М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

«Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Аусагатова Г К  студент В14МПССО  Даулет Қ.Э

                                                                                                          

 Діни экстремизм және терроризм: себептері мен салдары

 

 Радикалды және реакцияшыл мұсылмандық қозғалыстар мен ағымдардың қатарына діни экстремизм жатады. Дәл осы қозғалыс, қазіргі кезде Усама бен Ладен, Хаттаба (Хабиб Абдүл Рахман), «Джамаат ислами», «Джамаат ат Тафкир» және т.с.с ұйымдардың идеялық негізін құрайды. 90 жж әр түрлі лаңкестік іс- әрекеттер осы ұйымдардың жауынгерлерінің белсенді қатысуымен жасалғаны қазіргі кезде құпия емес, және де олардың өз мақсаттарына жету үшін кең түрде Ваххабизм идеологиясын қолданатыны да құпия еместігі рас.

«Бұл идеяның негізін салушы Мұхаммед ибн Абу аль- Даххаб болған. Оның өмірі мен қызметін зерттеген зерттеуші ғалымдар, оның ілімін ханбализмнің төтенше формасы деп есептейді. Ибн Абу аль- Даххаб өзінің бір уағыздарында адамдар нағыз исламды ұмытқан, сонымен бірге өнегеліліктің жалпы құлауы осыдан шығады деп пікір айтқан. Мұсылмандық дінді сақтап қалу үшін, исламның алғашқы үш ғасырда болған қалпын қайтару керек деп есептеді. Ол бір Аллаға сенуге шақырған және бір Аллах- бүкіл әлемді жаратушы деген ұстанымда болды».[1]

Кейбір ғалымдардың пікірінше, Ваххабистік тақуалардың тәжірибесі Ибн Абу аль- Даххаб доктринасынан ерекшеленеді. Олардың ортасында олар төтенше формалар қабылдап отырады. Белгілі тарихшы А.М.Васильевтің айтуынша, «көп құдайға табынушылар мен құдайсыздар, олардың қарсыластары болып табылатындықтан, сендіру бұл олардың соларға қайырымсыздығын ақтап отырады». Нәтижесінде, барлық ваххабистер еместерге соғыс жариялау үшін алғы шарттар жасалып отырады.

«Ваххабизм, бұл- өте күрделі және қарама- қайшы идеология. Әр түрлі бағыттағы террористер мен экстремистерге ваххабистік ілім қандай артықшылықтар қамтамасыз ететініне таң қалуға болмайды. Себебі олар, дағдылы қарақшылардан, қылмыскерлерден, есірткі тасымалдаушылардан «исламның тазалығы» үшін күресушілерге айналған. Біздің күндеріміздегі фундаменталистік қозғалыстар мен бағыттарда исламның «Алтын Ғасырын» қайтару мүмкіншілігіне сенім анық көрінеді, және де мұсылман халықтарын орта ғасырлық дәуірге қайтару және кең аймақта біртұтас ислам мемлекетін құру мақсатымен саяси тәжірибеге бағытталған белгілі күштердің саясаты. Осындай саясатты рухани ақтау ретінде олар қасиетті соғыс- джихадты Құран қолдайды деп арқа сүйенеді. Олар лаңкестік пен зорлық- зомбылықты Аллахтың қалауы деп қарастырады».[2]

Бірақ, өз табиғатында ислам діни бейбітсүйгіш дін болып табылады. зорлық- зомбылық және терроризм «нағыз ислам» үшін күрестің қасиетті және құқықты көрінісі болып табылатындығы пікірлер Усама бен Ладен айтқан сөздерден де ашық көрініс табуға болады. Оның мынадай сөздер айтқаны бар: «Америкаға қарсы соғыс қажет және бізге Америкалықтарды жою керек - әскерлерді, азаматтық тұлғаларды, әйелдерді және балаларды қай жерде болсада». Діни экстремизмді жақтаушылардың бірі осы келтірілген пікірде қоғамдық моральға толығымен елемеуі көрінеді. Бен Ладен «моральдық құқықты» зорлық- зомбылық пен терроризм мұсылман доктринасымен толық сәйкестіліктен шығады, яғни ислам құдайсыздар мен діннен безгендерге қарсы соғыс жүргізуге рұқсат береді деп сендіреді. Тіпті Бен Леден саясатының сыншылары да өздері құдайсыздарға қарсы шыға тұра, діннің негізгі принциптерін бұрмалауын ескеріп отыр. «Қасиетті Құранды негізге ала отырып, сонымен бірге лаңкестік әрекеттерден мыңдаған адамдарды қайғы- қасіретке тартады. Сауда Арабиядағы патшылық жанұядан шыққан Бен Ладен, мұсылман мемлекетінің басшысы да емес, ислам төрешісі де емес. Демек, ислам заңдары бойынша, соғыс жариялауға және жүргізуге оның ешқандай құқығы жоқ».[3]

ХХ жүз жылдықтың тәжірибесі жаһандану үрдістерінің маңызды күштерінің бірі идеология болып табылатынын куәландырады. Сондықтан , ислам экстремизмі мен жаһандануды екі біртұтас жүйе шеңберінде қарастырғанда біріншісін ең алдымен, идеологиялық мүмкіншіліктер жағынан қарастыру дұрыс. Қазіргі кезде кең таралған ислам экстремизмі және лаңкестіктің тараулары ХХ ғасырдың 50-60 жылдары бұрынғы капиталистік мемлекеттердің отарлары орнында ислам әлемінде пайда болған жаңа мемлекеттердің ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінен бастау алған. Ислам экстремизмі және лаңкестіктің алғашқы өкілдері осы мемлекеттерде тек қана ішкі идеологиялық және әлеуметтік- мәдени ресурстармен ғана емес, сонымен қатар геосаяси ықпалдың әлемдік орталықтары жағынан да қолдау тауып отырды. Басқа сөзбен айтқанда, әлемдік орталықтар өздерінің геосаяси мүдделерін жақтау үшін, ислам идеологиясын ыңғайлы құралға айналдырды.

