Халықаралық құқықта шарттарға қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

Нуртай М.Н.,з.ғ.м.

 

Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы қазіргі заманның ең күрделі саяси – құқықтық мәселелерінің бірі болып табылады.

Халықаралық  құқықта мирасқорлық деген ұғым - бiр мемлекеттің басқамен ауысуы, яғни мiндеттерi мен құқықтары жаңа пайда болған мемлекетке ауысады. Мирасқорлық ежелден келе жатқан институт.

Мирасқорлық жүзеге асырылған кезде мемлекеттер қаншама оның қатысушысы болғанымен, кашан да eкi жаққа бөлiнедi:

1. Жаңа пайда болған мемлекет, яғни бүкiл жауапкершіліктің  бұл мемлекетке өтyi (оны мираскор деп атайды);

2. Ыдыраған мемлекет - бұл халықаралық қатынастардан толықтай жене аумағының бiр бөлiгiне катысты жауапкершiлiктi мойнына алатын мемлекет (оны iзашар деп атайды).

Халықаралық кұқық, мемлекеттердің әрекеттерiн реттей отырып, ол мемлекеттер өмірінің және мәртебесінің, сол сияқты тағы баска жағдайлар болған кезде тыс қалмайды. Яғни, бiр мемлекетке косылуы жене бiр мем-лекеттен бiрнеше теуелсіз мемлекеттер құрылған, т.б. жағдайларға катысы болады.

Мемлекеттiк мирасқорлықтың объектiсi болып халықаралық шарттар, мемлекеттің мүлкi, мемлекеттік қарызы жене мемлекеттік архивi, халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Мемлекеттердің мирасқорлығы жөнінде  халықаралық шарттарының маңызды мәні бap. Себебi ол - мемлекеттердің халықаралық құқықтың басты кайнар көзi мен мiндетi болып саналады. Оның iшiнде көптеген көрсетiлген объектiлер бекiтiлген, соның ішінде шекара,  халықаралық ұйымдарда мүшелiк меселесі.

Мемлекеттерде сабақтастық меселесi туатын жағдайлар:

1.Әлеуметтік төңкерістің нәтижесінен пайда болған жаңа мемлекет;

2. Ұлттық – бостандық күресінде жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы (отарсыздандыру нәтижесінде);

3. Мемлекеттерді бөліктерге бөлген кезде;     

4. Мемлекеттер бiрiккен кезде;

5.Мемлекетің аумағының бiр белiгiнде жаңа мемлекет құрылган кезде.

1. Әлеуметік төңкеріс нәтижесінде пайда болғанжаңа мемлекеттің мирасқорлық мәселесі халыкаралык құқықтың жаңа субъектiсi пайда болған кезде туады.

2. Отарсыздандыру нетижесiнде пайда болған мемлекет 1978 ж. Венадағы Конвенцияға сейкес tabula rasa кати-датымен карастырылады, яғни держава метрополиялармен жасасқан шарты күшiн тоқтатады.

Құқық мирасқорлық мәселесі қазіргі кездегі мамандардың қарама-қарсы ойлар мен бағалар туғызатын пікірталас мәселелерінің бірі болды. Жаңа мемлекеттердің туындауы – бұл халықаралық өмірде анда – санда кездесетін және өзінің арнайы сипатталатын құбылыс болып табылады [1].

Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында “келіссөздерге қатысушы мемлекет”, “келісуші мемлекет”, “келіссөздерге қатысушы ұйым”, “қатысушы”, “үшінші мемлекет”және “үшінші ұйым” ұғымдарын қолданады. Келіссөздерге қатысушы мемлекет – шарт мәтінін дайындауға және қабылдауға қатысушы мемлекет ; келісуші мемлекет – күшіне еңбегендігіне қарамастан, шарттың өзінің міндеттілігіне келіскен мемлекет, қатысушылар – күшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер – шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1-бап).

Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 ж. қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.

Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздерінің бірі болып – халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттеуші тәсілі болып – халықаралық құқық субъектілер еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді [2].

Халықаралық құқық қайнар көздері ретіндегі халықаралық нормалары, халықаралық әдет – ғұрыптар секілді қалыптасатын нормаларға қарағанда, қалаумызға жақын, дегенмен де, «халықаралық шарт» ұғымы  халықаралық әдет – ғұрып ұғымына қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі. Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазіргі кезде негізгі үш келісімдермен реттеледі – 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердің құқыққа иеленушілік жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп – мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекітіліп, мұндай келісімнің бір құжатта не бірнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелітін халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін. Халықаралық шарттағы жақтар тек халықаралық құқық субъектілері  ғана бола алады.

Халықаралық шарт, екі жақтың келісімін белгілі мәселелері бойынша білдіреді, басқаша айтқанда, заңды міндеттіліктің оған, екі жақтың келтіруімен жүзеге асуы керек, демек барлық жақтарымен келтірілуі қажет. Егер де халықаралық шарттың немесе оның қандай да бір бөліміне қатысты жақтардың келісіміне  негізделген күдік болған жағдайында, сол шарттың заңды әрекетін дауға салып шешуге болады. Тағы бір айта кететін жағдай, мемлекеттер өз тәртібін, сондай-ақөзінің ішкі мемлекеттік заңдарының актілеріне сәйкес,халықаралық шартты дайындау, бекіту, оны орындау мензаңды күшінің тоқталуына қатысты мемлекет атынанқызметті жүзеге асыруға құзыреті бар органдар мен жақтардың тәртібін қалыптастыра алады.

