Современные информационные технологии/3. Программное обеспечение

Ермекова Саргалдак Акжолтаевна

«Қаржы академиясы» АҚ

Білім беруде мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері

Жалпы қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік - экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. [1]

Техникалық жəне кəсіптік білім жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын жəне экономика мен əлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

Міне осы мақсат, міндеттерді іске асыру барысында қазіргі заманғы оқытушы үшін мультимедиалық құралдарды қолдану өте тиімді болып табылады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму заманында жаңа бағдарламаны үйрену көптеген жастарды қызықтырады. Бейне роликтердің көмегімен олардың шығармашылық ізденістерін, талаптарын арттырады. Бұл ғылыми жобаның маңыздылығы сонда деп ойлаймын.

Қазіргі заманғы оқытушы үшін құралдар тек қызықты сабақ беру емес, сонымен қатар осындай сабақтарды құрастыру, білім алушыларды бақылау құралын құрастыру, үлгерімді және оқытудың мәселелік облыстарын қарау және зерттеу үшін қажет. Ақпараттық және коммуникативті технологияны қолдану оқу материалымен жұмыс істеуді жеңілдетеді және оқытудың жаңа әдістеріне көшуге мүмкіншілік тудырады.

Мультимедиа – бұл дәстүрлі емес мәтінмен сипатталған, бірақ фото, видео, графиктер, анимациялар, дыбыстар, яғни қазіргі таңдағы барлық танымал формалар көмегімен жасалған әрекеттер мен объектілерді беру болып табылады. Біз бұл жерде екі негізгі басымдылықты, яғни сапалы және көлемді басымдылықты иемденеміз. [2]

Егер ауызша сипаттауды тікелей аудиовизуалды берілумен салыстыратын болсақ, сапалы жаңа мүмкіндіктерді бірден ажыратуға болады.

Мултимедиа технологиясын қолдану әдістемесі келесі мүмкіншіліктерді болжайды:

ü           Сабақтың әр кезеңдерінде білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;

ü           Оқу тәсілдерін күшейту;

ü           Студенттердің ақпараттық мәдениетін жоғарылатуға мүмкіншілік беретін, тәрбиелеу және оқыту санасын жақсарту;

ü           Студенттердің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар облысында білім алушыларды дайындау деңгейін жоғарылату;

ü           Компьютердің ойын құрылғысынан басқа мүмкіншіліктерін (демонстрациялау) көрсету;

Мултимедиалық сабақтар келесі дидактиқалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

ü           Пән  бойынша базалық білімін бекіту;

ü           Алынған білімді жүйелеу;

ü           Өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыру;

ü           Жалпы білім алуда, сонымен қатар арнайы пәндерді оқуда дәлелдерін қалыптастыру;

ü           Оқу материалымен жұмыс істеуде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына оқу-әдістемелік көмек көрсетуге.

Берілген технологияны оқытудың түсіндірме - иллюстративті  әдісі ретінде қарастыруға болады.

Көптеген адамдар естігеннен көрі көрген кезде есте сақтауы жақсы екені белгілі. Ал біруақытта аудио және видеоақпаратты қолдану еске сақтауды 40-50% жоғарылатады. Мультимедиа бағдарламалар ақпараттарды әр түрлі формада беруді, сонымен қатар оқыту үрдісін әсерлі етеді. [3]

Нақты бір материалды оқуға кететін уақыт орташа 30 пайызды құрайды, ал алынған білім адам жадысында ұзағырақ сақталады.

Мультимедиа технологиясын қолдану сабақ құрылымын түпкілікті өзгертпейді. Онда бұрыңғыдай барлық негізгі кезеңдер сақталады.

Берілген жағдайда мотивтеу кезеңі кеңейеді және танымдық жүктемені алатынын атап өткен жөн. Алынбаған білімді толтыруда қызығушылықсыз, қиялдаусыз және эмоциясыз студенттің шығармашилық әрекеті мүмкін еместігін ескеретін болсақ, бұл үйрету жетістігінің қажетті шарты болып табылады.

Гипермәтіндік сілтемелерді қолданатын мультимедиалық презетацияның құрылымды тұтастығы жүйелік, аналитикалық ойлауды дамытады. Одан басқа, презентация көмегімен танымдық әрекетті ұйымдастыруда әртүрлі формаларды қолдануға болады: фронтальді, топпен, жеке.

Олай болса менің тәжірибем мультимедиалық құрал сабақтың дидактикалық мақсатының біртұтастығына тиімді және әсерлі сәйкес келетіндігін көрсетеді:

Білімділік аспект: студенттің материалды қабылдауы; оқу кезінде байланыс пен қатынас объектісін түсіну.

Дамытушылық аспект: студенттің танымдық қызығушылығын, жалпылау, талдау, салыстыру шеберлігін дамыту, студенттің шығармашылық әрекетін белсенді ету.

Тәрбиелілік аспект: ғылыми көзқарасын тәрбиелеу, топтық және өзіндік жұмыс істеуді нақты ұйымдастыруды білу, адамгершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін:

ü           Монотондылықтан қашу керек, студенттердің әрекетінің деңгейлер бойынша: білу, қабылдау, қолдану ауысымын ескерген жөн;

ü           Баланың ойлау қабілетінің мүмкіншілікеріне бағытталу;

ü           Сабақта мықты, орташа, нашар оқитын студенттердің барлығына мултимедиалық құралмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру.

Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін сауатты шешім қабылдай және орындай алатын қазіргі заманғы білім деңгейі бар мамандар даярлауда жаңа мультимедиалық құралдарды сабақта қолдану студенттердің түсіну қабілетін дамыту. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру. Былайша айтқанда, арнайы сабақтарда заман талабына қарай ақпараттық мультимедиалық технологияларды студенттің да, оқытушының да белсенді дамытуына бағытталған.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 ж

2. Садыбекова Ж. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпаратты-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері», 2008. – № 4.

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 – 2006 ж

3. Интернет материалдарынан.