М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

«Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Аусагатова Г К ,студент В14МПССО  Өмірбек І. Ә

 

Қазіргі таңдағы діни экстремизмнің идеялық түп негізі

 

       Президент Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген  лаңкестік әрекетттер,  әлемдік  деңгейдегі текетірес, ұлтаралық  мемлекет аралық   қақтығыстар  толастар емес».  Осы қақтығыстардың   дінмен  байланыстырылуы, біздіңше  тегін емес. Бұл мәселе  едәуір  жарияланымдар  болғанына  қарамстан,   әлі де  болса  тереңірек   зерттеуді  қажет етеді. Осы күнге  дейін  діни  фундаментализм  идеясының  мәні   және  оның  адамдардың  психологиясы  мен мінез-құлқына  әсері  толық  зерттеліп  болған  жоқ. Лаңкестік  жолға  түскен  адамдардың  іс-әрекеті неліктен  дінмен  байланыстырылады. Неліктен  терроризм  мен антитероризм арасындағы  күрес  діни белгілеріне  карай жүргізіледі. 

         «Діни идеяларының  қайта күшейе  түсуінің  Қазақстанда діни  экстремизм  бас  көтеруіне  қаншалықты  ықпалы бар Шынайы   әлемдік  діндер  тікелей  экстремизмге  шақырмайды.  Оның  тек  фундаментализм  бұрмалаған  түрлері  ғана  экстремизмге  лаңкестікке  бой  ұрады. Олардың  көріністерін  тарихи  деректерден  білеміз. Фундаментализм не  дегенде, ол  ең  алдымен  мынада: Фундаментализм  қай  дінде  болсада   бұрыннан     қалыптасқан  дәстүрлі дінді «бұзылды»  оны  жақсартамыз деп  немесе  өзге  діндердің  «озбырлығынан  қорғанамыз»  деген сылтаулармен   жүргізілетін  экстремистік  тіпті  лаңкестік  әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев  атап көрсеткеніндей,  «фундаментализм» деген  ұғымнның өзі Исламның өңін  айналдырғаны сияқты, Хрестияндықтыңда, Иудайзмнің де  өңін  айналдырған  ұғым  екенін  атап өткен  жөн.  Міне,  олай  болса,  фундаментализм тек  Ислам дініне  қауіпті құбылыс емес. Ол тағы да         Н.Ә. Назарбаев айтқандай  «бүгінгі дүниеде Фундаменталистік ағым  әлемнің барлық  тарабына АҚШ-та Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда,  Солтүстік  Африкада және  Таяу  Шығыста, сонымен  бірге  әлемдік  діндердің  барлығында  төбе   көрсетіп  отырғанын  да ескерген абзал»  «Фундаментализм» «экстремизм»  ұғымдары қызметіне де  байланысты.  Терроризм оның  асқынған  көрінісі  - бейкүнә  адамдарды  жаппай  қырып  жоятын,  қорқыныш  пен үрей тудыратын  күштеудің  шектен  шыққан  ең  жеккөріністі түрі. Оның себептері де  алуан түрлі.  Бірақ   олардың  көбінің  саяси  сыр-сипатын  анықтау оңай  емес.» .[1]

        Белгілі  бір саяси  күштер  радикалдық  жолға түскендердің  наразылықтарын  қалуға  тырысады. Оның  да  түр-түрі  бар: жиналыс,  шеру, антиглобалдық,  антиамерикандық наразылық  және т.б.  осындай  қазғалыстар  экстремизм  идеологтарының  назарына  ілігеді, осы арқылы  түрлі  желеулермен  радикалды  көңіл-күйдегі  адамдар  легін  толтырады. Олар  өз реттерінде  экстремистерге,  сепаратистерге бөлініп, көбінде діндер арасындағы  текетірес  ретінде  көрініс беруде.

         «Қазіргі кезде  ислам  дүниесі  әлемдік  азуы  мықты  ақпарат  құралдарының  «азығына»  айналып отыр. Кез-келген  бас көтеру, террорлық  акт болсын  түп  негізін  Исламға  тірей  салуға  әуес. Ал осындай «ақпараттар  соғысының» нәтижесінде  «Ислам терроризмді»  деген  пікір  қалыптасып  кетті. 

         Шындығында   ислам  дінінде  адамдарды  бір-біріне  қарсы қоятын  бірде бір идея   таба алмайсың. Бүкіл  адамзатты  оқуға, білімге, ізденіске, ғылым  жаңалықтарын  ашуға  үндейді.  Таза  жүруге, адал еңбек  етуге, бір-біріне  кешірімді  болуға шақырады. Ең  бастысы, өзіне  дейінгі  бірде-бір дінді, бірде-бір  пайғамбарды жоққа  шығармайды».[2].

         Бұл айтылғандардың  шығатын қортынды: терроризмге қарсы күрес ислам  дініне қарсы  күрес ретінде  жүргізілмеуі тиіс.

         Сонда діни  негіздері экстремизм,  конфессияаралық төзбестік қайдан  шығады?  Мәселе осында.  Зерттеулер көрсетіп  отырғандай  олардың  негізінде  әлеуметтік-экономикалық, саяси  және  діни айырмашылықтар   қайшылықтары жатыр.  Қалай дегенде де   діни экстремизмнің  сол  дінмен  бір  байланысты жағы  бар. Оны анықтау үшін  фундаментализмнің  пайда болуы тарихына  көз  жүгіртіп,  ой  елегінен  өткізу  қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз  мынаны дәлелдеп  отыр.

