М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

 

Заң  факультеті

«Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Аусагатова Г К , студент В14МПССО Өмірбек І. Ә

Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу

 

Мемлекеттік қызмет – әр елдің барлық даму сатысындағы басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер – өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылы­мын жасаудағы Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында “Кәсіби үкіметке” басым бағыт беруі тегіннен-тегін емес.

Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз қалады. 1998 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен мемле­кет­тік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия былтырғы жылы Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.

1999 жылғы 23 шілдеде “Мемлекеттік қызмет туралы” заң және мемлекеттік қызмет шеңберін реттейтін заңдық құқықтық актілер қабылданды.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық мемле­кеттері үшін үлгі ретінде  Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізді.

Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды. 

Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет.   

Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сай білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе істелген жоқ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің “Болашақ” бағдарламасының жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш таңдаулы оқу орнын – диплома­тиялық және сот академияларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді.

Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды. Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылады.

Аймақтық қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға облыс бойын­ша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. теңге қаралған, яғни бұл был­тыр­ғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.      

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында облыс бойынша 75 мемле­кеттік қызметші, аймақтық  біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында – 514 және басқа да салалық оқу орындарында 126 адам оқыды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек.

Конкурстық іріктеу негізінде мемлекеттік қызметке жастардың түсуіне жол ашылды. Бүгінде біздің облысымызда 779 мемлекеттік орган бар, оларда 7,5 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді, орта жасы – 38.

Мемлекеттік қызмет үшін мамандар даяр­лауға бағдар ұстаған көптеген маманданды­рылған оқу орындары негізінен ғылыми және теориялық білім беруді ұсынады, ал жүйелік түсіну, кәсіби дағды, ұйымдастырушылық қабілетін ұштау білім беру аясынан қалыс қалады. Сол себепті жас мамандар мемле­кеттік қызмет барысындағы кездесетін кейбір міндеттерді орындауға дайын емес.

Осы мәселені шешу үшін облысымызда мем­лекеттік органдармен бірлесіп, мемлекет­тік қызметке қайтадан қабылданғандардың және де ЖОО-ның бітіруші курстарының қабілетті студенттерінің практикасы мен сынау мерзімін өткізуді дұрыстау үшін шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемле­кеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптас­тыруға баса көңіл бөлінуде. Елбасының Жарлығына сай, облысымыздағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатарынан саяси лауазымға үміткер 9 кандидаттың барлығы да тестілеуден сәтті өтті. Облыс бойынша мем­ле­кеттік әкімшілік лауазымдардың кадрлар резервіне 217 адам енгізілді, бұлардың көп­шілігі бір жыл ішінде жұмысқа орналас­тырылады.

Жуырда “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңның саяси мемлекеттік қызметшілер ротациясына қатысты өзгерістер енгізілді, яғни енгізілу жобасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен мақұлданады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда аппарат басшысы – статс  хатшы  әкімшілік лауазымы енгізіледі. Оның қызметтік міндет­теріне орындау және еңбек тәртібі үшін бақылау мәселелері, аппарат тұрақ­тылығын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметші­лердің кадрлар шеберлігін жетілді­ретін мемлекеттік қызмет ұсыну стандарт­тарын енгізу, Ар-намыс кодексін сақтау кіреді.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті ұсынудың халықара­лық, сервистік тәртібіне көшу. Қатаң бәсе­келестік жағдайында үнемі өз қызметтерінің сапасын арттыратын жеке меншік сектор­лардан мемлекеттік органдардың айырма­шылығы өздерінің даралығынан бұл мәселелерге аз көңіл бөлінді.

Еліміздің заңнамасында “мемлекеттік қызмет” және “мемлекеттік қызметтердің стандарттары” деген түсініктер болған жоқ, сол себепті қызметтерді мемлекеттік органдар­дың міндеттерімен шатастырады. Сондықтан Елбасы мемлекеттік органдардың рейтингтік бағалауының негізгі критерийінің арасынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ерекше белгіледі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­тігінде дайындалған мемлекеттік қыз­меттердің бірыңғай стандарты 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Осының негізінде әрбір мемлекеттік орган халыққа БАҚ арқылы жеткізілетін стандарттар тізімін даярлайды,  бұл мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі халықтың жаппай компьютерлік сауаттылы­ғына жету және жаңа информациялық тех­нологияларды енгізу болып табылады. Қазір елімізде 2007 жылдың соңында аяқталуға тиісті 2004 жылдың аяғында қабылданған “электрондық үкімет” үш жылдық мемлекет­тік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жедел және сапалы болуын, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін  қамтамасыз ету.

“Электрондық үкіметті” белсенді енгізу үшін электрондық мемлекеттік қызмет көрсету шеңбері жұмыстарында халықты оқытуды бірлесіп ұйымдастыру және Интернет-қызметке халықтың қоғамдық қол жетуі үшін пункттер желісін құру қажет.

Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстың жаңа жағдайына оқыту мен дайындау үшін бірінші жарты жылдықта облыстың қала мен аудандарында үш мыңға жуық мемлекеттік қызметші қатысқан 38 семинар-кеңес өткізілді, өздерін ойландырып жүрген мәселелері бойынша жеке қабылдауларда 200-ден астам азамат болды.

Адал жұмыс, әлеуметтік кепіл кешенін енгізу және еңбекақыны көтеру арқылы мемлекеттік қызмет беделі одан әрі жоғарыламақ. Сондықтан, бізге мемлекеттік қызмет және кадрлар саясатын қайта құру мен жетілдіру бойынша қол жеткен табыстарды әрі қарай дамыту керек.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеруде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін алдағы уақытта да барлық қажетті шараларды қолданатын болады.  

 

 

Пайданылған әдебиет  тізімі

 

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғам

2 Жетписбаева Б. А. Антикоррупционное законодательство Республики Казахстан. – Астана, 2011. 3. Есембаева Ж. Е. Правовые средства борьбы с коррупцией: маг. дисс. – Астана, 2013. – 103 с. 4.Синюкова Т. Н. Понятие и подходы к содержанию коррупции // Юридическая наука и практика: Вестник Нижегородской академии МВД России. Выпуск № 1 (29) / 2015

3 Нұр Отан» партиясының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы №001 қаулысымен бекітілген..

4 «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына