе, ағылшын тілі). Волапюк жасанды тіл ретінде қолданыста
болды.
Волапюк тілі тез (1889ж.)
қолданыстан шыққанмен де Шлейер жобасы лингвожобалау тарихына
жаңа кезең ашып берді. Осы кезеңде қазіргі
түсініктегі интерлингвистика пайда
болды. Халықаралық жасанды тілдер теориясы тіл білімінің бір
бөліміне айналып, «интерлингвстика» терминінің пайда болуына
ықпал етті. Әуел бастан халықаралық тілдердің
әлеуметтік сипатқа ие болуына зерттеу нысаны ғана емес, сол
нысанды зерттеуші субъектінің әсері бар: ертеректе халықаралық
тілдерді жекелеген ғалымдар қарастырса, соңғы кезеңдерде халықаралық
тілдер Академиясы да ат салыса бастады. Сондай-ақ, халықаралық көмекші тілдер
Ассоциациясы құрылды, т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахманова О.С, Бокарев Е.А. Международный вспомогательный
язык как лингвистическая проблема. - ВЯ, 1956, № 6.
2. Ахманова О.С., Александрова О.В. Некоторые теоретические
проблемы советского языкознания. - ВЯ, 1980, № 6.
3. Базиев А.Т., Исаев М.И. О языке будущего. - В кн.:
А.Т. Базиев, М.И. Исаев. Язык и нация. М.: Наука, 1973.