АЗАМАТТАРДЫҢ
ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ЭКОГЕНДІК
ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ТУРАЛЫ
ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дюсенова
З., Есенаманова М., Турегалиев С., Абуова А.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Еліміздегі тұрақты
қолайсыз жағдайды, халықтың экологиялық
құқық бұзушылық салдарынан
денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу үшін сотқа
талап қоюы белсенділігін ескере отырып, мұны қоршаған
ортаға ластаушыларға әсер етудің бірден – бір тиімді
тәсілі деп қарастыруға болады.
Сонымен бірге, сотқа
жүгінерден бұрын талапкердің сотқа дейінгі
тиянақты дайындығы болуға тиіс. ҚР жаңа АDКК-сі
қабылданғалы азаматтық істерді сотта қараудың
принциптері елеулі өзгерді. Енді, сот дәлелдеу процесіне
араласпайды, ол тек тараптар жинаған дәлелдерді
басшылыққа алады. Егер дәлелдеу негізі талапкер
қойған талаптардың заңдылығын анықтау
үшін жеткіліксіз болып табылса, сот талап арызды қанағаттандырмауы
мүмкін. Бұл жерде арызданушы, мемлекеттік салық
төлегендіктен, қосымша шығынданады. Негізделмеген талап
арыздың тағы бір жағымсыз салдары бар – сот жауапкер
пайдасына нақты уақыт жоғалтқаны үшін
өтемақы өндіруі мүмкін.
Денсаулыққа келтірілген
зиянды өтеу туралы іс жөніндегі дәлелдемелерге
тараптардың талаптар мен қарсылықтарын негіздейтін,
заңды жолмен алынған кез келген нақты мәліметтер,
сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар
өзге де жағдайлар: тараптардың, үшінші
жақтардың түсініктемелері, куәлардың жауаптары,
заттай дәлелдемелер, сарапшылардың қорытындылары, іс
жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де
құжаттар жатады.
Сонымен, бірінші кезеңде
істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар мән –
жайлардың тізімін (дәлелдеу заты) белгілеу, сондай-ақ
олардың қайсысын талапкер, қайсысын жауапкер дәлелдеуі
тиіс екенін (дәлелдеу ауыртпалығы) анықтау қажет.
Бұрын айтылғандай, деликтік
жауапкершіліктің пайда болуының жалпы шарттарына: зиянның
орын алуы,зиян келтірген адамның заңға қарсы
әрекеті, заңға қарсы әрекет пен туындаған
зиян арасындағы себептік байланыстың болуы, зиян келтірушінің
кінәсі жатады.
ҚР азаматтық
заңнамасында басты деликт принципі болмағандықтан, талапкер
зиян келтіруші әрекетінің заңсыздық фактісін
дәлелдеуден босатылмайды.
Сонымен, егер жауапкер
заңнаманың барлық экологиялық-құқықтық
шарттарын, сондай-ақ рұқсаттар, лицензиялар,нормативтер
т.б.шарттарын тиісті түрде сақтаған болса, зиянды өтеу
туралы талап арыз қанағаттандырылмайды.
Егер істі қарау барысында
жауапкердің шаруашылық немесе өзге қызметі
қоршаған орта үшін жоғары қәуіп тудыратыны
анықталса, зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің
кінәсіне қармастан жүктеледі (бұл туралы
алғашқы парагрофта жан –жақты айтылған).
Сонымен,талапкер төмендегі
мән- жайлар дәлелдеген тиіс:
-
зиянның орын алу фактісін;
-
қоршаған ортаны
ластау фактісін ;
-
жауапкер
әрекеттерінің заңсыздығын ;
-
жауапкердің заңсыз әрекеті мен
қоршаған ортаны ластау арасындағы себептік байланысты;
-
зиянның туындауының экологиялық сипатын
(өзгеше айтқанда, ластанған қоршаған
ортаның жағымсыз әсері мен орын алған зиянды
салдар арасындағы себептік
байланыс).
Медикалық – экологиялық
тұрғыдан денсаслыққа келтірілген зиян ерекше
экологиялық аурыулардың туындауына,организім
қарсылығының
бәсеңдеуіне, жағымсыз генетикалық
әсерлерге, денсаулықтың бұзылуына, сондай – ақ
олармен байланысты тән мен жан азаптарына әкеп соқтыруы
мүмкін.