Халықаралық шарттар мен оларды бекiтушi мемлекеттер, сол не өзге мемлекеттің ұлттық құқығына бағынышты бола алмайды. Халыкаралық құқықтың кайнар көздерi ретiндегi халыкаралык шарттардын жалпы сипатының шенберінде, өзге де оларға ұксас сипаттарынан айырмашылыктарына назар аударудың  ажетті екендiгiн санай аламыз, яғни мұндағы халыкаралык құкык субъектiлерi мен жеке тұлғалар арасындағы  шарттарды,  джентльмендiк келiсiмдерi мен саяси ойлары жайлы мәлiмдемелерiн айтса болады.

Біздің пiкiрiмiзге сай, міндеті  айтылып отырған меселе қайткенмен де халыкаралык шарттар жайында емес, шетел элементі бар жеке құқыктық келiсiм-шарттардың (контрактілердің) арнайы түрлерi жайында айтылады. Джентльмендiк келісiмдерге келетiн болсак, мұнда көптеген ғалымдардың пiкipi бойынша, жеке тұлғалар арасындағы ауызша түрдегi келiсiмдiлiгi жайында айтылады, әдеттегідей өз мемлекеттері халыкаралык аренада таныстыру құқығына ие болады.  Аталған келiсiм,  мемлекеттер үшiн мiндеттi түрдегi заңды салдарға әкеп соқтырмауы кажет. Әрине бұл ұғымның осылайша,  біржақты  болып айтылғандығына келiсу киын. Бiздiң пiкiрiмiзше, бұл меселеге саралай жақындауымыз кажет және әрбір нақты жағдайда жүзеге асырылған келсiмдердiң мазмұнды сипатына, мәніне, сондай-ақ оның айтылу түріне назар аударғанымыз  жөн [3].

“Белгiлi бiр дәрежеде мағыналас  өлшемдерi, ауызша халыкаралык шартка жеткендігі туралы куәлiк eтyi мүмкiн, сонымен қатар міндеттi заңды күшi бола тұра, оның халыкаралык шарттардың екiншi түpi екендігін ұмытпауымыз қажет. Ал екiншi жағынан, бұл ережелердi дәлелдеуден өзiнiң жеткiлiктi күрделi екендiгiн мойындауымыз керек, мысалы ауызша әңгіменің нәтижесi бойынша алып карағанда.

Сонымен, саяси ой туралы мәлімдеме санаты, халыкаралык шарттарға әжептеyiр жақын; бiрiншiден, олардың айтылу формасы мағынасында. Алайда, маңызды бiр айырмашылығы болып, мемлекеттердің мұндай мәліметтердің корытындылары бойынша, занды міндеттерінің жоқтығы болып табылады. Олай болса, олардың  жарияланбауы  кезіндегі  жауапкершiлiгiнiң  де жоқ  болуы рас. Халыкаралық шарт халыкаралық құқықтың басшылык ететін негiзгi түсініктерінің бiрi.

Халықаралык шарттар құқықтың теориясы мен тежiрибелiк (практикалык) аспектiлерi, жеткiлiктi кен дамытылган, мысалға айтатын болсақ  халыкаралық  шарттарды бекiту рәсіміне, оларды қолдануға, талкылауға, тоқгатуға, заңды күшiнiң тоқтатылуына қатысты. Дәріс курсының арнайы тарауында бұл мәселелер толығырақ  қамтылады [4].

Халықаралық құқық халқаралық қатынастардың қатысушысы ретіндегі мемлекеттердің іс – әрекетін реттей отырып, оларда болып жатқан өзгерістерінде артта қала алмайды. Әсіресе, ол құқық мирасқорлығының алып келетін, мемлекеттік территориялық өзгерістерге қатысты болып келеді.

Мемлекеттердің территориялық модификациялануының, жоқ болып кетуі, қалпына келу әрекеттері – бұл ең біріншіден, саяси, әлеуметтік, экономикалық және де басқа да мәселелерге байланысты болып келеді. Бұл мәселеге қатысты халықаралық құқықтың міндеті осы іс – әрекеттерді зңды тұрғыдан бағалап, реттеу болып табылады.

Халықаралық құқық шеңберінде мемлекеттердің құқық мирасқорлығы мәселесіне байланысы екі құқықтық акт өндірілді. Олар:

1978 ж. "Шартқа қатысты құқық мирасқорлық туралы Венадағы Конвенция" кабылданды;

1983 ж. "Мемлекеттiк меншiк, мемлекeттiк архив жене мемлекеттiк қарыз женiндеri мирасқорлық меселесi бойынша Венадағы Конвенция" кабылданды.

Заңгерлердің айтуынша, бұл ережелер мемлекетаралық қатынастар саласындағы халықаралық әдет-ғұрыптарда көрініс табады.

Халықаралық әдет – ғұрыптың қалыптасуы екі элементтен тұратыны анық:

1)Халықаралық құқық субъектілерінің жалпы бірқалыпты тәжірибелігі;

2)Бұл тәжірибеден шығатын заңды міндетті жүріс – тұрыс ережелері.

Сол себептен құқық мирасқорлық тәжірибесі сипаттамалық сипатта қарастырылады және әр кезде әмбебаптылығымен ,сосын жалпылығымен көзге түседі. Бұл салада жай нормалардың жиынтығының пайда болуы, әсіресе, халықаралық қатынастар шеңберіне қарағанда өте күрделі құбылыс болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.     Лукашук И. И. Конституции государств и международное право. М., 1998

2.     Голоцин В.В. Антартика: тенденции развития режима. М., 1989.

3.     Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве. М., 1988

4.     Фельдман Д.В. Источники современного международного права М., 1987