         Орта Азияда  діни фундаменталистер, яғни Ваххабистер Ислам Дінін  тазарту  желеуімен  саяси  экстремистік  жолды ұсынады, Тіпті лаңкестікке бой алдырып  ұрады. Ал оның шығу  себептерін  түсіну   үшін  мұсылман елдерінің  әлеуметтік  өміріндегі исламның  рөлін жете түсінбей болмайды. Ол үшін оны тереңірек  қарастырып  көрейік. Шығыстағы  исламның рөлі, Еуропадағы хрестиандықтан   гөрі өзгеше. Еуропа  инкивизацияның шарықтап тұрған кезінің өзінде, хрестианшылдық зайырлы билікті түгелімен  ығыстыра  алған жоқ. Ал ислам  діні болса  барлық  жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік  құрылым, мәдениет  және  діншілдердің  тұрмыстық  жақтарының  бәрін, яғни  мұсылман  қауымының  өмірін  түгелдей  қамтыды. Мұсылман елінің  адамы исламға  қарсы шығатын  болса,  онда  ол, әлемге  және  қоғамға  қарсы болып  табылады, яғни  өзін  осы қоғамнан  тыс, заңнан  тыс қояды. Осының барлығы мұсылман  елдерінің саяси-әлеуметтік  өмірінде исламның  ерекше рөль  атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші  оны жақтайтындардың санында емес, ең алдыммен, Мұхаммед  белгілеп кеткен  мұсылман  қауымдастығының  идеялық – институционалдық бірлігінде. Ол әлем мұсылмандарын, олардың мәдени  және этникалық ерекшеліктеріне  теориялық жағынан ғана  емес,  керек  болса тіпті, іс-жүзінде топтастырады.  Қоғамдағы діннің  осындай жағадайда, рухани және әлеуметтік – саяси жіктерді  ажырата қарау мүмкін емес. Олар бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрынғыдай  рухани  өмірге  үлкен  ықпал  етеді  және саясатта белсенді   рөль атқарады. Оның  үстіне  соңғы жылдары  исламның беделі мен  белсенделігі ислам мемлекеттерінің  батыстық экспансияға  қарсы наразылықтарына байланысты арта түсті.

         «Исламның этикалық ілімі  бойынша, жақсылыққа жақсылық, қайырымды болу парыз. Сол сияқты туған-туыстарға, қарттарға  құрметпен  қарау міндет. Осы және басқада  айтылған  әлеуметтік  идеяларының мұсылман  елдерінде   билік  басындағылардың  саяси билігін  күшейту  үшін пайдаланылады. Халық  бұқарасы мұны  кеңінен  мойындайды, әлеуметтік  әділеттік деп  түсінеді. Сонымен  Шығыста исламның қоғам  өміріндегі тәртіптері  тек діни  түрде  ғана  сақталған. Міне осының  өзі  бір  жағынан  белгілі бір  жағдайда тіл алғыштарды  жанкештілікке  итермелейді. Мұның негізінде  біздіңше сол  жанкешті фанатик  жанның исламдық   ілімді жете игере алмай  кателесуінде жатыр.

         Бірақ Құранда «дінге зорлап  кіргізуге бомайды»  делінген. Осы қағидаларда  біздіңше, қайшылықтар  бар. Ислам дінін  тарату туралы  уағыз  оның докртинасының бейбіт бағытына  толық сәйкес емес.

Шындығында бұл саяси тәжірбиеде  исламға  ғана емес, Хрестиандық дінде  де орын алып келеді. (Рим Папасының католик дінін тарату  уағызын айтуға болады). Осылайша әлемде  діндердің өзара қарам-қайшылығы  орын алуда. Мұның үстіне «біріңғай исламдық мемлекет»  құру идеясы күштеу  әдістеріне, тіпті лаңкестікке соқтырула».[3]

         «Қазақстан Республикасының Конституциясында «идеологиялық  және саяси көптүрлілік мойындалады» деп бекітілді де, әртүрлі плюралистік  бағыттағы  көзқарастар  мен ағымдардың қатар өмір сүруіне жағдай жасады.          Сондықтан  бұд жөніндегі құқықтық  негіздегі осы бастан реттемесе болмайды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «жалпы екі заттан-діни фанатизм мен діни дүмшеліктен  бірдей сақтанған жөн».Қазақстанда проваслевие дінін жақтаушылар  батыстық және шығыстық  шіркеулердің айырмашылықтарын жете түсіндіріп жете түсіндіріп бере алмайды. Сол сияқты  өздерін мұсылманбыз деп  есептейтін  қазақтарда, шииттер мен сунниттердің айырмашылығын айтуға қиналады.» .[4]

         Діни фундаментализм мен лаңкестіктердің таралу аясы: Қазіргі кезде діни  фундаментализм  мен лаңкестік  бір ғана  аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе  болмай отыр. Қазақстанда  қазіргі кезде діни конфессиялардың  өзара келісім жағдайында болуына қарамастан,  бұған керісінше, әлемдік  дәрежеде  лаңкестікке апаратын  діндер арасындағы қақтығыстар жалғаса түсуде.

 

 

Пайданылған    әдебиеттер  тізімі.

1.Токаев К. «Организация Объединенных наций: полвека служения миру».- Алматы, 2015.

2.Арыстанбекова А. «Казахстан в ООН: история и перспективы ». – Алматы, 2014.

3.Сындарлы он жыл» Н.Ә. Назарбаев. Аламаты, 2013. ж.

4. Саясат-№ 67 2014 «Діни экстремизм иен салдары» (52,