Сондықтан, зиянның
медико-биологиялық емес, заң тұрғысынан мағынасы
назарға алынады және ол заң үшін маңызы бар
белгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Біріншіден, денсаулыққа
келтірілген зиянды өтеу құқығы
жәбірленушіде туындаған шығындар мен материалдық емес
залалдармен байланысты. Адамға келтірілген ақшалай зиян, жалпы
басқа да зияндар сияқты, нақты шығын мен алынбай
қалған пайдаға бөлінеді. Мұндайда нақты шығын
денсаулықтың зақымдануымен байланысты (емдеуге, қосымща
тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протездеу,
біреудің қарауы, санаториялық-курорттық емдеуге, арнайы
көлік құралдарын алуға, басқа кәсіп
алуға дайындалуға) шығындардан тұрады, алынбай
қалған пайда – жалпы немесе кәсіптік еңбек
қабілеттілігінен айырылуы салдарынан еңбекақыны (табысты)
жоғалтумен байланысты.
Екіншіден, денсаулыққа
келтірілген зиянды өтеу құқығының туындауы
үшін денсаулықтың бұзылуының сипаты, ең
бастысы, оның ұзақтығы маңызды болып табылады.
Денсаулыққа келтірілген
зиянды өтеу құқығына кәсіби еңбек
қабілеттілігін, ал ондай болмаған жағдайда жалпы
еңбекке қабілеттілігін толық не ішінара жоғалтқан
зардап шегушілер ие болатыны соттарға түсіндірілген. Егер 14
жасқа толмаған және еңбекақысы жоқ
адамның денсаулығына зақым келсе немесе денсаулығы
өзгеше бұзылса,онда шығындар өтелуге тиіс.
Жәбірленуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда,қайтыс
болған адамның асырауындағы еңбекке қабілетсіз
адамдар немесе ол қайтыс болған кезде оның асырауында болу
құқығына ие адамдар, сондай-ақ ол қайтыс
болғаннан кейін туған оның баласы зиянды өтеуге
құқылы.
Жоғарыда
айтылғандарға сәйкес, егер зиян еңбек
қабілеттілігн уақытша жоғалтуға әкеп
соқтырса және кәсби немесе жалпы еңбек қабілеттілігін
жоғалту ұзақ уақытқа созылмаса,
денсаулықтарына келтірілген осындай экологиялық зиянды өтеуге
құқық берілмейді. Сонымен, егер ластайтын заттар
көп мөлшерде
тасталып,адамдар жаппай уланса, бірақ олардың денсаулығына
келтірілген зиян қайтарымды силатта болып, еңбек
қабілеттілігін табанды жоғалтуға әкелмесе, онда
құқық бұзушыны тек моральдық зиянды
өтеу туралы талап арызбен жауапкершілікке тартуға болады.
Зиянның экогендік сипатын
анықтау үшін денсаулықтың не себептен
бұзылғаны анықталуға тиіс. Сондықтан
сот-медициналық сараптама кәсіби немесе жалпы еңбек
қабілеттілігінің деңгейі мәселесін ғана емес,
нақты ауру организмнің белгілі бір затпен уланғаны
нәтижесі болып табылатыны туралы мәселені, яғни аурудың
себептері туралы мәселені шешуі қажет.
Сонымен бірге, зиян мен
қоршаған ортаның ластануы арасындағы себепті
анықтау – күрделі мәселе болып табылады. Оның шешілуі
көп жағдайларда экологиялық факторлардың
денсаулыққа зиян келтіруі туралы ғылыми білімдердің
даму деңгейіне байланысты.
