Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ - ҚОЖА» ПОВЕСІНІҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕН АЛАТЫН ОРНЫ

 

Сейдахова Даулеткуль Сайлаубековна

Қазақстан. Тараз «Парасат» колледжі

 

"Менің атым - Қожа" повесі дүниеге келген кезеңнен күні бүгінге дейінгі аралықта балалар әдебиетіне қалам тартқан жазушыларға да үлкен мектеп болды десек, артық айтқандық емес. Белгілі жазушы Сапарғали Бегалин, Сансызбай Сарғасқаев, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев, Өтебай Тұрманжапов т.б. кезінде зор бағалаған повесть баланың эстетжалық сезім күшін байытуға, жан дүниесін баурап, "өзгеше болуға" итермелеуге бағытталған қазақ балалар әдебиетіндегі өзгеше дүние жабырқағанды жадыратын, қамыққанның қабағын ашатын, адасқаңды аялай жолға салып, әлсірегенге күш-қуат сыйлайтын осы бір шағын повесі арқылы Бердібек Соқпақбаев сонау XIX ғасырда іргетасы қаланған балалар жазба әдебиетінің көрнекті өкілдері қатарынан орын тебеді.

Жазушының өзі айтқандай,"Қожа ойша өмірден алынғаң, кей кылығы өзім де, кей іс-әрекеті, характері менің ауылдастарым, замаңдастарым, яғни Қожа - типтік бейне". Әрине, повестің өнбойында бір міні жоқ десек қателесер едік. Автор өз туындысын 1956 жылы Алматыда өңдеп, толықтырады. Сыншылардың пікірлерін, ескермелерін ескере отырып, атын да өзгертеді.

Сонымен, "Менің атым Қожа" повесі - адамзат баласымен бірге жасайтын 'Том Сойер", "Робинзон Крузо", "Капитан Гранттың балалары", "Чук пен Гек" сияқты әлемдік деңгейге толық жауап бере алатын қазақ балалар әдебиетінің үлкен табысы.

Адам баласы үшін өмірдегі ең қымбат ұрпағы, өмірін жалғастырар бала болғандықтан, балалар әдебиетінің атқарар жүгі де ауыр болмақ. Барлық еңбек, барлық өнер қүрметі, алайда балалар еңбегі мен оларға арналған дүниелердің маңызы екі есе жоғары. Осы орайда жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің, геройларының құндылығы жайлы сөз қозғар болсақ, әдебиет сыншысы Б.Личнуктің тілімен айтсақ: "Б.Соқпақбаев - мастер в изображении детей. Он находит много деталей которые полностью убеждают читателя, что перед ним ребенок. С большим мастерством входит писатель в интересы ребенка и раскрывает его внутрешшй мир" немесе орыс балалар әдебиетінің атасы Л.Толстой: "Адам өмір сүру үшін-күресу, іздену керек. Шатасу, қателесу, ұрыну, бастап тастап кету, тастап кетіп қайта бастау, ылғи күреспен өмір кешу керек. Тыныштық - жан жауыздығының белгісі," - деген өмір қағидасын ескерсек, Соқпақбаев геройлары да осы қағиданы берік ұстанған.  Олар да ұрыншақ, адасып, қателесіп жүріп, шындық жолын іздеп шарқ ұрады, қоғамға пайдалы істер істеуге, еңбек пен адалдыққа ұмтылады, жақсылыққа жандары құштар олар кейде арман жолында қарманып жол іздейді.

Осындай өмір арпалысы үстінде кейіпкер мінез-құлқын ашу шеберлігі арқылы жазушы өз мұратына жетпек.  Жас адамның қалыптасу жолын қарапайым тілмен - еңбектеген жас баладан еңкейген кәріге дейін тусінікті тілмен - шебер де шынайы көрсете білген, композициялық құрылысы, сюжет, образдар жүйесі, тіл көркемдігі жоғары талапқа сай шығарма, ал автор -балалар әдебиетінің қалыптасу, өсу, дамуына үлкен үлес қосқан майталман қаламгер.

Бұдан өзге де автордың басқа тақырыпты қозғайтын «Қайдасың, Гауһар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Аяжан», «Әпенденің айнасы» т.б. ірілі-ұсақты көлемді шығармаларынан басқа, қысқа-қысқа әңгімелерінен  де «Бурыл ат», «Ана жүрегі», «Әріппай мен көкжал қасқыр», «Аяқталмаған мәжіліс», «Хат». Әдебиетте өзіндік орны бар, жеке зерттеуді, талдауды, түйіндерді қажетсініп тұрған, сұранып тұрған мол әдеби мұра болып табылады. Біз солардың ішіндегі шоқтығы биік, балаң көңілге бақыт, ерекше бір қуаныш сезімін ұялатар, бәрімізге ыстық «Менің атым Қожа» повесін, оның балалар әдебиетіндегі алар орны сөз еттік.