Экстремизм сонау заманнан-ақ «үлкен геосаясатта» қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Діни факторды қолдану ХХ ғасырдағы АҚШ және КСРО арасындағы әлемді толығымен бақылау, яғни гегемондық мүмкіндерін барынша нығайту үшін бақталастықтығы барысында кеңінен етек алды. АҚШ-тың да КСРО-ның да ең басты стратегиялық мүдделері- өздерінің ықпал аймағына тосқауыл орнату. АҚШ барынша кеңестік үрдіспен бағыттас басқару режимдердің енуін болдырмауға тырысса, КСРО бағыты ықпал етуші елдеріне капитализмнің енуіне кедергі жасауға негізделген еді. Бір-біріне қарсы тұру механизмі ретінде радикалды бағыттағы ислам таңдалды.

«Аса маңызды стратегиялық жағынан аумақ үшін екі державаның күресі 1960-1970жж дәстүрлі мұсылман қоғамында антидемократиялық, антибатыстық ағымдардың пайда болған кезеңінде өтті. Таяу және орта шығыстағы исламизмге бет бұру капиталистік және коммунистік құндылықтардың қоғамға енуіне наразылық нәтижесінде басталған құбылыс еді. Исламизмнің қоғамда белең алуының тағы бір себептерінің бірі- жаңа элитаның материалдық құндылықтарға негізделінген арнайы мүддесі капитализм деп танылды да, марксизм рухани құндылықтарды материалдық құндылықтармен алмастыратын имансыз идея ретінде көрініс алды».[4]

Сол кездегі стратегиялық маңызды аймақтар нақтыласақ Таяу, Орта Шығыс, Сирия, Ирак, Египет сияқты елдерде саяси тұрғыдан тәуелді етіп жаңғырту кеңестік үрдіспен жүргізу- КСРО- ның көздегені осы еді. Бұл әрекеттерге дәстүрлі мұсылман қоғамында, аймақтағы капитализм бағыттарының тоқырауына байланысты, геосаяси мақсат болып табылатын КСРО-ны әлсірету ойын жүзеге асыру үшін жаңа бір стратегиялық күш қажет болды. Осы орайда «таза ислам» бағытының радикалды бөлігі геосаяси ойындарға ойыншы ретінде енді. Осыдан-ақ АҚШ-тың КСРО-ға саяси геологиялық қарсы фактор ретінде исламизмді таңдау таңсық емес. ХХ ғасырдың 1960-1970жж Таяу және Орта шығыста мұсылман қоғамында батыстық типтегі әлеуметтік реформалардың табысты болмауы, либералдық-демократиялық күштердің әлсіреуі және Израильмен әскери-саяси майдандалуы салафиттердің қоғамда белсенді қозғалыс болуына белгілі бір түрде септігін тигізді. Қазіргі таңдағы Исламияны, Өзбекстанды дүр сілкіндіріп кеткен экстремистерге қарсы күресті әлемдегі ең басты бағыттаушы АҚШ бұл ұйымдардың қозғалысына кезінде өзі жағдай жасап беріп отырды және оған екі стандартты саясатты ұстанған КСРО да ықпалдасты. Демек, экстремистік негіздегі Шығыс түркістанның ислам қозғалысы, Ауғанстандағы «Талибан» , тіпті Испаниядағы терактіні ұйымдастырғанын мойындаған «Аль-Каида» қозғалыстарының бүгінгі таңда орын алуы негізінде бақталастық барлығында екі держава жағдай жасап бергенінің бірден-бір себебі:

Осы орайда Ауғанстандағы маргиналдық негіздегі көп уақыт ішінде болған қоғамда исламизм қозғалыстарының белсенділігі артты. Он үш жылға созылған соғыс экстремизм өрістеуінің басты әлемдік орталығына айналдырды. ХХ ғасырдағы ислам экстремизмінің өрістеуі белгілі бір мақсаттарға негізделген реттемелі механизм ретінде болды. Биполярлық жүйенің күйреуі исламның радикалды топтарының қозғалыстарына балта шапқан жоқ. Сонымен бірге оның сарқыншақтары әлі күнге дейін әлемде орын алуда. АҚШ экстремизм өрістеуінің катализаторы болғанына дәләл жеткілікті. Бұл стратегияның мақсаты КСРО-ның әсер етуші күшін әлсіретіп, оны жою еді.

 

 

Пайданылған    әдебиеттер  тізімі.

1.Токаев К. «Организация Объединенных наций: полвека служения миру».- Алматы, 2015.

2.Арыстанбекова А. «Казахстан в ООН: история и перспективы ». – Алматы, 2014.

3.Сындарлы он жыл» Н.Ә. Назарбаев. Аламаты, 2003. ж.

4. Саясат-№ 67 2014 «Діни экстремизм иен салдары» (52,53-б.б.)

5. Қоғам және Дәуір»  № 1. 2014. ж. (7.-