Айталық, корреляциялық – регрессивтік тәсілмен
алынған материалдарды талдаған кезде баланың
денсаулығына әсер ететін әртүрлі факторлар
анықталды:
|
Аурудың
түрі |
Ауаның
ластануы түрі |
Детерминация
коэфиценті |
Регрессия
коэфиценті маңызының деңгейі |
|
Темір дефициті анемиясы Қан және қан тамыры
органдарының аурулары Вегетативті тамырлар дистониясы Вегетативті тамырлар дистониясы Вегетативті тамырлар дистониясы Гипертония ауруы Ишемиялық жүрек ауруы Цереброваскулярлық аурулар (энцефалопатия арахноидиттер) Созылмалы бронхит
Астма бронхиті Астма бронхиті Ішек-қарын жолдарының жұқпалы
емес аурулары Холецистит Холецистит Созбалы нефриттер, циститтер Пиелонефрит Артропатия Остеохондропатия Дерматиттер Отит, мехотимпатит Ревматоид полиартриті Цистит, уретрит, аллергоздар |
Қорғасын Азот қосқышқылы Шаң Қорғасын Қорғасын мен ылғалдық Қорғасын Қорғасын Көміртегі қышқылы Қорғасын Қорғасын Күкіртті газ Күкіртті газ Көміртегі қышқылы Шаң+ылғалдылық +көміртегі қышқылы Қорғасын Қорғасын Күкіртті газ Қорғасын Фосфорлы ангидрид Фосфорлы ангидрид Фосфорлы ангидрид Фтор сутегі |
0,657 0,810 0,910 0,610 0,700 0,630 0,580 0,980 0,550
0,580
0,740 0,740 0,670 0,750 0,640 0,950 0,890 0,590 0,600 0,490 0,510 0,680 |
0,932 0,999 0,990 0,950 0,980 0,990 0,980 0,990 0,970 0,950 0,980 0,980 0,940 0,970 0,970 0,990 0,990 0,970 0,990 0,990 0,790 0,990 |
Осы кестеге қарағанда
қан және қан шығаратын органдардың ауруларына
ауаның қосқышқыл азотпен ластануы, ал вегетативті
тамырлар дистониясы ауруларына ауаның шаңмен ластануы әсер
ететіні байқалады. Ауаның қорғасынмен ластануына
балалардың темірдефицит анемиясымен, вегетативті тамырлар дистониясымен,
пиелонефритпен ауруларына, созылмалы нефриттердің асқынуына
әсері өте жоғары. Сондай-ақ осындай байланыс
балалардың цереброваскулярлық ауруларымен, холециститпен ауруы мен
ауаның көміртегі қышқылымен ластануы арасында;
астмалық бронхит, ішек-қарын жолдарының жұқпалы
емес аурулары,артропатия, цистит және уретрит пен ауаның
күкірт газымен ластануы; аллергоздар мен ауаның фторлы сутегімен
ластануы; дерматиттер, отит пен мезотимпанит, ревматоид полиартрит пен
ауаның фосфорлық ангидридпен ластануы арасында табылған.
Сонымен бірге, заң
әдебиетінде «білімдердің бүгінгі деңгейінде
себептілікті ерекше, танылуы жеткілікті және экологиялық
көзден туындауы анық ауруларға ғана қатысты
анықтауға болады. Ал жалпыға тараған ауруларға
қатысты себептілік – әзірше заң емес,
табиғи-ғылыми санаты болып табылады, себебі себептік байланысты
нақтылау, оны нақты субьект арқылы тұжырымдау
мүмкіндігі жоқ».
Сонымен, денсаулықтың
бұзылуының экологиялық тамырларын анықтау үшін:
1) ауруды немесе денсаулықтың бұзылуын туындатқан
зиянды затты белгілеу;
2) сол заттың әсерінің медико-биологиялық аспектілерін
анықтау;
3) зиянды заттың организмге түсуінің ықтимал жолдарын
және түскен кезін айқындау қажет.
Егер сот-медициналық
сараптаманың қорытындысы орнықтыру немесе тұжырымдау
емес, болжамды сипатта болса, денсаулыққа келтірілген экогендік
зиянды өтеу туралы істер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық
органдардың халық денсаулығына зиянды әсер ететін
факторлар туралы ақпаратын сот өзге де дәлелдермен
қатар қолдануға құқылы.