Бүгінгі таңда осы жағына аса мән беріп, шығармашылық табысына жетік көз жіберетін болсақ біраз нәрсені аңғаруға болады екен. Біріншіден, ауыл өмірін басынан өткерген баланың сан соқпақты тағдыры, бала санасын сан саққа жүгіртіп, ақыр аяғында өзінше тұжырым жасауға мәжбүр еткен. Қайда барса да, қандай шаруамен айналысса да, кіммен сөйлессе де, жетім баланың көңіліндегі күпті ойы кінәмшілдік төңірегіңде түлейді. Ол мейлі әкесіз жетім болсын, мейлі ол жетімдік ғұмыр болсын, ауыл өміріндегі сол жетімсіздіктің жұтаң бедерін, жадау ұсқынын көз алдыңа әкеліп, әрбір ортадан көрген қақ-сұқтың елеусіз сәттерін тумысында зерделі бала кекірегіне түйіп, бертін келе көксеген көсегесіне арқау етеді. Рас оны табиғат көркі мен сол кездегі ауылдың аңғалжандары арасындағы әр қилы мінез-қылық, тез еліктегіш балаң ұрпаққа, бір жағы мазақтық дәрежеде, енді бір жағы естен кетпес ызалы шақтар, болашақ жазушы баланың жан жаратылысына жайма-шуақтығымен қатар ыза-кегін күрсін те қоса теккен ортасы оны адам етіп жаратқан. Әр нәрсе әу басында өзіне жарасымды әдемілігімен дүниеге келе бермейтін көрінеді. Бірақ оның жаңды дүние болса өзінің айналасындағы өзі тектес жаратылыстармен соқтығысып барып қашан өз орнын тапқанша өмір ортасы шыңдап, шымырлап, сұңғыла ететін жайы бар.

Ал зат болса оны табиғаттың желі бар, суы бар, дауылы бар, әйтеуір осы сияқты табиғат қүбылыстары мүсіндейтіні анық. Болмаса бүгінгі қазынамыз деп жатқан түрлі-түсті асыл тастарың да, кемір, темір, газдарың да соның жемісі емес пе. Адамзат та осы құбылыстан әсте кенже қалып көрмеген. Оның үстіне адам үздіксіз қозғалыстың түлеткен жаны болса. Біздің Бердібек ағамыздың шыңдалу мектебі осы тұстан шаң беріп, қарапайым халықтың қарабайыр тұрмысында шындалып келіп, совет заманындағы бүкіл әлем әдебиетінен жаманды-жақсылы хабардар ететін ортада суарылған. Бұл нағыз әкел бері, істе жылдам, еткіз тездің шыдамсыз ордасы еді. Осы мектептің ортасында жүріп, соның орынды ағымына көшіп жүре бермей, өтіп жатқан өмірдің ерісіне байыпты қарап, байсалды әрекет жасаған жазушы.

Осы байыпты қараудың арқасыңда бүл кісінің алған ұлағатты жолдары аз болмаған. Оған мысал, біріншіден, Саттар Ерубаев сияқты ағасының "Менің құрдастарымдағы" жазылу шеберлігі бұл кісіге үлкен әсер еткен. Мұндағы әрбір тараудың қысқа-қысқа қайырылып, автордың айтайын деген ойын тым ауырлатпай жеңіл, елгезек тілмен албырт жастың ықыласын бірден мезі етпей, елпілдетіп алып кететін тәсілін қатты қабылдаған. Болмаса сіз "Менің атым — Қожаны" оқып керіңіз. Екіншіден, батыс әдебиетінде романның әрбір тарауына айдар ретінде көне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып үздіксіз жетектейтін тәсіл бар. Мысалы Вольтер Скоттің "Айвенгосын" қараңыз. Бұл тәсіл тағы бір жазушымызда басқаша жолын тапқан, мысалы, Жюль Верннің "Дәрігер Окстің тәжірибесі" сияқты тағы басқа шығармаларда қолданған әрбір тараудың мазмұнын қысқаша баяндап кету нұсқасы, өз дәрежесінде шығарманы өте ұтымды және өте қызғылықты етіп көрсетері анық. Бұл да "Менің атым — Қожаның" жазылу нұсқасында өз орнын тамаша тапқан.

Қысқасы жазушының шынайы өмірден алынған қызықты хикаялары жоғарғыдай, өмірі өлмес нұсқалармен меңзелген де елге аңыз боп тараған "Менің атым - Қожа" мен оның авторы Бердібек Соқпақбаев бейнесін айна-қатесіз береді. Сондықтан да бұл шығармалар халық көңілінен, қала берді, әрбір ұрпақтың өз ісі мен әрекетіне еріксіз сіңіп, өзін-өзіне түсіндіріп беретін ақылгөйлік даналығымен, жүйесі мен желісі өзгеше құрылған даралығымен бүткіл ұрпақ көңілінен ерекше орын алып қалғандығы анық.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.      Абаева А. Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1995, №6

2.      Асылбекұлы С. Балалық шақтың шамшырақтары.  Ақиқат. 2009. №7

3.      Әбунасырова Ғ.Ж. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» повесіндегі кісі. есімдерінің ерекшеліктері.  ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы . 2003. №3