Филологические
науки/7. Язык, речь, речевая
коммуникация
Мукашев Т., к.ф.н.,
Калмаханбетова Н.А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Қазақстан
Республикасы
Халық
достығы -
батылдық пен ерліктің
шежіресі
Әйгілі қаһарман,
әскери жазушы Бауыржан Момышұлы жиі айтатын: «Халықсыз
қаһарман жоқ», яғни
қаһармандарды ел құрайды, ал олар халықты кейіптейді.
Ұлы Отан соғысы Қазақстан үшін өте ауыр
сынақ болды. Мол сұрапыл жылдары
біздің әкелеріміз бен
аталарымыз ғаламат ерлік, батылдық және беріктік танытқан. Қазақстаннан
соғысқа 1 миллион жүз тоқсан алты мың жүз алпыс төрт адам
шақырылған және әскерге алынған, және де
оның ішінде әрбір
үшіншісі қазақ
болған, әрбір
төртіншісі соғыста қаза тапқан. Ұлы Отан
соғысында 11 қазақ ұлттық бөлімдер шайқасқан, оның ішінде үш каварелиялық дивизия, және екі атқыштар бригадасы. 96
қазақ Кеңес
Одағының
Қаһарманы, ал Талғат Бегельдинов – екі рет Кеңес
Одағының
Қаһарманы атағына ие болған.
Бауыржан Момышұлы
қазақтардың ішінен бірінші Бас Штаб Академиясын тамамдаған. Екінші
дүниежүзілік соғыста ол
дивизия командирі ретінде
жалғыз қазақ болған еді. Бауыржан Момышұлы туралы
дарынды командир ретінде бірініші рет
Мәскеу түбіндегі
шайқастардан кейін ел шулады, осы шайқас 1941-1942 жылдары аса қаталдық пен шиеленіспен
сипатталған еді.
Біздің үлкен
буынымыз - олардың ішінде
қазақтар, орыстар,
қырғыздар, татарлар,
чуваштар, түріктер, грузиндер, армяндар, украиндер және т.б. бар нағыз ерлік
танытқан, соның
арқасында біз үшін – жас
ұрпақ үшін -
бостандық пен
тәуелсіздікке, тарихи перспективаға, мемлекеттілікке құқыққа ие
болуға мүмкіндік берді.
Барлық тарихшылардың
көрсетуінше, Бауыржан
Момышұлының өміріндегі ең танымалы шайқас - Москва
түбіндегі майданы болып
табылған. Ол кезде Бауыржан Момышұлы жас жауынгер болған,
оған қарамастан 1073 атқыштар полкінің батальон
командирі, аға лейтенант қыс
мезгілінде Мәскеу түбінің қарына малтыға
жүріп, бірнеше рет қоршауды
жарып шығып, ол ұрысқа 27 рет қол бастап кірді, және сол
күнге дейін соғыс майданында болмаған тактикалық
маневрлер жасаған, барлық жетекшілердің мойындауынша, ол әскери
өнерге көптеген оң жаңалық енгізген. Генерал Панфилов
командир Момышұлыны жетік стратег, асқан тактик ретінде өте құрметтеген.
Әскери тарихында белгілі шайқас 1941 жылдың 16-18
қараша күндері аралығында Матронино селосының
маңында Волоколам тас жолында өткен. Осы жерде Бауыржан Момышұлының жауынгерлері
аса ерлікпен соғысты. Олар әртүрлі ұлттар
өкілдері еді, алайда олардың барлығы үшін Отан,
туған жер, көптен
күткен жеңіс – ортақ болған. Сол себептен олар өз
өмірлерін туған жер үшін, туған ел үшін
құрбан етуге дайын еді. Осы естен шықпас шайқаста комбаттың
дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл
маңда 3 күнге іркіліп қалды. Осымен шектелмей, Бауыржан Момышұлы ерлігінен соң өз жауынгерлерін қоршаудан
соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Әрине осы сұрапыл
кезеңінде жекеленген полктердің батальон, роталарымен байланысы
үзілген, жауынгерлердің
қай жерде, қандай халде екенін білу өте қиын еді. Комбат Бауыржанның да батальоны
осындай халге ұшыраған.
Осындай жағдайда Бауыржан өзін өте білгір стратег
ретінде танытты, ол шегінудің нақты жоспарын жасады. Осы жоспарды жүзеге асыруға,
әрине, оның жауынгерлері атсалысты. Олардың ішінде аға
лейтенант Рахимов, саяси жетекші Мұхаметқұл
Сләмқұлов, Толстунов, Бозжанов, Жиенішбаев, лейтенант
Терещенконы атап ету қажет.
Тәжірибесі мол,
жетік стратег комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша
әдейі резервте ұстаған екен. Осы жерге
жаман хабар келді: «Б.Момышұлы басқарған батальон
түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті». Алайда Бауыржан Момышұлы өз жауынгерлерін түгелдей аман әкелгенін
көрген Панфилов оралған
жауынгерлерді өте қуанып қарсы алды. Тіпті Бауыржан ұрыс естимін бе деп
тұрғанда, И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас
алады. Иван Васильевич Бауыржанды қаусыра құшақтай
алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп
арқасынан қағады.
Бүгінгі таңда
жастар үшін Бауыржан
Момышұлы, халық
қаһарманы, әсікери ғалым, қолбасшы, философ және
жазушы соншалықты актуальді болып табылады. Кезінде әйгілі
қолбасшы А.В.Суворов
айтқан: «Өзің үшін үлгі ретінде қаһарманды ал!».
Расында, Бауыржан
Момышұлының өзі, ол бейнелеген жарқын қазақ, орыс, неміс, украин, қырғыз, өзбек, чуваш, түрік, украин
ерлері жас ұрпақ үшін
өзіміздің болашағымызды, Отанымызды қорғау үшін, қазақстандық
мемлекеттілікті нығайту
мақсатында өз ар-намысымызды салысытырып қарау
үшін дәл осындай
қаһармандар болып табылады.
Бауыржан
Момышұлының тауып айтқан
сөзі бойынша, Отанға деген сүйіспеншілік болып
табылатын қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеу әрбір азаматтың өзінің
жеке игілігінің қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздіктен мемлекет ұғымын тұлғамен,
оның өткен уақыты, қазіргі таңы мен
болашағын біріктіретін тікелей
тәуелділігін сезіну– ол
жоғары тәртіп пен
әскерлердің
соғысқа дайындығын
қамтамасыз ету жолы болып табылады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.
Момышұлы
Б. Ерлігіміз – ұрпаққа өнеге. – Алматы: Жазушы, 1999
2.
Қабдолов
З. Сөз өнері. - Алматы: Жазушы, 1987
3. Мырзахметов М. Бауыржан батыр. – Алматы: Жазушы, 2000
4. Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ
әдебиеті.Алматы: Жазушы, 2002
5. Майтанов
Б. Сөз сыны. – Алматы:Алматы: Жазушы, 1991