Экологиялық ақпарат деп кез
келген жазбаша, аудиобейне, электрондық немесе өзге
материалдық нысандағы:
А) қоршаған ортаның
ауа мен атмосфера, су, топырақ, жер, ланшафт және және
табиғи обьектілері сияқты элементтерінің күйі,
биологиялық алуан түрлілік және оның
құрамдары, оның ішінде генетикасы өзгерген организмдер
және осы элементтер арасындағы озара әрекеттестік туралы;
В) заттар, энергия, шу мен
сәулелендіру, сондай-ақ қызмет немесе шаралар, оның
ішінде әкімшілік шаралары, қоршаған орта саласындағы
келісімдер, саясат, заңнама, жоғарыдағы А)
тармақшасында көрсетілген қоршаған ортаның
элементтеріне әсер ететін немесе әсер ете алатын жоспарлар мен
бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау туралы
шешім қабылданған кезде пайдаланылған шығындар мен
нәтижелердің талдауы, экономикалық талдаулар туралы;
С) адамдардың денсаулығы
мен кауіпсіздігінің күйі, адамдардың тұрмысы,
мәдениет обьектілері мен ғимараттарының және
құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат танылады.
Іс жөніндегі дәлелдеу
затына зардап шегушінің улы заттар тасталған кезде ластанған
аумақта болғанын дәлелдейтін мән-жайларда кіреді.
Бұл мән-жайлар тұратын, жұмыс істейтін немесе
оқитын жердің анықтамасымен, іссапар куәліктерімен,
куәлардың жауаптарымен т.б. расталады.
Өтем мөлшерін сот
анықтайды. Мұндайда ол зардап шегушінің кәсіби
еңбек қабілеттілігін, ол болмаған жағдайда жалпы
еңбекке қабілеттілігін қандай деңгейде
жоғалтқаны туралы медициналық мәліметтерді
басшылыққа алады.
Кәсіби немесе жалпы еңбекке
қабілеттілігін жоғалту деңгейі және қосымша
шығындарға мұқтаждылық сот-медициналық
сараптау комиссиясының қорытындысымен қуатталуы тиіс.
Егер бұрынғы
азаматтық заңнама бойынша денсаулыққа келтірілген зиян
мөлшері зардап шегуші алатын жәрдемақының немесе
зейнетақының сомасына азайтылған болса, қазіргі кезде
аталған төлемдер, сондай-ақ зардап шегушінің
денсаулығына зиян келтірілгеннен кейін алған табысы есепке
алынбайтынын ескерген жөн.
Сонымен, азаматтардың
денсаулығына келтірілген экогендік зиянның туындауына кінәлі
адамдарды жауапкершілікке тарту үшін маңызы бар мән-жайларды
дәлелдеу – тиісті органдардың сараптама жасау
мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, экологиялық маңызы
бар ақпараттарды алу, азаматтарды қоршаған ортаның
күйі туралы хабардар етудің төмен дәрежесі,
қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу
механизмінің болмауы және тағы сол сияқты елеулі
қиындықтармен ұштасады. Біздіңше, тап осы факторлар осы
санаттағы азаматтық істердің сотқа мүлдем
түспеуін түсіндіретін сияқты.
Осыған байланысты
заңгерлердің көбі моралдық зиян өтеу туралы талап
арыздар – экологиялық құқық
бұзушылықтан зардап шеккен адамдар үшін өтемақы
алудың ең тиімді тәсілі деп орынды айтады.
Моралдық зиянды өтеу жөніндегі міндеттер
деликттік міндеттемелердің бір түрі болып табылады.
Атап айтқанда, моралдық
зиянның мөлшері анықталған кезде жәбірленушіге
келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын субьективті түрде
бағалауда, сондай-ақ жәбірленушінің жан азабы мен
тән азабының дәрежесін дәлелдейтін обьективті
деректерде: қол сұғу обьектісі болған игіліктің
өмірлік маңыздылығы, құқық
бұзушылық зардаптарының ауырлығы,
жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары,
денсаулығы, жасы мен өзге де назар аударуға тұратын
мән-жайлар ескеріледі.
Жоғарыда айтылғандарды
ескерсек, экологиялық зиян үшін өтемақы алудың
екі жолының талапкер үшін қолайлысы моралдық зиянды
өтеу туралы талап арыз болып табылады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Садыкова А. Конституционное право гражданина на благоприятную
окружаюшую среду. ҚазМҰУ - ң хабаршысы - 2002 - №3 -112- бет.
2. Галямова З. «Право человека на благоприятную окружаюшую среду (право на
возмещение ущерба причиненного здоровью неблагоприятной окружающей средой» //
Сборник статей слушателей юридического университета-1998 жыл -27-28 бет.